Опиоидтарды қабылдау нəтижесінде дамыған психикалық жəне мінез-құлықтық ауытқулар. 2-кезең

Пагубное употребление (F11.1)

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Психические и поведенческие расстройства, вызванные употреблением опиоидов. Пагубное употребление (F11.1)

Анықтамасы

Анықтамасы

 
Анықтамасы:

Есірткіқұмарлық (бəңшілік) деп есірткілік заттектерге психикалық жəне физикалық тəуелділік даму нəтижесінде оларды тұрақты түрде мөлшерін көбейте түсіп қабылдауға құмар ететін жəне қабылдауды тоқтатқан жағдайда абстиненция пайда болуымен əйгіленетін аурулар тобын атайды.


Хаттама коды: H-T-017 "Опиоидтарды қабылдау нəтижесінде дамыған психикалық жəне мінез-құлықтық ауытқулар. 2-кезең"
Терапевтиялық саладағы стационарлар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):
F11.1 Опиоидтарды қабылдау нəтижесінде дамыған психикалық жəне мінез-құлықтық ауытқулар. Зардабы қалған түрі.
F11.2 Опиоидтарды қабылдау нəтижесінде дамыған психикалық жəне мінез-құлықтық ауытқулар. Тəуелділік синдромы.

Жіктемесі


Жіктемесі: АХЖ-10-10 бойынша код (кодтарды) қараңыз.

Диагностикасы

 
Диагностика критерилері:
1. Есірткілік заттекті қабылдауға мұқтаж жағдайда болу немесе қатты қажетсіну.
2. Есірткілік заттекті қабылдамау үшін өзін-өзі тежеу қабілеті төмендеп кетуі.
3. Есірткі қабылдауды тоқтатқан жағдай.
4. Есірткілік заттектің əсеріне толеранттылық жоғарылауы.
5. Зиянды зардабы айқын білінсе де есірткілік заттекті жалғастырып қабылдай беруі.
6. Альтернативті қызығушылықтардың үдемелі түрде алмастырылуы.

Негізгі диагностикалық шаралар тізімі***

Клиникалық диагностика:
- консультация: нарколог (аддикция ауырлық индексін анықтаумен*);
- консультация: психотерапевт*;
- психологиялық консультация;
- консультация: терапевт;
- консультация: физиотерапевт.

Лабораторлық диагностика:
1. Қанның жалпы анализі (7 параметр: лейкоциттер, эритроциттер, гемоглобин, эритроциттің орташа көлемі, тромбоциттер, лимфоциттер %, нейтрофилдер %).
2. Зəрдің жалпы анализі.
3. Мочевина мен қалдық азотты анықтау.
4. Жалпы белокты анықтау.
5. АЛТ мен АСТ анықтау.
6. Қандағы қантты анықтау.
7. Билирубинді анықтау.
8. Тимол сынамасы.
9. Есірткілік заттардың жəне олар метаболиттерінің зəрде болуына иммунохроматографиялық анализ*.
10. Есірткілік заттардың жəне олар метаболиттерінің зəрде болуына поляризациялық флуоресценттік иммуноанализ*.
11. В жəне С* вирусты гепатит маркерлерін анықтау.

Функционалды диагностика:
1. Электроэнцефалография (ЭЭГ).
2. Реоэнцефалография (РЭГ).
3. Эхоэнцефалография.

Психологиялық диагностика:
1. Сауалнама мини-мульт MMPI*.
2. Шульте кестесі*.
3. Лурии тесті. 10 сөзді жаттау əдісі*.
4. «Артығын алып тастау» əдісі*.

Қосымша диагностикалық шаралар тізімі

Клиниклық диагностика: мамандар консультациясы (хирург, гинеколог, инфекционист, невропатолог, фтизиатр, психиатр, СПИДолог, уролог, отоларинголог, окулист, стоматолог) – көрсетімдер бойынша.

Лабораторлық диагностика (көрсетімдер бойынша):
1. Диастазаны анықтау*.
2. Кортизол деңгейін анықтау*.
3. Цианокаболамин деңгейін анықтау (вит. В 12)*.
4. Белок фракцияларын анықтау*.

Функционалдық диагностика (көрсетімдер бойынша):
1. Шақырылған потенциалдар (ШП)*.
2. Электронейромиография (ЭМГ)*.
3. Ультрадыбыстық доплерография (УДДГ)*.
4. Полисомнография*.
5. Аяқ реовазографиясы (РВГ)*.
6. ЭКГ.
7. Бүйрек, бауыр, өкпе реографиясы*.

Психологиялық диагностика (көрсетімдер бойынша):
1. Миннесоталық көпшкалалық жеке сауалнама MMPI*.
2. Р. Кеттелл тесті «Он алты тұлғалық фактор, 16PF*.
3. Айзенк жеке сауалнамасы EPI*.
4. Шмишек сауалнамасы*.
5. Т. Лири интерперсональді қатынастар сауалнамасы*.
6. Невротизация жəне психопатизация деңгейін анықтау əдістемесі (УНП)*.
7. Депрессияны өзіндік бағалау шкаласы*.
8. Ч. Спилбергердің реактивті жəне тұлғалық қатер шкаласы*.
9. Субъективті бақылау деңгейін анықтау əдістемесі УСК*.
10. Розенцвейг əдістемесі*.
11. Люшер тесті*.
12. Крепелин бойынша есептеу. «Корректуралық проба». «Пиктограммалар» методикасы.
13. «Классификация» методикасы. «Қарапайым аналогиялар», «Қиын аналогиялар», «Айтарлықтай белгілер», «Түсінікті салыстыру» əдістемелері*.
14. Векслер тесті WAIS*.

Сəулелік диагностика (көрсетімдер бойынша):
1. Құрсақ ағзаларына УДЗ (ультрадыбыстық зерттеу) жасау.
2. Рентгенография.

Емдеу тактикасы

 
Емдеу тактикасы
Негізгі клиника-психологиялық нысаналар (есірткілік заттектерге тəуелділік қалыптасу тетіктері):
1. Соматикалық патологиялы статус (тəндік дертті ахуал).
2. Психикаға əсерлі заттектерге патологиялы құмарлық.
3. Жекетұлғалық патологиялық статус (жекетұлғалық дертті ахуал).
4. Жекетұлғалық нормативті статус (жекетұлғалық қалыпты ахуал).
5. Əлеуметтік кемістікті статус (ахуал).
6. Медициналық-əлеуметтік оңалтудан толыққұнды өтуге ынталылық деңгейі. 

Ем мақсаты:
- купирование проявлений постабстинентных расстройств, соматических осложнений, преморбидной патологии;
- купирование проявлений патологического влечения с нормализацией сна, настроения и поведения;
- формирование конструктивных форм поведения, расширяющих нормативный круг общения и интересов;
- формирование установки на отказ от употребления наркотиков и позитивный образ жизни.

Дəрі-дəрмексіз ем

Негізгі емдеу-оңалту шаралары:
- оңалту бөлімшесінде тұруға, оның шарттарына жəне жұмыс істеу кестесіне бейімдеу;
- несеп құрамындағы есірткі заттектердің түрін жəне олардың метаболиттерін анықтау (тексеру алдында жəне одан кейін психологиялық консультациядан өткізу қажет);
- топтық емдеу жағдайында оңалту бағдарламасына белсенді қатысуға ынталылықты арттыруға бағытталған жұмыс жүргізу;
- кəсіптік бағдар беру бағдарламасын жүзеге асыру;
- мəдени-сауық, көңіл көтеру бағдарламасын жүргізу, спорттық-сауықтыру бағдарламасын жүргізу;
- волонтерлік істерге қатысу.

Негізгі психотерапиялық шаралар:
- психологиялық денсаулық қасиеттерін (есірткіге қарсы ұстанымдылығын) дамытуға бағытталған топтық психотерапия жүргізу;
- əлеуметтік-психологиялық тренингтер өткізу бағдарламасы;
- отбасылық консультация, отбасылық психотерапия, беделімен əсер ететін басқа адамдарды қосып топтық психотерапия жүргізу;
- ауру қайтадан өршіп кетпеуіне бағытталған (антирецидивтік) психотерапия, антирецидивтік тренингтер;
- нормативті құндылықтар жүйесін қалыптастыру;
- тіршілік етудің позитивті сценариін жасау.

Аталған шаралар интеграциялы дамыту, топтық психотерапия тəсілдері арқылы; гештальт терапияның, трансактілік анализдің, логотерапияның, экзистенциялық терапияның бейімдеп өзгертілген əдістері арқылы; əлеуметтік-психологиялық тренингтер бағдарламасы арқылы, сонымен қатар емделушілер қауымындағы өз-ара қарым-қатынастар арқылы жүзеге асады.

Нейролептиктермен емдеу алгоритмі
Еліруді тыю, есірткіге патологиялы құмарлықты басу жəне мінез-құлық ауытқуларын реттеу үшін тиімді препараттар:
- галоперидол (5-15 мг/тəу.);
- клозапин (азалептин) − 100-200 мг/тəу.;
- рисперидон (рисполепт) − 4-6 мг/тəу. ерітінді түрінде;
- хлорпромазин (аминазин) − 50-200 мг/тəу.

Антиконвульсанттармен емдеу алгоритмі
Патологиялы құмарлықтың құрылымында дисфориялық ауытқулар басым болса, құрысқаққа қарсы, норматимиялы жəне эмоциотропты қасиеті бар антиконвульсанттар − карбамазепин 400-600 мг/тəу., натрий вальпроат 450-900 мг/тəу. тағайындалады.

Антидепрессанттармен емдеу алгоритмі
Антидепресанттар көңіл-күйді қалыпқа келтіру үшін, апатияны (енжарлықты, селсоқтықты), үрейді жəне ұйқы бұзылуын азайту үшін, сонымен қатар есірткіге патологиялы құмарлықтың обсессиялы құрам бөлігін тыю үшін қолданылады. Антидеприсанттардың ішінде негізінен седативті (тыныштандыратын) əсері бар 
препараттар – кломипрамин, флувоксамин, амитриптилин орташа тəуліктік дозамен беріледі.

Есірткіге патологиялы құмарлық синдромын емдеу алгоритмі
Патологиялы құмарлық өршіп кеткен кезде патологиялы құмарлықты жəне онымен байланысты аффектілік жəне мінез-құлықтық ауытқуларды тыйатын препараттар:
- нейролептиктерден − галоперидол, клозапин (азалептин), рисперидон (рисполепт);
- антидепресанттардан − кломипрамин, флувоксамин, натрий вальпроаты тағайындалады.
Физиотерапиялық ем (электроұйықтатқы, акупунктура, массаж) жасалады.

Диссомниялық бұзылыстарды (ұйқы бұзылуды) емдеу алгоритмі
Таңдаулы препараттар ретінде 3-ші лекке жататын ұйықтатқы дəрілер − зопиклон (имован), бензодиазепин туындылары (диазепам 0,5% ерітінді 4-6 мл/тəу.) жəне барбитур қышқылының туындылары тағайындалады. Нəтиже болмаған жағдайда нейролептиктер (клозапин) тағайындаған жөн.

Астениялық (неврастениялық) синдромды емдеу алгоритмі
Аса тез шаршағыштықты, ашуланшақтықты, эмоциялық реакциялардың құбылмалылығын азайту үшін таңдаулы препараттар қатарына жататын имипрамин 25-150 мг/тəу., флуоксетин 20-40 мг/тəу., сондай-ақ ноотроптар, витаминдер (В1, В6, В12, жəне т.б.), амин қышқылдары, гепатопротекторлар беріледі. Физиотерапия (электроұйықтатқы, акупунктура, массаж) тағайындалады.

Ноотроптармен емдеу алгоритмі
Ноотроп препараттар назар аудару тұрақтылығын, жадында сақтау қабілетін, ой өнімділігін, ми жұмысын жақсарту үшін қолданылады. Таңдаулы препарат ретінде пирацетам, орташа тəуліктік дозасы 0,8 - 2,4 г, беріледі.

Интеллектуалдық – мнезиялық (ойлау, жадында сақтау) ауытқуларды емдеу алгоритмі
Негізгі когнитивтік функциялардың (жадында сақтау, назар аудару тұрақтылығы, тез ойлау процестерінің) аса ауыр емес бұзылыстарын емдеу үшін таңдаулы препараттар ретінде ноотроптар (пирацетам), амин қышқылдары (глютамин қышқылы), витаминдер (В1, В6, В12, аскорбин қышқылы, никотин қышқылы) қолданылады. Физиотерапия (акупунктура, электроұйықтатқы) тағайындалады.

Ауырсынуды басатын препараттармен емдеу алгоритмі
Абстиненциядан кейінгі (постабстиненциялық) бұзылыстар құрылымындағы резидуальдық ауырсыну сезімдерін басу үшін бейесірткі аналгетиктер (диклофенак, кеторолак) тағайындалады.

Əрі қарай жүргізу: 2 кезеңдегі емдік шараларды өткеннен кейін (медициналық реабилитация) реабилитация бағдарламасына еңбек терапиясын қосып медициналық-əлеуметтік реабилитация жүргізуге болады*.

Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
- **Карбамазепин 200 мг, таб.
- **Налтрексон 50 мг, таб.
- **Оланзапин 10 мг, таб.
- **Рисперидон 2 мг, таб.
- **Флувоксамин 50 мг, таб.
- **Флуоксетин 50 мг, таб.

Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:
- **Амброксол 30 мг, таб.
- **Аминофиллин 2,4%, 5,0 мл
- **Амитриптилин 2,5% - 2 мл, амп.
- **Амитриптилин 25 мг, таб.
- **Бисакодил 5 мг, таб.
- **Венлафаксин 75 мг, таб.
- **Винпоцетин 5 мг, таб.
- **Галоперидол 0,5% -1 мл, амп.
- **Галоперидол 5 мг, таб.
- **Гентамицин 4% - 1,0 мл, амп.
- **Гидрохлортиазид 25 мг, таб.
- **Гинкго Билоба 40 мг, таб.
- **Декстран 70 - 200 мл, флак.
- **Декстроза, в/і инфуз. үшін ерітінді 5% - 200 мл, флак.
- **Диазепам 0,5% - 2 мл, амп.
- **Диазепам 10 мг, таб.
- **Диклофенак натрий 3,0 мл, амп.
- **Дротаверин 2,0 мл, амп.
- **Дротаверин 40 мг, таб.
- **Зопиклон 7,5 мг, таб.
- **Кетопрофен 50 мг, таб.
- **Аскорбин қышқылы 5% - 1,0 мл, амп.
- **Аскорбин қышқылы 50 мг, драже
- **Клозапин 25 мг, таб.
- **Алюминий гидрототығы жəне магний бар комбинирленген преп-тар, 70 мл, сусп.
- **Шошқа миынан алынған пептидтер кешені 5 мл, амп.
- **Ко-тримаксозол 480 таб.
- **Лактулоза 500 мл, фл.
- **Левомепразин 2,5% - 1,0 мл, амп.
- **Левомепромазин 25 мг, таб.
- **Лоперамид 2 мг, таб.
- **Метоклопрамид 10 мг, таб.
- **Метронидазол 250 мг, таб.
- **Милнаципрам 50 мг, таб.
- **Налоксон 0,04% - 1 мл, амп.
- **Натрий хлориді 0,9% в/і инфуз. үшін ерітінді 200 мл, флак.
- **Нафазолин 0,1% - 10,0 мл, флак.
- **Никотин қышқылы 1% - 1,0 мл, амп.
- **Нистатин 500 мың бір. таб.
- **Панкреатин 4500 БІР таб.
- **Парацетамол 500 мг, таб.
- **Пирацетам 20% - 5 мл, амп.
- **Пирацетам 400 мг, таб.
- **Пиридоксин 5% -1 мл, амп.
- **Прокаин 0,5% - 5,0 мл, амп.
- **Ранитидин 300 мг, таб.
- **Рисперидон ерітіндісі, мл, флак.
- **Селимарин + фумарин, капс.
- **Сертралин 50 мг, таб.
- **Спирт 70% - 200 мл
- **Тиамин 5% -1 мл, амп.
- **Токоферол ацетат капс.
- **Тригексифенидил 2 мг, таб.
- **Активті көмір 250 мг, таб.
- **Фуросемид 1% - 2,0 мл, амп.
- **Хлоропирамин 20 мг- 1,0 мл, амп.
- **Хлорпромазин 2,5% -2 мл, амп.
- **Цефазолин 1,0 амп.
- **Цианокобаламин 0,05% - 1,0 мл, амп.
- **Циннаризин 25 мг, таб.
- **Ципрофлоксацин 500 мг
- **Эналаприл 5 мг, таб.

Ем тиімділігінің индикаторлары:
1. Физикалық жəне психикалық тəуелділік көріністерінің басылуы.
2. Есірткіге патологиялы құмарлығы басылу.
3. Соматикалық асқынулардың редукциясы.
4. Есірткі қабылдамауға жəне медициналық-əлеуметтік реабилитация өтуге шешімі болуы.


* - берілген есеппен бірге бюджеттік қаржыландыру схемасына сəйкес кезде тек жоғары мамандандырылған мекеме жағдайында жасалады (НМƏП РҒПО, ППН РҒПО).

** - негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар.

*** - емделушіні 1 кезеңнен ауыстырғанда жүргізілмейді.

Ауруханаға жатқызу

 
Госпитализациялау үшін көрсетімдер (жоспарлы):
1. Тəуелділік синдромы.
2. Зардабы қалған есірткі қабылдау.

Жоспарлы госпитализация алдында жасалуға тиісті тексерулер:
1. Нарколог дəрігердің консультациясы.
2. АИТВ зерттеу.
3. Қанның Вассерман реакциясын (RW) тексеру.
4. Гепатит В вирусын анықтау.
5. Гепатит С вирусын анықтау.
6. Гепатит В, С вирусы анықталған жағдайда инфекционист дəрігерге тексерту.
7. Көкірек ағзаларын флюорографиямен тексеру.
8. Флюорографиядан өзгеріс табылған жағдайда фтизиатр дəрігерге тексерту. 

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. 1. Алтынбеков С.А., Грузман А.В. Медикаментозная противорецидивная терапия при опийной наркомании. Методические рекомендации. Павлодар, 2005. -60 с. 2. Батищев В.В., Негериш Н.В. Методология организации программы психотерапии и реабилитации больных зависимостью от психоактивных веществ, имеющих низкий уровень мотивации на лечение. Программа «Решение»: теория и практика. – Москва, 2000. – 184 стр. 3. Блейхер В. М., Круг И. В. Клиническая патопсихология. -М.: 1997-с. 100-104 4. ВалентикЮ.В., Сирота Н.А. Руководство по реабилитации больных с зависимостью от психоактивных веществ. – Литера, 2000. – М.: 2002, 254 стр. Воробьев П.А. «Протоколы ведения больных и государственные гарантии качественной медицинской помощи». Проблемы стандартизации здравоохранения. № 2, 1999. 5. Гехт Б. М. Теоретическая и клиническая электромиография, Л.-Наука. 1990 г 6. Грузман. А В., Кусаинов А.А., Рамм А.Н. и др. Дифференцированное лечение синдромов отмены и патологического влечения к наркотику у больных с зависимостью от опиоидов. Методические рекомендации, 2006 г. 7. Иванец Н. Н. Современная концепция терапии наркологических заболеваний. Лекции по клинической наркологии. М, 1995, с.109 8. Иванец Н.Н. Руководство по наркологии. Под редакцией члена-корр. РАМН М., 2002, том 1, 2. 9. Карелин А. Большая энциклопедия психологических тестов.Эксмо, 2007 г. 416 стр. 10. Катков А.Л., Пак Т.В., Россинский Ю.А., Титова В.В. Интегративно-развивающая психотерапия больных наркоманией. Павлодар, 2003, 267 стр. 11. Катков А.Л., Россинский Ю.А. Новые подходы в лечении и реабилитации нар- козависимых // Вопросы наркологии Казахстана, 2002, Т. 2, № 2, С. 84-88. 12. Стрелец Н.В., Уткин С.И., Деревлев Н.Н. Комплексная терапия неотложных 13. Цетлин М.Г., Пелипас В.Е. Реабилитация наркологических больных: концепция, программа / Анахарсис, 2001. – 48 стр. 14. Anton RF, Neurobehavioural basis for the pharmacotherapy of alcoholism: current and future directions. Alcohol, 1996, 31 Suppl1: 43-53 15. Havton et al, Deliberate self harm: systematic review of efficacy of psychosocial and pharmacological treatment in preventing repetition. BMJ, 1998 Aug, 15, 317: 441-7 16. Litten RZ, Allen JP, Pharmacotherapies for alcoholism: Promising agents and clinical issues. Alcohol Clin Exp Res, 1991, Vol.15, N4, p 620-33 17. Miller W.R. Motivation Enhancement Therapy: Description of Counseling Approach // Approaches to drug Abuse Counseling. NIDA. Rockville, 2000, p. 99-106. 18. O'Malley S.S; Jaffe A.J.; Chang G.; Rode S.; Schottenfeld R.; Meyer R.E.; Rounsaville B. // Archives Of General Psychiatry.-1992.- nov.-V.49.-р.881-887: " Naltrexone and coping skills therapy for alcohol dependence (a controlled study)" 19. S.Walen «Cognitive factors in behavior», 1980

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі:
Катков Александр Лазаревич, м.ғ.д., профессор, "Наркомания медициналық-əлеуметтік проблемалары Республикалық ғылыми-практикалық Орталығының" директоры (əрі қарай – НМƏП РҒПО).
Россинский Юрий Александрович, м.ғ.д., НМƏП РҒПО директорының ғылыми істер бойынша орынбасары.
Лаврентьев Олег Валерьевич, НМƏП РҒПО ақпарат жəне талдау бөлімінің меңгерушісі.
Рамм Александр Николаевич, НМƏП РҒПО кəсіби стандарттар бөлімінің меңгерушісі.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх