Опиоидтарды қабылдау нəтижесінде дамыған психикалық жəне мінез-құлықтық ауытқулар. 1-кезең
H-T-016
Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)
Психические и поведенческие расстройства, вызванные употреблением опиоидов. Острая интоксикация (F11.0)
Анықтамасы
Анықтамасы
Анықтамасы:
Есірткіқұмарлық (бəңшілік) деп есірткілік заттектерге психикалық жəне физикалық тəуелділік даму нəтижесінде оларды тұрақты түрде мөлшерін көбейте түсіп қабылдауға құмар ететін жəне қабылдауды тоқтатқан жағдайда абстиненция пайда болуымен əйгіленетін аурулар тобын атайды.
Хаттама коды: H-T-016 "Опиоидтарды қабылдау нəтижесінде дамыған психикалық жəне мінез-құлықтық ауытқулар. 1-кезең"
Терапевтиялық саладағы стационарлар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):
F11.1 Опиоидтарды қабылдау нəтижесінде дамыған психикалық жəне мінез-құлықтық ауытқулар. Зардабы қалған түрі.
F11.2 Опиоидтарды қабылдау нəтижесінде дамыған психикалық жəне мінез-құлықтық ауытқулар. Тəуелділік синдромы.
F11.3 Опиоидтарды қабылдау нəтижесінде дамыған психикалық жəне мінез-құлықтық ауытқулар. Есірткі қабылдауды тоқтатқан жағдай.
Жіктемесі
Жіктемесі: АХЖ-10 бойынша.
Диагностикасы
Тəуелділік синдромы диагностикасының критерийлері:
1. Есірткі қабылдауға шыдай алмастай құштарлану, немесе мезілегіш əуестік.
2. Есірткілік заттектерді қабылдамау үшін өзін-өзі тежеу қабілеті төмендеп кетуі.
3. Есірткі қабылдауды тоқтатқан жағдай.
4. Есірткілік заттектердің əсеріне толеранттылық жоғарылауы.
5. Зиянды зардабы айқын білінсе де есірткілік заттекті жалғастырып қабылдай беруі.
6. Опиоидтарды қабылдап жүргендігін зертханалық əдістермен дəлелдеу.
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
Клиникалық диагностика:
- консультация: нарколог (аддикция ауырлық индексін анықтаумен*);
- консультация: психотерапевт*;
- психологиялық консультация;
- консультация: терапевт;
- консультация: физиотерапевт.
Лабораторлық диагностика:
1. Қанның жалпы анализі (7 параметр: лейкоциттер, эритроциттер, гемоглобин, эритроциттің орташа көлемі, тромбоциттер, лимфоциттер %, нейтрофилдер %).
2. Зəрдің жалпы анализі.
3. Мочевина мен қалдық азотты анықтау.
4. Жалпы белокты анықтау.
5. АЛТ мен АСТ анықтау.
6. Қандағы қантты анықтау.
7. Билирубинді анықтау.
8. Тимол сынамасы.
9. Есірткілік заттардың жəне олар метаболиттерінің зəрде болуына иммунохроматографиялық анализ*.
10. Есірткілік заттардың жəне олар метаболиттерінің зəрде болуына поляризациялық флуоресценттік иммуноанализ*.
11. В жəне С* вирусты гепатит маркерлерін анықтау.
Функционалды диагностика:
1. Электроэнцефалография (ЭЭГ).
2. Реоэнцефалография (РЭГ).
3. Эхоэнцефалография.
Психологиялық диагностика:
1. Сауалнама мини-мульт MMPI*.
2. Шульте кестесі*.
3. Лурии тесті. 10 сөзді жаттау əдісі*.
4. «Артығын алып тастау» əдісі*.
Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
Клиниклық диагностика: мамандар консультациясы (хирург, гинеколог, инфекционист, невропатолог, фтизиатр, психиатр, СПИДолог, уролог, отоларинголог, окулист, стоматолог) – көрсетімдер бойынша.
Лабораторлық диагностика (көрсетімдер бойынша):
1. Диастазаны анықтау*.
2. Кортизол деңгейін анықтау*.
3. Цианокаболамин деңгейін анықтау (вит. В 12)*.
4. Белок фракцияларын анықтау*.
Функционалдық диагностика (көрсетімдер бойынша):
1. Шақырылған потенциалдар (ШП)*.
2. Электронейромиография (ЭМГ)*.
3. Ультрадыбыстық доплерография (УДДГ)*.
4. Полисомнография*.
5. Аяқ реовазографиясы (РВГ)*.
6. ЭКГ.
7. Бүйрек, бауыр, өкпе реографиясы*.
Психологиялық диагностика (көрсетімдер бойынша):
1. Миннесоталық көпшкалалық жеке сауалнама MMPI*.
2. Р. Кеттелл тесті «Он алты тұлғалық фактор, 16PF*.
3. Айзенк жеке сауалнамасы EPI*.
4. Шмишек сауалнамасы*.
5. Т. Лири интерперсональді қатынастар сауалнамасы*.
6. Невротизация жəне психопатизация деңгейін анықтау əдістемесі (УНП)*.
7. Депрессияны өзіндік бағалау шкаласы*.
8. Ч. Спилбергердің реактивті жəне тұлғалық қатер шкаласы*.
9. Субъективті бақылау деңгейін анықтау əдістемесі УСК*.
10. Розенцвейг əдістемесі*.
11. Люшер тесті*.
12. Крепелин бойынша есептеу. «Корректуралық проба». «Пиктограммалар» методикасы.
13. «Классификация» методикасы. «Қарапайым аналогиялар», «Қиын аналогиялар», «Айтарлықтай белгілер», «Түсінікті салыстыру» əдістемелері*.
14. Векслер тесті WAIS*.
Сəулелік диагностика (көрсетімдер бойынша):
1. Құрсақ ағзаларына УДЗ (ультрадыбыстық зерттеу) жасау.
2. Рентгенография.
Емдеу тактикасы
Емдеу тактикасы
Негізгі клиника-психологиялық нысаналар (есірткілік заттектерге тəуелділік қалыптасу тетіктері):
1. Соматикалық патологиялы статус (тəндік дертті ахуал).
2. Психикаға əсерлі заттектерге патологиялық құмарлық.
3. Жекетұлғалық патологиялық статус (жекетұлғалық дертті ахуал).
4. Жекетұлғалық нормативті статус (жекетұлғалық қалыпты ахуал).
5. Əлеуметтік кемістікті статус (ахуал).
6. Медициналық-əлеуметтік оңалтудан толыққұнды өтуге ынталылық деңгейі.
Ем мақсаты:
1. Есірткіге физикалық (тəндік) тəуелділікті жəне психикалық тəуелділікті тыю.
2. Психикалық жəне мінез-құлықтық ауытқуларды түзету.
3. Оңалту бағдарламасына қатысу ынтасын қалыптастыру.
Дəрі-дəрмексіз ем
Негізгі емдік-оңалту шаралары:
- тəндік биологиялық орталардағы есірткі деңгейін ауық-ауық анықтай отырып науқас есірткі қабылдамайтындай жағдай жасау;
- оңалу потенциалының (əлеуетінің) деңгейін (жоғары, орташа, төмен) анықтау;
- əлеуметтік-медициналық оңалту бағдарламасынан нəтижелі өтуге ынталылықты қалыптастыру;
- есірткіге патологиялық құмарлықтың орталықтық жəне перифериялық қайта өршіп кету тетігін тежейтін шараларды жүргізу.
- оңалу потенциалының (əлеуетінің) деңгейін (жоғары, орташа, төмен) анықтау;
- əлеуметтік-медициналық оңалту бағдарламасынан нəтижелі өтуге ынталылықты қалыптастыру;
- есірткіге патологиялық құмарлықтың орталықтық жəне перифериялық қайта өршіп кету тетігін тежейтін шараларды жүргізу.
Негізгі психотерапиялық шаралар:
- пациент жеке тұлғасының нормативті статусымен қарым-қатынас орнату;
- есірткіге патологиялы құмарлықты бөгеу;
- мотивациялық сұхбат жүргізу, консультация беру, мотивациялық психотерапия жүргізу;
- есірткіге тəуелділіктің ауырлық индексін анықтау.
- есірткіге патологиялы құмарлықты бөгеу;
- мотивациялық сұхбат жүргізу, консультация беру, мотивациялық психотерапия жүргізу;
- есірткіге тəуелділіктің ауырлық индексін анықтау.
Аталған шаралар жеке-дара консультация беру, жеке психотерапия жүргізу тəсілдері арқылы жүзеге асырылады, сонымен қатар топтық консультация беру жəне бейімдеп өзгертілген топтық психотерапия техникасы да қолданылады.
Детоксикация (уыт қайыру) емін жасау алгоритмі
Стандартты тəсіл ретінде клонидин (0,45-0,9 мг/тəу.) жəне преднизолон (5-15 мг/тəу.) қоса тағайындалады, диазепам (30-60 мг/тəу.), трамадол (400-500 мг/тəу.) беріледі. Ауыр жағдайларда трамадолдың дозасын 600 мг-ға дейін көбейтеді, бірақ мұндай жоғары дозамен емдеу 5 күннен аспау керек жəне кейін біртіндеп тəулігіне 100 мг-нан азайта отырып дəрі беруді тоқтатады.
Апиын рецепторларының антагонистерімен емдеу алгоритмі
Налтрексон тағайындаудың мынандай тəсілі ұсынылады:
- тəулігіне 50 мг 5 күн бойы беріледі , ал сенбі күні – 100 мг/тəу.;
- 100 мг-нан күн ара немесе 150 мг-нан арасына екі күн өткізіп береді.
Нейролептиктермен емдеу алгоритмі
Еліруді тыю, есірткіге патологиялы құмарлықты басу, мінез-құлықтық ауытқуларды реттеу үшін тиімді препараттар: галоперидол (5-15 мг/тəу); клозапин (азалептин) −100-200 мг/тəу.; рисперидон (рисполепт) −4-6 мг/тəу. ерітінді түрінде; хлорпромазин (аминазин) − 50-200 мг/тəу.
Антиконвульсанттармен емдеу алгоритмі
Патологиялы құмарлықтың құрылымында дисфориялық ауытқулар басым болса құрысқаққа қарсы, нормотимиялы жəне эмоциотропты қасиеті бар антиконвульсанттар – карбамазепин 400-600 мг/тəу., натрий вальпроат 450-900 мг/тəу. тағайындалады.
Антидепрессанттармен емдеу алгоритмі
Антидепресанттар көңіл-күйді қалыпқа келтіру үшін, апатияны (енжарлықты, селсоқтықты), үрейді жəне ұйқы бұзылуын азайту үшін, сонымен қатар есірткіге патологиялы құмарлықтың обсессиялы құрам бөлігін тыю үшін қолданылады. Антидепресанттардың ішінде негізінен седативті (тыныштандыратын) əсері бар препараттар – кломипрамин, флувоксамин, амитриптилин орташа тəуліктік дозамен беріледі.
Ауырсынуды басатын препараттармен емдеу алгоритмі
Өте қатты ауырсыну синдромы болса жəне тəулігіне 400-500 мг-нан берілген трамодол ауырсынуды баспаса, немесе ауырсыну синдромы 5 күннен асып кетсе қабынуға қарсы əсерлі бейстероид препараттар (диклофенак тəулігіне 150 мг-ға дейін, кетеролак 30-90 мг/тəу. тағайындалған жөн.
Есірткіге патологиялы құмарлық синдромын емдеу алгоритмі
Патологиялы құмарлық өршіп кеткен кезде патологиялы құмарлықты жəне онымен байланысты аффектілік жəне мінез-құлықтық ауытқуларды тиятын препараттар: нейролептиктерден – галоперидол, клозапин (азалептин), рисперидон (рисполепт); антидепресанттардан – кломипрамин, флувоксамин, натрий вальпроаты тағайындалады. Физиотерапиялық ем (электроұйықтатқы, акупунктура, массаж) жасалады.
Диссомниялық бұзылыстарды (ұйқы бұзылуды) емдеу алгоритмі
Таңдаулы препараттар ретінде 3-ші лекке жататын ұйықтатқы дəрілер − зопиклон (имован), бензодиазепин туындылары (диазепам 0,5% ерітінді 4-6 мл/тəу.) жəне барбитур қышқылының туындылары тағайындалады. Нəтиже болмаған жағдайда нейролептиктер (клозапин) тағайындаған жөн.
Астениялық (неврастениялық ) синдромды емдеу алгоритмі
Аса тез шаршағыштықты, ашуланшақтықты, эмоциялық реакциялардың құбылмалылығын азайту үшін таңдаулы препараттар қатарына жататын имипрамин 25-150 мг/тəу., флуоксетин 20-40 мг/тəу., сондай-ақ ноотроптар, витаминдер (В1, В6, В12, жəне т.б.), амин қышқылдары, гепатопротекторлар беріледі. Физиотерапия (электроұйықтатқы, акупунктура, массаж) тағайындалады.
Əрі қарай жүргізу: 2 кезеңге ауыстыру.
Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1. **Галоперидол 0,5% - 1 мл, амп.
2. **Диазепам 0,5% - 2 мл, амп.
3. **Диазепам 10 мг, таб.
4. **Диклофенак натрий 2,5%, 3,0 мл, амп.
5. **Зопиклон 7,5 мг, таб.
6. **Карбамазепин 200 мг, таб.
7. **Аскорбин қышқылы 50 мг, драже
8. **Клозапин 25 мг, таб.
9. **Клонидин 0,15 мг, таб.
10. **Налтрексон 50 мг, таб.
11. **Натрий хлориді 0.9% инфуз үшін ерітінді, 400 мл, флак.
12. **Преднизолон 5 мг, таб.
13. **Селимарин + фумарин, капс.
14. **Токоферола ацетат, капс.
15. **Трамадол 50 мг/1мл, амп.
16. **Трамадол 50 мг, капс.
17. **Флувоксамин 50 мг, таб.
18. **Флуоксетин 50 мг, таб.
19. **Хлорпромазин 2,5% - 2 мл амп.
Перечень дополнительных медикаментов:
1. **Амброксол 30 мг, таб.
2. **Аминофиллин 2,4% - 5,0 мл, амп.
3. **Амитриптилин 2,5% - 2 мл, амп.
4. **Амитриптилин 25 мг, таб.
5. **Ацетилсалицил қышқылы 500 мг, таб.
6. **Бисакодил 5 мг, таб.
7. **Венлафаксин 75 мг, таб.
8. **Винпоцетин 2 мл, амп.
9. **Винпоцетин 5 мг, таб.
10. **Галоперидол 5 мг, таб.
11. **Гентамицин 4% - 1,0 мл, амп.
12. **Гинкго Билоба 40 мг, таб.
13. **Декстран-70 - 200 мл, флак.
14. **Декстроза, инфуз. үшін ерітінді 5% 400 мл, флак.
15. **Дифенгидрамин 1% -1,0 мл, амп.
16. **Дротаверин 2,0 мл, амп.
17. **Кетопрофен 50 мг, таб.
18. **Аскорбин қышқылы 5% -1,0 мл, амп.
19. **Алюминий жəне магний гидрототығы бар комбинирленген преп-тар, сусп., 70 мл
20. **Шошқа миынан алынған пептидтер кешені 5 мл, амп.
21. **Ко-тримаксозол (бисептол 480), таб.
22. **Левомепромазин 2,5% 1,0 мл, амп.
23. **Левомепромазин 25 мг, таб.
24. **Лоперамид 2 мг, капс.
25. **Метаклопрамид 10 мг, таб.
26. **Метронидазол 250 мг, таб.
27. **Милнаципрам 50 мг, таб.
28. **Налоксон 0,04% - 1 мл, амп.
29. **Никотин қышқылы 1% - 1,0 мл, амп.
30. **Нистатин 500 мың бір. таб.
31. **Оланзапин 10 мг, таб.
32. **Панкреатин 10000 БІР, таб.
33. **Парацетамол 500 мг, таб.
34. **Пирацетам 20% - 5 мл, амп.
35. **Пирацетам 400 мг, таб.
36. **Пиридоксин 5% - 1 мл, амп.
37. **Прокаин 0,5% - 5,0 мл, амп.
38. **Ранитидин 300 мг, таб.
39. **Рисперидон 2 мг, таб.
40. **Рисперидон ерітінді мл, флак.
41. **Сертралин 50 мг, таб.
42. **Спирт 70%, 200 мл
43. **Тиамин 5% -1 мл, амп.
44. **Тригексифенидил 2 мг, таб.
45. **Активті көмір 250 мг, таб.
46. **Фуросемид 1% - 2,0 мл, амп.
47. **Цефазолин 1,0 амп.
48. **Цианокобаламин 0,05% -1,0 мл, амп.
49. **Ципрофлоксацин 500 мг, таб.
50. **Эналаприл 5 мг, таб.
Ем тиімділігінің индикаторлары:
- есірткіге физикалық жəне психикалық тəуелділік əйгіленістерінің тиылуы, патологиялы құмарлықтың, соматикалық асқынулардың азаюы;
- есірткі қабылдамағанына кепілдік берерліктей өзін-өзі ұстауы (бірнеше рет тексергенде анализінде есірткі болмауы);
- емді жалғастырып медициналық-əлеуметтік оңалтудан өтуге пейілді болуы.
* - берілген есеппен бірге бюджеттік қаржыландыру схемасына сəйкес кезде, тек жоғары мамандандырылған мекеме жағдайында жасалады (НМƏП РҒПО, ППН РҒПО).
** - негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар.
Ауруханаға жатқызу
Госпитализациялау үшін қажет көрсетімдер:
1. Жіті уыттану, асқынбаған түрі.
2. Тəуелділік синдромы.
3. Есірткі қабылдауды тоқтатқан жағдай.
Жоспарлы госпитализация алдында жасалуға тиісті тексерулер:
1. Нарколог дəрігердің консультациясы.
2. АИТВ зерттеу.
3. Қанның Вассерман реакциясын (RW) тексеру.
4. Гепатит В вирусын анықтау.
5. Гепатит С вирусын анықтау.
6. Гепатит В, С вирусы анықталған жағдайда инфекционист дəрігерге тексерту.
7. Көкірек ағзаларын флюорографиямен тексеру.
8. Флюорографиядан өзгеріс табылған жағдайда фтизиатр дəрігерге тексерту.
Ақпарат
Пайдаланған әдебиеттің тізбесі
-
Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
- 1. Алтынбеков С.А., Грузман А.В. Медикаментозная противорецидивная терапия при опийной наркомании. Методические рекомендации. Павлодар, 2005. -60 с. 2. Блейхер В. М., Круг И. В. Клиническая патопсихология. -М.: 1997-с. 100-104 3. ВалентикЮ.В., Сирота Н.А. Руководство по реабилитации больных с зависимостью от психоактивных веществ. – Литера, 2000. – М.: 2002, 254 стр. Воробьев П.А. «Протоколы ведения больных и государственные гарантии качественной медицинской помощи». Проблемы стандартизации здравоохранения. № 2, 1999. 4. Головин С.А. Опыт применения оланзапина в процессе медико-социальной реабилитации больных в наркологической клинике 5. Грузман. А В., Кусаинов А.А., Рамм А.Н. и др. Дифференцированное лечение синдромов отмены и патологического влечения к наркотику у больных с зависимостью от опиоидов. Методические рекомендации, 2006 г. 6. Иванец Н. Н. Современная концепция терапии наркологических заболеваний. Лекции по клинической наркологии. М, 1995, с.109 7. Иванец Н.Н. Руководство по наркологии. Под редакцией члена-корр. РАМН М., 2002, том 1, 2. 8. Карелин А. Большая энциклопедия психологических тестов.Эксмо, 2007 г. 416 стр. 9. Катков А.Л., Пак Т.В., Россинский Ю.А., Титова В.В. Интегративно-развивающая психотерапия больных наркоманией. Павлодар, 2003, 267 стр. 10. Катков А.Л., Россинский Ю.А. Новые подходы в лечении и реабилитации нар- козависимых // Вопросы наркологии Казахстана, 2002, Т. 2, № 2, С. 84-88. 11. Стрелец Н.В., Уткин С.И., Деревлев Н.Н. Комплексная терапия неотложных состояний в наркологии. Пособие для врачей психиатров-наркологов. М., 2000; 35. 12. Anton RF, Neurobehavioural basis for the pharmacotherapy of alcoholism: current and future directions. Alcohol, 1996, 31 Suppl1: 43-53 13. Havton et al, Deliberate self harm: systematic review of efficacy of psychosocial and pharmacological treatment in preventing repetition. BMJ, 1998 Aug, 15, 317: 441-7 14. Litten RZ, Allen JP, Pharmacotherapies for alcoholism: Promising agents and clinical issues. Alcohol Clin Exp Res, 1991, Vol.15, N4, p 620-33 15. Miller W.R. Motivation Enhancement Therapy: Description of Counseling Approach // Approaches to drug Abuse Counseling. NIDA. Rockville, 2000, p. 99-106. 16. O'Malley S.S; Jaffe A.J.; Chang G.; Rode S.; Schottenfeld R.; Meyer R.E.; Rounsaville B. // Archives Of General Psychiatry.-1992.- nov.-V.49.-р.881-887: " Naltrexone and coping skills therapy for alcohol dependence (a controlled study)" 17. S.Walen «Cognitive factors in behavior», 2000
Ақпарат
Əзірлеушілер тізімі:
Катков Александр Лазаревич, м.ғ.д., профессор, "Наркомания медициналық-əлеуметтік проблемалары Республикалық ғылыми-практикалық Орталығының " директоры (əрі қарай – НМƏП РҒПО).
Россинский Юрий Александрович, м.ғ.д., НМƏП РҒПО директорының ғылыми істер бойынша орынбасары.
Лаврентьев Олег Валерьевич, НМƏП РҒПО ақпарат жəне талдау бөлімінің меңгерушісі.
Рамм Александр Николаевич, НМƏП РҒПО кəсіби стандарттар бөлімінің меңгерушісі.
Қазықтаулы файлдар
Назар аударыңыз!
- Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.
- Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.
- Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.
- Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.
- Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.