Омыртқа остеохондрозы

P-T-028

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Остеохондроз позвоночника у взрослых (M42.1)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы

Омыртқа остеохондрозы – омыртқааралық диск шеміршегі 
дегенеративті зақымдалуының жəне омыртқаның аралас денелері мен айналасындағы тіндер тарапынан реактивті өзгерістердің дамуымен мінезделетін ауру.

 
Хаттама коды: Р-Т-028 "Омыртқа остеохондрозы"
Терапевтикалық саладағы поликлиникалар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары): M42. Омыртқа остеохондрозы

Жіктемесі


Жіктемесі
 
Синдромды принцип – қандай нерв түзілулеріне патологиялық əсер етуіне байланысты, омыртқаның зақымдалған құрылымын – рефлекторлық жəне коммпрессиондық деп бөледі.
 
Рефлекторлық – иннервацияланатын бұлшықеттердің рефлекторлы ширығуы, бұлшықет-тонустық бұзылулар, қантамырлық, вегетативтік, дистрофиялық.

Компрессиондық түбіршек, нерв, жұлын немесе қантамырдың тартылуы, жаншылуы (тиісінше радикулопатия, нейропатия, миелопатия, радикулоишемиялық синдром).

Қауіп-қатерлі факторлар


Қауіп қатерлі факторлар.
1. Омыртқа аномалиясы.
2. Люмбализация немесе сакрализация.
3. Омыртқааралық буындар қуыстарының асимметриялы орналасуы.
4. Омыртқалық каналдың 
туа біткен тарлығы.
5. Спондилогенді соматикалық жəне бұлшықеттік ауыру.
6. Физикалық 
зорығу.
7. Вибрация, мысалы, транспорт жүргізу кезінде.
8. Психоэмоционалдық факторлар.
9. Аз қозғалысты өмір салты.
10. Темкі тарту.
11. Семіздік.

Диагностикасы


Диагностика критерилері:
1. Ауыру.
2. Тартылудың оң симптомдары.
3. Қозғалыстық 
жəне сезімталдылық бұзылулары. 
4. Мануальді тестілеу.
5. Екі проекциядағы 
рентгенография.
6. КТ жəне /немесе МРТ.

 
Шағымдар мен анамнез
 
Бел деңгейіндегі зақымданулар:
1. Люмбаго.
2. Люмбалгия.
3. Люмбоишалгия.
4. Алмұрттəрізді 
бұлшықет синдромы.
5. Кокцигодиния.
6. Компрессиондық синдром.

 
Люмбаго: физикалық ширығу, ыңғайсыз қозғалыс, ұақ ширығу, мұздау кезіндегі, кейде анық себепсіз бел ауыруы. Кенеттен немесе бірнеше минут немесе сағат ішінде, жиі жағдайда оқ тəрізді. Ауыру қозғалыс кезінде ауыр көтергенде күшейеді. Тыныштық жағдайында ауыру кетеді.

Люмбалгия: жіті басталмайды, ал бірнеше күннің ішінде.

Люмбоишалгия: арқа, бел аумағындағы ауырсыну, бөксеге жəне санның артқы бетімен табанға жетпей таралып ауыруы.

Кеуде деңгейіндегі зақымдалулар. Кеуде бөлімінің диск жарықтары барлық омыртқааралық дисктердің 1% азын құрайды. 

Мойын деңгейіндегі зақымданулар. Цервикобрахиалгия, цервикалгия. Иық-жауырындық периартроз. Иық жəне қол синдромы. Эпикондилит. Алдыңғы сатылық бұлшықет синдромы. Кіші кеуде бұлшықеті синдромы. Артқы мойындық симпатикалық синдром. Компрессионды синдромдар.

Цервикобрахиалгия, цервикалгия. Мойындағы шүйдеге, иық алдына таралатын ауыру, Қозғалу кезінде немесе бір қалыпта ұзақ уақыт тұрғанда күшейеді.

Физикаллық тексерулер
 
Люмбаго. Қалыпты қозғалыс белсенділігі, сезімталдылық пен рефлекс өзгермеген. Бел аумағындағы қозғалыс көлемі төмендеген, бел аумағы пальпация кезінде ауырады, негізінен паравертебральді мускулатура спазмы байқалады, бел лордозының қалыңдауы немесе кифоз, жиірек сколиозбен.
 
Люмбалгия Клиникасы дəл люмбаго кезіндегідей.

Люмбоишалгия. Вазомоторлық бұзылулар, қантолулардың бұзылулары, бояудың жəне аяқ терісі температурасының өзгеруі.

Цервикобрахиалгия, цервикалгия. Мойын бұлшықеттерінің ширығуы, басты мəжбүрлеп бір қалыпта ұстау, мойын лордозының түзелуі. Терең пальпация кезінде жеке сүйектік өсінділерде ауыру байқалады. Омыртқаның алдында жəне артында орналасқан бұлшықеттерді қоса, рефлекторлық тониялық реакциялардың қалыптасуы мінезді.
 
Компрессионды синдромдар. Омыртқааралық дисктің протрузиясы – компрессионды синдромның жиі себебі. Радикулопатия кезіндегі ауырудың орналасуы 1,2 зақымдалған түбіршекпен нервтелетін дерматом шекарасымен сəйкес. Айналып кету симптомдары тəн.

Белдік компрессионды синдромдар. Түбіршек, ат құйрығы, конуса, эпиконус компрессиясыа. Компрессияға кез келген түбіршек шалдығуы мүмкін, бірақ жиірек бел- сегізкөз бөліміндегі түбіршектер қысылады: L4; L5; S1. Оқ тəрізді ауырулар, дерматомды гипалгезия, перифериялық парез, терең рефлекстердің əлсіреуі мен айналып кетуі тəн. Түбіршектік ауырулар қозғалыс кезінде күшейеді.
 
Мойын деңгейіндегі зақымданулар. Түбірше, жұлын, артерия компрессиясы, Түбіршектердің бірі жаншылғанда ауыру қолға, жауырынға немесе кеуде клеткасының алдыңғы бетіне беріледі. Компрессияға тек қана түбіршектер ғана емес, сонымен қатар артериялар, жұлын (қантамырларымен бірге) жəне омыртқа артериясы шалдығады.
 
Инструменталдық зерттеулер
Рентгенологиялық зерттеулер, аталған сегмент конфигурациясының өзгеруі, шеткі пластинкалар деформациясы, омыртқааралық дисктердің қалыңдауы.
КТ немесе МРТ протрузия немесе пролапстың болуы.
 
Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер:
- емнің физиотерапялық əдісін түзету – физиотерапевт консультациясы;
- миелопатиялар, радикулоишемиялар көрінісі – нейрохирург консультациясы.

Рентгенологиялық, КТ, МРТ белгілер:
- жаңа түзілістер - онколог консультациясы;
- туберкулезді спондилит – фтизиатр консультациясы;
- инфекциялы спондилит – инфекционист;
- ревматоидтық артрит, анкилдеуші спондилит – ревматолог немесе терапевт жəне басқалар консультациясы.
 
Жоспарлы госпитализациялауға дейінгі негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
- қанның жалпы анализі;
- зəрдің жалпы анализі;
- ЭКГ; 
- екі проекцияда омыртқа сегменттерін.

- рентгенологиялық зерттеу.
 
Қосымша диагностикалық шаралар: омыртқа КТ жəне/немесе МРТ.

Дифференциалды диагноз


Дифференциалды диагноз:
- омыртқаның жарақаттық зақымдалуы, перифериялық нерв жүйесінің екіншілік қосылуы;
- омыртқа ісіктері немесе метастаздар;
- деформациялаушы спондилоартрит;
- остеопороз;
- туберкулезді спондилит;
- инфекциялы спондилит;
- ревматоидтық артрит;
- анкилдеуші спондилит;
ішкі ағзалар аурулары кезіндегі айқын ауырулар.

Емдеу тактикасы


Емдеу тактикасы
 
Жеңіл жағдайларда:
- кенет иілулерді жəне ауырсыну позаларын болдырмау;
- ауыру басылғанша төсек режимі (2-3 тəулікке дейін);
- бел аумағына жылулық емшаралар;
- жергілікті əсердегі препараттар, маздер: хонроксид 5%, диклофенак жəне т.б.;
- ауыру кезінде анальгетиктер;
- арқа мен құрсақ прессін бүкіштерді нығайтуға жаттығулар;
- физиотерапиялық емшаралар.
 
Ауыр жағдайларда
қатаң төсек режимі, омыртқааралық диск жарығы кезінде;
- матрац астына щит;
- анальгетиктер;
- стероидты емес қабынуға қарсы – жаңа буындағы циклооксигеназа (ЦОГ) селективті ингибиторларына көңіл бөлінеді, лорноксикам 8 ден 16 мг/тəулігіне дейін, мелоксикам 7,5 тен 15 мг/тəулігіне дейін;
- миорелаксанттарды паравертебральді бұлшықеттердің айқын ширығуында тағайындаған дұрыс;
- жергілікті əсердегі препараттар, маздер: хонроксид 5%, диклофенак жəне т.б.;
- айқын түбіршектік синдром, алмұрт тəрізді бұлшықет синдромы кезінде түбіршек компрессиясы аумағына емдік дəрі-дəрмектік блокадалар қолданған жөн. Емдік дəрі-дəрмектік блокадаларды кортикостероидтармен жүргізеді, мейлінше ұзақ əсердегі формасын қолдану қажет;
- физиотерапиялық емшаралар, жылулық емшаралар, иглорефлексотерапия, емдік физкультура, тарту;
- перифериялық нерв жүйесіның аурулары кезінде «В» тобындағы витаминдерді тағайындау маңызды табылады.
 
Ем мақсаттары: жоғалған функцияларды қалпына келтіру.
 
Дəрі-дəрмексіз ем:
1. Төсек режимі.
2. Матрац астына щит.
3. Физикалық жүктемелерді 
шектеу.
4. Белдік корсет.
5. Жұмсақ мойындық корсет.

 
Дəрі-дəрмектік ем:
- аминобенозоин қышқылы;
- дипроспан;
- прокаин 0,5%; 2% 5-10 мл;
- лорноксикам от 8 до 16 мг/тəулігіне;
- мелоксикам от 7,5 до 15 мг/тəулігіне;
- диазепам;
- диазепам 10мг;
- метамизол натрий;
- дифенгидрамин;
- хондроитин сульфаты 5%;
- нейромультивит;
- толперизон от 50 до 150 мг/тəулігіне.
 
Негізгі жəне қосымша дəрі-дəрмектер тізімі
 
Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1. Прокаин 0,5%; 2%- 5-10 мл.
2. Лорноксикам.
3. Мелоксикам.
4. Метамизол натрий.
5. Дифенгидрамин.
6. Хондроитин сульфаты 5%.
 
Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:
1. Аминобенозоин қышқылы.
2. Дипроспан.
3. Нейромультивит.
4. Толперизон 50 ден 150 мг/тəулігіне дейін.

Ем тиімділігінің индикаторлары:
- ауыру синдромының болмауы;
- қозғалыстық жəне 
сезімталдылық бұзылыстардың болмауы.

Ауруханаға жатқызу


Шұғыл госпитализациялау үшін көрсетімдер:
- асқынулар;
- миелопатия құбылысы;
- радикулоишемия;
- арқалық қанайналымының бұзылуы.

 
Жоспарлы госпитализациялау үшін көрсетімдер:
- айқын ауыру синдромы;
- амбулаторлық ем тиімсіздігі;
- себепті анықтау үшін тексеру (көлемді процесс, қабынба, 
жарақат).

Алдын алуы


Профилактикалық шаралар: физикалық жүктемелерді шектеу, бұлшықеттік корсетті қалыптастыру үшін іш пен арқаның бұлшықеттерін нығайтуға жаттығулар кешені.

Әрі қарай жүргізу, диспансерлеу принциптері – диспансерлік бақылау.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1. Англо-русский медицинский энциклопедический словарь (дополненный перевод 26-го издания Стедмана). ГЭОТАР МЕДИЦИНА, М., 2000 2. Справочник врача общей практики. Дж. Мерта. Практика, М., 1998 3. Внутренние болезни. Кн. 10. Т.Р. Харрисон. “Медицина”, М., 1997 4. Acute low back problems in adults. Clinical practice guideline no. 14 (AHCPR publication no. 95-0642). 5.Неврология. Под ред. М. Самуэльса. Пер. с англ.-М., Практика, 1997.-640с.

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі:
Каменова С.У.   – АМДБЖИ неврология кафедрасының меңгерушісі
Кужибаева К.К. – АМДБЖИ неврология кафедрасының доценті

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх