Нервоздылық. Дімкəстік жəне шаршағыштық

P-P-021

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Другие уточненные невротические расстройства (F48.8)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы

Невроздар
– негізінде нерв жүйесінің уақытша функционалдық бұзылыстарына  жататын, негізгі нерв прцесстерінің (қозу, тежелу) жəне олардың қозғалысының зорығуымен шартталған, жіті немесе ұзақ уақыттық психожарақаттаушы факторлар əсерімен туындайтын аурулар тобы.


Хаттама код: P-P-021 "Нервоздылық. Дімкəстік жəне шаршағыштық."
Педиатрия саладағы медециналық пункттар үшін.
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):
F 48 Өзге невроздық бұзылыстар.

Жіктемесі


Жіктемесі:
 
Формасы бойынша:
1) Тарихы;
2) Неврастения;
3) Түрлі жағдайлар неврозы;
4) 
Психастения.
 
Ағымы бойынша – реактивті жағдайлар (немесе невроз синдромы),  жіті невроз жəне невроздық даму.

Қауіп-қатерлі факторлар


Қауіп-қатерлі факторлар: тұлғаның байсалсыз типі, анамнездегі ПЭП, жиі салқын тию аурулары, созылмалы соматикалық аурулар, психоэмоционалды стресс, ақыл-естік жəне психикалық шаршағыштық.

Диагностикасы


Диагностика критерилері
ОНЖ, ЖҚЖ, АІЖ тарапынан органикалық бұзылыстар 
жоқ. Клиникалық көріністер терлегіштік, қызу сезімі, тахикардия, нашар тəбет, іштің кебуі, іш қатулар түріндегі вегетативтік бұзылыстармен ауысып отырады.
 
Шағымдар мен анамнез: Тітіркенгіштік, тез шаршағыштық, ызаланып айғайлау, жылағыштық, жайсыздық, жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуі, назардың шаршауы, шуды көтере алмау, есте сақтаудың төмендеуі, ұйқының бұзылуы, сыртқы тітіркендіргіштерге жіті сезімталдылық жəне осыған байланысты бастың ауыруы, жүректің ауыруы, арқадағы ауырсыну сезімі. Неврастенияның гиперстениялық типі кезінде жоғары қозушылық симптомдары, күні бойы көңіл-күйдің өзгеруімен тітіркенгіштік симптомдары басым болады.
Гипостениялық формасы кезінде жетекші белгілер болып əлсіздік, апатия, күні 
бойы төменгі көңіл-күй, күндізгі уақыттағы ұйқышылдық табылады.
Анамнезде шектен тыс жəне ұзақ уақыт шаршаулар, теріс эмоционалдық абыржулар, үнемі стресстер.
 
Физикалық тексеруде  патологиялар анықталмайды.
 
Лабораторлық зерттеулер: жоқ.
 
Инструменталдық зерттеулер: ЭЭГ – да диффузды өзгерістер, мидың диэнцефальді құрылымының дисфункция белгілері, РЭГ дөрекі емес қантамырлық бұзылыстарды көрсетеді, мүмкін ерекшеліксіз.
 
Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер:  невропатолог, ауыр жағдайларда психиатр, психотерапевт, қажет болса – кардиолог, гастроэнтеролог.
 
Негізгі жəне қосымша шаралар тізімі: ЭЭГ, РЭГ, психиатр немесе психолог консультациясы.

Дифференциалды диагноз


Дифференциалды диагноз

Диагноз Клиникалық симптомдар Анамнез
ОНЖ тарапынан ошақтық симптомдар
Емдеуден тиімділік
Неврастения
Тітіркенгіштік, тез шаршағыштық, ызаланып айғайлау, жылағыштық, жайсыздық, жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуі, назардың шаршауы, шуды көтере алмау, есте сақтаудың төмендеуі, ұйқының бұзылуы, сыртқы тітіркендіргіштерге жіті сезімталдылық жəне осыған байланысты бастың ауыруы, жүректің ауыруы, арқадағы ауырсыну сезімі.
Психикалық жарақаттану, нерв жүйесінің ұзақ уақыт қажуы.
Жоқ Оң
Соматогендік тəртіптегі астениялық синдром
Физикалық шаршағыштық, апатия, тітіркенгіштік, ұйқының бұзылуы, бас ауыруы жəне бастың айналуы.
Жуық арада өткен соматикалық жəне инфекциялық аурулар.
Жоқ Оң
Бас миының органикалық аурулары (үдемелі паралич, церебральді атероссклероз, энцефалиттер, ми ісігі)
Жоғарыда айтылғандармен қатар критиканың төмендеуі, есте сақтаудың объективті бұзылулары, бастағы шу, талмалар, АҚ тербелуі.
Бұған дейін ОНЖ органикалық зақымдануына  өзге белілердің болуы.
Жиі жағдайда болады
Тиімділік жоқ


Емдеу тактикасы


Емдеу тактикасы

Ем мақсаттары: невроздың клиникалық көріністерін басу.
 
Дəрі-дəрмексіз ем
Еңбек жəне демалыстың қатаң режимі, қосымша жүктемелерден 
босау. Мүмкіндігінше қолайсыз эмоционалдық абыржулар себебін жою. Тұрақты тамақтану, қатаң ұйқы режимі, 1-2 сағат бойы таза ауада болу. Ауруға себеп болатын ортадан шығу. Жеке немесе топтық психотерапия. 1-2 аптаға оқудан босау.
Физиотерапия: 
жылы тұзды-қылқанды ванналар, ұйықтар алдындағы ванналар, Шарко душы, веерлі душ.
 
Дəрі-дəрмектік ем:
 
1. Седативтік препараттар:
- Хлопротиксен (седативтік, антидепрессант, антипсихоттық) нейролептик. Шығарылу формасы: таблетка 15 мг N 30;
- Тофизопам – шығарылу формасы: таблетка 50 мг. дозасы: 1-2 таб. Күніне 2-3 рет, максималды доза 300 мг\тəу.;
- Бензодиазипиндік қатар транквилизаторлары, таблетка 5 мг., дозасы:   0,1-0,8 мг\кг\тəу.; 1-3 жастан: 1-1,5 мг тəулəгəне 2-3 рет;  3-7 жас: 1,5-2,5 тəулігіне 2-3 рет.; 1 жасқа дейінгі балаларда қолданылмайды.;
- Zolpidem, таблетка 10 мг N 15 немесе 20, 15 жастан жоғары балаларда қолданылады, ұйықтар алдында 1 таблетка. 4 аптадан аса қолдану ұсынылмайды.
 
2. Шөптік жиынтықтар:
- Валериана, мелисса жəне мятаның теңгермелі комбинациясы, таблеткада. Дозасы: 3 жасқа дейінгі балаларға ½ таб. күніне 2 рет, 3 жастан кейінгі балаларға күніне 1таб. 2 рет, 6 дан 12 жасқа дейін күніне 1-2 таб. 3 рет.;
- Зверобой экстракты, нашар көңіл-күй, ұйқысыздық кезінде тиімді, жұмысқа қабілеттілікті арттырады, таблетка. 6 жастан бастап күніне 1-2 таблеткадан 3 рет.;
- Таблеткадағы валериана жəне хмель экстракттарының комбинациясы (босаңсытады, тыныштандырады, ұйқыны қалыпқа келтіреді). 6 жастан бастап, ұйқыға дейін 1 сағат бұрын 1-2 таблеткадан қабылдайды.
 
3. Витаминотерапия: В тобының витаминдері.
 
4. Антидепрессанттар:
- Сертралин гидрохлориді, таблетка 50 мг N 28. Ішке, тамақпен бірге 50 мг тəулігіне бір реттен қабылдайды. Максималды доза 200 мг\тəу. Қабылдау ұзақтығы 2-4 апта;
- Флувоксамин малеат, таблетка 50 мг. Дозасы: 8 жасқа дейінгі балалар үшін – бір қабылдауға 25 мг\тəу, бастапқы доза; тиімді жəне қолдаушы доза 50-200 мг\тəу, 100 мг артық доза 2-3 қабылдауға бөлінеді, максималды доза 200 мг\тəу.;
- Флуоксетин гидрохлориді, таблетка 20 мг N 20. Бастапқы доза –20 мг 3-4 апта бойы 1 рет. Содан соң дозаны 20 мг х 2 ретке дейін арттырады (соққылы доза). Максималды доза - 80 мг/тəулігіне. Булемиялық невроз кезінде – тəуліктік доза 60 мг.
 
5. Қантамырлық препараттар:
- Винпоцетин, таблетка 5 мг. 1 таблеткадан күніне 3 реттен қабылданады;
- Винкамин, капсула 30 мг № 10, балалар үшін сироп 120 мл, 5 мг/мл, ампула 15 мг/ 2 мл. Дозасы: 1\2 ш.қ. сироп күніне 3 рет, 1мл б\і немесе в\і жайлап, күніне 2 рет;
- Көпкомпонентті нейрометаболиттік препарат. 1 таблетка құрамында этамиваннің 50 мг, гексобендиннің 20 мг, этофилиннің 60 мг бар. 1 ампулада этамиваннің 50 мг, гексобендиннің 10 мг, этофилиннің 100 мг бар. Дозасы: 0,1 мл\кг б/і немесе в/і 7-10 күн бойы, содан соң ішке 1-2 таблеткадан күніне 3 рет. Курс 4- 6 апта.
 
6. Ноотроптық препараттар:
- Пиритинол, драже 100 мг N 50, флакондағы суспензия 200 мл.(5 мл/ 100 мг пиритинол гидрохлорид). Дозасы: 1- 7 жас - 1 ш.қ. немесе 1 таб. күніне 1-3 рет, 8-12 апта бойы, 7 жастан жоғары – 1-2 ш.қ. немесе 1-2 таб. күніне 2-3 рет, 8-12 аптадан кем емес.;
- Пирацетам, таблетка 200 мг, 400 мг, 800 мг, 1г, 3г, 1200 мг № 30, ішуге арналған 20% 125мл. Балалар үшін тəуліктік доза: 0,03-0,16 г\кг, ұзақ уақыт қабылдайды, 6 айға дейін. 8-13 жастағы балаларға – 3,3 г/тəулігіне.
 
Негізгі жəне қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:
1. Сертралин гидрохлорид 50 мг, табл.
2. Пиритинол 100 мг, драже.
3. Пирацетам 200 мг, 400 мг, 800 мг, 1г, 3г, 1200 мг, табл.
4. Золпидем 10 мг, табл.
5. Зопиклон.
6. Хлорпротиксен 15 мг, табл.
7. Тофизопам 50 мг, табл.
8. Флуоксетин 20 мг, табл.
9. Флувоксамин 50 мг, табл.
10. Винпоцетин 5 мг, табл.
11. Винкамин 30 мг, капс.
12. Көпкомпонентті нейрометаболиттік препараты.
13. Карбамазепин.
14. Диазепам.
15. Седативтік шөптік жиынтықтар.
 
Ем тиімділігінің индикаторлары: көңіл-күйдің жақсаруы, бас ауыруының басылуы, ұйқынын қалыпқа келуі, жұмысқа қабілеттіліктің артуы.

Ауруханаға жатқызу


Госпитализациялауға көрсетімдер
Көптеген невроздарды əрі қарай санаторлы-курорттық жағдайда реабилитациялап амбулаторлы емдеуге болады. Шұғыл госпитализациялауға көрсетімдер болып истерияның ауыр клиникалық көріністері табылады, жоспарлы госпитализация – амбулаторлық емнің тиімсіздігі кезінде.

Алдын алуы


Біріншілік профилактика:  жүктемелерді теңестіру, таза ауада жүру, стресстік жағдайларды болдырмау.

Профилактикалық шаралар:
Дəрі-дəрмектік витаминотерапияның профилактикалық курсы, ұйқы жəне демалыс режимі, клиникалық көріністерсіз провокациялық жағдайларда седативтік шөптер. Күйзелістік жағдайлардығ зорығуды, шаршауды қайта болдырмау.
 
Әрі қарай жүргізу, диспансерлеу принциптері: 12 ай бойы диспансерлеу, əр 3 ай сайын невропатологқа тексерілу.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: Г.Е. Сухарева.// Лекции по психиатрии детского возраста. Медицина. 1974.; Вейн А.М. // Вегетативные расстройства, 1998.; Справочник невропатолога и психиатра / Верещагин Н.В.., Брагина Л.К. и др: под ред. Е.В. Шмидта. Медицина, 1989.

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі:
Кенжегұлова Р.Б.,  неврологиялық топтың к.ғ.қ., Педиатрия жəне балалар хирургиясы ҒО.
Чекмезова О.Б.,     м.ғ.к., НЦ ИВБДВ қызметкері.
Умарова Р.А.,         бірінші санаттағы дəрігер, НЦ ИВБДВ қызметкері.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх