Войти

Неонатальді сарғаю

H-P-032

РЦРЗ (Республиканский центр развития здравоохранения МЗ РК)
Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Неонатальная желтуха неуточненная (P59.9)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы 

Неонатальді сарғыштану - қан сарысуындағы жалпы билирубин деңгейінің артуы (ЖБА) салдарынан, тері жабындылары мен сілемейлеріндегі көрінетін сарғыштанулардың пайда болуы.
 
Хаттама коды: H-P-032 "Неонатальді сарғаю"
Педиатрия саладағы стационарлар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):
Р58 Аса көлемді гемолиздер туындатқан неонатальді сарғыштану
Р58.0 Ұанталаулар туындатұан неонатальді сарғыштану
Р58.3 Полицитемия туындатқан неонатальді сарғыштану
Р59 Басқа анықталмаған себептер туындатқан неонатальді сарғыштану
Р59.0 Уақытынан бұрын босанулар тындатқан неонатальді сарғыштану
- Жетілмей туылған нəрестелердің гипербилирубинемиясы
- Билирубиннің баяу конъюгациясы салдарынан болған неонатальді сарғыштану.
Р59.2 Бауыр клеткаларының басқа жəне анықталмаған зақымданулары салдарынан болған неонатальді сарғыштану
Р59.3 Лактацияны ингибирлейтін заттар туындатқан неонатальді сарғыштану
Р59.8 Басқа анықталмаған себептер туындатқан неонатальді сарғыштану
Р59.9 Анықталмаған неонатальді сарғыштану
- Физиологиялық сарғыштану (айқын)
Мобильное приложение "MedElement"

- Профессиональные медицинские справочники. Стандарты лечения 

- Коммуникация с пациентами: вопросы, отзывы, запись на прием

Скачать приложение для ANDROID / для iOS

Мобильное приложение "MedElement"

- Профессиональные медицинские справочники

- Коммуникация с пациентами: вопросы, отзывы, запись на прием

Скачать приложение для ANDROID / для iOS

Жіктемесі

 
Жіктемесі

Жаңа туылған нəрестелердің физиологиялық сарғыштану
Жиі кездесетін жағдай, көптеген нəрестелер үшін, құрсақ ішінен тыс өмірде қалыпты процесс болып табылады, сарғыштану қан сарысуындағы билирубин деңгейінің 80 мкмоль/л астам немесе тең жағдайында көрініс табады.

Нəрестенің патологиялық сарғыштануы:
- алғашқы 24 сағатта жəне туылғаннан кейін 7-ші күннен соң сарғыштану пайда болады;
- қан сарысуындағы жалпы билирубин темпінің өсуі (ЖБА) 3,5 мкмоль/л/сағ. немесе 85 мкмоль/л тəулігінен астам;
- тура билирубин деңгейі 34 мкмоль/л астам немесе ЖБА деңгейінен 20% тең;
- нәресте ахуалының бұзылуы;
- бауыр жəне көкбауыр көлемінің ұлғаюы;
- түссіз стул немесе қошқыл зəр;
- сарыштану мерзімінде туылғандарда 14 күн бойы жəне мерзімінен бұрын туылғандарда 21 күн бойы, созылмалы сарғыштану сақталады.

Неонатальді сарғыштанудың мүмкін асқынулары:
- билирубинді энцефалопатия - орталық нерв жүйесінің жіті зақымдануы;
- ядерлі сарғыштану - орталық нерв жүйесінің қайтымсыз зақымдануы.

Диагностика


Диагностика критерийлері

Шағымдар мен анамнез:
- ана мен баланың қан топтары жəне резусі;
- жүктілік немесе босану кезіндегі инфекциялар;
- тұқымқуалаушылық аурулар (дефицит Г – Б – ФГД, гипотиреоидизм жəне басқа сирек кездесетін аурулар);
- алдыңғы баласында сарғыштанудың болуы;
- туылу кезіндегі баланың дене салмағы жəне гестация мерзімі;
- баланы тамақтандыру (жеткіліксіз тамақтандыру жəне/немесе құсу);
- балаға неонатальді реанимация жүргізілді ме.

Физикалық тексеру:
1. Тері жабындыларының түсін бағалау:
- жарықта толық жалаңаш нəрестені тексеру (мейлінше күндізгі жарықта), тексеру кезінде жылулық қорғау жүргізу;
- тері учаскесін тері май клетчакасы деңгейіне дейін, əрбір басып көргеннен кейін тексеру;
- Крамер шкаласы бойынша сарғыштану орналасуын анықтау:


- жалпы жағдайды бағалау, нəресте белсенділігін бағалауды қоса (рефлекстер);
- емшекпен тамақтандыру барабарлығын бағалау;
- зəр жəне стул мінезін бағалау (жиілігі мен түсін);
- бауыр жəне көкбауыр көлемін бағалау;
- гематомалар жəне кефалогематомалар болуын тексеру.

Емдеу тактикасы

 
Емдеу тактикасы:

1. Антенатальді жəне ерте босанудан кейінгі кезеңдер:
- босануға дейінгі кезеңде барлық жүкті əйелдерге қан тобы мен резусын анықтау нұсқалады;
- қанның теріс резусымен анадан туылған нəрестелердің кіндік қанынан тобы мен резусын анықтау, Кумбс сынамасы;
- О(1) резус оң қан тобы бар анадан туылған нəрестелердің кіндік қанынан тобы мен резусын анықтау, Кумбс сынамасы.

2. Постнатальді кезең:
- алғашқы бірнеше күн ішінде кем дегенде əр 8-12 сағатта нəрестені тексеру;
- дені сау нəрестелерді күту прнциптері бойынша негізгі принциптерді қамсыздандыру: барабар емшекпен тамақтандыру (кем дегенде тəулігіне 8 рет); емшекпен тамақтандыруға қоса су немесе глюкоза ұсынылмайды;
- жылулық қорғауды қамсыздандыру.

Физиологиялық сарғыштану:
1. 2 тəуліктен ерте көрінбейді, Крамер шкаласы бойынша 1-3 зонадан артық таралмайды.
2. Нəресте белсенді, жақсы сору рефлексі жəне қалыпты температурасы бар.
3. Бауыр жəне көкбауыр ұлғаймаған.
4. Зəр ашық түсті, стул боялған.

Қажетті əрекеттер:
1. Крамер шкаласы бойынша болжамды билирубин деңгейін анықтау жəне/немесе билирубин концентрациясына тест жүргізу (БКТ).
2. Барабар тамақтандыруды қамсыздандыру.
3. Нəрестенің күнделікті мониторингін қамсыздандыру.
4. Ананы нəрестеге қарау жəне күтуге үйрету.
5. Нəрестені үйге шығаруға болады.

Емшек сүтімен байланысты сарғыштану:
1. Тек емшекпен тамақтанатын (ТЕТ) 3-5% нəрестелерде анықталады.
2. Кез келген аурудың клиникалық көрінісі болмаған кезде, дені сау нəрестелерде анықталады.
3. Билирубин жоғарылауының 2 шыны болуы мүмкін: 4-5 арасында, жəне 14-15 өмір күндері арасында.
4. Сарғышты бояу нəрестенің 12 апта өміріне дейін сақталуы мүмкін.
5. Мұндай сарғыштануы бар балалар дəрі дəрмектік терапияға жəне емшекпен тамақтандыруды тоқтатуға зəру емес.

Патологиялық сарғыштану:
1. Сарғыштану туылғаннан кейін алғашқы 24 сағатта немесе алақан жəне табанда анықталады.
2. Сарғыштану өмірдің алғашқы 7 күнінен кейін пайда болады.
3. Сарыштану мерзімінде туылғандарда 14 күн бойы жəне мерзімінен бұрын туылғандарда 21 күн бойы анық азаю тенденциясынсыз сақталады.
4. Нəрестенің жағдайы қанағаттанарлы немесе бұзылған болуы мүмкін.
5. Бауыр жəне көкбауыр ұлғаюы мүмкін.
6. Зəр жəне нəжіс түсінің өзгеруі мүмкін.

Қажетті шаралар:
1. Фототерапияны тез арада бастау.
2. Сарысудағы жалпы билирубинді жəне олардың фракцияларын анықтау (ЖБА).
3. Гематокрит, гемоглобин деңгейін, эритроциттер жəне ретикулоциттер санын анықтау.
4. Нəресте дене салмағын бақылауды жүргізу.
5. Емшекпен тамақтандыру барабарлығын бағалау.
6. Басқа ауруларға деректер болған кезде - тиісті ауруларға сəйкес қосымша араласулар.

Неонатальді сарғыштану терапиясы:
1. Фототерапия.
2. Ауыстырмалы қан құю.

Мерзімінде туылған нəрестелерге фототерапия көрсетімдері:
1. Қашан?
- ЖБА > 170 мкмоль/л алғашқы 24 сағатта;
- ЖБА > 260 мкмоль/л 25-48 сағат аралығында;
- ЖБА > 300 мкмоль/л > 48 сағат.

Мерзімінен бұрын туылған нəрестелерге фототерапия жүргізу көрсетімдері:
1. Қашан?
- ЖБА 100 мкмоль/л балаларда алғашқы 24 сағатта < 1000 г;
- ЖБА >100 мкмоль/л балаларда алғашқы 24 сағатта < 1500 г;
- ЖБА 125 мкмоль/л балаларда 25-48 сағат аралығында < 1000 г;
- ЖБА >125 мкмоль/л балаларда 25-48 сағат аралығында < 1500 г;
- ЖБА 140 мкмоль/л балаларда 48 сағаттан астам < 1000 г;
- ЖБА 180 мкмоль/л балаларда 48 сағаттан астам < 1500 г;
- ЖБА 150 мкмоль/л балаларда 72 сағат жəне онан астам < 1000 г;
- ЖБА 200 мкмоль/л балаларда 72 сағат жəне онан астам < 1500;
2. Қалай ұзақ?
- 24 сағаттан кем емес.
3. Билирубин деңгейін қалай жиі өлшеу қажет?
- əрбір 24 сағатта.
4. Қашан тоқтату қажет?
- билирубин деңгейі қатер деңгейінен төмен болған кезде.

Фототерапияны жүргізу:
- нəресте толық жалаңаш болуы қажет;
- көзі жарық түспейтін пердемен жабылуы қажет;
- лампаны өндіруші нұсқамасына сəйкес орнату қажет;
- фототерапияны үздіксіз амалмен жүргізу қажет (тамақтандыру үзілісінен басқа).

Фототерапия кезіндегі мониторинг:
1. Баланың дене температурасын əрбір 3 сағат сайын бақылау.
2. Баланы тəулігіне кем дегенде тəулігіне 1 рет өлшеу.
3. Əр тамақтандырған соң, баланы денесінің қалыпын өзгерту.
4. Емшекпен тамақтандыруды, түнгі үзіліссіз тəулігіне 8 реттен кем жалғастыру.
5. Динамикада лабораторлық зерттеулер.

Фототерапияны тоқтату
1. Мерзімінде туылған нəрестелердің фототерапиясы:
- қан сарысуындағы жалпы билирубиннің бастапқы деңгейімен салыстырғанда төмен нəтиже алынған жағдайда тоқтатылады.
2. Мерзімінен ерте туылған нəрестелердің фототерапиясы:
- ол басталған кездегі билирубин деңгейінен төмен болған жағдайды ұстап тұру кезінде тоқтатылады жəне қауіп қатерлі факторлардың болу болмауы.
3. Егер нəрестеде ашық стул немесе қошқыл зəр болса, фототерапия көрсетілмеген

3-ші деңгейдегі стационарға ауыстыру немесе қайта госпитализациялау критерилері:
- алмастырулық трансфузия жүргізу;
- сарғыштануы бар нəресте клиникалық жағдайының нашарлауы;
- тура билирубин жағдайының деңгейі 34 мкмоль/л жоғары (ЖБА деңгейінен 20% жоғары);
- бауыр жəне/немесе көк бауырдың ұлғаюы;
- қошқыл зəр жəне/немесе түссіз стул;
- алақан жəне табандағы сарғыштанудың таралуы.

Ауыстырмалы қан құю (АҚҚ) үшін көрсетімдер:
1, Фототерапия тиімсіздігі кезінде.
2. Билирубин деңгейіне тəуелсіз жіті билирубиндік энцефалопатии даму жағдайында.
3. Қан сарысуындағы жалпы билирубиннің критикалық цифрға дейінгі өсуі (мерзімі жеткен нəрестелерде - 510 мкмоль/л, мерзімі жетпеген нəрестелерде - 350 мкмоль/л). 
АҚҚ жүргізу қажеттілігін анықтайтын билирубин деңгейі:
- дене салмағы (г);
- қауіп қатерлі факторлармен;
- қауіп қатерлі факторларсыз;
- 1000 аз;
- 1000-1249;
- 1250-1499;
- 1500-1999;
- 2000-2499;
- 2500 және одан астам;
- 205;
- 222;
- 222;
- 255;
- 290;
- 305;
- 205;
- 222;
- 255;
- 290;
- 305;
- 342-425-510.
 
Ауыстырмалы қан құюға талаптар:
1. Медициналық жəрдем көрсету үшін, нəрестені 3 деңгейдегі стационарға жолдау критерийлері (ОАА босану бөлімшесінен перинаталдық орталыққа).
2. Процедураны тек қана оқытылған персонал жүргізуі қажет.
3. Процедураны тек қана операция бөлмесінде асептика жəне антисептика ережелерін сақтап жүргізу қажет.
4. Емшекпен тамақтандыруды жəне фототерапияны жалғастыру.

Ем тиімділігінің индикаторлары:
1. Нəрестенің қанағаттанарлық клиникалық жағдайы.
2. Сарғыштанудың Крамер шкаласының 1-3 зонасы бойынша орналасуы.
3. Емшекпен тамақтандыру.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. 1. Основы ухода за новорожденными и грудное вскармливание. Учебный семинар. Европейское региональное бюро ВОЗ, 2002 г, 173 с. 2. Оказание стационарной помощи детям. Руководство по ведению наиболее распространенных заболеваний в условиях ограниченных ресурсов. Карманный справочник. ВОЗ, Европа, 2006 г, 378 с. 3. Уход во время беременности, родов, послеродовом периоде и уход за новорожденными. Руководство для эффективной практики. Отдел репродуктивного здоровья и исследований, ВОЗ, Женева, 2005 г.

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі: Чувакова Т.К.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх