Войти

Ми қанайналымы бұзылыстарының профилактикасы (МҚБП)

P-T-012

РЦРЗ (Республиканский центр развития здравоохранения МЗ РК)
Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Другие транзиторные церебральные ишемические атаки и связанные с ними синдромы (G45.8)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы

Профилактика – бұл денсаулықты ұстап тұру жəне нығайтуға жəне ми қанайналымының бұзылыстарының алдын алуға бағытталған шаралар кешені. 
Профилактикалық шараларды жүзеге асырудың ең əрекетті əдістерінің бірі болып диспансерлеу табылады.

 
Хаттама коды: P-T-012 "Ми қанайналымы бұзылыстарының профилактикасы (МҚБП)"
Терапевтикалық саладағы поликлиникалар үшін
АХЖ-10 бойынша:
G45 Ауыспалы транзиторлы церебральді ишемиялық ұстамалар (шабуылдар) жəне туыс синдромдар
G46 Цереброваскулярлық ауру кезіндегі ми қантамырлық синдромы.
I60 - I67 Цереброваскулярлық аурулар
Мобильное приложение "MedElement"

- Профессиональные медицинские справочники. Стандарты лечения 

- Коммуникация с пациентами: онлайн-консультация, отзывы, запись на прием

Скачать приложение для ANDROID / для iOS

Мобильное приложение "MedElement"

- Профессиональные медицинские справочники

- Коммуникация с пациентами: онлайн-консультация, отзывы, запись на прием

Скачать приложение для ANDROID / для iOS

Жіктемесі


Жіктемесі

Ми қанайналымының бұзылыстары жіті жəне созылмалы болып екіге 
бөлінеді:
1. Жіті формасына ми қанайналымының ауыспалы бұзылулары мен инсульт жатады.
2. Созылмалы формасына – мидың қанмен қамсыздандырылу жеткіліксіздігінің алғашқы көріністері жəне дисциркуляторлы энцефалопатия (гипертониялық, атеросклероздық жəне аралас).

Қауіп-қатерлі факторлар


Қауіп-қатерлі факторлар:
- артериалды гипертония;
- темекі тарту;
- жүрек патологиясы;
- бас магистральді артерияларының патологиясы;
- липидтік алмасулардың бұзылуы;
- қантты диабет;
- гемостаздық бұзылулар;
- алкоголь;
- оралдық контрацептивтер;
- гиподинамия;
- артық дене салмағы;
- эмоционалды стресс;
- некорригирлі факторлар: жынысы, жасы, этносқа жату жəне тұқымқуалаушылық.
 
Популяцияда көптеген адамдарды бір уақытта бірнеше қауіп қатер факторлары болуы мүмкін, олардын əрқайсысы аздап айқын болуы мүмкін. Мысалы, тексерілгендерде "жұмсақ " АГ, миокардың аздаған гипертрофиясы, жеңіл қантты диабет.
 
1. Артериалды гипертония. Геморрагиялық, сонымен қатар ишемиялық инсульт дамуының мағызды қауіп қатерлі факторлары. 160/95 мм с.б. жоғары АҚ науқастарда инсульт қатері, қалыпты қысымды науқастармен салыстырғанда шамамен 4 есе жоғары, ал АҚ 200/115 мм с.б. жоғары болса - 10 есе.
 
2. Жүрек патологиясы. Жүректің түрлі аурулары инсульттің даму қауіпін арттырады. Инсульттің аса маңызды предикторы болып жүрек алдының фибрилляциясы табылады (жыпылықтағыш аритмия). 65 жастан жоғары тұлғаларда оның таралу жиілігі 5-6% бағаланады. Бұл патология кезінде инсульт қаупі 3-4 есеге өседі. Инсульттің даму қаупі ЖИА болған кезде артады (2 есеге), ЭКГ деректері бойынша миокардтың сол қарыншасының гипертрофиясы кезінде (3 есеге), жүрек функциясының жеткіліксіздігі кезінде (3-4 есеге).
 
3. Транзиторлық ишемиялық шабуылдар (ТИШ). Инсульттің, сонымен қатар миокард инфарктының айтарлықтай предикторы болып табылады. ТИШ науқастарда инсульт дамуының қаупі жылына шамамен 4-5% құрайды.
 
4. Қантты диабет. Бұл аурулармен науқстарда липидтік алмасу бұзылыстары, артериалды гипертония жəне атеросклероздың түрлі көріністері бар. Мұнымен қоса гипогликемиялық препараттарды, қантты диабеті бар науқастар қабылдағанда, оларда инсульт қаупінің төмендеу деректері алынбаған.

5. Темекі тарту. Инсульттің даму қаупін екі есе арттырады. Ұйқы жəне коронарлық артериялар атеросклерозының дамуын жеделдетеді. Темекі тартуды қою, 2-4 жылдан кейін инсульт қаупін төмендетуге алып келеді.
 
6. Алкоголь. Алкогольді жиі пайдалану миға қанқұйылудың даму қаупін арттырады.

7. Артық дене салмағы, липидтік алмасулар бқзылулары. Ұйқы жəне коронарлық артериялар атеросклерозы дамуының қауіп қатерлі факторлары.

8. Оралдық контрацептивтер. Құрамында 50 мг эстроген бар препараттарды пайдалану кезінде ишемиялық инсульттің қаупі шынайы артады. Əсіресе оларды қабылдаудың темекі тартумен жəне АҚ көтерілуімен қосарлануы қолайсыз.

9. Ұйқы артериясының симптомсыз стенозы. Инсульттің даму қаупі жылына 2% шамасында. Ол қантамыр стенозы кезінде 70% айтарлықтай жоғарылайды жəне ТИШ болған кезде ТИА (жылына 13%). Ұйқы артериясының окклюзиялы зақымдануы, мұнымен қоса жүйелік, коронарлық атеросклероз маркері ретінде. Мұндай науқастар жиірек инсульттан емес, ЖИА қайтыс болады.

Диагностика


Диагностика критерилері
 
Шағымдар мен анамнез: алкогольді жиі пайдалануды, темекі тартуды, оралды контрацептивтерді қабылдауды анықтау.
 
Физикалық тексеру: екі қолдағы АҚ өлшеу.
 
Инструменталдық зерттеулер: сол қарынша гипертрофиясы мен ырғақтың бұзылуын анықтау үшін ЭКГ түсіру, экстракраниальді артериялардың аускультациясы.
 
Негізгі жəне қосымша диагностикалық шаралар тізімі
 
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Ұйқы, омыртқалық жəне миішілік артериялырды ультрадыбыстық зерттеу (УДДГ, дуплекстік сканирлеу, транскраниальді допплерография), ал тиісті көрсетімдер болған кезде МРТ-ангиография.
2. Жүрек қызметін терең зерттеу, ЭКГ қоса, ЭКГ холтерлік мониторингін жүргізу, велоэргометрия, эхокардиография, АҚ 24-сағаттық мониторингі.
3. Невролог консультациясы.
4. Офтальмолог консультациясы.
 
Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
1. Қанның реологиялық қасиеті мен гемостаз жүйесін зерттеу – тромбоциттер мен эритроциттер агрегациясы, қан тұтқырлығы, сонымен қатар коагулограмма.
2. Кардиолог, ангиохирург консультациясы.
3. Бас миының компьютерлік томографиясы, МРТ, себебі "кіші" инсульт, сонымен қатар ми қанайналымының ауыспалы өзгерістері бас миы затының құрылымдық өзгерістерімен бірге жүреді (мидың лакунарлық инфаркты).

Емдеу тактикасы


Ем кезеңінің мақсаты: барлық профилактикалық жұмыстар нақты адамдарда, сонымен қатар жалпы популяцияда қауіп қатерлі факторларды бақылауға, оларды түзетуге бағытталған. Диспансерлік бақылау. МҚПБ қайталануының болмауы жəне жұмысқа қабілеттілікті сақтау. Уақытша жұмысқа қабілеттілікті төмендету.

Емдеу тактикасы: артериалды гипертониямен науқастарды белсенді анықтау жəне барабар емдеу.

Дəрі-дəрмексіз: жоқ.
 
Дəрі-дəрмектік ем: ЖИА, сонымен қатар ұйқы артериясының атеросклероздық зақымдалуымен науқастарда, липидтік алмасу бұзылуларын дəрі дəрмектік түзету.
Антигипертензивті заттар ретінде келесі класстағы препараттарды қолданады: инсульт немесе ауыспалы ми қанайналымының бұзылыстарымен ауырған науқастарда АПФ ингибиторларының тиімділігі дəлелденген, мысалы, эналаприл 10-20 мг/тəулігіне дейін; сонымен қатар селективті бисопрололдың β-бөгегіштері – 2,5 ден 10 мг/тəулігіне дейін, атенолол 50-100 мг дейін, индапамида 2,5 ден 10 мг/тəулігіне дейін.

Көрсетімдер бойынша статиндер тағайындайды, мысалы, симвастатин, ловастатин 20 мг/тəулігіне дейін. Қазіргі уақытта жүрек патологиясымен науқастарға жанама əсердегі варфарин антикоагулянттарын (жыпылықтауыш аритмия кезінде, жүрек алды фибриляцисында) тағайындау белгіленген, кардиоэмболиялық инсульт дамуы қаупін 60-70% айтарлықтай азайтады.

Ұйқы артериясының патологиясы кезінде ТИШ жəне «кіші 
инсульт» науқастарында инсульт алдын алуының жалпықабылданаған екі бағыты бар. Тромбоцитарлық антиагреганттар (ацетилсалицил қышқылы 75 тен 100 мг дейін; клопидогрель 75 мг) пайдалану. Ұйқы артериясының атеросклероздық стенозын жою мақсатында ангиохирургиялық операциялар жүргізу (каротидтік эндартерэктомия). Қарсы көрсетімдер болған кезде экстра-интракраниалдық шунттау жүргізіледі.

Негізгі жəне қосымша дəрі-дəрмектер тізімі
 
Негізгі дəрі дəрмектер тізімі:
1. *Эналаприл 10 мг, табл.
2. *Индапамид 2,5 мг, табл.
3. *Атенолол 50 мг, табл.
4.  Бисопролол 5, 10 мг, табл.
5. *Ацетилсалицил қышқылы 100 мг, табл.
 
Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:
1.  Симвастатин 20 мг, табл.
2. *Ловастатин 10 мг, 20 мг, 40 мг, табл.
3. *Варфарин 2,5 мг, табл.
4.  Клопидогрель 75 мг, табл.

Госпитализация


Госпитализацуиялау үшін көрсетімдер:
1. Диагнозды анықтау үшін тексерулер.
2. Артериалды гипертензияның кризді ағымы.
3. ПНМК, ОНМК сериясы.

Профилактика


Біріншілік профилактика: барлық профилактикалық жұмыстар нақты адамдарға, сонымен қатар жалпы популяцияда қауіп-қатерлі факторларды бақылауға, оларды түзетуге бағытталған.

Профилактикалық шаралар:
1. Жүрек ырғағының бұзылуымен науқастарда кардиоэмболиялық инсульттің алдын алу.
2. Транзиторлы ишемиялық шабуылдармен немесе «кіші» инсультпен науқастарда, олардың патогенезін білу негізінде, қайталанбалы ми қанайналымының жіті бұзылуын алдын алу, хирургиялық əдістерді қоса (эндартериоэктомия).

Әрі қарай жүргізу, дипансерлеу принциптері
Гипертензиямен науқастар үшін өмір салтын өзгерту:
1. Жеңіл гипертензиямен тұлғаларға аптасына 3-4 рет 50-60 мин ұзақтықта аздаған физикалық жаттығулар ұсынылады, жаяу жəне велосипедпен жүру, жүзуді қоса.
2. Алкогольді пайдалану дені сау адамдар үшін күніне 2 дозадан аспауы қажет жəне аптасына 14 стандарттық доза ерлер үшін, 9 əйелдер үшін (бір доза 15 мл таза этанолдан тұрады).
3. 25 жоғары дене салмағы индексімен емделушілерге, əсіресе гипертониктерге, салмақты азайту ұсынылады.
4. 44 жастан жоғары гипертониктерге тұзды пайдалануды күніне 90-130 ммол/л шектеу қажет.
5. Қан қысымын төмендету үшін, төмен құрамдағы маймен, жеміс жəне жидектермен диета.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1. Клинические рекомендации. Фармакологический справочник. ГЭОТАР_МЕД, М., 2004. 2. Effect of Perindopril on Cerebral Vasomotor Reactivity in Patients With Lacunar Infarction. Matthew Walters, Scott Muir, Imtiaz Shah, Kennedy Lees. Stroke. 2004;35:1899 3. The 2003 Canadian Recommendations for the Management of Hypertension: Therapy.

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі:
Каменова С.У. – АМДБЖИ неврология кафедрасының меңгерушісі
Кужибаева К.К. – АМДБЖИ неврология кафедрасының доценті

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх