Войти

Ми инфарктының зардаптары

H-Т-038

РЦРЗ (Республиканский центр развития здравоохранения МЗ РК)
Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Последствия инфаркта мозга (I69.3)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы

«Зардап»
түсінігі жіті цереброваскулярлық аурудан кейін бір жыл 
немесе одан көп уақыт сақталатын симптомдар мен жағдайлардың («қалдықты құбылыстар») болуын анықтайды.
 
«Ми инфаркты» термині, ишемиялық ошақ орны мен көлемін анықтауға жəне оның табиғатын болжауға жол беретін нейровизуализция əдісін кең қолданумен кең таралады. Бірақ өзінің мəні бойынша «ми инфаркты» термині «ишемиялық инсульт» термініне барабар.
Ишемиялық инсульт – ми инфарктының клиникалық айқындығы, ал ми 
инфаркты – ишемиялық инсульттің морфологиялық субстраты.
 
Ишемиялық инсультті есептеу кезінде қос кодтау принципі қолданылады. Ишемиялық инсульт мінезін анықтайтын негізгі код (I63), қосымша кодпен G46 бөлімінде көрсетілген клиникалық синдром белгіленеді – (Цереброваскулярлық аурулар кезіндегі қантамырлық милық синдром). Аталған бөлім, ми артериясының васкуляризация зонасына тиісті учаскедегі ми қанайналымының бұзылысы жағдайында, бас миының ошақты зақымдалу симптомын қосымша кодтау үшін пайдаланылады. Ишемиялық инсульт диагнозын қою кезінде мүмкіндігінше оның подтипін көрсету қажет, себебі бұл емделушіні əрі қарай қарау тактикасын анықтайды.

 
Хаттама коды: H-Т-038 "Ми инфарктының зардаптары"
Терапевтикалық саладағы стационарлар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары): I69.3 Ми инфарктының зардаптары
Мобильное приложение "MedElement"

- Профессиональные медицинские справочники. Стандарты лечения 

- Коммуникация с пациентами: вопросы, отзывы, запись на прием

Скачать приложение для ANDROID 

Мобильное приложение "MedElement"

- Профессиональные медицинские справочники

- Коммуникация с пациентами: вопросы, отзывы, запись на прием

Скачать приложение для ANDROID 

Жіктемесі


Жіктемесі
 
Қазіргі уақытта ишемиялық инсульттің бірнеше негізгі подтиптерін ажыратады:
- атеротромбоздық;
- эмболиялық (кардиоэмболиялық);
- гемодинамиялық;
- лакунарлық инфаркт;
- микроокклюзия типі бойынша ишемиялық инсульт.
 
Инсульттан кейін функциялардың толық қалпына келуі сирек, бірақ емді қанша тез бастаса, болжам сол ғұрлым жақсы. Функциялардың аса белсенді қалпына келуі алғашқы 6 айда жүреді.
 
Қалпына келтіру емнің келесі кезеңдерін ажыратады:
- ерте қалпына келу кезеңі (3 айға дейін);
- кеш қалпына келу кезеңі (1 жылға дейін);
қозғалу функциясының қалдықты бұзылу компенсациясы (жылдан астам).

Диагностика


Диагностикалық критерилер:
- жалпымилық симптоматика; 
- бассүейк-милық нервтің 
иннервациясы тарапынан бұзылыстар;
- қозғалыстық жəне сезімталдық бұзылыстары;
- статика мен қозғалыс үйлесімі бұзылулары;
- когнитивті жəне мнестикалық бұзылыстар;
- сөйлеудің жəне басқа жоғары қыртыстық функциялардың бұзылуы.
 
Шағымдар жəне анамнез:
- бас ауыру;
- бас айналу; 
- бастағы шу;
- ұйқының бұзылуы;
- бұлшықет тонысының ауыспалы жоғалуы;
- қозғалыстық жəне сезімталдық бұзылыстары;
- мнестикалық бұзылыстар, когнитивті бұзылыстар; 
- сөйлеудің жəне басқа жоғары 
қыртыстық функциялардың бұзылуы;
- түрлі парестезиялар;
- артропатиялар;
- анамнезде 
ишемиялық инсульт (атеротромбоздық, кардиоэмболиялық, гемодинамикалық, лакунарлық инфаркт немесе микроокклюзия типі бойынша ишемиялық инсульт).
 
Физикальное обследование:
- жалпымилық симптоматика; 
- бассүейк-милық нервтің 
иннервациясы тарапынан бұзылыстар;
- қозғалыстық жəне сезімталдық бұзылыстары;
- когнитивті жəне мнестикалық бұзылыстар;
- жоғары қыртыстық функциялардың бұзылуы;
- оның ішінде сөйлеу бұзылыстары.
 
Инструменталдық зерттеу:
- ультрадыбыстық допплерография;
- КТ жəне/немесе МРТ – ангиография;
- электроэнцефалография (құрыспалық жағдайда);
- электрокардиография;
- эхокардиография.
 
Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер:
- аритмия - кардиолог;
- аортальді стеноз – кардиолог, ангиохирург;
- эпилепсиялық талмалар - нейрохирург;
- түсініксіз диагноз – онколог, инфекционист, нефролог, ревматолог, офтальмолог жəне басқалар.

Дифференциалды диагноз: бассүйек-ми жарақаттарының зардаптарымен, геморрагиялық инсульт зардаптарымен.
 
Негізгі жəне қосымша диагностикалық шаралар тізімі
 
Негізгі диагностикалық шаралар
Жоспарлы ауруханаға жатқызылуға дейін:
- қаннның 
жалпы анализі жəне зəрдің жалпы анализі;
- невролог консультациясы;
- ЭКГ; 
- көрсетімдер 
болған кезде кардиолог;
- офтальмолог консультациясы.

 
Қосымша диагностикалық шаралар:
- ұйқы, омыртқалық жəне миішілік артерияларды ультрадыбыстық зерттеу (УЗДГ, дуплекстік сканирлеу, транскраниальді допплерография), ал тиісті көрсетімдер кезде МРТ-ангиография;
- жүрек қызметін терең зерттеу, ЭКГ бірге, ЭКГ холтерлік мониторингтеу жүргізу, велоэргометрия, эхокардиография, АҚ 24-сағаттық мониторингі;
- барабар бас миының компьютерлік томографиясы немесе МРТ жүргізу.

Емдеу тактикасы


Емдеу тактикасы жоғалған функцияларды қалпына келтіру, негізгі қантамырлық ауруларды түзетуге, қайталма церебралды дигемия профилактикасына, ми қанайналымының сандық жəне сапалық көрсеткіштерін қалпына келтіруге бағытталған.
 
Реабилитацияның негізгі принциптері:
- реабилитацияны ерте бастау; 
- оның ұзақтығы мен жүйелілігі; 
- кезеңділігі;
- кешенділігі;
- емделушінің белсенді қатысуы.
 
Реабилитация ұзақтығы бұзылған функцияларды қалпына келтіру мерзімімен анықталады:
- қозғалу функцияларының максималды жақсаруы алғашқа 6 айда байқалады;
- тұрмыстық 
дағдылар мен жұмысқа қабілеттілік - 1 жылдың ішінде;
- сөйлеу функциялары – жедел ми 
қанайналымының бұзылыстары басталғаннан кейін 2-3 жыл бойы.
 
1. Перфузияның жақсаруы – негізгі қантамырлық ауруды түзетуге, қайталамалы церебралды дисгемия профилактикасына, ми қанайналымының сандық жəне сапалық көрсеткіштерін қалпына келтіруге бағытталған.
 
Перфузияны жақсарту үшін мына препараттарды тағайындау мəселесін шешу қажет:
1.1. Тромбоцитарлық жəне/немесе эритроцитарлық антиагрегантарды:
- ацетилсалицил қышқылы тəулігіне 75-150 мг, ұзақ уақыт (тромбо АСС немесе кардиомагнил, таблетка 75 мг, қапталған таблетка форте 150 мг);
- клопидогрель 75 мг күнделікті;
- дипиридамол 25 мг – 3 раза /тəулігіне;
- тиклопидин 250 мг – 3 раза /тəулігіне;
- төменмолекулярлы декстрандар: трентал, реополиглюкин.
 
1.2. Кардиоэмболиялық инсульт зардаптары, аритмиялар кезінде, МНО қажетті деңгейін қамсыздандыратын дозада жанама антикоагулянттар варфарин.
 
2. Нейротрофтық дəрі-дəрмектік терапия бас миы функциясы бұзылыстарын қалпына келтіруге бағытталған, əсіресе, сөйлеу бұзылулары кезінде, когнитивті бұзылыстар, төмендеген психикалық жəне қозғалу белсенділігі кезінде көрсетілген:
- бұзау қанының депротеинизирленген дереваты 1000-2000 мг вена ішіне тамшылатып физиологиялық ерітінді араластырып 10-14 күн бойы тəулігіне 1-2 реттен құяды; сонан соң 1 таблеткадан форте 200 мг 6 ай бойы күніне 3 реттен;
- цитиколин 1000 мг вена ішіне тамшылатып физиологиялық ерітінді араластырып екі апта бойы тəулігіне 1- 2 реттен құяды, сонан соң ішке қабылдау үшін ерітіндіні 200 мг (2 мл) күніне 3 рет 6-8 апта бойы;
- винпоцитин 10 мг – 3 рет/тəулігіне;
- гинко - билоба 40-80 мг – тамақтану уақытында күніне 3 рет қабылдайды, ем курсы 1-3 ай;
- церебролизин 5 мл бұлшықетішіне немесе 10-15 мл вена ішіне тамшылатып 200 мл № 20-30 натрий хлоридтің изотондық ерітіндісіне араластырып алғашқы бір жылда күн сайын 2-3 рет.
 
Симптоматикалық ем:
 
1. Антигипертензивті терапия. Инсульт немесе ми қанайналымының ауыспалы бұзылуларынан кейінгі науқастарда АПФ ингибиторларының тиімділігі дəлелденген, мысалы эналаприл 10-20 мг/тəулігіне дейін; периндоприл 4-8 мг/тəулігіне дейін; рамиприл 5 мг/тəулігіне дейін, сонымен қатар селективті бета блокаторлар – бисопролол 2,5 ден 10 мг/тəулігіне дейін.
 
2. ЖИА, сонымен қатар ұйқы артериясының атеросклероздық зақымдалуы бар науқастарда липид алмасу бұзылыстарын дəрі-дəрмекпен түзету. Көрсетімдер бойынша статиндер тағайындайды, мысалы, симвастатин 20 мг/тəулігіне дейін.
 
3.  Депрессия кезінде – антидепрессанттар (флуоксетин 20 мг).
 
4.  Жоғары спастика кезінде тонусты төмендету үшін баклофен препараттары (бастапқы доза – 5 мг тəулігіне 2-3 рет; жай доза – 20 дан 30 мг/тəулігіне дейін) немесе толперизон 50 ден 150 мг/тəулігіне дейін.
 
5.  Ұйқысыздық кезінде зопиклон 7,5 мг/тəулігіне, 4 аптадан көп емес (басқа препараттармен əрекеттестікті ескеріп, антидепрессанттармен, транквилизаторлармен бірге тағайындамау қажет).
 
6.  Инсульттан кейінгі орталық ауыру синдромы кезінде: антидепрессанттар мен карбамазепинді жеке дозада тағайындайды.
 
Ем мақсаты: процесстің салыстырмалы тұрақтануы, жоғалған функцияларды қалпына келтіру.

Дəрі-дəрмексіз терапия
 
Режим:
қатаң төсек режимі – барлық белсенді жаттығуларды алып тастау;
- аздаған бос төсек режимі – өз көмегімен айналу жəне жату режиміне көшу;
- жартылайтөсектік (палаталық режим) – өз-өзіне қызмет көрсетудің барлық түріне қол жетімді;
- бос режим.
 
Реабилитация ерте болу қажет, тəуліктің 24 сағатында жүргізеді. Реабилитациялық медициналық бригада (мейірбике, психолог, ЛФК нұсқаушысы, массажист, кинезотерапевт, логопед, трудотерапевт жəне басқа мамандар). Қозғалу функциялары бұзылуларын қалпына келтіру үшін ережелер мен арнайы жаттығулар жүйесіне сəйкес, емді ерте қабылдау (алғашқы сағаттарда). Үнемі қозғалыстық жəне ақылдық функцияны стимулдеу. Барлық ем барысында ЛФК қолданылады. ЛФК бірінші жəне екінші кезеңдері қозғалу функциясының бұзылыстарын қалпына келтіруге бағытталған, 3 кезеңе – компенсаторлық стереотипті қалыптастыруға.
 
Инсульт зардаптарымен науқастардың реабилитациясы
 
Реабилитацияның негізгі міндеттері
1. Функция бұзылуларын қалпына келтіру (жақсарту).
2. Психикалық жəне əлеуметтік реадаптация.
3. Инсульттан кейінгі асқынулардың профилактикасы (спастикалық, контрактуралар жəне басқалар).

Реабилитацияға көрсетімдер мен қарсы көрсетімдер
Реабилитациялық шараларға барлық науқастар зəру.
 
Беленді реабилитацияға қарсы көрсетімдер болып табылады:
1. Декомпенсация стадиясындағы ауыр соматикалық патологиялар.
2. Психикалық бұзылулар.
 
Реабилитацияның негізгі əдістері
 
Тыныс алу бұзылулары кезінде:
1. Кинезотерапия, жүруге үйретуді қоса.
2. Тұрмыстық реабилитация, өз-өзіне қызмет көрсету дағдыларын оқытумен қоса).
3. Нервтік-бұлшықет аппаратын электростимулдеу.
4. Спастикалықпен күрес, жылулық емшаралар (парафин, озокерит аппликациясы), таңдамалы немесе нүктелік массаж.
5. Инсульттан кейінгі трофикалық өзгерістер фонында туындаған контрактуралар профилактикасы (артропатиялар), жылумен емдеуді қоса (парафин, озокерит аппликациясы), ауыруды басатын электрофизиоемшаралар (СМТ, ДД-токи, ЧЭНС, дəрілік заттардың электро- немесе фонофорезі).
6. Ортопедиялық шаралар: лонгет, жүру үшін арнайы құралдарды, ортопедиялық аяқ киім пайдалану.

Сөйлеу бұзылыстары кезінде: логопед-афазиологпен сөйлеуді қалпына келтіру, оқу, хат, есеп бойынша сабақтар.

Психотерапия: психотерапия элементтері кинезотерапия сабағына, логопед-афазиолог, невролог-реабилитолог тəжірибесіне қосылады.

Дəрі-дəрмектік терапия:
- ацетилсалицил қышқылы 75-150 мг тəулігіне;
- бұзау қанының депротеинизирленген дереваты 1000-2000 мг вена ішіне тамшылатып физиологиялық ерітінді араластырып 10-14 күн бойы тəулігіне 1-2 реттен құяды; сонан соң 1 таблеткадан форте 200 мг 6 ай бойы күніне 3 реттен.
- цитиколин 1000 мг вена ішіне тамшылатып физиологиялық ерітінді араластырып екі апта бойы тəулігіне 1- 2 реттен құяды. Сонан соң ішке қабылдау үшін ерітіндіні 200 мг (2 мл) күніне 3 рет 6-8 апта бойы.
- церебролизин 5 мл бұлшықетішіне немесе 10-15 мл вена ішіне тамшылатып 200 мл № 20-30 натрий хлоридтің изотондық ерітіндісіне араластырып алғашқы бір  жылда күн сайын 2-3 рет.
- клопидогрель по 75 мг күнделікті;
- дипиридамол по 25 мг – 3 раза /тəулігіне;
- тиклопидин 250 мг – 3 раза /тəулігіне;
- пентоксифиллин 5 мл;
- реополиглюкин во флаконах 200 мл;
- варфарин 2,5 мг;
- винпоцитин 10 мг – 3 рет/тəулігіне;
- гинко - билоба 40-80 мг – тамақ алдында күніне 3 рет. Ем курсы 1-3 ай;
- флуоксетин 20 мг;
- бисопролол 2,5 тан 10 мг/тəулігіне дейін;
- эналаприл 10-20 мг/тəулігіне дейін;
- периндоприл 4-8 мг/тəулігіне дейін;
- самиприл 5 мг/тəулігіне дейін;
- симвастатин 20 мг/тəулігіне дейін;
- зопиклон 7,5 мг/тəулігіне;
- баклофен 5 мг;
- толперизон 150 мг/тəулігіне;
- карбамазепин 200 мг.
 
Əрі қарай жүргізу: науқастарды «Д» есепке алу.
 
Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1. Ацетилсалицил қышқылы 75-150 мг тəулігіне.
2. Клопидогрель 75 мг күнелікті.
3. Цитиколин 1000 мг вена ішіне тамшылатып физиологиялық ерітінді араластырып екі апта бойы тəулігіне 1- 2 реттен құяды. Сонан соң ішке қабылдау үшін ерітіндіні 200 мг (2 мл) күніне 3 рет 6-8 апта бойы.
4. Церебролизин 5 мл бұлшықет ішіне немесе 10-15 мл вена ішіне тамшылатып 200 мл № 20-30 натрий хлоридтің изотондық ерітіндісіне араластырып алғашқы бір жылда күн сайын 2-3 рет.
 
Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:
1. Дипиридамол 25 мг – 3 рет /тəулігіне
2. Тиклопидин 250 мг – 3 рет /тəулігіне
3. Пентоксифиллин 5 мл
4. Реополиглюкин
5. Варфарин 2,5 мг
6. Винпоцитин 10 мг – 3 рет/сутки
7. Гинко - билоба 40-80 мг – тамақтану уақытында күніне 3 рет қабылдайды. Ем курсы 1-3 ай
8. Флуоксетин 20 мг
9. Бисопролол 2,5 дан 10 мг/тəулігіне дейін
10. Эналаприл 10-20 мг/тəулігіне дейін
11. Периндоприл 4-8 мг/тəулігіне дейін
12. Рамиприл 5 мг/тəулігіне дейін
13. Симвастатин 20 мг/тəулігіне дейін
14. Зопиклон 7,5 мг/тəулігіне
15. Баклофен 5 мг
16. Толперизон 150 мг/тəулігіне
17. Карбамазепин 200 мг

Ем тиімділігінің индикаторлары: неврологиялық тапшылықты азайту, функциялардың бұзылуын қалпына келтіру.

Госпитализация


Госпитализациялау үшін көрсетімдер
 
Шұғыл ауруханаға жатқызу:
- қантамырлық криз;
- ТИА;
- эпилепсиялық талмалар; 

- қайталама инсульт.

Жоспарлы ауруханаға жатқызу:
- түсініксіз диагноз;
- реабилитациялық жəне 
профилактикалық шаралар жүргізу; 
- тұрақты жəне /немесе курстық терапияны 
таңдау;
- амбулаторлық ем тиімсіздігі.

Профилактика


Профилактикалық шаралар:
- цереброваскулярлық аурудың бар қауіп-қатерлі 
факторларына əсер ету;
- асқынулар профилактикасы - контрактуралар, депрессиялар, 
іркілу құбылыстарын.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1. Drug treatment for hyperlipidaemias EBM Guidelines 22.4.2004 2.Cerebrovascular disease. American College of Radiology. ACR Appropriateness Criteria. Radiology 2000 3. Aspirin for the primary prevention of cardiovascular events: recommendations and rationale/Ann Intern Med 2002. 4. Cerebral arteriosclerosis. National institute of Neurological disorders and stroke (NINDS) 5. AHA|ACC guidelines for preventing heart attack and death in patients with atherosclerotic cardiovascular disease: 2001 update. 6.Комплексная терапия хронической ишемии мозга //Под ред. В.Я. Неретина.-М.: «ЗАО РКИ Соверо пресс», 2001.-96с. 7.Topographic mapping of cognitive event-related potentials in a double-blind, placebocontrolled study with the hemoderivative aktovegin in age-associated memory impairment. Semlitsch Heribert V., Anderer Peter, Saletu Bernd, Hochmayer Ingrid. Neuropsychobiology 1990-91; 24:49-56; Sections of Clinical Psychophysiology Pharmacopsychatry 8.Клинические рекомендации. Фармакологический справочник. ГЭОТАР_МЕД, М., 2004. 9.Effect of Perindopril on Cerebral Vasomotor Reactivity in Patients With Lacunar Infarction. Matthew Walters, Scott Muir, Imtiaz Shah, Kennedy Lees. Stroke. 2004;35:1899 10.The 2003 Canadian Recommendations for the Management of Hypertension: Therapy.

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі:
Каменова С.У.,   АМДБЖИ неврология кафедрасының меңгерушісі
Кужибаева К.К.,  АМДБЖИ неврология кафедрасының доценті

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх