Менопауза және әйелдің климакстік ахуалы
Версия: ҚР ДСМ клиникалық хаттамалар - 2014 (Қазақстан)
Анықтамасы
Анықтамасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Денсаулық сақтауды дамыту
мәселелері жөніндегі сараптау
комиссиясының
2014 жылғы «4» шілдедегі
№ 10 хаттамасымен бекітілген
Климактерий – ағзаның жас өзгерістері көрінісінде репродуктивті жүйедегі инволюциялық үрдістер басым болатын әйелдің өміріндегі физиологиялық кезең.
Климакстік синдром – әйелдің климакстік кезеңде туындайтын және жүйке-психикалық, вегативті-қантамырлық және алмасу-трофикалық бұзылулармен сипатталатын патологиялық ахуалы.
Хаттаманың аталуы: Менопауза және әйелдің климакстік ахуалы
Хаттама коды:
ХАЖ-10 коды (-тары):N95.1 - Менопауза және әйелдің климакстік ахуалы
Хаттамада пайдаланылатын қысқартулар:
АлАТ - аланинаминотрансфераза;
АсАТ - аспартатаминотрансфераза;
ТГ-АД - тиреоглобулинге антидене;
ТПО -АД –тиреоид пероксидазаға антидене;
ЕРА – екі фотонды рентген абсорбциометрия;
АГТ- алмастыру гормоналды терапиясы;
ДМИ – дене массасы индексі;
ЛГ-лютеинделетін гормон;
ДЗ – дәрілік заттар;
ХҚҚ – халықаралық қалыптандырылған қатынас;
СЖМТ – сүйек тіндерінің минералды тығыздығы;
Пап-тест – Папаниколау бойынша жатыр қынапынан алынған сүртіндінің цитологиялық зерттелуі;
ПУ- протромбиндік уақыт;
ПИ – протромбиндік индекс;
ЕФМК – ерітілетін фибрин моноөлшеу кешені;
Т3 - трийодтиронин;
Т4 – тироксин;
ТТГ - тиреотропты гормон;
УДЗ – ультрадыбыстық зерттеу;
ФЫГ- фолликула ынталандырушы гормон;
ЖТЛП-ХС- жоғары тығыздықтағы липопротеиндер холестерині;
ТТЛП-ХС – төменгі тығыздықтағы липопротеиндер холестерині;
ӨТТЛП -ХС – өте төмен тығыздықтағы липопротеиндер холестерині;
Хаттаманы әзірлеу күні: 2014 жыл.
Пациенттер санаты: менопауза уақытындағы/ кейінгі әйелдер.
Хаттаманы пайдаланушылар: акушер-гинекологтар, терапевтер, жалпы тәжірибеде дәрігерлері, кардиологтар, эндокринологтар, урологтар, травматологтар, фельдшерлер.
Жіктемесі
Фазасы бойынша:
-етеккір алды пременопауза – етеккір ырғағының, эстроген тапшылық симптомдары мен ФСГ деңгейінің артуы симптомдарынан басталады да, -соңғы етеккірмен аяқталады;
-менопауза – соңғы жеке етеккір (күнін ретроспективті белгілейді, яғни нақтырақ айтса, 12 ай етеккір болмағаннан кейін);
-перименопауза – перименопауза мен менопаузадан кейінгі 1-ші жылды біріктіретін кезең;
-постменопауза – менопаузадан кейінгі кезең, ол кенеттен (табиғи) немесе шақыру арқылы келуіне тәуелсіз болады, 65-69 жаста аяқталады; ерте (5 жылға дейінгі) және кеш (5-тен 10 жылға дейін) постменопаузаны ерекшелеу керек;
-уақытынан бұрын менопауза – етеккірдің 36-39 жаста тоқтауы;
-ерте менопауза – етеккірдің 40-44 жаста тоқтауы.
Менопаузаның түрлері:
-хирургиялық менопауза – әйелдің жасына байланыссыз овариэктомиядан кейін келеді;
-постгистерэктомия синдромы – аналық бездері сақталған гистерэктомиядан кейін әр түрлі мерзімдерде әйелдердің 30-70%-да дамитын симптомдар кешені.
Диагностикасы
Амбулаториялық деңгейде жүргізілетін негізгі (міндетті) диагностикалық зерттеулер:
Зертханалық зерттеулер:
-қанды биохимиялық талдау (креатинин, АЛТ, АСТ, глюкоза, билирубин, холестерин, триглицеридтер);
-коагулограмма (ПВ-ПТИ-ХҚҚ, VII факторын, фибриномономерлер ерітілетін кешендерін (МКЕФ), қан плазмасындағы плазминоген, -фибриногеннің белсенділігін анықтау, тромбоциттердің адгезиясы мен агрегация реакциясын жүргізу).
жатыр мойнағынан алынған сүртіндіні цитологиялық зерттеу ПАП-тесті.
Аспаптық зерттеулер:
-гинекологиялық трансвагиналды УДЗ;
-маммография.
Амбулаториялық деңгейде жүргізілетін қосымша диагностикалық зерттеулер (көрсетімдер бойынша):
-имммунохемилюминисценция әдісімен қан сарысуындағы ФЫГ, ЛГ, эстрадиол, пролактин, тестостерон жыныс гормондары деңгейін анықтау;
-имммунохемилюминисценция әдісімен қан сарысуындағы Т3, Т4, ТТГ, ТПО-АД, ТГ -АД қалқанша без гормондарын деңгейін анықтау;
-МКПТ анықтау мақсатында омыртқа бөлігі мен жамбас бөкселі жамбассүйек буындардың ДРА-денситометриясы;
-глюкозаға төзімділікке сынама (артық салмағы бар әйелдер үшін);
-қанды биохимиялық талдау: қан сарысуындағы ЖТЛП-ХС, ХС-ЛПНП, ХС-ЛПОНП анықтау, атерогендік индексі (артық салмағы бар әйелдерде);
-бауыр УДЗ.
Жоспарлы госпитальдауға жібергенде жүргізуге қажетті тексерулердің минималды тізімі: жүргізілмейді
Стационарлық деңгейде жүргізілетін негізгі (міндетті) диагностикалық зерттеулер: жүргізілмейді.
Стационарлық деңгейде жүргізілетін қосымша диагностикалық зерттеулер: жүргізілмейді.
Жедел шұғыл жәрдем көрсету кезеңінде жүргізілетін диагностикалық іс-шаралар: жүргізілмейді.
Диагностикалық критерийлер: ***
Шағымдар мен анамнез[1,2,3]:
Шағымдар:
-етеккір циклының қысқаруы/ етеккірдің ұзақ тоқтап қалуы (пременопауза кезінде).
Климакс синдромының ерте пайда болуы кезінде:
-вегето-қантамырлы (вазомоторлы) бұзылулар: (ыстықтау, қалшылдау, аса тершеңдік, бас ауруы, артериалды гипотензия немесе гипертензия, жүректің жиі соғуы);
-эмоционалды-вегетативті бұзылулар: ашуланшақтық, ұйқыбастылық, әлсіздік, мазасыздық, күйзеліс, ұмытшақтық, зейінсіздік, либидоның төмен түсуі.
-урогенитальды бұзылу – қынаптағы құрғақтық (жыныстық акті кезінде ауырлық); қышу және ашыту, уретралалық синдром, цисталгия, несепті ұстай алмау;
-тері мен бетіндегі қосалқылардың оның үстіндегі өсінділердің зақымдануы (құрғақтық, тырнақтың сынғыштығы, әжімдер, шаштың құрғауы мен түсуі);
Климакс синдромының кешеуілдеп айқындалуы:
-постменопаузалы метаболиялық синдром (атеросклероз, артериалды гипертензия, гиперлипимедия, инсулин резистенттілік);
-невралгиялық: когнитивті қызметтің, мидың, көздің, есту қабілеттерінің төмендеуі;
-сүйек-бұлшықеттік: остеопороз, остеоартрит (5.А).
Климакс синдромының ауырлығы [4.С] 1-қосымша бойынша Куперман интергральды индексінің негізінде бағалануы мүмкін.
Анамнез:
-сүт бездерінің қатерлі ісігі мен тромбоздың дамуы тәуекелі бойынша тұқым қуалаушылық қауіпі;
-гинекологиялық аурулар мен басқа оталар;
-соматикалық аурулар, оның ішінде эндокринопатия.
Физикальды зерттеу:
Антропометриялық көрсеткіштер [2.А]:
-дене салмағының индексін бағалау (семіздіктің абдоминальды және/немесе висцералды түрінің қалыптасуымен бірге салмақтың артуы мен майдың қайта бөлнуі, бел шеңберінің ұлғаюымен расталады (>80cм), бел шеңбері БеШ қатынасы/бөксе шеңберіне қатынасы (БөШ) (>0,8);
-АҚ артуы;
-тырнақтың құрғақтығы, сынғыштығы, әжімдер, шаштың құрғақтығы мен түсуі;
-кіші жамбас ағзаларының эстрогентәуелді ауруларының жоқтығы;
-қатерлі ісік және сүт б ездері қатерлі ісік алды аурулардың болмауы.
Зертханалық зерттеулер:
-қанды биохимиялық талдау: гиперинсулининемия, глюкозаға төзімділіктің бұзылуы, гиперхолестеринемия, дислипимедия (ЖТЛП-ХС төмендеуі, ХС-ТТЛП, ӨТТЛП -ХС артуы, атерогендік индексі – 4-тен артық);
-коагулограмма: VII факторының артуы, плазминоген ұлпасының деңгейін азайту және плазминоген-1 белсендірушісінің ингибиторын арттыру (ИАП-1);
-(ПАП-тест) жатыр мойнағынан алынған сүртіндіні цитологиялық зерттеу : жатыр мойнағы патологиясының жоқтығы;
-қандағы ФЫГ, ЛГ, эстрадиол, пролактин, тестостерон деңгейін анықтау:
қан сарысуындағы эстрадиолдың төменгі деңгейі (<80 пмоль/л);
қан сарысуындағы ФЫГ-тің жоғарғы деңгейі;
ЛГ индексі/ФЫГ <1; эстрадиол индексі/эстрон <1;
қатысты гиперандрогения немесе андрогендердің жетіспеушілігі;
-қалқанша без қызметін бағалау: гипотиреоз немесе тиреотоксикоздың белгілері.
Аспаптық зерттеулер:
-маммография: сүт бездерінде түзілімдердің жоқтығы;
-гинекологиялық трансвагинальды УДЗ: постменопаузадағы эндометрияда патологияның жоқтығы (М-эходо қалыңдығы 5 мм);
-бауыр УДЗ: гепатобилиарлы жүйенің патологиясын бағалау.
-трансіншектік УДЗ: менопаузадан кейін эндометриядағы патологияның жоқтығы (Мэхо қалыңдығы 5 мм-ге дейін).
Мамандар кеңесі үшін көрсетімдер:
-психотерапевтің кеңесі – психологиялық және психосоматикалық бұзылулардың деңгейін бағалау үшін;
-осының алдындағы аурулар көрінісінде жүрек-қантамыр асқынуларының тәуекел мүмкіншілігін бағалау мақсатында терапевтің кеңесін алу.
Емдеу тактикасы
-дәрінің аз мөлшерімен әйелдердің аналық без гормондық функциясының орнын толтыру;
-жалпы ахуалын жақсарту;
-кеш алмасу бұзылуларын емдеу.
Емдеу тәсілі:
Дәрі-дәрмексіз емдеу
Дәрі-дәрмекпен емдеу
АГТ – пери/постменопаузадағы климакстік синдромның жоғары тиімді және жалғыз патогенетикалық негізделген терапиясы болып табылады.
АГТ-ны тағайындау 2-қосымшаға сәйкес жүргізіледі.
Эстрогендер монотерапиясы жатырды ампутациясы/экстрипациясы жасалған әйелдерге жүргізіледі [3,10,14,21 А].
1-кесте. Эстрогендермен емдеу кестесі
ДЗ атауы | ДЗ мөлшері және еселігі | Қолдану ұзақтығы |
Эстрадиолавалерат 2 мг ішке |
күніне 1 таблетка: үзілісі бар тәртіп – айына 21 таблетка, үздіксіз тәртіп - 28 таблетка | 1 жыл ішінде, әрі қарай көрсетімге сәйкес |
Эстрадиол, гель | гельді теріге сіңдіріп жағу - күніне 1 қалташа, үзіліспен - 21 қалташа, үзіліссіз - 28 қалташа | 1 жыл ішінде, әрі қарай - көрсетімге сәйкес |
Эстриол – 1 немесе 2 мг | тәулігіне 1 таблетка үзіліспен немесе үзіліссіз режимде (21 немесе 28 таблетка) | 1 жыл ішінде, әрі қарай - көрсетімге сәйкес |
Эстриол біліктері – 0,5 мг Жақпа май: эстриол – 1 мг/г |
күніне 1 білік немесе қынапқа жақпа майды жағу; үзілісі бар режимде 21 шам, үзіліссіз режимде 21 білік. Симптомдар азайғанда аптасына 2 рет. |
1 жыл ішінде, әрі қарай - көрсетімге сәйкес |
Функциясы бұзылған жатырдан қан кету және климакс синдромы бар, жедел ота жасау ұсынылмаған, жатыр миомасы мен аденомасы бар пременопаузадағы әйелдерге гестагендермен монотерапия [1,4]. жүргізіледі.
2-кесте. Гестагендермен емдеу кестесі
ДЗ атауы | ДЗ мөлшері және еселігі | Қолдану ұзақтығы |
Дидрогестерон | Етеккір циклының 5 мен 25-күндері аралығында тәулігіне 1 рет ішке 10-20 мг; циклдың 11-күнінен бастап тәулігіне 1 рет 10-20 мг 2 апта | 1 жыл ішінде, әрі қарай - көрсетімге сәйкес |
Левоноргестрел жатырішілік і жүйе |
(52 мг левоноргестрден тұратын контейнері бар Т-тәріздес өзекше; жатыр қуысында левоногестрельдің тәулігіне 20 мкг деңгейде бөлінуін қамтамасыз етеді); жатыр қуысына бір рет енгізіледі. | 5 жылда 1 рет |
Прогестерон | Пероральды (ауыз қуысына):етеккір циклінің 5-ші күнінен 25 күні аралығында тәулігіне 3 реттен ішке 100 мг; етеккір циклының 16-ші күнінен 25 күні аралығында тәулігіне 3 рет ішке 100 мг; қынапқа етеккір циклының 5-ші күнінен 25 күні аралығында тәулігіне 3 реттен ішке 100 мг; етеккір циклының 16-ші күнінен 25 күні аралығында тәулігіне 3 рет ішке 100 мг. | 1 жыл ішінде, әрі қарай - көрсетімге сәйкес |
Циклдық тәртіптегі құрама терапия жатыр алып тастаусыз/ экстрипациясыз перименопаузадағы әйелдерге жүргізіледі [8,11, 16, 19, 20 А].
3-кесте. Циклдық тәртіптегі құрама терапияның кестелері
ДЗ атауы | ДЗ мөлшері және еселігі | Қолдану ұзақтығы | |
Үзіліссіз тәртіптегі екі фазалы дәрілермен құрама терапия | |||
17β эстрадиол тәулігіне 1 рет 1 мг ішке 14тәулік, одан кейін тәулігіне 17β эстрадиол 2 мг және дидрогестерон 10 мг ішке 14 тәулік |
Күніне 1 таблетка: үздіксіз режим - 28 таблетка | 1 жыл ішінде, әрі қарай - көрсетімге сәйкес | |
17β эстрадиол тәулігіне 1 рет 2 мг ішке 14тәулік, одан кейін тәулігіне 17β эстрадиол 2 мг және дидрогестерон 10 мг ішке 14 тәулік |
Күніне 1 таблетка: үздіксіз режим - 28 таблетка | 1 жыл ішінде, әрі қарай - көрсетімге сәйкес | |
Циклдік режимде екі фазалы дәрілермен құрама терапия | |||
эстрадиолавалерат тәулігіне 2 мг, ішке, 9 тәулік, одан кейін эстрадиолвалерат 2 мг және левоноргестрел 0,15 мг ішке, тәулігіне 1 рет 12 тәулік, одан кейін үзіліс 7 тәулік. |
Айына 21 таблетка, күніне 1 таблеткадан, циклдың 5 мен 25 күндері аралығында |
1 жыл ішінде, әрі қарай - көрсетімге сәйкес | |
Эстриол – 1 немесе 2 мг | Тәулігіне 1 таблетка үзіліспен немесе үзіліссіз режимде (21 немесе 28 таблетка) | 1 жыл ішінде, әрі қарай - көрсетімге сәйкес | |
Үздіксіз режимде монофазалы құрама терапия
4-кесте. Үздіксіз режимде құрама монофазалы режимнің сұлбалары
ДҚ атауы | ДҚ мөлшері мен реттілігі | Қолдану ұзақтығы |
Үзіліссіз режимдегі екі фазалы дәрілермен құрама терапия | ||
17β эстрадиол тәулігіне 1 рет 1 мг ішке, дидрогестерон 5 мг тәулігіне 1 рет ішке тұрақты |
Күніне 1 таблетка: үздіксіз режим - 28 таблетка | 1 жыл ішінде, әрі қарай - көрсетімге сәйкес |
17β эстрадиол тәулігіне 1 рет 0,5 мг ішке, дидрогестерон 2,5 мг тәулігіне 1 рет ішке тұрақты |
Күніне 1 таблетка: үздіксіз режим - 28 таблетка | 1 жыл ішінде, әрі қарай - көрсетімге сәйкес |
17β эстрадиол тәулігіне 1 рет 1 мг ішке, дроспиренон 2 мг тәулігіне 1 рет ішке тұрақты |
Күніне 1 таблетка: үздіксіз режим - 28 таблетка | 1 жыл ішінде, әрі қарай - көрсетімге сәйкес |
Гормонды терапияның басқа түрлері:
Тиболон – постменопаузада тәулігіне 1 рет 2,5 мг тұрақты тағайындалады [3,А].
Амбулаториялық деңгейдегі дәрілік емдеу:
Негізгі дәрілік заттардың тізімі (100% қолдану мүмкіндігі бар):
-Эстриласукцинат
таблеткалар: белсенді зат: эстриол 1 немесе 2мг.
суппозитарийлер: белсенді зат: эстриол 0,5 мг.
жақпа май: белсенді зат: эстриол 1 мг/г.
-эстрадиолвалерата
драже 2 мг;
гель 0,5-1,0 мг; таблеткалар, 10-20 мг;
-дидрогестерон, 10-20 мг таблеткалар;
-левоноргестрел, жатыр ішіндегі жүйе;
-п рогестерон (микронделген), қынаптық драже, 100 мг.
Құрама ДҚ:
-эстрадиолавалерат, таблеткалар, 2 мг, левоноргестрел, таблеткалар 0,15 мг;
-17β эстрадиол, таблеткалар, 2 мг, дидрогестерон, таблеткалар, 10 мг;
-17β эстрадиол, таблеткалар, 1 мг, дидрогестерон, таблеткалар, 10 мг;
-17β эстрадиол, таблеткалар, 1 мг, дидрогестерон, таблеткалар, 5 мг;
-17β эстрадиол, таблеткалар, 0,5 мг, дидрогестерон, таблеткалар, 2,5 мг;
-17β эстрадиол, таблеткалар, 1 мг, дроспиренон, таблеткалар, 2 мг;
Қосымша дәрілік заттардың тізімі (қолдану мүмкіншілігі 100%-дан аз):
-тиболон, таблеткалар, 2,5 мг.
Стационарлық деңгейде дәрімен емдеу:
Жедел шұғыл жәрдем көрсету кезеңінде дәрі-дәрмекпен емдеу:
Емдеудің басқа түрлері (мысалы: сәуле тәрізді және т.б.): жүргізілмейді;
Амбулаториялық деңгейде көрсетілетін емдеудің басқа түрлері: жүргізілмейді;
Стационарлық деңгейде көрсетілетін басқа түрлері: стационарлық емдеу;
Жедел шұғыл жәрдем көрсету кезеңінде емдеудің басқа түрлері: жүргізілмейді;
Хирургиялық араласу: жүргізілмейді.
Амбулаториялық жағдайларда көрсетілетін хирургиялық араласу: жүргізілмейді;
Стационарлық жағдайларда көрсетілетін хирургиялық араласу: жүргізілмейді.
Әрі қарай жүргізу.
5-кесте. Диспансерлік байқау жөніндегі ұсыныстар.
№ | Негізгі диагностикалық зерттеулер | Қолдану реттілігі |
УГР | ||
1. | Емдеу тиімділігін бақылау мақсатында Куперман индексінің климакс синдромының симптомдарын баллмен бағалау | Емдеу басталғанға дейін және әрі қарай 3 айда 1 рет |
2. | Жатыр мойнағынан алынған сүртіндіні цитологиялық зерттеу ( Папаниколау бойынша жұғынды); |
Емдеу басталғанға дейін жылына 1 рет |
3. | Коагулограмма | Емдеу басталғанға дейін, кейіннен алты айда бір рет |
4. | Маммография |
Емдеу басталғанға дейін кейіннен жылына бір рет және көрсеткіштер бар болғанда және көрсеткіштер бар болғанда |
5. | Гинекологиялық трансвагиналды УДЗ |
Емдеу басталғанға дейін, және жылына 1 рет және көрсеткіштер бар болғанда |
Емдеу тиімділігінің индикаторлары:
-климакс синдромының клиникалық симптомдарын тоқтату;
-гормональды фонды қалыптандыру;
-климакс синдромы көрінісінің асқынулары/ кеш көрініс табуының болмауы.
Ауруханаға жатқызу
Жедел госпитальдауға көрсетімдер: жүргізілмейді.
Жоспарлы госпитальдауға көрсетімдер: жүргізілмейді.
Алдын алуы
Профилактикалық іс-шаралар (асқынулардың профилактикасы, тәуекел факторларын көрсете отырып, МСАК деңгейіне арналған бастапқы профилактика).
-Дене белсенділігі: тәни жаттығуларының тиімді саны – аптасына ортшаша белсенділікпен кем дегенде 150 минут жаттығу [3.А].
-Дұрыс тамақтану: күніне бірнеше рет жеміс-жидектер мен көкөніс жеу, тұтас дәнді дақыл және аптасына екі рет балық тұтыну, сондай-ақ май (зәйтүн майын санамағанда) мен тұзды тұтынуды жалпы азайту
Зиянды әдеттерден арылу: темекі шегуден және алкоголь тұтынудан.
Ақпарат
Пайдаланған әдебиеттің тізбесі
-
Протоколы заседаний Экспертной комиссии по вопросам развития здравоохранения МЗ РК, 2014
- 1. Национальное руководство. Гинекология под ред. В.И. Кулакова, Г.М. Савельевой, И.Б. Манухина. Москва. 2009.С.462-463. 2. Практические рекомендации под редакцией Сухих Г.Т. //Ведение женщин в пери-и постменопаузе. Москва.2010.С.221 3. Старди Д.У. Пайнс А. от имени авторской группы Международного общества Менопаузы //Обновленные рекомендации Международного общества менопаузы касательно гормональной терапии в постменопаузальный период и стратегий сохранения здоровья в среднем возрасте. Опубликовано Международным обществом менопаузы Интернет-страница: www.imsociety.org. Первая публикация в: Climacteric 2011;14:302-20. (А) 4. Тарасова М.А. Ярмолинская М.И./ Принципы индивидуального выбора гормональной заместительной терапии в пери-и постменопаузе.//Практическое пособие для врачей.Санкт-Петербург.2011.С. 11-12 5. Чазова И.Е. Сметник В.П., Балан И.Е. Ведение женщин с сердечно-сосудистым риском у женщин в пери- и постменопаузе: Консенсус российских кардиологов и гинекологов. ConsiliumMedicum 2008;10:5-18 (С) 6. Birkh U. H., Panay N., Archer D. F., Barlow D, Burger H, Gambacciani M., Goldstein S., Pinkerton J. A., Sturdee D. W. /Updated practical recommendations for hormone replacement therapy in the peri - and postmenopause. //Climacteric. -2008-Vol 11.P. 108 - 123(А). 7. Barnabei VM, Cochrane BB, Aragaki AK, et al, for the Women's Health Initiative Investigators. Menopausal symptoms and treatmentrelated effects of estrogen and progestin in the Women's Health Initiative.ObstetGynecol 2005;105: 1063-1073 (A) 8. Bergeron C, Nogales FF, Rechberger T, Tatarchjuk T, Zipfel L /Ultra low dose continuous combined hormone replacement therapy with 0.5 mg 17p-oestradiol and 2.5 mg dydrogesterone: Protection of the endometrium and menorrhoea rate.//Maturitas.2010;66:201-5(А). 9. De Villiers T.J., Gass M. L. S, Haines C. J. et al./Global Consensus Statement on Menopausal Hormone Therapy.//CLIMACTERIC 2013;16:203-204 (A) 10. Diem S, Grady D, QuanJ,et al. Effects of ultralow-dose transdermal estradiol on postmenopausal symptoms in women aged 60. Menopause 2006;13:130-138 (A) 11. Ferenczy A, Gelfand MM, van de WeijerPHM, Rioux JE./Endometrial safety and bleeding patterns during a 2-year study of 1 or 2 mg 17- p estradiol combined with sequential 5-20 mg dydrogesterone.//Climacteric. 2002;5:26-35(A) 12. Huang A. J. Sawaya G. F. Vittinghoff E., Lin F., Grady D./Hot flushes, coronary heart disease, and hormone therapy in postmenopausal women. //Menopause 2009.Vol. 16.P 639-43. 13. Hampton NR, Rees MC, Lowe DG, Rauramo I, Barlow D, Guillebaud J./Levonorgestrel intrauterine system (LNG-IUS) with conjugated oral equine estrogen: a successful regimen for HRT in perimenopausal women.//Human reproduction (Oxford England).2005 Sep;20(9):2653- 60(А). 14. ohnson SR, Ettinger B, Maser JL, et al. Uterine and vaginal effects of unopposed ultralow-dose transdermal estradiol. ObstetGynecol 2005;105: 779-787 (A) 15. 15.Lin SQ1, Sun LZ, Lin JF, Yang X/Estradiol 1 mg and drospirenone 2 mg as hormone replacement therapy in postmenopausal Chinese women.CLIMACTERIC 2011 Aug;14(4):472-81 (А). 16. Matsui S , . Уа8шТ.,ТашА. ет. al/ Effect of ultra-low-dose estradiol and dydrogesterone on arterial stiffness in postmenopausal women//CLIMACTERIC 2013;00:1-6(А). 17. Norman R.J. Oestrogen and progestogen hormone replacement therapy for perimenopausal and postmenopausal women: weight and body distribution (Cochrane review). In The Cochrane Library, 3, 2001. Oxford: Update software (А). 18. PolitiMC, chleinitzMD./RevisitingtheDurationofVasomotorSymptomsofMenopause: AMeta-Analysis //Journal of General Internal Medicine, 23, 2008, 1507-13 19. Quereux C, Pornel B, Bergeron C, Ferenczy A Continuous combined hormone replacement therapy with 1 mg 17 p -oestradiol and 5 mg dydrogesterone (Femoston-conti): Endometrial safety and bleeding profile //Maturitas.2006;53:299-305 (A) 20. Shao H, Breitner J C S, Whitmer R A, Wang J,et al./Hormone therapy and Alzheimer disease dementia: New findings from the Cache County Study//Neurology2012, 79, 1846- 1852(A) 21. Yaffe K, Vittinghoff E, Ensrud KE, et al. Effects of ultralow-dose transdermal estradiol on cognition and healthrelated quality of life. ArchNeurol 2006; 63: 945-950. (A)
Ақпарат
- Н.Н. Мезинова - м.ғ,д., «Қазақстан-Ресей медициналық университеті» Мемлекеттік емес білім беру мекемесінің «Акушерия және гинекология» кафедрасының профессоры.
- Н.Н Кобзарь - м.ғ.к., доцент, «Қазақстан-Ресей медициналық университеті» Мемлекеттік емес білім беру мекемесінің «Акушерия және гинекология» кафедрасының меңгерушісі.
- М.С. Құдайбергенова – «Ұлттық ғылыми медициналық орталығы» АҚ клиникалық фармоколог дәрігері.
: жоқ
Пікір иесі: Л.К.Қалиева– м.ғ.д., «С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университеті» ШЖҚ РМК-нің «№2 акушерия және гинекология» кафедрасының меңгерушісі.
Симптомдар | Баллдар (Б) 0-ден 3-ке дейін | Әр симптомға арналған коэффициент (К) | Туынды (Б*К) | |
Көтерілулер Тершеңдік Ұйқысыздық |
4 2 2 |
|||
Ашушаңдық, мазасыздық |
2 |
|||
Жабырқаулық, қорқыныш |
1 | |||
Бас айналу | 1 | |||
Бір жерге назарды ұстай алмау | 1 | |||
Буындардағы ауру Бас ауруы Жүрек соғысы Куперман индексі жиынтығы). |
1 1 1 |
Барлығы +- |
||
Куперманның жалпы индексі:
-ауырлықтың жеңіл деңгейінде 12-34 баллды құрайды,
-орташа деңгейде - 35-58 балл
-ауыр деңгейде - 58 баллдан артады.
ЗГТ негізгі қағидалары [3.А].
-көрсетімдерді, қарсы көрсетімдерді, тәуекел факторларын анықтау және пайда/тәуекел қатынасын жеке бағалау;
-ең төменгі тиімді мөлшерлерді пайдалану, постменопаузада мөлшерді азайту;
-құралды жеке таңдау;
-эндометрий мен сүт бездерінің жыл сайын бақылау, қадағалау;
-терапия алдында тексерудің негізгі тізімін жүргізу, терапия кезінде – жыл сайынғы бақылау;
-табиғи эстрогендер мен олардың баламаларын пайдалану; жас әйелдердегі пролиферацияның ерте кезеңіне сәйкес келетін эстрогендердің аз мөлшерін қолдану;
-эстрогендер мен прогестагендердің міндетті үйлестіру (сақталған жатырда),ол эндометрия гиперплазиясының дамуының алдын алады;
-емдеу ұзақтығы АГТ мақсатына байланысты.
АГТ тағайындауға арналған жалпы көрсетімдер:
-ерте және уақытынан бұрынғы менопауза;
-ұрықты болу жаста қайталама аменореяның ұзақ кезеңдері;
-бастапқы аменорея (Рокитанск-Кюстнер синдромынан басқа);
-жасанды менопауза (хирургиялық, рентген және радиотерапия);
-пременопаузадағы климакстік синдромның ерте вазомоторлық симптомдары;
-урогениталды бұзылу;
-остеопороз дамуының тәуекел факторының барлығы;
-пременопаузадағы жүрек-қантамыр ауруларының тәуекел факторларының болуы.
Постменопаузадағы АГТ қолдануға көрсетімдер:
-постменопаузада АГТ-ге арналған қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді көрсетімдерді анықтау қажет.
-қысқа мерзімді көрсетімдер – вазомоторлы, нейровегетативті, косметикалық, психологиялық көріністерге арналған терапевттік әсер ету;
-ұзақ мерзімді көрсетімдер – остеопороз, жүректің ишемиялық ауруларын, депрессияны, Альцгеймер ауруларының профилактикасы; УГБ және -сексуалды бұзылуларды емдеу, әйелдер өмірінің сапасын арттыру.
АГТ тағайындауға мүлдем қарсы көрсетімдер:
-алдында бастан өткерген немесе күдік тудырған сүт бездері қатерлі ісігінің болуы;
-жыныс ағзаларының эстрогентәуелді қатерлі ісігінің болуы немесе күдік тудыруы (эндометрия қатерлі ісігі);
-анық емес генезді қан кету;
-емделмеген эндометрий гиперплазиясы;
-идиопатиялық немесе қатерлі тамырлы тромбоэмболия (терең тамырларда қан ұю, өкпе эмболиясы);
-артериалды қан ұю ауруларын жақында бастан өткерген немесе бар болуы (стенокардия, миокард инфаркты);
-емделмеген гипертензия;
-бауырдың қатты ауруы;
-дәрінің құрамын көтере алмау;
-тері порфириясы (ферментопатия).
АГТ тағайындауға қарсы көрсетілімдер:
-жатыр миомасы;
-эндометриоз;
-бас «сақинасы» ауруы;
-тамырда қан ұю және анамнездегі тромбоэмболия;
-отбасылық гипертриглицеридемия;
-өт қабына тас байлану;
-қояншық;
-аналық сүт безі қатерлі ісігі дамуының жоғары тәуекелділігі.
Пери/ерте постменопаузада АГТ-ның тәуекелдері мен басымдықтары:
-алғашқы 5 жылда тәуекел деңгейі өте төмен;
-60 жасқа дейін біршама төмен тәуекел;
-менораузалы симптомдарды тиімді тоқтату және өмір сапасын сақтау;
-сүйек массасын сақтау және сынуларды болдырмау.
Қазықтаулы файлдар
Назар аударыңыз!
- Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.
- Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.
- Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.
- Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.
- Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.