Медициналық жəрдем көрсетуді талап ететін резус-иммунизация

P-O-014

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Резус-иммунизация, требующая предоставления медицинской помощи матери (O36.0)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы: 
Жүктінің резус-иммунизациясы – RhD – теріс жүкті қанынан жолдастық (тосқауыл) кедергі арқылы нəрестенің организмінде экстрамедуллярлық қан түзу ошақтарын қалыптастырумен RhD - оң эритроциттерін күйретуге бағытталған антиденелердің өтуі нəтижесінде пайда болатын иммунобиологиялық үрдістер кешені.


Хаттама коды: P-O-014  "Медициналық жəрдем көрсетуді талап ететін резус-иммунизация".
Акушерлік-гинекологиялық саладағы поликлиникалар үшін.
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):  036.0 Анаға медициналық жəрдем көрсетуді талап ететін резус-иммунизация.

Жіктемесі


Жіктемесі:  жоқ.

Қауіп-қатерлі факторлар


Қауіп-қатерлі факторлар:
1. Жүкті қанының RhD –теріс тобына жатуы.
2. Ілгеріде өздігінен немесе таңдамалы түсік болуы.
3. Инвазиялық шаралар ( хорион биопсиясы, амниоцентез, кордоцен-тез).
4. Екінші қайтара жүктілік.
5. Жүктіліктің II-III триместрлерінде қан кету.
6. Сыртқы акушерлік айналыс (м).
7. Іш (қарын) жарақаты.
8. Анамнезінде орны ауысқан (эктопиялық) жүктілік.
9. Анамнезінде толық емес қуықтық кірмелер.
10. Кесар тілігі.
11. Анамнезінде жатыр қуысын қолмен тексеру.
12. Анамнезінде нəрестенің өлі тууы немесе құрсақ ішінде өлуі.
13. Анамнезінде нəрестенің иммундық емес шемені.
14. Ілгеріде RhD - оң қан құю.
15. Тормбоциттер трансфузиясы.

Диагностикасы


Диагностика критерилері:
1. Ана қанында Rh-ықпалға антиденелер титрі 1:4-тен артық болуы.
2. Нəрестеде гемолитикалық ауру белгісінің болуы.

Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1.Əйелдер консультациясына / емханаға алғаш келгенде жүкті мен оның күйеуінің қан тобы мен Rh- факторын анықтау.
2. Жүктіліктің 28 аптасында сезімталдық жоқ болған жағдайда жəне əйелдер консультациясына / емханаға алғаш келгенде ана қанындағы RhD-антидене скринингі;
3. RhD – ықпалға антидене табылған жағдайда, 20-28 апта мерзімінде ай сайын скрининг жасалады, 28-32 аптада айына 2 рет, 32 аптадан кейін босанғанға дейін аптасына 1 рет;
4. Нəрестеде ерте шемен(көпсулық, гепатоспленомегалия) белгілерін анықтауға бағытталған УДЗ иммунизацияланған қаралушыларда патологиялық белгілер табылғанша апта сайын жасалады, одан кейін күн сайын.

Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:  жоқ.

Емдеу тактикасы


Емдеу тактикасы
Іштегі жəне жаңа туған нəрестенің гемолитикалық ауруы тек зертханалық жолмен анықталатын жеңіл түрінен нəрестенің құрсақта немесе туа сала өлуіне əкелетін ауыр түріне дейін түрленеді. Иммунизацияланған əйелдер жүктілігін бақылау жəне емдеу. Rh-сезімталдықпен асқынған бірінші жүктілікте антидене титрі  1:16 жəне одан жоғары болғанда маңызды болып, амниоцентез өткізуге көрсетім болатын эритробластоз қаупін бағалауға пайдаланылуы мүмкін. УДЗ нəрестеде ерте (көпсулық, гепатоспленомегалия) жəне дамыған шемен белгілерін анықтауға мүмкіндік береді (ішек қабырғалары эхогендігінің күшеюі, кардиомегалия жəне перикардит, асцит, гидро-торакс, бас, қол-аяқ терісінің ісінуі, бала жолдасының қалыңдауы). ГБП емдеуде плазмоферез, рутиндік иммуносупрессияны пайдаланып сезімталдықты азайту дəлелденбеген.

Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:  жоқ.

Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:  АнтиRhо(D)-иммуноглобулин.

Ем тиімділігінің индикаторлары:  симптомдарды басу, өмір сарасын жақсарту,  асқынулар жиілігін төмендету.

* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар
 

Ауруханаға жатқызу


Госпитализациялауға көрсетімдер:
1. алғаш анықталған Rh – ықпалға антидене титрі 1:16.
2. келесі тексеруде антидене титрі кейінгі 2 айырымға көбейген.
3. УДЗ мəліметтері бойынша ГБП белгілері (шемен, көпсулық, гепатоспленомегалия).
4. инвазиялық диагностикалау шараларын өткізу қажеттігі (амниоцентез, кордоцентез).
5. қауіпті кезеңде (нəрестенің антенаталдық өлуінен 10-14 күн бұрын, жаңа туған сəбидің ГБН–мен туылуы, алдыңғы жүктіліктерде ГБН салдарынан нəрестенің туа сала(ерте неонаталдық ) өлімі).
6. 34 аптада босану алдында ауруханаға жатқызу

Алдын алуы


Біріншілік профилактика: ауру дамуына əсер ететін қауіп-қатерлі факторларды жою бойынша профилактикалық шаралар.

Профилактикалық шаралар:
RhD- теріс қаралушыларға (жүктілер мен босанушылар) қарсы (анти) RhD- иммуноглобулинмен сақтандыру өздігінен түсік тастаудан, жүктілікті 12 аптаға дейін мерзімде медициналық жəне медициналық емес көрсетімдер бойынша үзуден, инвазиялық емшаралардан (хорион биопсиясы, амниоцентез, кордоцентез) кейін жасалады. Егер жаңа туған сəби əкесінің қаны RhD- теріс топқа жатса, өз еркімен хирургиялық стерилизация жасатқан əйелге иммундық сақтандыру жасалмайды, қаралушы контрацепцияның басқа сенімді əдісін қолдана алады.
Жүктілік кезіндегі профилактика:
Жүктіліктің 13 аптасына дейін – анти Rhо (D)-иммуноглобулин 50-75 мкг,13 аптадан жоғары мерзімде – 300 мкг;
Бірінші жүктілікте - жүктіліктің 28 жəне 34 аптасында анти Rhо(D) - иммуноглобулин 100 мкг (500ХБ);
Гестацияның 28 жəне 34 аптасында барлық резусы теріс, иммундалмаған жүктілерге;
Нəресте əкесінің резусы оң болса – анти Rhо (D)  -иммуноглобулин 100 мкг (500ХБ);
Жоғарыда аталған əйелдердің барлығына босанғаннан кейін (72 сағат ішінде), резусы оң сəби туса, анти Rhо (D) - иммуноглобулин 100 мкг (500ХБ).

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1. National Institute for Clinical Excellence: Guidance on the Use of Rutine Antenatal anti-D prophylaxis for RhD-negative Women.- Technology Appraisal Guidance - #41.- 2002.- p.16 2. National Guideline Clearinghouse: Prevention of RhD-Alloimmunization, 1999, p.8.- www.guideline.gov 3. SOGC Clinical Practice Guidelines: Prevention of Rh-alloimmunization.- #133, Sept.2003.- p.9 4. NHMRC: Guidelines on the Prophylactic Use of RhD Immunoglobulin in Obstetrics, 1999, p.195 5. Royal College of Obstetricians and Gynecologists. Setting Standart to Improve Women’s Health. Use of RhD Immunoglobulin for Rh-prophylaxis.- #41.- 2002.- p.7 6. Резус-иммунизация.- Ярославль.- 2001.- с.22 7. Institute for Clinical Systems Improvement. Health Care Guideline. Rutine Prenatal Care, 2005, p.80 8. National Collaborating Center for Women’s and Children’s Health. Antenatal Care: Rutine Care for the Healthy Pregnant Women. Clinical Guideline, 2003, p.286

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі: Өтеғалиева Г.Н., республикалық медициналық колледж

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх