Көмей (көмекей) стенозы

E-022

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Стеноз гортани (J38.6)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы

Көмей тарылуы –дыбыс саңылауы арқылы тез немесе біртіндеп үдемелі 
түрде ауа өтуінің қиындауына алып келетін көмей саңылауының тарылуы.

 
Хаттама коды: Е-022  "Көмей (көмекей) стенозы"
Жедел медициналық көмек
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары): J38.6 көмей стенозы.

Жіктемесі


Жіктемесі

Даму жылдамдығы жəне этиологиясы бойынша:

 
1. Қасқағымды. Қысқа уақыт ішінде дамиды: бірнеше секундтан бірнеше минутқа дейін этиология: көмей жарақаты,көмейдегі бөгде заттар.

2. Жіті. Ұзағырақ уақыт ішінде дамиды: бірнеше минуттан бір тəулікке дейін. Этиология: ісік – аллергиялық жəне қабыну үрдісі кезінде (эпиглоттит, хондроперихондрит, көмей абсцессі, көмейлік баспа, мойын флегмоносы т.б.) жарақаттар (ОҚ тиген жарақат, термиялық жəне химиялық күйіктер), оперативті жолмен (сртумэктомия кезінде төменгі көмей нервісің зақымдануы), ұзаққа созылған жоғарғы трахеобронхоскопия, эндотрахеальды нархоз кезіндегі жарақаттық интубация.
Улы күйдіретін заттар (мыс: хлор); жедел респираторлы вирустың инф/я кезіндегі ларинготрахеит (ерте балалық жастағы ісіктің ең жиі себебі).
 
3. Жітілеу. Бірнеше күн ішінде дамиды (1 аптаға дейін) этиология. Көмей дифтериясы, сонымен қатарàкөмейдің жедел тарылуына əкелетін ауру/ры.
 
4. Созылмалы. Бірнеше апта, ай, жəне жылдар ішінде дамиды. Этиология. Балалардағы көмей папилламотоз, көмейдің қатерлі жəне қатерсіз ісіктері, спецификалық инфекциялық гранулемаларгуммозды мерез, туберкулез, склерома; көмейдің хондроперихондрит орны секілді тыртықты өзгерістер, күйіктер, жарақаттың зақымданулар, оң тиген жарақат,екі төменгі көмей нервттың салдануына əкелетін көмейден тыс үрдістер көмейдін туа п.б. жүре п.б. мембраналары жəне кистасы.
 
Көмей тарылуының сатылары (дəрежелері):
 
I. Компенсация сатысы - демалу мен дем шығару арасындағы үзілістің қысқаруы, физикалық жүктемеден кейін инспираторлық ентігумен сипаттайды.

II. Толық емес компенсация сатысы - дем алу үшін қатты күшті қажет етеді, тыныс шулы, алыстан естіледі, тері-бозғылт. Науқас мазасыз болады, көзіне елестер көрінеді, мойын жəне кеуде клетканың бұлшық еттері тыныс алу актісіне қатысады, бұғана үсті жəне бұғана асты аралықтың, тыныс алу кезінде эпигастригі аймағы жəне қабырға аралық араларының жиырылуы. Айтылған симптомдар физикалық күштемесіз пайда болады.

III. Декомпенсация сатысы - науқастың жағдайы ауыр, тынысы жиі, беткей, тері жамылғылары бозғылт-көкшіл түсті, алғашында акроцианоз байқалады, содан кейін, жан-жақты (жайылған) цианоз. Науқас мəжбүрлі қалыпта болады: жартылай отырады, басы шалқайған күйде, көмей ең жоғарғы экскурциясын тыныс алғанда жəне тынысты шығарғанда жасайды, тершеңдік, пульс жиі, əлсіз талу.

IV. Терминальды сатысы (асфиксия) - науқаста тез шаршағыштық, бəрі бір болады. тынысы беткей, үздік-үздік (чейна-стоке), терісі бозғылт-сұр түсті, пульс жиі, жіп тəрізді, қарашық кеңейген, содан кейін есінен танады, еріксіз зəр шығады, дефекация жəне өлім.

Диагностикасы


Диагностика критерийлері

Көмейдің тарылу себебі негізінен анамнез жинағына жəне 
көмейді қарап тексеру нəтижесіне негізделеді.
Клиникалық симптомдар көмейдің 
тарылуын дамытатын себептерге жəне даму жылдамдығына байланысты емес:
1. Инспираторлы ентікпе.
2. Мойын, кеуде клеткаларының т.б. бұлшық еттерінің тыныс алу 
актісіне қатысуы.
3. Қалқанша шеміршек экскурсиясы анықталады-төмен-тыныс алғанда 
жəне жоғары - тыныс шығарғанда.
4. Тыныстық ритмнің əлсіреуі ( дем алудың əлсіреуі, 
тыныстық үзілістің қысқаруы).
5. Көмейлік шулардың пайда болуы, дауыстың өзгеруі 
(сырылды немесе дыбыссыз).
6. Венозды стаз.
7. Пароксизмальды пульс (əлсіреуі немесе 
жəне тыныс алғанда жоғалуы).
 
Негізгі жəне қосымша диагностикалық шаралар жоспары
 
Негізгі диагностикалық жоспары:
1. Анализ жинағы жəне жалпы терапиялық шағым.
2. Жалпы терапиялық визуалды қарау.
3. Тыныс жиілігін тексеру, өкпе аускультациясы.
4. ҚҚ (АД), пульсті тексеру.
5. Қосымша зерттеу заттарымен (свет, шпотель, айна) жоғары тыныс жолдарын қарау.
 
Қосымша диагностикалық жоспар:
1. Қанның газдың құрамын тексеру.
2. Реаниматолог кеңесі.

Дифференциалды диагноз

         
         Дифтериялық круп пен басқа этиологиялы  круптың салыстырмалы диагностикасы

 
Белгілері Нағыз дифтерий/к круп Жалған круп
Дауыс
Дауыс щығуының əлсіреуі
тұрақты афонияға ауысуы
Тұрақсыз дауыс əлсіреуі
афония жоқ
Жөтел
Құрғақ, (дөрекі), қинайтын.
Дыбысы шықпайды,  афонияға дейін
Қиналдыратын жөтел,
дыбысы жоғалмайды
Жабынды
Лас-бозғылт, қиын ажырайды,
жабындыны алғаннан кейін
беті қанды болып қалады
Беткей, тез ажырайды
Мойын лимфа түйіндері
Ұлғайған, екі жағынан да
ісінген, аздап ауырсынады,
түйін айналасындағы
клетчаткалар ісінген
Ұлғайған, қатты ауырады,
ісік жоқ. Лимфа түйіндері
пальпацияланады
Стеноздың дамуы
Көмейдің таралуы біртіндеп
дамиды, алғашқыда тыныс
шулы демалалмай қалады
(ұстама), өзінен өзі қайтпайды
Тарылуы кенеттен п.б, жиі
түнде дем алу қатты
алыстан естіледі, кейде
тарылу спонтанды өтеді

Емдеу тактикасы


Медициналық көмек көрсету тактикасы
 
Емдеу мақсаты:
1. Тыныс алу қызметін тез қалпына келтіру жəне науқастың жағдайын жақсарту.
2. Көмей тарылуы үдеуінің алдын алу.
3. Өлімшілдік шығынын болдырмау.

Дəрілік ем
Емдеу əдісі бірінші кезеңде-тарылудың сатысын, 2-ші- тарылуының себебін 
анықтау керек.

Көмей тарылуының І – ІІ дəрежесінде (субкомпенсация):
1. Пациентке эмоциональды жəне психикалық тəртіп.
2. Жоғарғы тыныс жолдарының өткізгіштігін қалыпына келтіру, тарылуды азайту əдісі: (ыстық аяқ ваннасы, кеуде клеткасына жəне балтыр бұлшық етіне қыша қағаздар қою). Бұл процедураны гиперемия жəне жүрек қан-тамыр жетіспеушілігі жоқ науқастарға тағайындайды.
3. Жартылай отыру қалыпы, жылы сусындар.
4. Ылғалды оттегі ингаляциясы.
 
ІІ-ІІІ дəрежесіəнде (декомпенсация):
Дəрілік ем. 
- преднизалон 3% еріт 60-90 мл (3-5 мг нəресте салли), б/е, к/т тез;
- хлоропирамин 2% -1,0 (0,1-1 жас бала);
- димедрол 1%-1,07 седуксен 0,5%-2,0 к/т, б/е.

 
ІІІ-ІV дəрежесінде:
Кеңірдектің шұғыл интубациясы, қажет болса науқасты ӨЖЖ-не ауыстыру.
Интубация жасалмайтын жағдайда жəне өмірге қауіп төнсе, коникотомия жасалады.

Жедел госпитализацияға көрсеткіштер:
1. Тарылудың ІІІ-ІV дəрежесінде реанимация бөліміне.
2. Тарылудың жеңіл дəрежесінің өршуі кезінде.
3. Дифтериялық крупқа күдіктенгенде.
 
Негізгі жəне қосымша дəрі-дəрмектер тізімі
 
Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі.
1. Ингаляцияға арналған оттегі (медициналық газ).
2. Инекцияға арналған сұйық Преднизолон 30 мг/мл.
3. Инекцияға арналған сұйық Диазепам 5 мг/мл ампула түрінде 2 мл.
4. Инекцияға арналған сұйық Димедрол 10 мг/мл ампула түрінде.
 
Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:
Инекцияға арналған сұйық хлорапирамин 20 мг/мл ампула түрінде.

Ем тиімділігінің индикаторлары:
1. Тыныс алуының қалыптасуы.
2. Науқастың жағдайының жақсаруы.

* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1. Доказательная медицина. Ежегодный справочник. Вып.2. 4.1. Медиа Сфера. 2003 г. 1. Федеральное руководство по использованию лекарственных средств (формулярная система) под редакцией А.Г.Чучалина, Ю.Б.Белоусова, В.В.Яснецова. Выпуск VI. Москва 2005. 2. Рекомендации по оказанию скорой медицинской помощи в Российской Федерации. Под ред. Мирошниченко А.Г., Руксина В.В. СПб., 2006.- 224 с.

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті «Жедел жəне шұғыл медициналық жəрдем, №2 ішкі аурулар кафедрасының меңгерушісі - м.ғ.д., профессор Тұрланов Қ.М.
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті «Жедел 
жəне шұғыл медициналық жəрдем, №2 ішкі аурулар кафедрасының қызметкерлері: м.ғ.к,
доцент Воднев В.П.; м.ғ.к., доцент Дюсембаев Б.К.; м.ғ.к., доцент Ахметова Г.Д.; м.ғ.к., доцент Бедельбаева Г.Г.; Альмухамбетов М.К.; Ложкин А.А.; Маденов Н.Н.
Алматы мемлекеттік дəрігерлер біліміг жетілдіру институтыеың «Шұғыл медицина» кафедрасының меңгерушісі – м.ғ.к., доцент Рахымбаев Р.С.
Алматы мемлекеттік 
дəрігерлер біліміг жетілдіру институтыеың «Шұғыл медицина» кафедрасының қызметкерлері: м.ғ.к., доцент СилачевЮ.Я.; Волкова Н.В.; Хайрулин Р.З.; Седенко В.А.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх