Войти

Көз жарақаттары, бөгде затты алып тастау, балаларға эписклералық бітеме жасау

H-S-027

РЦРЗ (Республиканский центр развития здравоохранения МЗ РК)
Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Проникающая рана глазного яблока с инородным телом (S05.5)

Анықтамасы

Анықтамасы

 
Анықтамасы:

Көз жарақаты - бөгде дене енуімен болатын көз алмасының ішіне енген жарақаты.

Хаттама коды: H-S-027 "Көз жарақаттары, бөгде затты алып тастау, балаларға эписклералық бітеме жасау"
Хирургиялық саладағы стационарлар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):
S05.5 Бөгде денесі бар көз алмасының ішіне енген жарақаты
T15 Көздің сыртқы бөлігіндегі бөгде дене
T15.0 Мөлдір қабықтағы бөгде дене
T15.1 Конъюнктива қапшығындағы бөгде дене
T15.8 Көздің сыртқы бірнеше бөлігіндегі бөгде дене
T15.9 Көздің сыртқы анықталмаған бөлігіндегі бөгде дене
 
Мобильное приложение "MedElement"

- Профессиональные медицинские справочники. Стандарты лечения 

- Коммуникация с пациентами: онлайн-консультация, отзывы, запись на прием

Скачать приложение для ANDROID / для iOS

Мобильное приложение "MedElement"

- Профессиональные медицинские справочники

- Коммуникация с пациентами: онлайн-консультация, отзывы, запись на прием

Скачать приложение для ANDROID / для iOS

Жіктемесі

 
Жіктемесі:
1. Зақымдалу тереңдігі мен ауырлығы: ішіне енген, тесіп өткен, көздің бұзылуы.
2. Жарақаттың орналасқан жеріне байланысты: мөлдір қабықта, мөлдір-ақ қабық аймағында, ақ қабықта.
3. Көз алмасы ішіндегі құрылымдардың түсіп қалуы: түсіп қалмаған немесе соғылмаған, түсіп қалған немесе соғылған.
4. Жарақаттық катаракта: жарақатсыз катаракта, жарақаттан болған катаракта.
5. Көзді зақымдаған бөгде дене: магниттік, магниттік емес, бөгде дененің магниттілігі анықталмаған, бөгде дененің бар екендігі анықталмаған; орналасқан жері - көзде, көзұяда, мида, қосалқы қойнауларда.

Диагностика

 
Диагностика критерилері: көздің ауыруы, көзде жарақаттың болуы, көру өткірлігінің төмендеуі, жарықтан қорқу, блефароспазм.

Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Арнайы лампа арқылы биомикроскопия.
2. Офтальмоскопия.
3. Көру өткірлігін бағалау.
4. Көзді УДЗ.
5. Көзұяның рентгенографиясы.
6. ЭКГ.
7. Баканализге жағынды алу.
8. Жалпы қан анализі (6 параметрі).
9. Жалпы несеп анализі.
10. Нəжісті құрт жұмыртқаларына тексеру.
11. Глюкозаны анықтау.
12. АЛТ анықтау.
13. АСТ анықтау.
14. Педиатрдің консультациясы.

Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
1. Тонометрия.
2. Ұшқындар бірігуінің критикалық жиілігін зерттеу.
3. Электрофосфен.
4. Электроретинография.
5. Микрореакция.
6. Капиллярлық қанның ұю уақытын анықтау.
7. Тромбоциттерді санау.
8. Гониоскопия.

Емдеу тактикасы

 
Емдеу əдісі: бөгде дененің орналасқан жерін анықтау, көз ішіндегі құрылымдардың зақымдалу сипатын анықтау, сіреспеге қарсы сарысу немесе анатоксин енгізу, жарақатқа микрохирургиялық өңдеу жасау, бөгде денені трансвитреалді немесе диасклералді əдіспен алып тастау.

Операция: мөлдір қабықтың жарығын тігу.

Басқа операция түрлері:
12.00 Көз ішіндегі бөгде денені көздің алдыңғы сегментінен алып тастау.
12.81 Ақ қабықтың жарығын тігу.
14.00 Бөгде денені көздің артқы сегментінен алып тастау.
14.01 Бөгде денені көздің артқы сегментінен магнит көмегімен алып тастау.
14.02 Бөгде денені көздің артқы сегментінен магнит қолданбай алып тастау.
14.74 VITPAK (витреотом) жиынтығы қолданылатын механикалық витрэктомияның басқа түрлері.
14.75 Шынытəрізді денені ауыстырушыны енгізу (жабысқақ сұйықтыққа инъекция жасауға арналған жиынтық; силикон, перфлюорон, лазерлік эндозонд).
13.41 Көзбұршақ массасына вискоэластиктер енгізе отырып аспирация жасау, көрсеткіштер бойынша - жасанды көзбұршақтың бір сəттік имплантациясы (сулькустық үлгі (модель) Crystal жəне т.б.). Ішіне енген жарақатқа герметизация жасау.

Операциядан кейінгі кезеңде қабынуға қарсы ем жүргізу - (дексаметазон 0,1% 1 тамш. х 6 рет күніне, дексаметазон парабульбарлы 7-10 күн, көрсеткіштер бойынша - преднизолон б/і, метронидазол в/і, диклофенак 1 тб х 3 рет - 15 күн, антибактериялық ем (хлорамфеникол 0,25% 2 тамш. х 6 рет күніне), гентамицин 40 мг, гентамицин 80 мг п/б, б/і; сіңіру емі (церебролизин парабульбарлы, бұлшықет ішіне); дезинтоксикациялық (реополиглюкин вена ішіне), маннитол көрсеткіштер бойынша; гемостатикалық (этамзилат п/б жəне б/і 5-7 күн).

Жабыспа пайда болуының алдын алу үшін: тропикамид 2 тамш. х 2 рет күніне, атропин 2 тамш. х 2 рет күніне, көзде ауыру сезімі болса, кеторолак бұлшықет ішіне, эпителиздеуші: торпақтың қанынан алынған депротеинделген дериват көзге арналған гель, көрсеткіш бойынша торпақтың қанынан алынған депротеинделген дериват бұлшықет ішіне.

Оң нəтижелі ағымда - ем 12 тəулік, асқынған ағымда – 15-тен жоғары.

Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1. *Дексаметазон ерітіндісі (көз тамшылары) 0,1% 10 мл
2. *Преднизолон инъекцияға арналған ерітінді 30 мг/мл
3. *Метронидазол инфузияға арналған ерітінді 0,5 флаконда 100 мл
4. Диклофенак натрий 25 мг, 100 мг, 150 мг табл.
5. *Хлорамфеникол ерітіндісі (көз тамшылары)
6. *Гентамицин инъекцияға арналған ерітінді 40 мг/мл, 80 мг/2 мл ампулада
7. *Шошқаның миынан алынған пептидтер кешені, инъекцияға арналған ерітінді 5, 10 жəне 20 мл
8. *Маннитол ерітіндісі 10%, 20% флаконда 100 мл, 500 мл
9. Этамзилат инъекцияға арналған ерітінді 125 мг, 250 мг/2 мл, амп.
10. *Атропин ерітіндісі (көз тамшылары) (сульфат) 0,1%, 0,5%, 1% 1 мл-ден

Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі: жоқ.

Келесі кезеңге ауыстыру критерилері: қабыну процесін тежеу.


* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. 1. National Guideline Clearinghouse. Guideline. Eye Injuries. 2005 2. DUODEMECUM Medical Publications. Eye Injuries. 2001

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі: Краморенко Ю.С., ҚР ДСМ Көз аурулары ҒО.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх