Войти

Күйік

PN-S-002

РЦРЗ (Республиканский центр развития здравоохранения МЗ РК)
Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Термический ожог неуточненной степени неуточненной локализации (T30.0)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы

Термиялық, химиялық немесе сəулелік энергиямен зақымдалуларды күйіктер деп атаймыз. Күйіктің ауырлығы зақымдалған тіндердің көлемі мен тереңдігімен
анықталады. Зақымдалған тіндердің көлемі мен тереңдігі неғұрлым көп болса, соғұрлым күйіктің ауырлық дəрежесі ауыр болады.


Хаттама коды: PN-S-002 "Күйік"
Хирургия саладағы медициналық пункттар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары): Т30  Дененің анықталмаған бөліктеріндегі термиялық жəне химиялық күйіктер.

Мобильное приложение "MedElement"

- Профессиональные медицинские справочники. Стандарты лечения 

- Коммуникация с пациентами: вопросы, отзывы, запись на прием

Скачать приложение для ANDROID / для iOS

Мобильное приложение "MedElement"

- Профессиональные медицинские справочники

- Коммуникация с пациентами: вопросы, отзывы, запись на прием

Скачать приложение для ANDROID / для iOS

Жіктемесі


Жіктемесі
Зақымдалудың тереңдігіне байланысты күйіктің төрт дəрежеге бөледі:
- I дəрежесі – терінің айқын қызаруымен ісінуі;
- II дəрежесі – сарысумен толған көпіршіктердің түзілуі;
- III А дəрежесі – эпидермистің некрозы (терінің емізікті қабатына дейін);
- III Б дəрежесі – терінің барлық қабаттарының толық некроздалуы;
- IV дəрежесі – тері жəне оның астындағы қабаттардың некроздануы.
 
АХЖ - 10 күюдің тереңдігіне байланысты жіктелудің 3 дəрежесін қарастырады.

Қауіп-қатерлі факторлар


Қауіп-қатерлі факторлар: отпенен, электр тогымен, түрлі күйдіргіш сұйықтармен абайлап жұмыс істеу, ұзақ уақыт күн жəне иондаушы сəулелер астында болу.

Диагностика


Диагностика критерилері:

I – II дəрежесі - терінің сезімталдығы бұзылмаған, 
капиллярлы оң реакция (теріні саусақпен басқанда бозарады, ал оны жібергенде қайтадан қызарады, тері беті ылғалды).

II дəрежесі  - кезінде көпіршіктер күйік алғаннан кейн 2  
сағат өткен соң дамиды, көпіршіктер бірен-саран, ұсақ, іші сарысумен толы.

III дəрежесі - 
терінің сезімталдығы жəне капиллярлы реакция жоғалған, терісі құрғақ, айқын ісінген, тері бетіндегі көпіршіктер іші қанды сарысумен толған, некроздық өзгерулер анықталады.
 
Электрлік күйіктер үнемі терең болады. Шыдатпайтын қатты ауру сезімі, тоңып-қалтырау, пульстің жиілеуі анықталады. Шектеулі аймақтың күюі көбіне жергілікті процесспен шектеледі. Көлемді жердің күюінде, ІІ-ІІІ дəрежелі аймақтың күюі кезінде ересек адамдарда денесінің 25%-ы, балалар мен қарттар денесінің 10%-ы күйгенде айтарлықтай жалпы өзгерістер болып, күйік ауру дамиды.

Күйік ауруының келесі кезеңдерге (сатыларға) бөледі: күйіктік шок, 
жедел токсемия, септикотоксемия жəне жазылу.
 
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі: жоқ
 
Қосымша диагностикалық шаралар тізімі: жоқ

Емдеу тактикасы


Емдеу тəсілі:
- жарақаттанғанды түпкілікті қарау, күюдің түрін жəне оның дəрежесін анықтау;
- күю алаңын анықтау жəне химиялық күйік болған жағдайда химиялық реагенттің болуын анықтау;
- термиялық күю кезінде – күйік алған жерді суық сумен салқындату (t 20-25 °C) 10 мин;
- химиялық күю кезінде – ағынды сумен күйген аймақты 30 минут жуу (сөнбеген əктаспен күйген кезде сумен жууға қатаң түрде тиым салынады!).
 
Термиялық жəне химиялық күйік кезінде:
- трамадол 100-200 мг көктамыр ішіне (бұлшықетке) немесе анальгин 50% ерітіндісі 2-4 мл бұлшықетке. Наркотикалық анальгетик ұсынылмайды;
- күйген аймақты күюге қарсы аэрозолмен өңдеу;
- асептикалық (стерильді) таңғыш немесе стерильді жаймамен орау;
 
Термоингаляциялық зақымдалу кезінде, сыртқы тыныс алу қызметін бақылап қадағалау, көмейдің ісініп тұншығу болса – трахеостомия, коникотомия.
Күйіктік шок кезінде қосымша: глюкоза 5% ерітіндісі, немесе реополиглюкин көктамырға тамшылатып инфузии жылдамдығы сағатына 2 л ересектерге жəне 0,5 л балаларға. Дифенгидрамин 1% ерітіндісі 1 мл, преднизолон 60-90 мг, трамал 100-200 мг көктамырға. Инфузионды емнің көлемі стационарға жеткізу уақытымен анықталады.
 
Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1. * Иньекцияға арналған натрий метамизол ерітіндісі 100 мкг/1 мл, амп.
2. * Қаннан алынған препараттар, плазма ауыстырғыш заттар (полиглюкин).
3. *Трамадол капсула 50 мг; ампуладағы ерітіндісі 50 мг/1 мл.
4. * Иньекцияға арналған дифенгидрамин ерітіндісі 1% 1 мл.
5. * Иньекцияға арналған преднизолон ерітіндісі 30 мг/мл; таблетка 5 мг.
 
Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі: жоқ
 
Емдеуді келесі кезеңіне ауыстыру критерилері:
а) күйіктік шок;
б) термоингаляциялық зақымдалу;
в) жіті улану белгілерімен химиялық күюлер;
г) ІІ дəрежелі күюмен зақымдалғандар денесінің 10%-ы (ІІ дəрежелі балалар денесінің 5%- ы). III дəрежелі 3%-тен көп (күюдің ІІІ дəрежесі болған барлық балалар). ІІІ дəрежелі барлық алаңның күюі, егерде бет, алақан, аяқбасы, аралықтың электрмен күюінде.
 
Жарақат алушылар зембілде жайлы жатқызылып тасымалданады. Химиялық күю кезінде науқасты токсикологиялық бөлімшеге жеткізеді. Шұғыл түрде стационарға жеткізуге көрсеткіш болмағанда жарақат алушы тұратын мекен-жайындағы емханаларда емделеді.
Кеңес алу ОДА.
 
Ем тиімділігінің индикаторлары: күттірмейтін медициналық көмек көрсету, көрсеткішіне байланысты шұғыл тасымалдау.

* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар.

Ақпарат

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі: Ячменев В.М., республикалық медициналық колледж.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх