Күйдіргіш химиялық қосылыстардан ересектердің улануы

H-S-039

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Токсическое действие Едких кислот и кислотоподобных веществ (T54.2)

Анықтамасы

Анықтамасы

 
Анықтамасы:

Улы химиялық заттардың потенциалдық уытты мөлшерлерін бір рет қабылдаудың нəтижесінде олардың организмге жергілікті күйдіретін жəне жалпы резорбтивтік əсеріне байланысты дамитын патологиялық жағдай.
 
Хаттама коды: H-S-039 "Күйдіргіш химиялық қосылыстардан ересектердің улануы"
Хирургиялық саладағы стационарлар үшін
АХЖ-10 бойынша коды:
T54.2 Қышқылдар мен қышқылтəрізді заттардың уыттық əсері
T54.3 Сілтілер мен сілтітəрізді заттардың уыттық əсері
 

Жіктемесі

 
Жіктемесі:
1. Улану себебі бойынша:
- кездейсоқ;
- əдейі қабылданған (суицидтік).
2. Ауырлық дəрежесі бойынша:
- жеңіл дəреже;
- орташа дəреже;
- ауыр дəреже.
3. Жергілікті химиялық зақымдалу сипаты бойынша:
- коагуляциялық өліеттенумен көрініс табатын күюлер (қышқылдар);
- колликвациялық өліеттенумен көрініс табатын күюлер (сілтілер).

Диагностикасы

 
Диагностикалық критерийлер: қышқылдармен улану.
Қышқылдармен уланғанда қышқыл əсер еткен жергенде тіндер күйіп қалады. Қышқылдардың жəне тіндердің ыдырау өнімдерінің сіңуі жалпы уыттық əсер көрсетеді. Аздиссоциацияланатын органикалық қышқылдармен уланғанда резорбтивтік əсер айқын, ал диссоциация константасы жоғары қышқылдар көбінесе жергілікті зақымдалу симптодарын туғызады.

Асқазан мен онекіелі ішектің шырыштық қабықтарының күюі жəне зақымдалуы сұйықтық мен электролиттерді көп жоғалтуға алып келеді, құсу мен іш өту дамиды. Тамырлық қабырғаның зақымдалуы қанның сұйық бөлігінің тінге шығуын жоғарылатып, гиповолемияны күшейтеді. Диссоциацияланбаған сірке қышқылы қанға түскенде эритроциттердің гемолизін тудырады, олардан гемоглобин босап шығып, сірке қышқылының əсерінен гем мен глобинге ыдырайды. Эритроциттердің мембраналары бүйректік өзекшелерді тығындап, фильтрациялық қызметі бұзып, жіті бүйректік жетіспеушілік дамиды.

Токсикогендік саты (күйдіретін удың организмге əсерінен дамитын патологиялық реакциялар), соматогендік саты (басым жағдайда күйдіретін уды организмнен аластағаннан кейін дамитын патологиялық реакциялар) ажыратылады.

Клиникалық көріністер: жергілікті, химиялық күюдің нəтижесінде, көбінесе асқазан-ішек жолдарының, сонымен қатар тыныс алу жолдарының қышқыл буларымен дем алғанда немесе қышқылдардың аспирацияланған құсықпен түскендегі химиялық күюі. Химиялық күюлер ағымы кезеңдерге бөлінуімен сипатталады.
Бірінші кезең – түрлі тереңдік пен көлемдегі жедел зақымдалу (уланудың бірінші аптасы), коагуляциялық өліеттену – 24-48 сағ.
Екінші кезең – грануляциялық тіннің түзілуі (алғашқы екі апта), бұл кезеңде күйген беткейдің перфорациясы даму мүмкіндігі жоғары.
Үшінші кезең – тыртық немесе стриктураның түзілуі. Фиброздың тін 2-4 апта өткеннен кейін дами бастайды.

Жалпы көріністер: күйдіретін удың резорбтивтік əсеріне, оның гемолиздік қабілеттілігі, асқазан-ішек жолдары, тыныс алу жолдарының шырыштық қабығының, əрі тамырлыққабырғаның жасушалық жарғақтарын бұзу қабілеттілігі.

Асқынулар: уыттық сатыда (1-2 тəул.) - гипотензия, экзотоксикалық шок (қанның сұйық бөлігінің жасушааралық кеңістікке шығуы), асқазан-ішек жолдарында ерте алғашқы қан ағулар (тамырлық қабырғаның зақымдалуы, уланудың алғашқы сағаттары), ерте екіншілік (1-2 тəулік, тромбтардың лизисі), көмейдің ісінуі, тесілуі (жергілікті химиялық күюді одан сайын тереңдететін биологиялық белсенді заттардың шығуы), өкпенің ісінуі (альвеолярлық-қылтамырлық қабырғаның зақымсдалуы, биологиялық белсенді заттардың шығуы, қанның сұйық бөлігінің шығуы).

Соматогендік сатыдағы асқынулар: 3 тəуліктен кейін, асқазан-ішек жолдарынан қан ағулар, трахеобронхиттер мен пневмониялар, жіті бүйрек-бауырлық жетіспеушілік (жіті гемоглобинуриялық нефроз), коагулопатиялар, өңеш пен асқазанның тыртықтың деформациялары, өңеш пен асқазанның деформация ұшыраған қабырғаларының малигнизациясы.

Шағымдары мен анамнез: лоқсу, құсу, іш өту, жиі қанаралас, жұтқыншақтағы, өңеш бойындағы, эпигастрийде ауырсыну, тыныс алудың қиындауы, сілекей бөлінудің жоғарылауы, жалпы əлсіздік, шөлдеу.

Физикалық қарап-тексеру: психо-моторлық қозу, экзофтальм, күюдің иекте, мойындағы іздері, гиперемия, ауыз қуысының шырыштық қабығының, аранның ісінуі, гиперсаливация, айқын құсу рефлексі, терілік жабындының бозғылттығы, құрғақтығы, дауыстың қарлығуы, тыныстың қиындауы, аускультация кезінде өкпеде тыныстың əлсіреуі, өкпе ісінуінде түрлі калибрлі сырылдар, тахикардия, гипотензия, пальпация кезінде эпигастридегі ауыру сезімі, бауырдың үлкеюі, Пастернацкий симптомы екі жақта да оң, гипертермия, іш өту, нəжіс қан аралас болуы мүмкін, олигоанурия.

Лабораторлық зерттеу: қан мен несепте гемолиздің анықтамасы, эритроциттердің, гемоглобиннің азаюы, трансаминазалардың, азот алмасу өнімдерінің, билирубиннің көбеюі, электролиттер деңгейінің төмендеуі, гипо жəне гиперкоагуляция белгілері, несепте белоктың, жаңа жəне өзгерген эритроциттердің болуы, лейкоциттердің көбеюі.

Иснструменталдық зерттеулер:
ФГДС
1-10 күн: катаралдық, катаралдық-фибриноздық қабыну, АІЖ эрозивтік, эрозивтік-ойық жаралық зақымдалулар, кең көлемдік қанкетуілер, қан ағулар, ойық жаралық-өліеттенулік зақымдалулар. 
11-12 күн: грануляциялық тіннің дамуы, уланудан кейін 2-4 айдан кейін өңештің кеуделік жəне төменгі бөлігінің тыртықтық деформациясы.

Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер: ерте, кеш қан ағуларда, асқазан, өңеш қабырғасының перфорациясы, өңеш стриктураларында хирург кеңесі. Жіті бүйректік жетіспеушілік кезінде нефролог кеңесі.

Негізгі диагностикалық шаралар:
- гемолизге қан;
- гемолиз несеп;
- қанды жалпы талдау;
- несепті жалпы талдау;
- креатинин деңгейін анықтау;
- қалдық азот деңгейін анықтау;
- трансаминазалар деңгейін анықтау;
- гликемия деңгейін анықтау;
- билирубин деңгейін анықтау;
- калий деңгейін анықтау;
- натрий деңгейін анықтау;
- қышқыл-сілтілік жағдайды анықтау;
- коагулограмма;
- ФГДС.

Қосымша диагностикалық шаралар:
- өкпе рентгенографиясы;
- іш қуысы ағзаларын УДЗ;
- өңеш, асқазан рентгенографиясы;
- ЭКГ;
- қан диастазасының деңгейін анықтау;
- несеп диастазасының деңгейін анықтау.

Сілтілермен улану: сілтілер шырышты жəне жасушалардың белоктық субстанциясын ерітеді, майларды байланыстырып, сілтілік альбуминаттарды түзеді, тіндерді жұмсартып, удың терең қабаттарға сіңуіне жағдай тудырады. Сілтілер өңеште терең күйіктер қалдырады, ал асқазан қышқылдармен уланғанға қарағанда асқазандық сөлдің бейтараптаушы əсеріне байланысты шамалы ғана зақымдалады. Резобрция сатысы 0,5-2 сағат.

Клиникалық көріністер: негізінен жергілікті көріністерге байланысты. Шырыштық жəне шырышастылық қабаттардың ісінуі, шырыштық қабықтың десквамацияға ұшырауы, зақымдалмаған тіндерден айқын шекараның болмауы. Организмнің қышқыл-сілтілік жағдайының бұзылыстары дамуы мүмкін.

Асқынулар 
Уыттық сатыда - қан ағулар, жоғарғы тыныс алу жолдарының обструкциясы, өңештің перфорациясы, медиастениттің дамуы, асқазанның перфорациясы мен перитониттің дамуы, сепсис.
Соматогендік сатыда - өңеш стриктураларының дамуы, асқазанның қақпалық бөлігінің стенозы, байламүстілік кеңістіктің фиброздық өзгерістері, уланудан кейінгі кеш кезеңде ісіктің (аденокарцинома) дамуы.

Шағымдары мен анамнез: лоқсу, құсу, қан ағулар кезінде қанмен құсу, жұтқыншақтағы, өңештің боуында, эпигастрийде өте қатты ауыру сезімі, жалпы əлсіздік, бас айналу, тыныстың қиындауы.

Физикалық қарап-тексеру: ауыз қуысының, аранның, көмейдің шырыштық қабығының ісінуі, шырыштық қабықтың беткейі борпылдақ, зақымдалған беткей сілікпетəрізді, шынытəрізді, зақымдалмаған тіндермен айқын шекара жоқ, қанаралас құсулар, пальпация кезінде эпигастрий аймағында ауырсыну, өкпеде аускультация кезінде тыныстың əлсіреуі, құрғақ жəне ылғалды сырылдар, тахикардия, ауырсыну шогы.

Лабораторлық зерттеулер:
- лейкоцитоз (бактериялық инфекция қосылса);
- метаболиттік ацидоз.

Инструменталдық зерттеу: ФГДС (əрбір нақты жағдайда өңеш пен асқазан қабырғасының перфорациясы қауіпі болғандықтан мұқият талданады). ФГДС кезінде колликвациялық өліеттену көріністері анықталады.

Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер:
- қанағулар, перфорациялар, медиатсенитті шектеу үшін хирург кеңесі;
- кеш асқынулар кезінде (аденокарцинома) онколог кеңесі.

Негізгі диагностикалық шаралар:
- қанды жалпы талдау;
- несепті жалпы талдау;
- калий деңгейін анықтау;
- натрий деңгейін анықтау;
- қышқыл-сілтілік жағдайды анықтау;
- ФГДС.
 
Қосымша диагностикалық шаралар:
- өкпе рентгенографиясы;
- іш қуысы ағзаларын УДЗ;
- өңеш, асқазан рентгенографиясы;
- ЭКГ;
- қан диастазасының деңгейін анықтау;
- несеп диастазасының деңгейін анықтау;
- креатинин деңгейін анықтау;
- қалдық азот деңгейін анықтау;
- трансаминазалар деңгейін анықтау;
- гликемия деңгейін анықтау;
- билирубин деңгейін анықтау.

Калий перманганатымен улану
Калий перманганаты - өте күшті тотықтырғыш, тіндермен жанасқанда марганецтің қостотығына, күшті сілті мен атомарлық оттегіге дейін ыдырайды. Осы атомарлық оттегі мен сілті химиялық күйікті шақыратын негізгі зақымдаушы агенттер болып табылады.

Клиникалық көріністер: негізінен химиялық зақымдалудың жергілікті көріністеріне - ауызжұтқыншақ пен көмейдің зақымдалған тіндерінің айқын ісінуіне байланысты. Резорбтивтік əсерлері сирек кездеседі. ОЖЖ (психомоторлық қозу, тырысулар), бауыр, бүйрек, жүректе (жүрек-тамырлық жетіспеушілік) марганец мөлшерінің көбеюіне, сонымен қатар қанда калий мөлшерінің жоғарылауына байланысты. Калий перманганатымен улану кезіндегі метгемоглобинемия (гемоглобиндегі темірдің тотығуы) гипоксия мен жүрек-тамырлық жетіспеушілікті одан əрі ауырлата түседі.

Асқынулар: экзотоксикалық шок, қан ағулар, көмейдің ісінуі нəтижесіндегі асфиксия, жүрек-тамырлық жетіспеушілік, жоғарғы тыныс алу жолдарының обструкциясы, пневмониялар, флегмоналар, абсцесстер, өңештің перфорациясы нəтижесінде медиастениттің дамуы, асқазанның перфорациясы нəтижесінде перитониттің дамуы, уыттық гепатопатиялар, нефропатиялар, екіншілік инфекцияның қосылуы.

Шағымдар мен анамнез: лоқсу, құсу, қан ағулар кезінде қанмен құсу жұтқыншақтағы, өңештің боуында, эпигастрийде өте қатты ауыру сезімі, жалпы əлсіздік,
бас айналу, тыныстың қиындауы.

Физикалық тексеру: калий перманганаты кристаллдарынан бет терісінде, ауыз қуысының, еріннің, тілдің, жұтқыншақтың, көмейдің шырыштық қабатында айқын күлгін түсті нүктелік күюлер, ауыз қуысының, аранның, көмейдің шырыштық қабатының ісініп, қанталайтын эрозиялардың болуы. Қанаралас құсу, пальпация кезінде эпигастрий аймағында ауырсыну, өкпеде аускультация кезінде тыныстың əлсіреуі, құрғақ жəне ылғалды сырылдар, тахикардия, ауырсыну шогы.

Лабораторлық зерттеулер:
- лейкоцитоз (екіншілік инфекция қосылғанда);
- гиперкалийемия;
- метгемоглобинемия;
- трансаминазалар көбеюі;
- азот алмасу өнімдерінің көбеюі.

Иснструменталдық зерттеулер:
- ФГДС;
- ЭКГ.

Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер: қанағулар, перфорациялар, медиатсенитті шектеу үшін хирург кеңесі.

Негізгі диагностикалық шаралар:
- қанды жалпы талдау;
- несепті жалпы талдау;
- калий деңгейін анықтау;
- натрий деңгейін анықтау;
- қышқыл-сілтілік жағдайды анықтау;
- креатинин деңгейін анықтау;
- қалдық азот деңгейін анықтау;
- трансаминазалар деңгейін анықтау;
- гликемия деңгейін анықтау;
- билирубин деңгейін анықтау;
- ФГДС.

Қосымша диагностикалық шаралар:
- өкпе рентгенографиясы;
- іш қуысы ағзаларын УДЗ;
- өңеш, асқазан рентгенографиясы;
- ЭКГ.

Дифференциалды диагноз


Қышқылдармен улану

Нозологиялық бірлік Ажыратпалық диагностикалық белгілері
Гемолиздік улар Күю беткейінің болмауы
Сілтілер Эритроциттер гемолизінің болмауы


Сілтілермен улану

Нозологиялық бірлік Ажыратпалық диагностикалық белгілер
Асқазанның ойық жара ауруында
асқазаннан қан кетуі, өңештің веналық
тамырларының варикоздық кезіндегі
дамитын қан ағулар жəне т.б.
Анамнез, АІЖ химиялық зақымдалуының
объективтік мəліметтерінің болмауы, ФГДС
химиялық зақымдалу белгілерінің болмауы
Қышқылдар Эритроциттер гемолизінің болуы


Калий перманганатымен улану

Нозологиялық бірлік Ажыратпалық диагностикалық белгілер
Асқазанның ойық жара ауруында
асқазаннан қан кетуі, өңештің
веналық тамырларының варикоздық
кезіндегі дамитын қан ағулар жəне
т.б.
Анамнез, АІЖ химиялық зақымдалуының
объективтік мəліметтерінің болмауы, ФГДС
химиялық зақымдалу белгілерінің болмауы
Қышқылдар Эритроциттер гемолизінің болуы
Абсцесстер, флегмоналар
Анамнез, АІЖ химиялық зақымдалуының
объективтік мəліметтерінің болмауы, ФГДС
мəліметтері

 

Емдеу тактикасы

 
Емдеу тактикасы

Емдеу мақсаты:
1. Интоксикация симптомдарын тоқтату.
2. Зақымдалған ағзалар мен жүйелердің қызметін қалпына келтіру.

Дəрі-дəрмексіз ем:
- уыттық сатыда жəне соматогендік сатыда асқынулар дамығанда төсектік тəртіп
- диета: жеңіл күю кезінде - 1-нші апта - стол №1а Певзнер бойынша, кейінгі 2 аптада - стол №1. Асқазанның орташа дəрежедегі күюінде алғашқы 2 аптада - стол №1а, 3-нші апта - стол №1б, ауруханадан шыққаннан кейін (15-20-нші күн - стол №1, 2-3 апта бойы).

Ауыр дəрежедегі күю: алғашқы күндері - парентералдық тамақтандыру немесе энтералдық зондтық, 5-7-нші күні жұтыну қалпына келгеннен кейін - сүт, кілегей, жұмыртқа, кисель, сілікпе, балмұздақ, одан кейін 2-3 апта - стол №1а, əрі қарай №1б (1-2 апта), (Е.А. Лужников, Л.Г. Костомарова , 2001 ж.).

Теріге тигенде көп мөлшердегі сумен жуу, сілті теріге тигенде - сірке немесе лимон қышқылдарының 5% ерітінділерімен жуу, сілті көзге түскенде сумен 5 минут, əрі қарай антрий хлоридінің изотониялық ерітіндісімен жуу, калий перманганатымен уланғанда - ауыз қуысын аскорбин қышқылының 1% ерітіндісіне малынған салфеткамен 2-3 рет өңдеу.

Ауыз арқылы уланғанда - асқазанды 6-9-ншы күндері кеш кезең де көп мөлшерде вазелинмен майланған тек зонд арқылы суық сумен, сілтілермен уланғанда сумен араластырылған қайнамаған сүтпен, калий перманганатымен уланғанда аскорбин қышқылының 0,5-1% ерітіндісімен жуу, одан кейін қышқылдармен уланғанда белсендірілген көмір ішке, сілтілермен уланғанда белоктық су (тауық жұмыртқасының 4 белогы 1 л суға), калий перманганатымен уланғанда 50-100 мл аскорбин қышқылы 1 ас қасықтан жарты сағат сайын (Кагарлицкий А.А. и др. 1975 г.).

1. Ішке - өсімдік майы.
2. Жоғарғы тыныс алу жолдарының химиялық күюі кезінде - трахеостомия.
3. Гипербариялық оксигенация (жаралық беткейдің эпителизациясы).

Дəрі-дəрмектік ем 
Жіті кезеңдегі орташа ұзақтығы: 1 дəр. күю 10-12 күн, 2 дəр. күю – 14-18 күн, 3 дəр. күю. – 1,5-2 ай. (Цветков Э.А., Неженцев М.В., 1983 ж.).

Механикалық асфиксия кезінде – кеңірдектің интубациясы, əрі қарай ӨЖВ ауыстыру.

Ісінуіге қарсы терапия:
1. Преднизолон 0,5 - 2 мг/кг/тəул. 4-ке бөліп енгізу, т/і.
2. Атропин 0,01 мкг/кг (балаларға 3 жастан бастап).
3. Дифенгидрамин 1%- 5мг/кг/тəул.
4. Фуросемид 1-2мг/кг (инфузиядан кейін).
5. Ауыз қуысын натрий гидрокарбонатының 2% ерітіндісімен немесе лидокаин ерітіндісімен өңдеу

Ауыру сезімін азайту:
1. Наркотикалық анальгетиктер - морфин 0,003-0,01 г/1 рет қабылдауға.
2. Спазмолитиктер - дротаверин 0,01- 0,02 г 4-8 раз/тəул.
3. Алюминий гидрототығы, смектит алғашқы тəулікте 1 сағат сайын, ауыр жағдайларда 20 күнге дейін, күніне 3-4 рет.
4. Лидокаин - аэрозоль.

Хлорид иондары мен сутегінің секрециясын азайту:
1. Атропин 0,01 мкг/кг (балаларға 3 жастан бастап).
2. Протон помпасының блокаторы: омепрозол - 4 апта.
3. Н2-литиктер - ранитидин амп. 25 мг,  8-12 апта.
4. Антацидтер: құрамына алюминий гидрототығы кіретін жұптастырылған препараттар. 

Өңеш стриктураларын алдын алу:
1. Преднизолон 0,5-2 мг/кг/тəул, 3-5 апта.

Гиповолемиялық шокпен күресі: инфузиялық терапияның көлемі гиповолемия деңгейне байланысты, декомпенсацияланған шок кезінде ерітінділерді ағызып, одан кейін тамшылатып енгізеді.
1. 20% глюкоза 20 мл/кг/тəул., инсулинмен (глюкозаның 5,0-10,0 г 1 бірл.)
2. Декстран 10 мл/кг
3. Пентакрахмал 10 мл/кг
Нəтиже болмаса адреномиметиктер: эпинефрин 0,1- 0,2 мкг/кг, мезатон – 1мкг/кг тағайындалады.

Метаболиттік ацидоз жою:
1. Натрий гидрокарбонаты - 5%- 5-7 мл/кг (ҚСЖ бақылауымен).

Дезинтоксикациялық терапия:
1. Жеделдетілген диурез (гимодинамика тұрақтандырылғаннан кейін, диурез бақылауымен), 15-20 мл/кг/сағ., синтетикалық төменгі молекулалық қан алмастырушылары мен глюкозалық-тұздық ерітінділермен, 2 сағат.
2. 3-нші сағаттан бастап: құрамында калий бар препараттар 100 мл инфузиялық ортаға 7,5% - 1,5-2 мл калий хлориді.
3. Фуросемид 1-3 мг/кг.

Химиялық күюді емдеу:
1. Өсімдік майы, ауыз арқылы.
2. Гипербариялық оксигенация.
3. Алюминий гидрототығы.
4. Квамател 1-2,0 мл т/і

Ерте қанағуларды жою:
1. Жергілікті гипотермия.
2. Гемостатикалық терапия: дицинон 2-4 мл, əр 4-6 сағат сайын.
 
Гиперкоагуляция байқалса:
1. Гепарин 100-150 бірл./кг.
2. Кеш қан ағуларды жою.
3. Қан препараттарын құю (эритроциттер, гемоглобин, коагулограмма бақылауымен).

Инфекциялық асқынулардың алдын алу жəне емдеу:
1. Бензилпенициллин 4 млн/тəул.

Метаболиттік терапия:
1. Тиамин, амп.
2. Токоферол, амп.
3. Аскорбин қышқылы, амп.
4. Пиридоксин, амп.
5. Цианкобаламин, амп.

Гепатотроптық терапия:
1. Адеметионин, амп.
2. Силимарин, амп.

Жасушаларда синтетикалық үрдістерді қалпына келтіру: (Frewel W., Tschamen R., 1984 ) солкосерил алғашқы 3-4 күн ішінде - 0,5 - 1 г/тəул., əрі қарай 1,0 мл 1-2 рет/тəул., 2- 3 апта, əрі қарай ауыз арқылы 3 апта жəне одан да көп бойы апталар бойы.

Калий перманганатымен уланғанда марганецтің уыттық əсерін жою:
1. Тетацин - кальций 2-4 г/тəул.

Профилактикалық шаралар:
1. Нефропатияны алдын алу: гемодинамикалық бұзылыстарды уақытында түзету, гемолизді тоқтату, гемоглобиннің қалдық өнімдерін шығару, ацидозды жою, уыттық коагулопатияны емдеу.
2. Ерте жəне кеш қанағуларды алдын алу: тəртіп пен диетаны уыттық жəне қан ағу қауіпі болғанда соматогендік сатыларда қатаң сақтау, коагулопатияны, гепатопатияны емдеу.
3. Өңеш стриктураларын алдын алу: глюкокортикоидтар (3-5 апта), мырыш сульфаты, бужирлеу (2-3 дəр. күюлерде).

Әрі қарай жүргізу:
1. Ұзақ диета (стол №1, 1а, 1б), себебі осы столдар белоктың қажетті мөлшерін қамтамасыз етеді, толыққанды белокпен толықтырылады (жұмыртқа, ірімшік, қайнатып пісірілген ет), диетаны сақтау ұзақтығы созылмалы гастрит ағымына байланысты. 
2. Диспансерлік бақылау жеңіл дəр. - 6 ай, орташа дəр. - 1 жылға дейін, ауыр дəр. – 5 жылдан кем емес, динамикад бақылаудың негізі эндоскопиялық бақылау болып табылады (Лужников Е.А., Л.Г Ксотомарова, 2000 ж.).
3. Өңеш пен асқазанның тыртықтық тарылуларын хирургиялық емдеу (уланғаннан 6-7 айдан ерте емес).

Негізгі жəне қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:
1. Натрий гидрокарбонаты, ұнтақ пак. 10 г
2. Рингер ацетаты, ерітінді инф./арн. 500 мл
3. Декстроза, амп.
4. Калий хлориді, амп.
5. Адам инсулині, ерігіш, биосинтетикалық
6. Натрия хлориді, 0.9% ерітінді инф/арн. фл. 400 мл
7. Тиамин, амп.
8. Пиридоксин, амп.
9. Токоферол, амп.
10. Аскорбин қышқылы, амп.
11. Декстроза, амп.
12. Натрий метамизолы, амп.
13. Дифенгидрамин, амп.
14. Дротаверин, амп.
15. Метоклопрамид, амп.
16. Фуросемид, амп.
17. Эпинефрин, амп.
18. Атропин, амп.
19. Допамин, амп.
20. Декстран, сүт. масса шамамен 35000, ерітінді и/а фл. 400 мл
21. Норэпинефрин, амп.
22. Адеметионин бутадион сульфат, ұнтақ и/а 400 мг
23. Фамотидин, пор. д/и 20 мг
24. Солкосерил, амп.
25. Гепарин фл.
26. Преднизолон. амп.
27. Алюминий гидрототығы, фл.
28. Морфин, амп.
29. Кальций тетацині, амп.

Ем тиімділігінің индикаторлары:
- экзогендік интоксикацияны жою;
- күюден кейінгі асқынулардың болмауы.

Ауруханаға жатқызу

 
Госпитализациялау үшін көрсетімдер: шұғыл.
Орташа жəне ауыр дəрежедегі уланулар.
Өмірге қауіп төндіретін асқынулардың дамуы.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. 1. И.В. Маркова, В.В. Афанасьев, Э.К. Цыбулькин «Клиническая токсикология детей и подростков» 1999г. 2. Е.А. Лужников, Л.Г. Костомарова «Клиническая токсикология» 2000г. 3. Кагарлицкий А,Д,, Снегач В.Ф., Джунусов Е.Д., «К лечению острых отравлений пераманганатом калия у детей» Здравоохранение Кигизии – 1975г., №2 с 47-48 4. Цветков Е.А., Неженцев М.В. «Лечение химических ожогов у детей» 1983г.

Ақпарат

 
Əзірлеушілер тізімі:
Г.М. Тойбаева, Республикалық токсикологиялық орталықтың дəрігер - токсикологы, токсикологтар қауымдастығының мүшесі, АМДБЖИ токсикология курсының ассистенті.
Р.Б. Сулейменов, Республикалық токсикологиялық орталықтың дəрігер - реаниматологы, токсикологтар қауымдастығының мүшесі.
Р.В. Салов, дəрігер - токсиколог, токсикологтар қауымдастығының мүшесі, АМДБЖИ токсикология курсының ассистенті.
Б.Н. Бажинова, Республикалық токсикологиялық орталықтың дəрігер - реаниматологы, токсикологтар қауымдастығының мүшесі.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх