Кішіжамбасішілік ағзалардың қабынбалы аурулары

P-O-006

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Сальпингит и оофорит неуточненные (N70.9)

Анықтамасы

Анықтамасы

 
Анықтамасы:  Кіші жамбас ағзаларының қабынуларына (КЖАҚ) əйелдердің жыныс жолдары жоғарғы бөліктерінің, жатыр түтіктері, аналық без жəне қоршаған тіндерді қамтыған жұқпалы қабынулары кіреді.


Хаттама коды: P-O-006 "Кішіжамбасішілік ағзалардың қабынбалы аурпулары"
Акушерлік-гинекологиялық саладағы поликлиникалар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):  N70 Сальпингит, оофорит.

Жіктемесі


Жіктемесі:
1. Зақымдау деңгейіне қарай:
- жыныс аппаратының төменгі бөлігі (бартолинит, үшкір кондиломалар, вульвовагинит, жатыр мойнының жалған эрозиясы);
- жыныс аппаратының жоғарғы бөлігі (эндометрит,- сальпигоофорит, - тубоовариалдық түзілістер, параметрит, пельвиоперитонит).
2. Ағымына қарай:
- жіті – 2 аптаға дейін;
- жітілеу – ағым ұзақтығы 2 аптадан 2 айға дейін;
- (созылмалы) сүле - сырқаттану ұзақтығы 2 айдан көп .
3. Қоздырғыш сипатына қарай:
- телімді (спецификалық) этиологиялы (соз, түбіркүлез);
- бейтелімді (бейспецификалық).

Қауіп-қатерлі факторлар


Қауіп-қатерлі факторлар:
1.  Жыныстық серіктесін жиі ауыстыру;
2.  Нашар əлеуметтік-экономикалық тіршілік жағдайы;
3.  Білім деңгейінің төмендігі.

Диагностикасы


Диагностика критерилері:
1.Клиникалық көрінісі:
- іштің төменгі екі жағының ауыруы;
- жыныс жолдарынан патологиялық бөліністер
- Қызба
2. Диагностика принциптері:
Шағымдары:
- іштің төменгі екі жағының ауыруы;
- жыныс жолдарынан патологиялық бөліністер
- Қызба.
Əр науқаста клиникалық көрініс ауырлығы əр түрлі болады, тіпті ауру еш белгісіз өтуі де мүмкін.
Объективті мəліметтер:
- жыныс жолдарында сілемейлі-іріңді бөліністер;
- жатыр денесі мен мойнының ауырғыштығы;
- аналық бездің біреуінің немесе екеуінің де көлемінің үлкеюі жəне ауырғыштығы;;
- тубоовариалдық түзілістің болуы жəне ауырғыштығы.

Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Қанның С-реактивті белоктың шоғырлануын (концентрация) анықтау;
2. Хламидия жəне соз инфекциясына зерттеу;
3. Қанның жалпы анализі (саралап анықтау үшін).
4. Зəрдің жалпы анализі (саралап анықтау үшін).
5. ХГЧ анықтау (саралап анықтау үшін).
6. Папаникола бойынша жағынды алу.

Арнайы зерттеулер:
1. Іншек ішін УДЗ.
2. Эндометриядан биопсия алу.

Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
1. Антибиотиктерге сезімталдықты анықтауға бағытталған бактериялық себінді;
2. Иммунограмма.
 

Емдеу тактикасы


Емдеу тактикасы:

Ем мақсаты:  қабынбалық процессті басу

Дəрі-дəрмексіз ем:  жоқ

Дəрі-дəрмектік ем:
Кіші жамбас ағзаларының қабынуы (КЖАҚ) бар науқастарды дұрыс емдеу ауыруға дейін 60 күн бұрын жыныстық қатынаста болған барлық жыныстық серіктерді тексеріп, емдеуду талап етеді.
Бактерияға қарсы ем:
1. Сырттай емдегенде тəулігіне 1 рет 150мг немесе 100мг.,  2 рет доксициклин 10 күннен кем емес ішу тағайындалады. Кіші жамбас аймағында жұқпа болғанда, əр 8 сағат сайын 600мг клиндамицин қабылдауды тағайындау да тиімді.
2. Хламидия мен создың инфекциясын жоққа шығарғаннан кейін, емді тəулігіне 3 рет 500мг цефалексин жəне 400мг метронидазол қосып тағайындаудан бастаған жөн.
3. Соз жұқпасына күдік болса, емді 1 рет 800мг норфлоксацинді немесе 500 мг ципрофлоксацин қабылдаудан, содан соң тəулігіне 1 рет 150 мг немесе тəулігіне 2 рет 100 мг досициклин 10 күн ішумен жалғастыру керек.
4. Егер қаралушыда бактериялық вагиноз анықталса немесе жатыр қуысында ВМС болса, негізгі емге тəулігіне 3 рет 400 мг метронидазол қоса тағайындалады.
5. Кандидоздан сақтандыру жəне емдеу: итраконазол ішуге арналған сұйықтық тəулігіне 200 мг 14 күн немесе аптасына 100 мг флуконазол 6 ай бойына. ВМС алып тастау қажет.
Қаралушының барлық жыныстық серіктеріне тексерілу, қажет болса, емделу ұсынылады.

Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1.*Доксициклин 100 мг капсулада;
2. Норфлоксацин 800 мг
3.Ципрофлоксацин 250мг,500мг таблетка
4. Клиндамицин 150мг,300мг капсула
5. Цефалексин 250мг,500мг табл.,капс.
6. Метронидазол 250 мг.табл.
7. * Итраконазол ішуге арналған сұйықтық 150 мл – 10 мг/мл
8. Флуконазол 50мг, 150мг табл.

Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:  жоқ.

Ем тиімділігінің индикаторлары:  қабынбалық процессті басу.

* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар
 

Алдын алуы


Біріншілік профилактика: ауру дамуына əсер ететін қауіп-қатерлі факторларды жою бойынша профилактикалық шаралар.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1. Lower abdominal pain of gynaecological origin EBM Guidelines. 11.6.2004 2. Association for Genitourinary Medicine (AGUM), Medical Society for the Study of Venereal Disease (MSSVD). 2002 national guidelines for the management of pelvic infection and perihepatitis. London: Association for Genitourinary Medicine (AGUM), Medical Society for the Study of Venereal Disease (MSSVD); 2002. Various p. 3. Клинические рекомендации, основанные на доказательной медицине: Пер. с англ. / Под ред. Ю.Л. Шевченко, И.Н. Денисова, В.И. Кулакова, Р.М. Хаитова. — 2-е изд., испр. — М.: ГЭОТАР-МЕД, 2002. — 1248 с.: ил.

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі:   Рослякова А.В., Алматы қаласы Адам репродукциясы орталығының дəрігер акушер-гинекологы.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх