Войти

Кохлеарлы имплантация

РЦРЗ (Республиканский центр развития здравоохранения МЗ РК)
Версия: ҚР ДСӘДМ клиникалық хаттамалар - 2014

Другие аномалии слухового восприятия (H93.2)

Анықтамасы

Анықтамасы

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрлігінің
«Денсаулық сақтауды дамыту
республикалық орталығы» ШЖҚ РМК
Сараптамалық кеңесінің
2014 жылғы «12» желтоқсандағы
№ 9 хаттамасымен ұсынылған
 
 КИ – жүргізілуі барысында пациенттің ішкі құлағына есту нервісінің сақталған талшықтарын электрлік ширату арқылы дыбыстық ақпаратты қабылдауын қамтамасыз ететін электродтар жүйесі енгізілетін жоғары технологиялық операция.

Хаттама атауы: Кохлеарлы имплантация.
 
Хаттама коды:
 
АХЖ -10 коды (кодтары)
Н 90.3 Есту қабілетін екіжақты нейросенсорлық жоғалту
Н 90.6 Есту қабілетін екіжақты аралас кондуктивтік және нейросенсорлық жоғалту
Н 93.2 Есту түйсігінің басқа да ауытқулары  
 
Хаттамада пайдаланылатын қысқартулар:
АЛТ – аланинаминотрансфераза;
АСТ – аспартатаминотрансфераза;
дБ – децибел;
ТТОАЭ – тежелген туғызылған отоакустикалық эмиссия;
ӨЖЖ – өкпені жасанды желдету;
КИ – кохлеарлы имплантация;
ҚТЕӘ – қысқалатентті туғызылған есту әлеуеттері;
мм – миллиметр;
ЖҚА – жалпы қан анализі;
ЖНА – жалпы несеп анализі;
ЕА – есту аппараты;
см – сантиметр;
ЭКГ – электрокардиография.
 
Хаттаманың әзірленген күні: 2014 жыл.
 
Пациенттер санаты: балалар.
 
Хаттаманы пайдаланушылар: оториноларингологтар (сурдологтар).

Диагностика


Негізгі және қосымша диагностикалық іс-шаралардың тізбесі

Негізгі диагностикалық іс-шаралар:
- ЖҚА;
- коагулограмма (тромбоциттер, БІТУ, ПТИ, ПТУ, фибриноген);
- ЖНА;
- ЭКГ;
- стоматологтың консультациясы;
- қан тобын анықтау (операция алдындағы кезеңде);
- резус факторды анықтау (операция алдындағы кезеңде);
- қанның биохимиялық талдауы (жалпы ақуыз, глюкоза, жалпы билирубин, АЛТ, АСТ, креатинин,сарысулық темір);
- тимпанометрия (операция алдындағы кезеңде);
- имплант электродтары импедансының телеметриясы (интраоперациялық);
- есту нервісінің нервтік жауабының телеметриясы (интраоперациялық);
- акустикалық рефлексті тіркеу (интраоперациялық);
- бассүйек сүйектерінің рентгенографиясы (операциядан кейінгі кезеңде).

Қосымша диагностикалық іс-шаралар:
- электронейромиография (операциядан кейінгі кезеңде КИ жүргізілгеннен кейінгі асқынулар жағдайларында/ бет нервісінің нейропатиясы кезінде). 

Емдеу тактикасы


Емшараны/араласуды өткізу мақсаты:
Есту функциясын ішінара қалпына келтіру.
 
Емшара/араласу үшін көрсетімдер
IV дәрежедегі екіжақты нейросенсорлық есту мүкістігі;
екіжақты кереңдік;
есту протезін қолданудың тиімсіздігі немесе төмен  тиімділігі жағдайындағы аудиториялық нейропатия;
есту протезін қолдану тиімділігінің төмен болуы (еркін дыбыстық өрісте ЕА-дағы есту шектері 500 – 4000 Гц диапазонында 55 және одан көп дБ-ді құрайды, көпбуынды сөздердің анықтығы 40 %-дан кем, бір буынды сөздер –  20 %-дан кем, ЕА-н 6 ай тұрақты пайдаланғаннан кейін есту реакцияларының оң даму динамикасының тек сөздік емес дыбыстарға болуы, ЕА тұрақты тағып жүру жағдайында сөздік дамуы динамикасының болмауы).
 
Емшара/араласу үшін қарсы көрсетімдер
аудиториялық нейропатиядан басқа ретрокохлеарлы патология;
электродтар тізбегін ендіру мүмкіндігі болмаған жағдайда ұлудың толық немесе айтарлықтай сүйектенуі (оссификациясы);
жіті немесе ауыр соматикалық патологияның болуы (тыныс алу жолдарының жіті аурулары, жіті инфекциялық аурулар, айқын гипотрофия, екпе жасалғаннан кейін жағдай (10-14 күннен кем), табиғаты белгісіз гипертермия, бүйрек функциясының жіті жеткіліксіздігі, бүйрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігі, дамудың теңгерілмеген немесе субтеңгерілген, ауыр туа біткен ақаулары, туберкулез, шок және коллапс, бауыр мен бүйрек аурулары, гемаглобин деңгейі 80 г/л-ден төмен болатын айқын қаназдық, әртүрлі этиологиядағы жаппай құрысулар, қатерлі жаңа өспелер (III-IV сатылары), тыныс алу функциясының III дәрежеден жоғары кемістігі, декомпенсация сатысындағы аурулар, метаболизмдік емделмейтін сырқаттар, 2 және одан жоғары сатыдағы ревматизмдік үдерістің белсенділігі, гормондық терапияның болуы, терінің іріңді сырқаттары, терінің жұқпалы аурулары (қышыма, зең аурулары және басқалары);
психикалық және өрескел неврологиялық бұзылыстардың болуы (қояншық (эпилепсия), эпилепсиялық даярлық, тұлғаны қоғамнан алшақтататын (әлеуметсіздендіретін) жүйке аурулары (F00; F02; F03; F05; F10–F29; F63; F72–F73);

Емшараны/араласуды жүргізуге қойылатын талаптар

Қауіпсіздік шараларын сақтауға, санитариялық-эпидемияға қарсы режимге қойылатын талаптар:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 87 қаулысымен бекітілген «Денсаулық сақтау нысандарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес қауіпсіздік шаралары мен эпидемияға қарсы режим 
 
Жарақтандыруға қойылатын талаптар: «Қазақстан Республикасында оториноларингологиялық көмек көрсететін Денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің  2012 жылғы 16 қарашадағы № 801 бұйрығына сәйкес.
 
Шығыс материалдарына қойылатын талаптар:
Кохлеарлы имплант
 
Пациентті операцияға дайындауға қойылатын талаптар:
операция алдындағы кеш өқарсаңында тазаларту клизмасын жүргізу;
операция алдындағы кеш қарсаңында операция жасалатын құлақ жақтағы шаштарды алу;
операция жасалатын күні пациентті тамақтандырмау;
периоперациялық профилактика;
операция басталғанға дейін 30 минут бұрын премедикация.
 
1-кесте.  Периоперациялық профилактиканың сызбанұсқасы

Операция түрі АП сызбанұсқасы АП үшін баламалы антибиотик
Кохлеарлық имплантация 1-буын  цефалоспориндері: цефазолин, 50-100 мг/кг, вена ішіне, операцияға дейін 30-60 минут бұрын бір рет, немесе
бета-лактамаз баяулатқыштарымен комбинациядағы пенициллиндер: амоксициллин  +
клавулан қышқылы 30 мг/кг, вена ішіне бір рет операцияға дейін 30-60 бұрын немесе интраоперациялық түрде.
Гликопептидтер (гликопептидтер пенициллинге аллергиясы бар пациенттерде имплант орнатумен байланысты операциялардың көпшілігінде пайдаланылуы мүмкін): ванкомицин: 15 мг/кг  в/і  инфузия, инфузияның ұзақтығы кемінде 60 минут болуы тиіс.
 
Операцияны өткізу әдістемесі:
 
Жатқызу: Бала операция үстелінде арқасымен жатыр, басы қырына қарай (бүйір жаққа) бұрылған, құлақ тұсындағы операция жасалатын аймақ жалаңашталған.
 
Наркоз: миорелаксанттар мен ӨЖЖ қолданумен эндокеңірдекті, құрама
 
1-кезең:
Белгілеуді (1-сурет) temporalis сызығының бойында орналасуы тиіс имплант корпусы үшін орынды ескере отырып, құлақ қалқаны өтетін қатпарды бойлай жүргізеді.

1-сурет - Белгілеу

2-кезең:
Тілікті (2-сурет) құлақ қалқаны өтетін қатпарды бойлап, одан 1 см-ге кері шегіне отырып жүргізеді. Тіліктің төменгі нүктесі емізік тәріздес өсіндінің бас жағына жақын орналасады. Терінің тілігін құлақ қалқанының жоғарғы жиегінің деңгейінен жоғары 2 см-ге созады, тіліктің бұл бөлігінің бағыты тіп-тік, ал пішіні сызықтық болады.

2-сурет – Тілік

3-кезең:
Тері тілігін жүргізіп, сүйекқапты және самай бұлшықеттерінің шандырын жалаңаштағаннан кейін, сүйекқап қиындысы бөлініп (ажыратылып) алынады және алдыға жылжытылып, жаракеңейткіш салынады  (3-сурет).

3-сурет – тері және сүйекқап қиындыларын қалыптастыру
 
4-кезең:
Қыртыстық мастоидотомияны антрумды ашқанға дейінгі әдеттегі шекараларында кескіш фрезамен орындайды. Әрі қарай мастоидотомияны операциялық микросокпты, кескіш және алмаз фрездерді пайдалана отырып жалғастырады. Мастоидотомия нәтижесінде келесі анатомиялық бағдарлар көрініп тұруы тиіс – оның артқы жиегі және қысқа өсіндінің ұшы, көлденең және жартылай дөңгелек өзектің ампуласы, бет нервісінің дабыл бөлігінің өзегі, емізік тәріздес өсіндінің бас жағы тұсындағы қос қарыншалы бұлшықет қыры (жотасы). Соңғы түзілім біз-емізік тәрізді тесікке жақындықты көрсетеді және осы бағыттағы мастоидотомия үшін топографиялық шекара болып табылады. Сыртқы есту жолының (арнасының) артқы сүйекті қабырғасы барынша жұқартылуы тиіс. Әрі қарай артқа тимпанотомия жүргізіледі. Оның шекаралары алдыңғы жағында – дабыл ішегі, артында – бет нервісі болып табылады.
Дамудың кемістігі немесе анатомиялық ерекшеліктер болған кезінде (мысалы, сигма тәріздес синустың латеропозициясы), қолжеткізу емізік тәрізді өсіндіні тілмей (ашпай), сыртық есту жолының (арнасыны) артқы қабырғасының сүйектерінен тар туннель (2 мм)  қалыптастыру арқылы жүзеге асырылады. 
 
5-кезең:
Кохлеостоманы диаметрі 1 мм алмаз кескішпен  промонториалды қабырға арқылы немесе, егер анатомиясы мүмкіндік берсе, жай ғана дөңгелек саңылауы жарғағын тілумен (ашумен) орындайды.
 
6-кезең:
Мүмкін болатын тереңдікте – бассүйек күмбезі сүйегінің «әйнек» пластинкасы пайда болғанға дейінгі тереңдікте қабылдағыш-стимулятор үшін орын (төсек) қалыптастыру. Қабылдағыш-стимулятор бассүйектің беткейіне оның жоғарғы жиегі сүйекқап тілігінің жиегін бойлай орналасатындай етіп бағытталған. (4-сурет).

  4-сурет – Қабылдағыш-стимулятор үшін орын (төсек)
 
7-кезең:
Электрод торын кохлеостома арқылы немесе дөңгелек саңылауы арқылы дабыл басқышына белгіленген тұсқа дейін, электродатрдың жарты шеңбері модиолюс жаққа бағытталатын қылып ендіреді. Сымды  мастоидалды қуысқа «серіппе эффектісінсіз» орналастырады. Кохлеостоманы және тимпаностоманы бұлшықеттің, шандырдың бөлшектерімен жабады. (5-сурет)

5-сурет – Белсенді электродты ендіру

8-кезең:
Имплант жұмысын тексеру белсенді электрод ұлу қуысына ендірілгеннен кейін жүргізіледі. Бұл ретте хабарлағыш импланттың қабылдағыш-стимуляторына қойылады (салынады) және бағдарламаның көмегімен оториноларинголог (сурдолог) дәрігер келесі өлшеулерді өткізіледі:  
- есту импланты электродтары импедансының телеметриясы (белсенді электродтың арлық арналарының статусы – «ОК», белсенді электрод толық ендірілмеген жағдайда енгзілмеген арналары ажыратылады (өшіріледі));
- акустикалық рефлексті тіркеу – оториноларинголог (сурдолог) дәрігер электр стимулдар береді, хирург бұл уақытта үзеңгілік бұлшықеттің жауабын бақылайды;
- есу нервісінің нервтік жауабының телеметриясы бағдарламалық қамтамасыз етудің көмегімен автоматты түрде жүргізіледі.
Одан әрі бүл өлшеулердің барлығы оториноларинголог (сурдолог) дәрігермен кохлеарлы имплантация жүйесінің сөйлеу процессорын жалғау (қосу) және баптау кезінде пайдаланылады.
 
9-кезең:
Имплант жұмысын тексеру жүргізілгеннен кейін сүйекқап қиындысын бұрынғы орнына шандыр мен сүйекқап жиектеріне тігіп бекітеді. Жұмсақ тіндердің тілігін қабат бойынша тігеді. Терінің тігісі орап тігілген, түйінді, тері ішілік болуы мүмкін. (6-сурет)
 
 
6-сурет – Қабат бойынша тігу
 
Ем тиімділігінің және хаттамада сипатталған диагностикалау мен емдеу әдістері қауіпсіздігінің индикаторлары:
аудиопроцессордағы есту функциясын есту мүкістігінің I дәрежесіне дейін қалпына келтіру.
Самай сүйектерінің Стенверс бойынша рентгенографиясы – ұлу қуысындағы белсенді электрод оның бүкіл өту барысын орындайды.


Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Протоколы заседаний Экспертной комиссии по вопросам развития здравоохранения МЗ РК, 2014
    1. Хаттаманы қайта қарау шарттарын көрсету: хаттаманы 3 жылдан кейін және/немесе дәлелділіктің неғұрлым жоғары деңгейі бар диагностикалаудың/емдеудің жаңа әдістері пайда болған кезде қайта қарау. 18. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 1) Национальное руководство «Болезни уха, горла, носа в детском возрасте», Российская ассоциация ЛОР, педиатров, 2011 г. 2) «Кохлеарная имплантация у детей (методы обследования, отбор кандидатов и хирургическое лечение)», Методические рекомендации, Астана-Алматы, 2008 г. 3) Dexamethasone therapy for children with bacterial meningitis. Meningitis Study Group. Pediatrics. 1995 Jan; 95(1):21-8. Wald E.R., Kaplan S.L., Mason E.O. Jr., Sabo D., Ross L., Arditi M., Wiedermann B.L., Barson W., Kim K.S., Yogov R. 4) Pediatric bacterial meningitis prognosis and antibiotic treatment. Article in Japanese. KansenshogakuZasshi. 2011 Mar; 85(2):150-4. Sakata H., Sunakawa K., Nonoyama M., Sato Y., Haruta T., Ouchi K., Yamaguchi S. 5) Sensorineural hearing loss in children. Smith R.J., Bale J.F. Jr., White K.R.Lancet. 2005 Mar 5-11; 365 (9462): 879-90. 6) Sensorineural hearing loss in children. Wormald R., Viani L., Lynch S.A., Green A.J.Ir. Med J. 2010 Feb; 103(2): 51-4. 7) FDA strengthens labeling for long-acting penicillins. Stokowski L.A. Adv Neonatal Care. 2005 Jun; 5(3): 123-4. 8) Adverse effects associated with inadvertent intravenous penicillin G procaine-penicillin G benzathine administration in two dogs and a cat. Kaplan M.I., Lee J.A., Hovda L.R., Brutlag A. J Am Vet Med Assoc. 2011 Feb 15; 238(4):507-10. 9) Acute syphilitic posterior placoidchorioretinitis after an intravitreal triamcinolone acetonide injection.Erol N, Topbas S. ActaOphthalmol Scand. 2006 Jun; 84(3):435. 10) The effects of propofol and sevoflurane on the QT interval and transmural dispersion of repolarization in children. AnesthAnalg. 2005 Jan;100(1):71-7. Whyte S.D., Booker P.D., Buckley D.G. 11) A comparison of the effect on dispersion of repolarization of age-adjusted MAC values of sevoflurane in children. AnesthAnalg. 2007 Feb; 104(2):277-82. Whyte S.D., Sanatani S., Lim J., Booker P.D.on middle ear pressure. ActaOtorhinolaryngol Ital. 2010 December; 30(6): 285. 12) Early vancomycin therapy and adverse outcomes in children with pneumococcal meningitis. Pediatrics. 2006 May; 117(5):1688-94. Buckingham S.C., McCullers J.A., Luján-Zilbermann J., Knapp K.M., Orman K.L., English B.K. 13) Sensorineural hearing loss in children. Ir Med J. 2010 Feb; 103(2):51-4. 14) Wormald R., Viani L., Lynch S.A., Green A.J. 15) Children with minimal sensorineural hearing loss: prevalence, educational performance, and functional status. Ear Hear. 1998 Oct; 19(5):339-54. 16) Bess F.H., Dodd-Murphy J., Parker R.A. 17) Progressive hearing loss in hearing impaired children: immediate results of antiphlogistic-rheologic infusion therapy. Int. J PediatrOtorhinolaryngol. 2001 Feb;57(2):129-36. Streppel M., Wittekindt C., von Wedel H., Walger M., Schöndorf H.J., Michel O., Stennert E. 18) A rare cause of facial nerve palsy in children: hyperostosis corticalisgeneralisata (Van Buchem disease). Three new pediatric cases and a literature review. Eur J Paediatr Neurol. 2012 Nov;16(6):740-3. Van Egmond M.E., Dikkers F.G., Boot A.M., van Lierop A.H., Papapoulos S.E., Brouwer O.F. 19) Drug therapy in sensorineural hearing loss in childhood. LaryngolRhinolOtol (Stuttg). 1987 Dec; 66(12):664-6. Nickisch A., Heinemann M., Gross M. KlinikfürKommunikationsstörungen, Johannes-Gutenberg-Universität, Mainz. 20) Different forms of drug therapy for progressive sensorineural hearing loss in childhood. LaryngolRhinolOtol (Stuttg). 1988 Oct ;67(10):498-500. Nickisch A., Heinemann M., Gross M. 21) Effect of total intravenous anaesthesia on intraoperative monitoring of Cochlear implant function in paediatric patients. Cochlear Implants Int. 2013 Mar. Jana JJ, Vaid N, Shanbhag J. 22) Sudden sensorineural hearing loss. Med Clin. North Am. 1991 Nov;75(6):1239-50. Shikowitz M.J. 23) A new structural rearrangement associated to Wolfram syndrome in a child with a partial phenotype. Gene. 2012 Nov 1; 509(1):168-72. Elli FM, Ghirardello S., Giavoli C., Gangi S., Dioni L., Crippa M., Finelli P., Bergamaschi S., Mosca F., Spada A., Beck-Peccoz P. 24) «Кохлеарная имплантация», Таварткиладзе Г.А., Учебное пособие. - М., 2000 г. 25) «Кохлеарная имплантация глухих детей и взрослых», Королева И.В., Каро, М.,2012 г. 26) «Введение в аудиологию и слухопротезирование», Королева И.В., Каро, М., 2012 г. 27) «Руководство по клинической аудиологии», Таварткиладзе Г. А., М., 2014 г. 28) Cochlear implant complications in 403 patients: Comparative study of adults and children and review of the literature. Farinetti A., Ben Gharbia D., Mancini J., Roman S., Nicollas R., Triglia J.M. Eur Ann Otorhinolaryngol Head Neck Dis. 2014 Jun;131(3):177-82. 29) The evolution of surgical interventions for cochlear implantation at the Russian Research and Practical Centre of Audiology and Hearing Rehabilitation. Fedoseev V., Dmitriev N.S. VestnOtorinolaringol.2014;(2):17-20. 30) Multicentre investigation on electrically evoked compound action potential and stapedius reflex: how do these objective measures relate to implant programming parameters? Van Den Abbeele T., Noël-Petroff N., Akin I., Caner G., Olgun L., Guiraud J., Truy E., Attias J., Raveh E., Belgin E., Sennaroglu G., Basta D., Ernst A., Martini A., Rosignoli M., Levi H., Elidan J., Benghalem A., Amstutz-Montadert I., Lerosey Y., De Vel E., Dhooge I., Hildesheimer M., Kronenberg J., Arnold L. Cochlear Implants Int. 2012 Feb;13(1):26-34. 31) ESRT, ART, and MCL correlations in experienced paediatric cochlear implant users. Walkowiak A., Lorens A, Kostek B, Skarzynski H,1:482-4. 32) ESRT and MCL correlations in experienced paediatric cochlear implant users. Lorens A., Walkowiak A., Piotrowska A., Skarzynski H., Anderson I. Cochlear Implants Int. 2004 Mar;5(1):28-37. 33) Effectiveness of cochlear implantation in children with auditory neuropathy and cochlear nerve aplasia. Huang L.H., Zhang Y.M., Zhang J.P., Chen X.Q., Mo L.Y., Liu H., Liu B., Li Y.X., Gong S.S., Han D.M. 34) ZhonghuaEr Bi Yan HouTou Jing WaiKeZaZhi.2013 Aug;48(8):644-9.

Ақпарат

Хаттаманы әзірлеушілердің біліктілік деректері көрсетілген тізім:
1)  Кириллова Мария Николаевна – ҚР ДСӘДМ «С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» ШЖҚ РМК Университеттің «Ақсай» клиникасы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің штаттан тыс бас балалар сурдологы.
2)  Медеуілова Айгүл Рахманқызы – ҚР ДСӘДМ «С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» ШЖҚ РМК Университеттің «Ақсай» клиникасы, ЛОР және сурдология орталығының жетекшісі, жоғары санаттағы хирург-оториноларинголог дәрігер.
 
Мүдделер қақтығысының жоқтығын көрсету: жоқ.
 
Рецензент: Кузовков Владислав Евгеньевич – медицина ғылымдарының докторы, жоғары санаттағы дәрігер-оториноларинголог, Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрлігінің «Санкт-Петербург құлақ, тамақ, мұрын және сөз ғылыми-зерттеу институты» Федералдық мемлекеттік бюджеттік мекемесінің отохирургы, Халықаралық есту имплантациясының жетекші медициналық орталықтары бірлестігінің сарапшысы (HEARRING).

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement, не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement является исключительно информационно-справочным ресурсом. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх