Катаракта. Ересектеге интраокулярлық линзаны имплантациялау арқылы катарактаның экстракциясы
H-S-009
Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)
Другая уточненная катаракта (H26.8)
Анықтамасы
Анықтамасы
Анықтамасы:
Катаракта - көру өткірлігінің төмендеуіне немесе соқырлыққа əкелетін көзбұршақ затының немесе қапшығының жартылай немесе толық күңгірттенуі.
Хаттама коды: H-S-009 "Катаракта. Ересектеге интраокулярлық линзаны имплантациялау арқылы катарактаның экстракциясы"
Хирургиялық саладағы стационарлар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):
H25 Кəрілік катарактасы
H26 Басқа катаракталар
Q12.2 Көзбұршақтың колобомасы
Жіктемесі
Пайда болу уақытына байланысты: туа пайда болған, жүре пайда болған.
Этиологиялық факторға байланысты:
- жастық;
- асқынған (увеит, глаукома, миопиялық аурулардың салдарынан);
- жарақаттық (контузиялық, тесіп өткен жарақаттардан кейін);
- сəулелік;
- жүйелік патологиядағы катаракталар (диабеттік, тетаниялық, миотониялық);
- сəулелік;
- жүйелік патологиядағы катаракталар (диабеттік, тетаниялық, миотониялық);
- улы заттармен (спорынья, нафталин, таллий, тринитротолуол, динитрофенол, нитробояулар) жұмыс істегеннен немесе дəрілік заттарды (ГКС, сульфаниламидтер, аллопуринол, бисульфан, алтын тұздары, галоперидол, тиоридазин) қолданғаннан болатын катаракталар;
- екіншілік (операция кезінде сақталған көзбұршақтың артқы қапшығының кейін фиброзды өзгерістерге ұшырап, субкапсулярлық эпителий өсіп кетуінен болатын операциядан кейінгі күңгірттенуі);
- туа болған катаракта.
Орналасуына байланысты:
- алдыңғы жəне артқы полярлық;
- ұршықтəрізді;
- зонулалық;
- ядролық;
- қыртыстық;
- тоталді;
- артқы тостағантəрізді;
- полиморфты;
- тəждік.
- қыртыстық;
- тоталді;
- артқы тостағантəрізді;
- полиморфты;
- тəждік.
Кезеңі бойынша (жастық катаракта):
- бастапқы;
- жетілмеген;
- жетілген;
- жетілуден асып кеткен.
Қауіп-қатерлі факторлар
- ГКС қабылдайтын пациенттер (жүйелі түрде немесежергілікті);
- қант диабетімен ауыратындар;
- тұқым қуалайтын патология (Марфан синдромы, Уилсон-Коновалов ауруы, миотониялық дистрофия (Штейнерт ауруы), Даун синдромы, 13 жəне 15 жұп хромосомалар бойынша трисомия);
- гипопаратиреоидты жағдай;
- қант диабетімен ауыратындар;
- тұқым қуалайтын патология (Марфан синдромы, Уилсон-Коновалов ауруы, миотониялық дистрофия (Штейнерт ауруы), Даун синдромы, 13 жəне 15 жұп хромосомалар бойынша трисомия);
- гипопаратиреоидты жағдай;
- артериялық гипертониясы бар науқастар;
- туа болатын катарактаның дамуына жүкті əйелде сифилис, токсоплазмоз, цитомегаловирустық инфекциялардың болуы əсер етеді;
- туа болатын катарактаның дамуына жүкті əйелде сифилис, токсоплазмоз, цитомегаловирустық инфекциялардың болуы əсер етеді;
- Көз жарақаттары;
- шылым шегу.
- шылым шегу.
Диагностикасы
Диагностика критерилері
Шағымдар мен анамнез: көру өткірлігінің ауыру сезімінсіз барған сайын төмендей беруі, біртіндеп көз алдында қабық пайда болуы, заттардың пішінін бұрыс қабылдау.
Физикалық тексеру: саңылаулық шам арқылы тексеріп қарағанда қарашық бозарған, сұрғылт немесе жасыл-қоңыр.
Лабораториялық тексеру: жоқ.
Инструментальды зерттеулер: офтальмоскопия кезінде көз түбі анық емес, əлсіз немесе мүлдем жоқ.
Мамандар консультациясы үшін көрсеткіштер: жоқ.
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Офтальмологиялық тексеру: көру өткірлігін бағалау.
2. Сыртынан қарап тексеру.
3. Саңылаулық шам арқылы биомикроскопия жасау.
4. КІҚ өлшеу.
5. ИОЛ көлемін есептеу.
6. Көзді УДЗ.
7. Авторефрактометрия.
8. Диафаноскопия.
9. Энтоптиялық феномендер.
10. Жарықты сезу.
11.HbsAg, Anti-HCV.
Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
1. Электрофосфен.
2. Электроретинография.
3. Ұшқындардың бірігуінің критикалық жиілігін тексеру.
4. Орталық көру аймағы.
5. Оптикалық когерентті томография.
Емдеу тактикасы
Емдеу тактикасы
Ем мақсаты: көру өткірлігін жоғарылату, операциядан кейінгі асқынулардың алдын алу.
Емі
Көздің оптикалық орталарының мөлдірлігіне қол жеткізу, бір мезгілде афакияны коррекциялау. Қосымша офтальмопатология анықталғанда сəйкес патогенетикалық ем жүргізу.
Операция алдында КІҚ, биометрия өлшейді, көзжас жолдарын жуады.
Жансыздандыру: жалпы жəне жергілікті (аймақтық) болуы мүмкін.
Операция: катарактаның экстракапсулярлық экстракциясы интраокулярлық линза имплантациясымен қоса жүргізіледі, катаракта экстракциясы кезінде бір мезгілде көз ішіне жасанды көзбұршақ енгізіледі.
Көзбұршақты алып тастағаннан кейін жасанды көзбұршақтың имплантациясын жасайды, көрсеткіш бойынша – сулькустық ИОЛ - Cristal, Acrysof, Natural, Restor, вискоэластиктер енгізу қажет.
Дəрі-дəрмектер: операциядан кейін міндетті түрде жергілікті антибактериалық препараттар тағайындалады (хлорамфеникол 0,25% көз тамшылары, нитрофурал 0,02% көз тамшылары, натрий сульфацетамиді 30% көз тамшылары, макситрол (дексаметазон+Неомицин+Полимиксин) көз тамшылары 2 тамшыдан 6 рет күніне, стероидты жəне стероидты емес қабынуға қарсы препараттар (дексаметазон 0,1% көз тамшылары, дексаметазон 0,5 мл парабульбарлы инъекциялар 7 күн бойы, диклофенак 25 мг табл.
Жабысқақ процесінің алдын алу (тропикамид 0,25% көз тамшылары). Көз тамшылары 3-4 апта қолданылады.
Операциядан кейінгі айқын қабыну кезінде – қосымша қабынуға қарсы жəне сіңіретін ем қолданылады: церебролизин (пептидтер кешені) – парабульбарлық инъекциялар – 5 күн.
Айқын операциядан кейінгі реакция кезінде – преднизолон вена ішіне құйылады 90 мг 1 рет күніне 6-9 күн. Диклофенак тамшылары 0,1% 1 тамшыдан 4 рет күніне 6-9 күн, глюкоза 40%.
КІҚ жоғарылағанда – гипотензиялық тамшылар: пилокарпин ерітіндісі 1%, тимолол 5% 2 тамшыдан 2 рет күніне 6 күн. Бринзоламид 1 тамшыдан күніне 2 рет – 6 күн.
Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1. *Хлорамфеникол көз тамшылары
2. *Нитрофурал көз тамшылары
3. * Натрий сульфацетамиді 30%
4. *Дексаметазон ерітіндісі (көз тамшылары) 0,1% 10 мл
5. * Натрий диклофенак 25 мг, 100 мг, 150 мг табл, көз тамшылары
6. *Атропин инъекцияға арналған ерітінді ампулада (сульфат) 0,1% 1 мл
7. *Преднизолон инъекцияға арналған ерітінді 30 мг/мл
8. *Тропикамид көз тамшылары 0,5%, 1% 5 мл-ден
Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі: жоқ.
Келесі кезеңге ауыстыру критерилері: көру өткірлігінің жоғарылауы.
* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар
Ауруханаға жатқызу
Госпитализациялау үшін көрсетімдер
Көрудің бұзылуы айқын байқалатын катарактаның болуы, науқастың əлеуметтік дезадаптациясы кезіндегі көзбұршақтың ісінуі немесе жылжып кетуі.
Көрудің бұзылуы айқын байқалатын катарактаның болуы, науқастың əлеуметтік дезадаптациясы кезіндегі көзбұршақтың ісінуі немесе жылжып кетуі.
Ауруханаға жоспарлы түрде жатқызу алдындағы қажетті тексеру көлемі:
1. Жалпы қан анализі.
2. Жалпы несеп анализі.
3. Қанды RW-ға тексеру.
4. Нəжісті ішек құрттарына тексеру.
5. Қандағы қантты анықтау.
6. АЛТ, АСТ.
7. Флюорография.
8. ЭКГ (қорытындысымен).
2. Жалпы несеп анализі.
3. Қанды RW-ға тексеру.
4. Нəжісті ішек құрттарына тексеру.
5. Қандағы қантты анықтау.
6. АЛТ, АСТ.
7. Флюорография.
8. ЭКГ (қорытындысымен).
9. Терапевтің қорытындысы.
10. Конъюнктива қуысынан жағынды алу.
10. Конъюнктива қуысынан жағынды алу.
Ақпарат
Пайдаланған әдебиеттің тізбесі
-
Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
- 1. American Academy of Ophthalmology. Guideline. Cataract in the Adult Eye. 2001 2. ICO International Clinical Guidelines. Cataract (Initial evaluation) 2005. 3. EBM Guidelines. Cataract. 2004. 4. Alberta Medical Association. Clinical Practice Guideline. Surgical and Non-Surgical Management of Cataract in the Otherwise Healthy Adult Eye. 2005. 5. American Academy of Ophthalmology. Cataract (Initial and follow-up evaluation). 2003. 6. National Guideline Clearinghouse. Clinical Practice Guideline for the Management of Cataract Among Adults. 2005.
Ақпарат
Əзірлеушілер тізімі: Краморенко Ю.С., ҚР ДСМ Көз аурулары ҒЗИ
Қазықтаулы файлдар
Назар аударыңыз!
- Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.
- Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.
- Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.
- Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.
- Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.