Кардиогендік шок

E-010

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Кардиогенный шок (R57.0)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы

Кардиогендік шок
– миокардтың жиырылу қасиетінің айқын төмендеуімен сипатталатын сол жақ қарынша жеткіліксіздігінің ауыр дəрежесі, ол тамырлық кедергінің жоғарылауымен қалпына келмейді жəне барлық тіндер мен 
ағзалардың, бəрінен бұрын тіршілік үшін маңызды ағзалардың қанмен қамтамасыз етілуінің бұзылуына əкеледі. Өлім-жітім 70%-тен 95%-ке дейін.

 
Хаттама коды: Е-010 "Кардиогендік шок"
Жедел медициналық көмек
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):
R57.0 Кардиогендік шок
I50.0   Істік жүректің жеткіліксіздігі
I50.1   Солқарыншалық жеткіліксіздік
I50.2   Жүректің анықталмаған жеткіліксіздігі
I51.1   Хорда жыртылуы, басқа бөлімдерде жіктелмеген.
I51.2   Емізікше бұлшықеттің жыртылуы, басқа бөлімдерде жіктелмеген.

Жіктемесі


Ағымы бойынша жіктелуі: нағыз кардиогендік шок.
 
Қазігі уақытта кардиогендік шок мағынасына рефлекторлы жəне аритмиялық шоктарды қоспау ұсынылды, өйткені олар басқа генезді.

Қауіп-қатерлі факторлар


Қауіп-қатерлі факторлар:
1. Миокардтың жайылмалы трансмуральді инфаркті.
2. Миокардтың қайталамалы инфаркттары, əсіресе ырғақ пен өткізгіштіктің бұзылысымен жүретін.
3. Сол жақ қарынша миокарды массасының 40% жоғары немесе тең некроз аймақтары.
4. Миокардтың жиырылу функциясының төмендеуі.
5. Жіті коронарлық окклюзия дамуының алғашқы сағаттары мен күндерінен кейін басталатын ремодельдеу процесі нəтижесінде жүректің насостық функциясы төмендеуі.
6. Жүрек тампонадасы.

Диагностикасы


Диагностикалық критерилер
 
Нағыз кардиогендік шок
Шағымдары: айқын сезілетін жалпы əлсіздік, бас айналу, “көз алдындағы тұман”, жүрек қағуы, төссүйек артындағы ауыру сезімі, тұншығу.
 
1. Шеткі қанайналым бұзылу симптомдары:
- сұр цианоз немесе бозғылт цианозды, “мəрмəр түсті”, ылғалды тері;
- акроцианоз;
- венаның жабылуы;
- суық алақан мен табан;
- шеткі қанайналымы жылдамдығының азаюы.
2. Естің бұзылуы: тежелу, қозу.
3. Олигурия (диурездің 20 мм/ сағ-тан төмендеуі, ауыр ағымда-анурия).
4. Систолалық АҚ-ның 90 – 80 мм с.б.-нан төмендеуі.
5. Пульстік АҚ-ның 20 мм с.б.- нан төмен түсуі.
 
Перкуссия бойынша жүректің сол жақ шекарасының кеңеюі, аускультацияда жүрек тондары тұйық, аритмия, тахикардия, протодиастолалық шоқырақ ырғағы. (айқын байқалатын солқарыншалық жетіспеушілік). Тыныс алуы жиі, үстіртін.

Кардиогендік шоктың ауыр ағымы жүрек демікпесі мен өкпе ісінуінің дамуымен сипатталады. Тұншығу пайда болады, көбік қақырықты жөтел. Өкпе перкуссиясында төменгі бөліктерде перкуторлық  дыбыс тұйықталған. Осы жерде крепитация жəне ұсақ көпіршікті сырылдар. Альвеолалық ісіну дамығанда сырылдар өкпенің 50%-тен жоғары бетінде естіледі.
 
Диагноз систолалық АҚ-ның 90 мм Hg төмен түсуіне, гипоперфузия жəне өкпелік жеткіліксіздігінің клиникалық белгілеріне негізделген.

Рефлекторлы шок (ауырсынудан дамыған коллапс) аурудың алғашқы сағаттарында, жалпы шеткі тамырлық кедергінің рефлекторлық түсуі нəтижесінде жүрек аймағында қатты ауыру кезеңінде дамиды.
- Систолалық АҚ 70-80 мм с.б.;
- Шеткі қанайналым жеткіліксіздігі – бозарып кету, суық тер шығу;
- Брадикардия – осы шоктың негізгі симптомы;
- Гипотензия уақыты 1-2 сағаттан аспайды, шок симптомдары өздігінен немесе ауыру сезімін басқаннан кейін басылады;
- Миокардтың артқы-төменгі бөлігінің шектелген инфарктында дамиды;
- Экстрасистолия, атриовентрикулярлық блокада, АВ қосылыстан ырғақ берілуі тəн;
- Рефлекторлы кардиогендік шоктың клиникасы ауырлықтың 1 дəрежесіне сəйкес;
 
Аритмиялық шок
1. Кардиогендік шоктың тахисистолалық (тахиаритмиялық) варианты.
Пароксизмальді қарыншалық тахикардия, суправентрикулярлық тахикардия, пароксизмальді жыпылықты аритмия жəне жүрекше дірілі алғашқы сағаттарда дамиды. Науқастың жалпы жағдайы ауыр.
Шоктың барлық клиникалық белгілері айқын:
- шамалы артериялық гипотензия;
- шеткі қанайналым жеткіліксіздік симптомдары;
- олигоанурия;
- 30% науқастарда ауыр жіті солқарыншалық жеткіліксіздік дамиды;
- асқынулар – қарыншалардың фибрилляциясы, тіршілік үшін маңызды ағзалардың тромбоэмболиясы;
- пароксизмальді тахикардияның рецидивтері, некроз аймағының кеңеюі, кардиогендік шоктың дамуы.
 
2. Кардиогендік шоктың брадисистолалық (брадиаритмиялық) варианты.
Толық атриовентрикулярлық блокадада 2:1, 3:1 дамиды, жай идиовентрикулярлық жəне түйіндік ырғақтарда, Фредерик синдромында дамиды. Брадисистолалық кардиогенді шок жайылмалы жəне миокардтық трансмуральді инфаркті дамуының алғашқы сағаттарында білінеді.
- шоктың ағымы ауыр;
- өлім-жітім 60% жəне жоғары;
- өлім себептері – солқарыншалық ауыр жеткіліксіздік, жүректің кенет асистолиясы, қарыншалардың фибрилляциясы.
 
Кардиогендік шоктың 3 ауырлық дəрежесін бөледі:
1. Бірінші дəрежесі:
- ұзақтығы 3-5 сағаттан артық емес;
- АҚ систолалық 90 -81 мм Hg;
- пульстік АҚ 30 - 25 мм Hg;
- шок симптомдары əлсіз;
- жүректік жеткіліксіздік жоқ немесе əлсіз;
- емдік шараларға тез тұрақты прессорлық реакция береді.
 
2. Екінші дəрежесі:
- ұзақтығы 5 – 10 сағ.;
- АҚ систолалық 80 – 61 мм Hg;
- пульстік АҚ 20 – 15 мм Hg;
- шок симптомдары айқын;
- айқын солқарыншалық жіті жеткіліксіздік симптомдары;
- емдік шараларға прессорлық реакциясы баяу, тұрақсыз.
 
3. Үшінші дəрежесі:
- 10 сағаттан ұзақ;
- систолалық АҚ 60 мм Hg төмен, 0-ге дейін түсуі мумкін;
- пульстік АҚ 15 мм Hg төмен;
- шоктың ағымы ауыр;
- жүректік жеткіліксіздігінің ағымы ауыр, өкпе ісінуі қарқынды;
- емдік шараға прессорлық реакция жоқ, ареактивті жағдай дамиды.
 
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі: ЭКГ диагностика.
 
Қосымша диагностикалық шаралар тізімі: ОВҚ мөлшерін өлшеу.

Емдеу тактикасы


Медициналық көмек көрсету:
1. Рефлекторлы шок кезінде негізгі емдік шаралар – тез жəне ауырсыну сезімін толық тыю.
2. Аритмиялық шокта аман алып қалу көрсетімдері бойынша жəне кардиостимуляция жасалады.
3. Миокардтың жыртылуымен байланысты шокта, тек жедел хирургиялық 
көмек тиімді.
 
Кардиогендік шоктың емдік бағдарламасы:
1. Жалпы шаралар:
1.1. Ауырсынуды тыю.
1.2. Оксигенотерапия.
1.3. Тромболитикалық терапия.
1.4. ЖЖЖ коррекциясы, гемодинамикалық мониторинг.
2. Сұйықтықты көк тамырға енгізу.
3. Шеткері тамырлық кедергіні азайту.
4. Миокардтың жиырылуын күшейту.
5. Аортаішілік баллонды контрапульсация.
6. Хирургиялық ем.
Жедел көмекті кезең бойынша жүргізеді, алдыңғысынан əсер болмаса келесісіне көшеді.
 
1. Өкпеде айқын іркіліс болмаса:
- науқастың аяғын 20° бұрыш деңгейінде көтеріп қойып жатқызу;
- оксигенотерапия жүргізу;
- ауырсынуды тыю – морфин 2 – 5 мг к/т, 30 мин кейін қайталап немесе фентанил 1-2 мл 0,005% (0,05 - 0,1 мг дроперидолмен 2мл 0,25% венаға, психомоторлық еліру болса диазепам 3-5 мг.;
- тромболитиктер көрсетімдер бойынша;
- гепарин 5000 ЕД венаға жылдам;
- ЖЖЖ коррекциясын жасау.
 
2. Өкпеде айқын іркіліс жəне ОВҚ жоғарылаған белгілер болмаса:
- АҚ ОВҚ, тыныс жиілігін, өкпе мен жүректің аускультациялық көріністерін бақылап отырып, 200 мл 0,9% натрий хлориді венаға 10 минут аралығында құяды;
- трансфузиялық гиперволемия белгілері болмағанда реополиглюкин немесе декстран немесе 5% глюкоза ерітіндісін 500 мл/сағ-қа дейін жылдамдықпен инфузиялық терапияны жалғастырады, əрбір 15 минут сайын көрсеткіштерді бақылап отыру керек;
- тез арада АҚ тұрақтандыру мүмкін болмаса келесі этапқа көшү керек.
 
3. Венаға сұйықтық құюға қарсы көрсетімдер бар жағдайда немесе олар көмектеспесе, перифериялық вазодилататорларды қолдану – натрий нитропруссиді 15 - 400 мкг/мин жылдамдықпен немесе изокет 10 мг инфузиялық ерітіндіде к/т тамшылатып.
 
4. Допамин (200 мг-ды 400 мл 5 % глюкоза ерітіндісіне қосып венаға инфузия түрінде) ең қажетті артериалық қысымға жеткенше 5 мкг/кг/мин-тан жылдамдықпен құю керек;
Эффект болмаса – қосымша норадреналин гидротартратының 4 мг-ын 200 мл 5% глюкоза ерітіндісінде к/т, енгізу жылдамдығын 5 мкг/мин-тан қажетті минимальды артериялық қысымға жеткенше.
 
Негізгі асқынулар мен қауіптер:
- артериалық қысымды тұрақтандыра алмау;
- артериялық қысым жоғарылауында немесе сұйықтықты көк тамырға енгізгендегі өкпе ісінуі;
- тахикардия, тахиаритмия, қарыншалардың фибрилляциясы;
- асистолия;
- ангинозды ауырудың қайталауы;
- бүйрек функциясының жіті жеткіліксіздігі.
 
Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1. *Морфин гидрохлориді 1% 1 мл, амп.
2. *Гепарин 5 мл фл, 1 мл-ге активтілікпен 5000 Бір.
3. *Алтеплаза 50 мг инфузиялық ерітінді дайындауға арналған ұнтақ, фл.
4. *Стрептокиназа 1 500 000 ХБір., ерітінді дайындауға арналған ұнтақ, фл.
5. *Натрий хлориді 0,9% 500 мл, фл.
6. *Глюкоза 5% 500 мл, фл.
7. *Реополиглюкин 400 мл, фл.
8. *Допамин 4% 5 мл, амп.
 
Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі
1. *Фентанил 0,005% 2 мл, амп.
2. *Дроперидол 0,25% 10 мл, амп (фл).
3. *Диазепам 0,5% 2 мл, амп.
4. *Декстран 70, 400 мл, фл.
5. *Изосорбида динитрат (изокет) 0,1% 10 мл, амп.
6. *Норадреналина гидротартрат 0,2% 1 мл, амп.
 
Ем тиімділігінің индикаторлары:
1. Ауыру синдромын басу.
2. Ырғағының жəне өткізгіштігін бұзылуын басу.
3. Жүректің солқарыншалық жіті жеткіліксіздігін жою.
4. Гемодинамиканы тұрақтандыру.

* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1. Диагностика болезней внутренних органов, том 3, том. 6, А.Н. Окороков, Москва, 2002, 2. Рекомендации по оказанию скорой медицинской помощи в Российской Федерации, 2 издание, под ред. А.Г. Мирошниченко, В.В. Руксина, Санкт-Петербург, 2006 3. Advanced Cardiac Life Support, AAC,1999, пер с английского, Е.К. Сисенгалиев, Алматы 4. Биртанов Е.А., Новиков С.В., Акшалова Д.З. Разработка клинических руководств и протоколов диагностики и лечения с учетом современных требования. Методические рекомендации. Алматы, 2006, 44 с. 5. Приказ Министра Здравоохранения Республики Казахстан от 22 декабря 2004 года № 883 «Об утверждении Списка основных (жизненно важных) лекарственных средств». 6. Приказ Министра Здравоохранения Республики Казахстан от 30 ноября 2005 года №542 «О внесении изменений и дополнений в приказ МЗ РК от 7 декабря 2004 года № 854 «Об утверждении Инструкции по формированию Списка основных (жизненно важных) лекарственных средств».

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі:
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті «Жедел жəне шұғыл медициналық жəрдем, №2 ішкі аурулар кафедрасының меңгерушісі - м.ғ.д., профессор Тұрланов Қ.М.
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті 
«Жедел жəне шұғыл медициналық жəрдем, №2 ішкі аурулар кафедрасының қызметкерлері: м.ғ.к, доцент Воднев В.П.; м.ғ.к., доцент Дюсембаев Б.К.; м.ғ.к., доцент Ахметова Г.Д.; м.ғ.к., доцент Бедельбаева Г.Г.; Альмухамбетов М.К.; Ложкин А.А.; Маденов Н.Н.
Алматы мемлекеттік дəрігерлер біліміг жетілдіру институтыеың «Шұғыл медицина» кафедрасының меңгерушісі – м.ғ.к., доцент Рахымбаев Р.С.
Алматы мемлекеттік 
дəрігерлер біліміг жетілдіру институтыеың «Шұғыл медицина» кафедрасының қызметкерлері: м.ғ.к., доцент СилачевЮ.Я.; Волкова Н.В.; Хайрулин Р.З.; Седенко В.А.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх