Кандидоздық вульвовагинит

P-O-010

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Кандидоз вульвы и вагины (B37.3+) (N77.1*)

Анықтамасы

Анықтамасы

 
Анықтамасы:  Сарпай мен іншектің кандидалық қабынуы (кандидозный вульвовагинит) – іншек сілемей қабығының Candida текті дрожжи сияқты саңырауқұлақтар тудыратын клиникалық көрінісі бар қабынуы (жиі басқа да сыртқы жыныс мүшелері).


Хаттама коды:  P-O-010 " Кандидоздық вульвовагинит"
Акушерлік-гинекологиялық саладағы поликлиникалар үшін.
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):  В37.3  Сарпай мен іншек кандидозы.

Жіктемесі


Жіктемесі:
1. Жіті (2 айдан артық емес);
2. Созылмалы (ауыру ұзақтығы 2 айдан артық);
3. Қайталамалы (жылына 4 жəне одан да көп көрініс) – 5%.

Қауіп-қатерлі факторлар

 
Қауіп-қатерлі факторлар:
1. Қантты диабет;
2. Жүктілік;
3. Семіздік (май басу);
4. Антибиотиктермен, кортикостероидтармен, иммунодепрессанттармен емдеу.

Диагностикасы


Диагностика критерилері:

Шағымдар мен анамнез: сарпайдың қышуы, ауырсынуы, іншектен шығындылар.
 
Физикалық тексері: сарпайдың қышуы, ауырсынуы, іншектен шығындылар, салдарлық дизуриялық құбылыстар, сарпай,  іншек тіндерінің қызаруы, қабыршақтануы, ісіну, экскориациялар, іншек сілемейлі қабатында сылынуы қиын ақ немесе сары өңез;
 
Инструменталдық зерттеулер:  жоқ

Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер: қосарланған патологияға байланысты.

Дифференциалды диагноз:  жоқ

Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Саңырауқұлақ мицелиін немесе жалған гифені табу мақсатында жағындынің тікелей микроскопиясы;
2. Грамм бойынша боялған жағындынің микроскопиясы;
3. Өсіндіні тексеру əдісі.

Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:  жоқ.

Лабораторлық зерттеулер


Лабораторлық зерттеулер:  іншек жағындысынан саңырауқұлақ мицелиінің немесе жалған гифенің табылуы.

Емдеу тактикасы


Емдеу тактикасы:

Ем мақсаты:  ремиссияны индукциялау, асқынуларды басу.

Дəрі-дəрмексіз ем:  жоқ

Дəрі-дəрмектік ем:
Сарпай мен іншектің жіті кандидозы: *клотримазол 1% крем 5,0 іншекке 7-14 күн;  клотримазол – іншектік таблеткалар 100 мг тəулігіне 1 реттен 7 күн; немесе іншектік таблеткадағы клотримазол – 100 мг тəулігіне 2 реттен 3 күн; клотримазол 500 мг іншектік таблеткалар 1 рет;  * миконазол 2% крем 5,0 іншекке 7 күн; * итраконазол 200 мг/тəул.7 күн; флуконазол ішімді 150 мг 1 рет немесе 50 мг 3 күн.
Қайталанған кандидоз: флуконазол аптасына 100 мг 6 ай бойы (клотримазол іншекке аптасына 5,00 мг 6 ай бойы, итраконазол 200 мг тəулігіне 2 рет етеккірдің алғашқы күні 6 цикл бойы. Сарпай мен іншек кандидозының ауыр көріністері жағдайында флуконазол 150 мг жергілікті ем 7-14 күнде 2 рет (72 сағатта) қабылдау тағайындалады. Аурудың жиі қайталану жағдайында кетоканазол 400 мг 14 күн соңынан жергілікті ұзақ қолдануға клотримазол аптасына 1 рет немесе кетоканазол 100 мг 6 айға дейін немесе 400 мг ай сайын 5 күннен.
Кандидоздың альбекантты емес жүктіліктен тыс түрлерін емдеу сызбасы:
Бор қышқылының желатин капсулалары 600мг тəулігіне 2 реттен 2 апта.

Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1.*клотримазол 1% крем, іншектік таблеткалар 100 мг
2.*миконазол 2% крем
3.*итраконазол ішетін сұйықтық 150 мл – 10 мг/мл
4.*итраконазол 100 мг капс.;
5.*кетоканазол 200 мг табл.
6.*флуконазол 50 мг,150 мг табл.
 
Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:   бор қышқылының желатин капсулалары 600 мг.

Ем тиімділігінің индикаторлары:  ремиссияны индукциялау, асқынуларды басу.
 
* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар

Ауруханаға жатқызу


Госпитализациялауға көрсетімдер:  7 күн бойы ем тиімсіздігі.

Алдын алуы


Біріншілік профилактика: ауру дамуына əсер ететін қауіп-қатерлі факторларды жою бойынша профилактикалық шаралар.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1. Инфекционные заболевания в акушерстве и гинекологии. Пособие для врачей и интернов.- Ярославль.- 2003.- с.31 2. Инфекции, передающиеся половым путем. Пособие для врачей и интернов.- Ярославль.- 2000.- с.51 3. National Guideline Clearinghouse: 2002 National Guideline on the Managment Vulvovaginal Candidiasis.- www.guideline.gov 4. National Guideline Clearinghouse: Diseases Characterized by Vaginal Discharge. Sexually Transmitted Diseases Treatment Guidelines 2002.- www.guideline.gov 5. National Guideline Clearinghouse: Common Gynecologic Problems: a Guide to Diagnosis and Treatment 2002.- www.guideline.gov 6. National Collaborating Center for Women’s and Children’s Health. Antenatal Care: Rutine Care for the Healthy Pregnant Women. Clinical Guideline, 2003, p.286

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі: Сапарбекова А.З. Ана мен баланы қорғау Республикалық ғылыми-зерттеу Орталығының аға ғылыми қызметкері.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх