Войти

Инсулинге тəуелсіз қантты диабет

P-T-025

РЦРЗ (Республиканский центр развития здравоохранения МЗ РК)
Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Инсулиннезависимый сахарный диабет (E11)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы

Қантты диабет – салыстырмалы инсулиндік жеткіліксіздікпен жəне 
инсулинге тұрақтылықпен шартталған, зат алмасу бұзылуларына, қантмырлар зақымдалуы (түрлі ангиопатиялар), нейропатиялар жəне түрлі ағзалар мен тіндердегі патологиялық өзгерістерге алып келетін созылмалы гипергликемия жəне глюкозурияның клиникалық синдромы.

 
Хаттама коды: Р-T-025 "Инсулинге тəуелсіз қантты диабет"
Терапевтикалық саладағы поликлиникалар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):  Е11  Инсулинге тəуелсіз қантты диабет
Мобильное приложение "MedElement"

- Профессиональные медицинские справочники. Стандарты лечения 

- Коммуникация с пациентами: вопросы, отзывы, запись на прием

Скачать приложение для ANDROID / для iOS

Мобильное приложение "MedElement"

- Профессиональные медицинские справочники

- Коммуникация с пациентами: вопросы, отзывы, запись на прием

Скачать приложение для ANDROID / для iOS

Жіктемесі


Жіктемесі

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, 1999


Қантты диабеттің типтері
Аурулардың мінездемесі    
1 типтегі Қантты диабет
- Аутоиммундық
- Идиопатиялық
Инсулиннің абсолюттік жетіспеушілігінің дамуымен, ұйқы безінің β-клеткаларының деструкциясы
2 типтегі Қантты диабет
Басым инсулинге тұрақтылық пен салыстырмалы инсулиндік жетіспеушілік немесе инсулинге тұрақтылық немесе онсыз инсулин өндірілуінің басым ақауы
Гестациондық Қантты диабет
Жүктілік кезінде туындайды жəне ол аяқталғаннан кейін бітеді
Қантты диабеттің басқа типтері
- Клетка функцияларының генетикалық ақаулары;
- Инсулиннің əрекетіндегі генетикалық ақаулар;
- Ұйқы безінің экзокринді бөлігінің ауруы;
- Эндокринопатиялар;
- Дəрілермен немесе химикалиялармен ынталандырылған диабет;
- Инфекциялармен ынталандырылған диабет;
- Тікелей иммундық диабеттің ерекше формасы;
- Қантты диабетпен қосарланған басқа да генетикалық синдромдар.

2 типтегі қантты диабет (ҚД 2) – инсулиннің абсолюттік тапшылығымен шартталған, көмірсу, сонан соң метаболизмнің басқа да түрлерінің бұзылыстарына алып келетін, полиэтиологиялық синдром. Ауру көбінесе 35-40 жастағы тұлғаларда дамиды (80%).

Қантты диабеттің ауырлық дəрежесін анықтау

Жеңіл ағымдағы Қантты диабет
Жақсы метаболикалық бақылауға қантты төмендететін препараттарды қолданусыз қол жеткізіледі.
 
Диабеттің микро - жəне макроқантамырлық асқынулары жоқ.
Орташа ағымдағы Қантты диабет
Гликемияны бақылау үшін, орташа ауырлықтағы қанттты төмендететін препараттар қажет.
 
Диабеттің өзіндік ерекшеліктерімен асқынуларының алғашқы көріністері.
Ауыр ағымдағы Қантты диабет
Еңбекке қабілеттіліктің бұзылуымен қатар, диабеттің өзіндік ерекшеліктерімен асқынуларының айқын көріністері. 

1 типтегі ҚД құбылмалық ағымы.

* 1 типтегі қантты диабеттің жеңіл ағымы болмайды

Қауіп-қатерлі факторлар


Қауіп-қатерлі факторлар:
 
ҚД 2 қауіп-қатерлі факторлар: ҚД бойынша бай тұқымқуалаушылық, семіздік, АГ, анамнездегі гестациялық ҚД, 4,0 кг жəне одан көп салмақпен туылған балалар, 4,0 кг жəне одан көп салмақпен бала туған əйелдер.
 
ҚД 1 жəне ҚД 2 декомпенсациясының қауіп-қатерлі факторлары:
1. Ауруды кеш диагностикалау.
2. Дəрігір нұсқаулықтарын сақтамау (диетаны, қантты төмендететін препараттарды, оның ішінде инсулинді қабылдауды бұзу).
3. Интеркуренттік аурулардың қосылуы.
4. Генетикалық фактор.
5. Егде жас.
6. Семіздік.
7. Тойып тамақ ішу.
8. Азқозғалысты өмір салты.
9. Жүктілік.
10. Дамудың құрсақішілік тоқтауы.
11. Ашығу.
12. Стресс.
13. Өмір салтын ауыстыру.

Диагностика


Диагностика критерилері
 
Шағымдар мен анамнез:
- жалпы жəне бұлшықеттік əлсіздік (энергия түзілу тапшылығына, бұлшықеттердегі гликоген жəне белок тапшылығына байланысты);
- шөл;
- ауыздың құрғауы;
- түнде де, күндіз де жиі жəне көлемді зəр шығару;
- тəбеттің ашылуы.
 
Физикалдық тексерулер (сирек жағдайда семіздік байқалады, көру жітілігінің төмендеуі, артериалды гипертония, перифериялық қанайналым бұзылуларының симптомы, ЖИА симптомы жəне неврологиялық симптомдар).

Инструменталдық зерттеулер: аяқ пен қол қантамырларының УДДГ, құрсақ қуысы ағзаларын УДЗ, тактильді, температуралық, вибрациялық сезімталдылықты анықтау. 
 
Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер 
- аяқ қантамырларының ангиопатиясы 
– қантамырлық хирург;
- тор қабат қантамырларының ангиопатиясы - окулист;
- нефропатия - 
уролог немесе нефролог;
- перифериялық нейропатия - невропатолог;
- артериалдық 
гипертония жəне ЖИА - кардиолог.
 
Негізгі жəне қосымша диагностикалық шаралар тізімі
 
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Қанның жалпы анализі (лейкоцитарлық формуламен).
2. Зəрдің жалпы анализі.
3. Глюкоза деңгейін анықтау:
- гликемиялық профильді жүргізу (аш қарынға, таңертеңгілік астан соң 2 сағаттан кейін, түскі ас алдында, түскі астан соң 2 сағаттан кейін, кешкі тамақ алдында, кешкі тамақтан соң 2 сағаттан кейін, ұйықтар алдында – 22.00 де, түнгі 3.00 де) – 3 рет;
- қажет кезде гликемияны жағдай тұрақтанғанша сағат бойынша бақылау (10 – 15 анықтаулар).
4. Жалпы холестерин деңгейін анықтау.
5. Триглицеридтер деңгейін анықтау.
6. Микроальбуминурияны анықтау.
7. Креатининді анықтау.
 
Қосымша диагностикалық шаралар тізімі (көрсетімдер бойынша):
1. Гликирленген гемоглобинді анықтау.
2. Билирубинді анықтау.
3. Электрокардиография.
4. Құрсақ қуысы ағзаларын УДЗ.
5. Аяқ қантамырларының допплерометриясы.
6. Кеуде клеткасы ағзаларының Р-графиясы.
7. Окулист консультациясы.

Лабораторлық зерттеулер


Лабораторлық зерттеулер: гипергликемия, глюкозурия, С-пептидті, инсулин, гликолизирленген гемоглобинді анықтау.



2 типтегі ҚД кезіндегі көмірсу алмасуының компенсация критерилері

 КӨРСЕТКІШ  Компенсация  Субкомпенсация  Декомпенсация
 HвA1C, %  6,0-6,5  6,6-7,0  >7,0
 Қандағы глюкоза, 
ммоль/л
Аш қарынға
Гликемия
 5,0-5,5  5,6-6,5  >6,5
 Постпрандиалдық
 гликемия
(тамақтан соң 2
сағаттан кейін)
 >7,5  7,5-9,0  >9,0
 Ұйқы алдындағы
гликемия
 6,0-7,0  7,1-7,5  >7,5

Дифференциалды диагноз


Дифференциалды диагноз:

Көрсеткіштер 1 тип 2 тип
Ауру туындайтын жас Балалық, жастық шақ Үлкен, орташа
Аурудың жанұялық формасы
Жиі емес Жиі
Ауруды анықтауға мезгілдік факторлардың əсері
Күз-қыс кезеңі Жоқ
Фенотип Арық Семіздік
Галлотип (HLA)
B8, B15, Dw3, Dw4, DRw3, DRw4
Байланыс табылған жоқ
Аурудың туындауы Тез Медленное
Ауру симптомдары Ауыр Әлсіз немесе жоқ
Зəр Қант жəне ацетон Қант
Кетоацидоз Бейімді Резистентті
Сарысулық инсулин (ИРИ) Төмен немесе жоқ     
Қалыпты немесе жоғарылаған
Аралшықты клеткаларға антиденелер
Бар Жоқ
Емі (негізгі)  Инсулин Диета
Монозиготты егіздердің конкорданттылығы, % 50 100

Емдеу тактикасы


Емдеу тактикасы

Ем мақсаты: науқасты жүргізу тактикасын анықтау, қантты төмендететін препараттардың барабар дозасын таңдау, науқасты оқыту, науқастың жағдайын клиникалық жақсарту, көмірсу алмасуларының көрсеткіштерін жақсарту.
 
Дəрі-дəрмексіз ем: диета стол №9.
 
Егер науқаста дене салмағы артық болса, гикпокалориялық диета тағайындалады (1200 – 1500 ккал/тəу) жəне физикалық белсенділік режимі кеңейтіледі, қалыпты дене салмағында – изокалориялы диета.
 
Физикалық жүктемелердің қолайлы əсер етуін шарттайтын факторлар:
- жұмыс істейтін бұлшықеттердің инсулинсіз глюкозаны жартылай сіңіруі;
- эритроциттердің инсулинді байланыстыруының артуы;
- гликемия деңгейінің төмендеуі;
- инсулинге қажеттіліктің азаюы;
- жұмыс істейтін бұлшықеттерде май қышқылдары мен кетондық денелердің ыдырауы; көмірсуларға толеранттылықтың артуы.
 
Дəрі-дəрмектік ем: қант төмендететін терапия.
 
ҚД 2 науқастарды емдеудің жалпы стратегиясы
 
ҚД 2 диагнозын қою
 
Өмір салтын оңтайландыру
(диета, қарсы көрсетімдер жоқ кезде физикалық жүктеме, гиполипидемиялық терапия, темекі тартуды тоқтату, өзін-өзі бақылау)
 
1-1,5 ай ішінде тиімділіктің болмауы
Пероральді монотерапия
1-1,5 ай ішінде тиімділіктің болмауы
Пероральді комбинирленген терапия
1-1,5 ай ішінде тиімділіктің болмауы
Инсулинотерапия
(монотерапия; комбинация ПСП)
 
Пероральді қанттөмендететін препараттардың əсер ету механизмі
 
ПРЕПАРАТ ТОПТАРЫ ƏСЕР ЕТУ МЕХАНИЗМДЕРІ
Сульфонилмочевина препараттары Инсулин секрециясын стимуляциялау
Меглитинидтер жəне фенилаланин туындылар
Инсулин секрециясын стимуляциялау (тез əсер ететін)
Бигуанидтер
Глюкоза өнімдерін бауырдың төмендетуі
 
Инсулинорезистенттіліктің төмендеуі
Тиазолидиндиондар (глитазондар)
Инсулинорезистенттіліктің төмендеуі
 
Глюкоза өнімдерін бауырдың төмендетуі
α-глюкозидаза ингибиторлары Глюкозаның ішекке сіңірілуінің төмендеуі

Таблетка түріндегі қанттөмендететін препараттарды ҚД 2 типінде таңдау

 ГИПЕРГЛИКЕМИЯ
 Тек аш қарынға + семіздік  Тек қана тамақтан соң немесе аш қарынға немесе
 тамақтан соң
 Бигуанидтер (метформин препараттары) жəне тиазолидиндиондар, α-глюкозидаза ингибиторлары  Инсулинді секрециясы стимуляторлары (сульфонилмочевина жəне бензой қышқылының туындылары)
 Постпрандиальді гликемияға жеткіліксіз əсер ету кезінде, инсулин секрециясының стимуляторларын қосады (сульфонилмочевина немесе бензой қышқылы туындыларын), жеке жағдайларда қысқы немесе ультрақысқа əсердегі инсулин препараттары  Гликемияға жеткіліксіз əсер ету кезінде, аш қарынға бигуанидтерді қосады (метформин) немесе жеке жағдайларда тиазолидиндиондарды - ұзақ əсердегі
инсулин препараттары

ҚД 2 инсулинотерапиясы

Көрсетімдер:

Диета, физикалық жүктемелер тиімсіздігі жəне пероральді қанттөмендететін препараттардың максимальді дозасы:
- HbA1C > 7,5%;
- аш қарынға гликемия >8,0 ммоль/л, тамақтан соң 2 сағаттан кейін – 9,0 ммоль/л;
- кетоацидоз;
- гипергликемиямен қосарланған дене салмағын жоғалту.
Операция қажеттілігі (инсулинотерапияға уақытша ауысу).
Жүктілік жəне емшекпен тамақтандыру.
Интеркуренттік аурулар кезінде көрсетімдер бойынша.

Басқа дəрілік заттар:
Көрсетімдер бойынша:
- гипотензивтік терапия;
- төменмолекулярлық гепариндер;
- саңырауқұлаққа қарсы препараттармен антибиотиктерапия;
- дислипидемияны емдеу.
Диабеттің асқынулары болған кезде (нефропатиялар, нейропатиялар, ретинопатиялар,гепатоза жəне т.б.) – өзіндік ерекшелігі бар асқынулармен ҚД стандарты бойынша емдеу; қосарланған аурулар болған кезде – тиісті аурулар хаттамалары бойынша емдеу.

Науқасты оқыту
 
Қантты диабетпен науқастарға пайдалануға ұсынылатын инсулин препараттары
Инсулин препараттарының
мінездемесі
Инсулин
препараттарының
тауарлық атауы
Əрекет басталуы –
қанша сағаттан соң
Əсер ету шыңы –
қанша сағаттан соң
Əсер ету
ұзақтығы, сағ
Ультрақысқа əсердегі
(адам инсулинінің аналогы)
Лизпро, Аспарт,
Глулизин
 0,25  0,5-2  3-4
Қысқа əсердегі    0,5  1-3  6-8
Орташа ұзақтықтағы əсерде    1,5  4-6  12-14
   1  4-8  18-20
   1  3-4  18-20
Инсулиннің екіфазалық аналогы
   10-12 мин  1-4  24-30
Дайын инсулиндік қоспалар
 Короткого действия \
длительного действия
30/70, 15/85, 25/75, 50/50
 Қысқа əсердегі инсулин мен орташа ұзақтық
 əсердегі инсулин қоспасы
Шыңсыз əрекеттегі
 ұзақ аналог
Гларгин, Левомир
Шыңсыз профиль əрекеті тəулік ішінде

Қантты диабет кезіндегі АҚ мақсатты мəндері
Ауру мінездемесі АҚ мəні
Қантты диабет (асқынбаған ағымы) <130/80 мм с.б.
Диабеттік нефропатия IV жəне V стадия <125/75 мм с.б.

ҚД науқастарда антигипертензивті терапия таңдау схемасы



Негізгі жəне қосымша дəрі-дəрмектер тізімі
 
Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1.  Ультрақысқа əсердегі инсулин препараттары (адам инсулинінің аналогтары) лизпро, аспарт, глулизин.
2.  Қысқа əсердегі инсулин препараттары.
3.*Орташа ұзақтық əсердегі инсулин препараттары.
4.  Инсулиннің екіфазалық аналогы.
5. *Дайын инсулиндік қоспалар (қысқа əсердегі/ұзақ əсердегі 30/70, 15/85, 25/75, 50/50).
6.  Шыңсыз əсердегі ұзақ аналогы (гларгин, левомир) .

Сульфонилмочевина препараттары:
7. *Гликлазид 80 мг, табл.
8. *Гликвидон 30 мг, табл.
9. *Глибенкламид 3,5 мг, 5 мг, табл.
10. Глипизид 2,5 мг, табл.
11.*Глимепирид 1 мг, 2 мг, 3 мг, 4 мг, табл.

Меглитинидтер мен фенилаланин туындылары:
12.*Репаглинид 0,5 мг, 1 мг, 2 мг, табл.
13. Натеглинид 60 мг, 120 мг, табл.

Бигуанидтер:
14.*Метформин 500 мг, 850 мг, 1000 мг, табл.
Тиазолидиндиондар
15.*Пиоглитазон 15 мг, 30 мг, табл
16. Розиглитазон 30 мг, табл.

Глюкозидаза ингибиторлары:
17. Акарбоза 50 мг, 100 мг, табл.

Ангиотензингеауыстырушы ферменттер ингибиторлары:
18. Периндоприл 2 мг + индапамид 0,625мг.
19. Периндоприл 4 мг + индапамид 1,25.
 
Қосымша диагностикалық дəрі-дəрмектер тізімі:
Гиполипидемиялық заттар

Статиндер:
1.  Симвастатин 10мг, 20мг, табл.
2. *Ловастатин 10 мг, 20 мг, 40 мг, табл.

Фибраттар:
3.  Гемфиброзил.
4.  Клофибрат.

Өзгелер:
5.  Орлистат 120 мг, капс.
6.  Никотин қышқылы 50 мг, табл; * ампуладағы ерітінді 1% 1 мл.

Диуретиктер:
7. *Гидрохлортиазид 25 мг, 100 мг, табл.
8. *Фуросемид 40 мг табл., инъекция үшін ерітінді 20 мг/ 2 мл ампулада.
9. *Индапамид 2,5 мг, табл.
10. *Спиронолактон 25 мг табл., 50 мг капс.

β-адреноблокаторлар:
11. *Пропранолол 40 мг табл.
12. *Атенолол 50 мг, 100 мг табл.
13. *Метопролол 50 мг табл.
14.  Карведилол 6.25 мг, 12,5 мг, 25 мг, табл.
15.  Небиволол 5 мг, табл.
16.  Бисопролол 5 мг, 10 мг, табл.

β -адреноблокаторлар:
17.  Сазозин 4мг, 8 мг, табл.

Ұзақ əсердегі кальций антагонисттері:
18. *Нифедипин 10 мг, 20 мг табл.
19.  Фелодипин 2,5 мг, 5 мг, 10 мг табл.
20. *Амлодипин 5 мг, 10 мг табл.
21.  Лацидипин 2 мг, 4 мг, табл.
22. *Верапамил 40 мг, 80 мг табл.
23.  Дилтиазем 90 мг, табл.

Ангиотензингеауыстырушы ферменттер ингибиторлары:
24.  Каптоприл 12,5 мг, 25 мг, 50 мг табл.
25. *Эналаприл таблетка 2,5 мг, 10 мг; ампуладағы ерітінді 1,25 мг/1 мл.
26. *Периндоприл 4 мг, табл.
27.  Квинаприл.
28. *Лизиноприл таблетка 2,5 мг, 5 мг, 10 мг, 20 мг.

Ангиотензинді рецепторларының антогонистері:
29.  Лозартан 25 мг, 50 мг табл.
30.  Вальсартан 40 мг, 80 мг, 100 мг табл.
31.  Телмисартан 40 мг, 80 мг, 100 мг табл.

α2 –рецепторларының агонистері:
32. *Клонидин.
33. *Метилдопа 250 мг табл.
α2 -имидазолин рецепторларының агонистері.
 
Көрсетімдер бойынша: төменмолекулярлы гепариндер, саңырауқұлаққа қарсы препараттармен антибиотикотерапия, семіздікті емдеу (орлистат, сибутрамин, рибонамант).
 
Негізгі жəне қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:
 
1. Негізгі емі: пероралды қантты төмендететін, инсулинотерапия (жоғарыдан қара).
 
2. Қосымша - гиполипидемиялық терапия: никотин қышқылы мен оның туындылары;
                   - статиндер: симвастатин, ловастатин.
 
3. Нейропротекторлық:
- Кокарбоксилаза (B1 витаминінің коферменті);
- Пиридоксальфосфат 
(В6 витаминінің коферменті);
- Рибофлавин-мононуклеотид (В2 витаминінің коферменті);
- Флавинат (рибофлавиннен түзілетін кофермент);
- Альфа-липа қышқылының препараттары 
(тиокт қышқылы).
 
4. Ангиопротекторлық:
- Дицинон (этамсилат);
- Трентал (пентоксифиллин);
- Курантил 
(дипиридамол);
- Ацетилсалицил қышқылы;
- Тиклопидин (тиклид); 
- Реополиглюкин;
- ПГЕ 
препараттары (вазапростан);
- Циннаризин.

 
5. Гипотензивті:
- АПФ ингибиторлары;
- Са антагонисттері;
- Кардиоселективті β-блокаторлар;
- Ангиотензина 11 антагонисттері.
 
Ем тиімділігінің индикаторлары: гликемиялық профильді тұрақтандыру, БФСЖ кезінде майлық, азоттық алмасу көрсеткіштерін жақсарту; қантамырлық қан келулерді жəне УДДГ деректері бойынша аяқ жəне қол қантамырларының нейроөткізгіштігін жақсарту.

* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар

Госпитализация


Госпитализациялау үшін көрсетімдер
Жжоспарлы. Асқынусыз: комалық 
жағдайлардың болмауы.

Профилактика


Біріншілік профилактика:
1. Диета.
2. Күшпен физикалық жүктеме.
3. Психо-эмоционалдық жағдайды қалпына келтіру.

Профилактикалық шаралар: гликемия, глюкозурия, АҚ деңгейін, ЭКГ тұрақты бақылау; гликолизирленген гемоглобинді 3 айда 1 рет анықтау, аяқ қантамырларының УДДГ – 6 айда 1 рет, жылына 1 рет окулист, невропатолог, қантамырлық хирург тексерулері.
 
Əрі қарай жүргізу, диспансеризациялау принциптері:
Қантты диабетпен ауыратын науқастарды диспансерлік бақылау өмір бойы жүзеге асырылады.
Диспансерлік бақылаудын мақсаты  болып табылады:
• қантты диабетпен науқастарды жүйелік бақылау жəне дəрігерлік тексерулерді жоспарлы жүргізу;
• науқастардың өзін-өзі жақсы сезіну жəне жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіруге бағытталған емдік жəне профилактикалық шараларды уақытылы жүргізу;
• ангиопатиялар, нейропатиялар, қантты диабеттің басқа асқынуларының алдын алу жəне уақытылы анықтау мен оларды емдеу.

Диспансерлеуді дəрігер-эндокринолог жүзеге асырады.
Толық клиникалық тексеруге кіреді:
- эндокринолог тексеруі;
- бойы, дене салмағы, тіс, 
терінің ахуалын анықтау, ЭКГ;
- невропатолог, окулист, гинеколог тексерулері;
- қажет кезде 
— басқа мамандар.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1. М.И. Балаболкин «Диабетология»., Москва, «Медицина», 2000 г. 2. под.ред. д.м.н., проф., член-корр. РАЕ и РЭА Ю.Ю. Елисеева «Сахарный диабет» Справочник. Москва, 2005 г. 3. Справочник Видаль «Лекарственные препараты в Казахстане» 2006г.

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі:
Жүсіпов А.Қ., ҚР ДСМ Кардиология жəне ішкі аурулар ҒЗИ директоры м.ғ.д.,  профессор
Өтеулиев Е.С., ҚР ДСМ Кардиология жəне ішкі аурулар ҒЗИ 1 терапиялық бөлімше меңгерушісі, эндокринология, гастроэнтерология жəне гематология бөлімінің жетекшісі м.ғ.к. 
 

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх