Зəртас ауруы. Бүйрек тасы. Бүйрек тасын экстракорпоральдық толқынды-cоққылы əдіспен уату

H-S-012

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Камни почек с камнями мочеточника (N20.2)

Анықтамасы

Анықтамасы

 
Анықтамасы:

Бүйректегі тастар бүйрек бүртіктерінің кальцификациясы салдарынан немесе несепте кальций тұздарының, несеп қышқылының, цистин, трипельфосфат немесе магний-аммоний-кальций-фосфат тұздарының кристалл түзе отырып тұнып қалуы салдарынан түзіледі.

Хаттама коды: H-S-012 "Зəртас ауруы. Бүйрек тасы. Бүйрек тасын экстракорпоральдық толқынды-cоққылы əдіспен уату"
Хирургиялық саладағы стационарлар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары): N20 Бүйректердегі жəне несепағардағы тастар
 

Жіктемесі

 
Жіктемесі

Тастардың түрі:
Кальций-фосфаттық.
Қауіп-қатер факторы: гиперпаратиреоз, дисталді бүйректік өзекшелік ацидозы, идиопатиялық гиперкальциурия жəне медуллярлық кеуекті бүйрек.

Кальций-оксолаттық.
Қауіп-қатер факторы: идиопатиялық гиперкальциурия, тағамда оксалаттың шектен тыс көп болуы, С витаминін шексіз қолдану, жіңішке ішектің аурулары, біріншілік гипероксалурия жəне гиперкальциемия, ыстық климат, А витаминінің жетіспеушілігі, несеп шығару жолдарының ақаулары.

Ураттық.
Қауіп-қатер факторы: үнемі концентіріленген əрі қышқыл несеп, гиперурикозозурия, гиперурикемия (подагра кезінде), тағамда пуриндер мөлшерінің артық болуы.

Цистиндік.
Қауіп-қатер факторы: цистинурия.

Трипельфосфаттар немесе магний-аммоний-кальций-фосфаттық.
Қауіп-қатер факторы: несеп шығару жолының инфекциямен зақымдалуы (созылмалы немесе рецидивтік) уреаза-өндіруші бактериялармен - Proteus, Providencia, Klebsiella, Pseudomonas, Serratia жəне Enterobacter штамдары.

Диагностикасы

 
Диагностика критерилері

Шағымдар мен анамнез: конкременттердің орналасуына байланысты əртүрлі аймақтағы ауыру сезімі, гематурия, жүрегі айну жəне құсу, жиі несеп шығару жəне дизурия, несеп шығару жолдарындағы тастан болатын Жіті обструкция.

Физикалық тексеру: жалпы қолданылатын клиникалық əдістерден тұрады - пальпация, оң ұрғылау симптомы, бүйректің ұлғаюы анықталуы мүмкін.

Лабораториялық тексеру: лейкоцитурия, лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы.

Инструменталдық зерттеулер: (рентгенологиялық белгілер - бүйрек көлемі, R-позитивті конкремент көлеңкесі, тас есебінен түбекше мен зəрағар толу ақауы, бүйректің қуыстық элементтерінің, зəрағардың кеңею белгілері.
УДЗ - тастың дисталды жағында акустикалық көлеңкенің болуы, бүйректің қуыстық элементтерінің кеңею белгілері; КТ - тастардың кеңістіктік орналасуы, оның ішінде ұсақ, кораллтəрізді конкремент фрагменттерімен қарым қатынас).

Мамандар консультациясы үшін көрсеткіштер: көрсеткіштер бойынша.

Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Жалпы қан анализі (6 параметрі).
2. Жалпы несеп анализі.
3. Нечипоренко бойынша несеп анализі.
4. Зимницкий бойынша несеп анализі.
5. Микробтардың антибиотиктерге сезімталдығын анықтау анализі.
6. Жалпы белокты анықтау.
7. Билирубинді анықтау.
8. Тимол сынағы.
9. Иммунограмма (розетка жəне Манчини).
10. АЛТ анықтау.
11. Қалдық азотты анықтау.
12. Қан тобын жəне резус-факторды анықтау.
13. Іш қуысы ағзаларын УДЗ.
14. Шолу рентгенография (кальций тастары айқын (интенсивті) контрасты; цистиндік, трипельфосфаттық жəне аралас урат-кальций тастары орташа контрасты).
15. Ретроградтық урография (қатал көрсеткіштер бойынша).
16. Цистоскопия.
17. Экскреторлық урография.
18. HbsAg, Anti-HCV.

Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
1. Басқа ағзаларды УДЗ.
2. Хромоцистоскопия.
3. Тамырларды УДЗ.
4. Бүйректерге компьютерлік томография.

Дифференциалды диагноз


Бүйректік түйілу
Жіті басталу, төменгі бөлікке берілетін ауырсынулар,
дизурия, тамақ ішумен байланыс жоқ,
тахикардия жоқ, мəжбүр қалып
Жіті аппендицит
Кохера симптомы, уыттану құбылысы, лейкоцитоз
лейкоформуланың солға жылжуымен
Жатырдан тыс жүктілік
Етеккір оралымымен байланыс, ішкі қан кету көрінісі
Жіті холецистит
Френикус- симптом, тамақ ішумен байланысты 
Асқазанның тесілген ойықжарасы
Кенеттік «қанжарлы» ауырсыну, перитонит құбылысы,
тақтайтəрізді құрсақ, бауырлық тұйықталу зонасында
тимпанит
Жіті панкреатит
Жеңілдік əкелмейтін құсу, белдеулік ауырулар,
қан диастазасының деңгейі
Жіті ішек түйілуі Кенет басталу, эксикоз құбылысы

 

Емдеу тактикасы

 
Емдеу тактикасы

Ем мақсаты: бүйректегі тасты бөлшектеу жəне алып тастау.

Дəрі-дəрмексіз ем

Режим: операциядан кейін төсек режимі, жартылай төсектік режим, мұздау, физикалық жүктеме профилактикасы.

Диета: стол № 7, ащы, тұзды шектеумен (уреаздық белсенділік көрсеткішіне сəйкес).

Дəрі-дəрмекті ем
Несепағардағы тасты емдеу əдісі конкременттің орналасқан жеріне, өлшеміне жəне химиялық құрамына байланысты. Тері арқылы нефростомия жасау қарапайым бүйрек тасы ауруларында тиімді, ал тармақталған немесе несепағар тасында тиімділігі аз. Үлкен тастар ультрадыбыспен, электрогидравликалық немесе лазерлік литотрипторлармен бөлшектенеді де кейін алынып тасталады. Кішкентай тастарды бүтіндей алуға болады. Жамбас доғасынан төмен проекцияланған тастарды уретроскопия арқылы алуға болады.

Тас несепағардың төменгі үштен бір бөлігінде орналасса, конкременттің диаметрі 1 см-ге дейін болса жəне Жіті іріңді пиелонефрит болмаса обструкция трансуретралді түрде алынады. Осы жағдайда ЭЕТЛ (экстракорпоралді екпінді-толқынды литотрипсия) де қолдануға болады. ЭЕТЛ кезінде тас ұсақ бөлшектерге бөлінеді де, олар өздігінен шығады. Екпінді толқын тасқа қарай рентгендік бақылау арқылы бағытталады.

Тас несепағарда ұзақ уақыт болса, немесе конкремент рентгеннегативті болса уретеротомия жасау өзін ақтайды. Несепағар тасында жасалатын барлық шаралардың негізгі мақсаты жоғарғы несеп жолындағы обструкцияны аластау, яғни конкрементті алып тастау болып табылады.

Операция жасауға көрсеткіштер: қатты ауыру, инфекция, несеп шығару жолдарының бітелуі, конкремент көлемінің динамикада үлкеюі, оң өзгерістің болмауы.

Инфекцияның алдын алу үшін кең əсерлі антибиотиктер, ауыру сезімінде - анальгетиктер тағайындалады.

Профилактикалық шаралар: жаңа сорылатын тігу материалдарын қолдану, пиелонефриттің профилактикасы.

Əрі қарай жүргізу: 6, 12 айдан кейін бақылаулық тексеру.
 
Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1. Нитроксолин 200 мг табл.
2. Пентоксифиллин инъекцияға арналған ерітінді 100 мг/5 мл, фл.
3. *Натрий хлориді 0,9%-500 мл
4. Кетопрофен инъекцияға арналған ерітінді 100 мг/2 мл, фл.
5. *Тримепиридин гидрохлориді инъекцияға арналған ерітінді ампулада 1% 1 мл-ден
6. **Амоксициллин+клавулонды қышқыл табл., оның қабықшасын жабу 500 мг/125 мг, 875 мг/125 мг; флаконда 500 мл/100 мг дайындауға арналған ұнтақ
7. *Цефуроксим инъекциялық ерітінді жасауға арналған ұнтақ флаконда 750 мг
8. *Цефтазидим 500 мг, 1 гр, 2 г флаконда иньекциялық ертіндіні дайындауға арналған ұнтақ
9. *Декстран мол.масса шамамен 35000- 200 мл
10. Рингер ацетаты ерітіндісі

Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:
1. *Жаңа тоңазытылған плазма

Ем тиімділігінің индикаторлары: бел аймағындағы ауыру сезімінің жоғалуы, бүйректе тас болмауы.


* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар.

Ауруханаға жатқызу

 
Госпитализациялау үшін көрсетімдер: бел аймағындағы ауыру сезімі.

Жоспарлы түрде ауруханаға жатқызу алдындағы қажетті тексеру көлемі: ЖҚА, ЖНА (гематурия, тұздар кристалдары, несеп рН), УДЗ, экскреторлық урография, нəжісті ішек құрттарына тексеру, микрореакция, ЭКГ, флюорография.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. 1. Goldfarb D.S, Coe F.L. Prevention of Recurrent Nephrolithiasis; 2. Robyn Webber, David Tolley, James Lingeman. Kidney stones. Search date April 2005. Clin Evid 2005; 3. http://www.kidney.org/, Lithotripsy; 4. Malvinder S Parmar. Kidney stones. Clinical review. BMJ 2004;328:1420-1424 5. http://www.urologyhealth.org, Surgical Management of Stones; 6. http://www.urologyhealth.org, Medical Management of Stone Disease.

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі: Хусаинов Т.Э., ҚР ДСМ Урология ҒО.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх