Жүректің жəне жүрек-қантамыр жүйесінің соматоформалы вегетативтік дисфункциясы

H-Т-024

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Другие соматоформные расстройства (F45.8)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы

Соматоформалық бұзылыстар – психосоциалды күйзелу кезінде, тиісті 
тіндердің морфологиялық өзгерісінсіз, соматикалық шағымдардың пайда болуы тəн бұзылыстар (көп жағдайда бейспецификалық жəне функционалды бұзылыстар байқалады). Тұрақты медициналық тексерулерді қажет ететін, қайталанбалы физикалық симптомдардың туындауы негізгі белгісі болып табылады.

 
Хаттама коды: H-Т-024 "Жүректің жəне жүрек-қантамыр жүйесінің соматоформалы вегетативтік  дисфункциясы"
Терапевтикалық саладағы стационарлар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):
F 45   Соматоформалық бұзылыстар
F45.0 Соматизирленген бұзылыстар
F45.1 Дифференцияциаланбаған соматоформалық бұзылыстар
F45.2 Ипохондриялық бұзылыстар
F45.3 Соматоформалық вегетативтік дисфункция
F45.4 Созылмалы ауру сезімдік бұзылыстар
F45.8 Басқа соматоформалық бұзылыстар
F45.9 Анықталмаған соматоформалық бұзылыстар

Жіктемесі


Жіктемесі:  АХЖ-10 кодтары бойынша.

Диагностикасы


Диагностика критерилері
 
Барлық F 45 соматоформалық бұзылыстар үшін, физикалық симптомдардың айқындығы, симптоматика үшін физикалық негіздің объективті деректерінің болмауы мінезді.
 
F 45.0 үшін: Екі жыл ішінде көп жəне вариабельді симптоматикалық симптомдарға тұрақты шағымдардың болуы.
F 45.1 үшін: Соматикалық шағымдар көп, вариабельді ұзақ, бірақ мұнымен қатар соматикалық бұзылыстардың толық жəне клиникалық суреті көрінбейді.
F 45.2 үшін Бір немесе бірнеше ауыр соматикалық аурулардың болуы туралы тұрақты ойдың болуы, 6 айдан кем емес сақталатын немесе дисморфофобиялық өзгерістер туралы емделушінің тұрақты ойы, түрлі дəрігерлерге тұрақты сенімсіздік.
F 45.3 үшін: Вегетативтік қозу симптомы, нақты ағза мен жүйеге жататын қосымша симптомдар, ағза немесе жүйенің күрделі ауруына байланысты ойлану мен өкіну.
F 45.4 үшін: 6 айдан кем емес ауыр жəне психикалық ауыру сезім, бұл ауыруға түсінік бере алатын қандай да бір физикалық немесе соматикалық бұзылыстардың болмауы, шизофрения, аффективті бұзылыстардың критерилеріне сəйкессіздік.
F 45.8 үшін: Науқастардың шағымы нақты ағзалар немесе дене бөліктерімен шектеледі.
 
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Қанның жалпы анализі (6 параметр).
2. Зəрдің жалпы анализі.
3. АЛТ, АСТ анықтау.
4. Билирубинді анықтау.
5. Электрокардиография.
6. Консультация: терапевт.
7. Консультация: невропатолог.
8. Эксперименталдық – психологиялық тексеру (біріншілік).
 
Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
1. Эксперименталдық – психологиялық тексеру (қайталама).
2. Реоэнцефалография.
3. Ультрадыбыстық зерттеу.
4. Диз.топқа нəжісті зерттеу.
5. Глист жұмыртқаларына нəжісті зерттеу.

Емдеу тактикасы


Емдеу тактикасы

Ем мақсаты: клиникалық көріністердің жоғалуы немесе айтарлықтай редукция.
 
1. Негізгі болып клиникалық тексеру табыладые, ол кезде соматоформалық бұзылыстар үшін мінезді клиникалық көріністер мен ағымдар анықталады. Клиникалық зерттеуге кіреді:
- сұрастыру;
- бақылау;
- субъективті жəне объективті анамнезді жинау.
2. Жалпы соматикалық жəне неврологиялық зерттеулер.
3. Эксперименталды – психологиялық зерттеулер.
4. Негізінен, дифференциалды диагноз жүргізу мақсатында лабораторлық жəне инструменталдық зерттеулер қосымша болып табылады, психотропты препараттардың жанама əсері салдарынан, лабораторлық жəне инструменталдық тексеру кезіндегі өзгерістер, соматикалық немесе неврологиялық қосымша ауруларды верификациялау.
 
Дəрі дəрмексіз ем:
- ЛФК;
- 10 сеанс ИРТ;
- психотерапия (интегративті экспресс-психотерапия, НЛП; денелік-бағытталған психотерапия, Джекобсон бойынша миорелаксация, гипноз, психодинамиялық, когнитивті-бихевиориальді, емделушінің жағдайына байланысты, психотерапияның аутосуггестивті жəне басқа түрі).
 
Дəрі-дəрмектік ем

Емнің нақты схемасы:
Соматоформалық бұзылыстармен науқастарға жəрдем, клиникалық көріністерді басуға бағытталған жəне психотерапиямен қосылған. Психофармокологиялық жəне жалпы нығайтушылық заттармен дəрі дəрмектік ем, физиоемшаралар, ЛФК. Соматоформалық бұзылыстардың терапиясы кезінде жоғарыда көрсетілген күйзелу депрессиялық симптоматика, тұлғалық ерекшеліктер, құнды ойлардың болуымен қатар жүретін бұзылыстар ескеріледі. Бұл мақсат үшін айқын антидепрессивті əсерлі препараттар кешенін қолдану қажет. Соматоформалық бұзылыстарды емдеу кезінде сонымен қатар β-адрено-блокаторларды қолдануға болады (пропанолол, тразикор, обзидан жəне басқалар).
Психофармакотерапия жəне дəрі дəрмектер немесе олардың кешенін таңдау, клиникалық көріністердің түрлілігі, дірілік заттарды жеке көтере алу ескеріліп, қатал түрде жеке жүзеге асырылады, аталған емделуші үшін, оптималды терапиялық дозаны біртіндеп таңдалады:

1. Диазепам – тарапия басында алғашқы он күн ішінде препаратты 20 – 80 мг/тəулігіне дозада 3 – 4 қабылдаудан парентералды енгізу қажет, мұнан кейін перолралдық енгізумен алмастыру 20 – 40 мг /тəулігіне в 3 – 4 қабылдауға 7 – 10 күн ішінде.
 
2. Амитриптиллин – 50 – 150 мг /тəулігіне дозасында 30 күн бойы 3 – 4 қабылдау, соматоформалық жəне күйзелу депрессиялық симптомдарды басу үшін.

3. Хлорпротиксен 30 – 100 мг тəулігіне 10 – 20 күн бойы 3 қабылдауға.

4. Имипрамин 50 – 150 мг /тəулігіне 2 қабылдау, моторлық жəне идеаторлық тежелумен қатар жүретін депрессивті симптомдарды, алгиялық бұзылыстарды басу үшін күннің бірінші жартысында.
 
5. Флуоксетин – 20 – 60 мг/тəулігіне 4 – 6 апта, күннің бірінші жартысында 1 – 30% жағдайда 2 қабылдауға. Амитриптилин мен мелипраминнен айырмашылығы
зəршығару кезінде қиындық шақырмайды, кардиоуытты əсер етпейді, қолдануға ыңғайлы, тəулігіне 1 рет қолданылады.
 
6. Флувоксамин тəулігіне 100-150 мг. 30 күн қабылдауға дейін. соматоформалық, күйзелу депрессивтік бұзылыстарды басу үшін.
 
7. Трифлуперазин 5 мг/тəулігіне 2 қабылдауға, жоғары құнды ойларды, психопатологиялық тұлғалық реакцияларды жою үшін.
 
8. Рисперидон – оралды ерітінді 30 мл 2-6 мг/тəулігіне 1-2 қабылдауға, жоғары құнды ойларды, психопатологиялық тұлғалық реакцияларды, аффективті бұзылыстарды жою үшін.

9. Карбамазепин 200 – 400 мг/тəулігіне 2 қабылдауға.

10. Тригексифенидил, экстрапирамидтік бұзылыстардың алдын алу үшін 2 мг. күніне 3 рет (тəуліктік доза 6 мг.)

Негізгі дəрі дəрмектер тізімі:
1. *Диазепам 0,010 г, табл, 0,5% - 2 мл амп.
2. *Амитриптиллин 0,025, 0,01 табл, 1% – 2 мл амп.
3.  Хлорпротиксен 50 мг, табл, драже.
4. *Флуоксетин 0,02 г, капс.
5. *Имипрамин 0, 025 г, табл, 1,25 % - 2 ,0 мл, амп.
7. *Флувоксамин 0,05 г, табл.
8. *Карбамазепин 0,1, 0,2 г, табл.
 
Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:
1. *Трифлуоперазин 0,005 г, табл.
2. *Рисперидон оралдық ерітінді, 30 мл, фл.
3. *Тригексифинидил 0,002 г, табл.

Ем тиімділігінің индикаторлары:
Клиникалық көріністердің жоғалуы немесе айтарлықтай редукциясы.

* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар

Ауруханаға жатқызу


Госпитализациялау үшін көрсетімдер:
1. Барабар соматикалық түсініктеме табылмаған физикалық симптомдардың айқындығы мен/немесе көптілігі.
2. Диагнозды анықтау үшін, жұмысқа қабілеттілікті сараптау, басқа сараптамалық сұрақтарды шешу үшін стационарлық тексеруге белгіленген тəртіпте жолданған тұлғалар.
3. Терапияны таңдау қажеттілігі.
 
Жоспарлы госпитализациялау алдындағы тексерулердің қажетті көлемі:
1. Дəрігер интернисттің тиісті қорытындысы мен ауру тарихынан көшірме болған кезде, құрамында психотерапиялық кабинеті бар емхана немесе дəрігерлік бақылау комиссиясына (диспансерлік бөлімше) жолдама.
2. Өкпе флюорографиясы (немесе өкпе көкірек клеткалары ағзаларының рентгенографиясы).
3. Микрореакция (немесе RW қан тапсыру).

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. Хаттаманы дайындауға пайдаланылған əдебиеттер: 1. Каплан Г.И., Сэдок Б.Дж.. Клиническая психиатрия из синопсиса по психиатрии. Т 1. – Москва “Медицина”, 1994. 2. Карвасарский Б.Д. Неврозы. Руководство для врачей – Москва, “Медицина”, 1980. 3. Международная Жіктемесі болезней (10-й пересмотр). Жіктемесі психических и поведенческих расстройств (Клинические описания и указания по диагностике). ВОЗ, 1994. 4. Попов Ю.В., Вид В.Д. Клиническая психиатрия – Санкт-Петербург, 1996. 5. Справочник по психиатрии/ Под редакцией А.В.Снежневского. – Москва “Медицина”, 1985. 6. Справочник. Психосоматические заболевания./Под ред. ЕлисееваЮ.Ю. – Москва “Эксмо”, 2003. 7. Гиндикин В.Я. Справочник соматогенные и соматоформные психические расстройства. – Москва, Триада – Х, 2000. 8. Смулевич А.Б. Депрессии при соматических и психических заболеваниях. Москва. МИА, 2003.

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі: Негай Н.А. ҚР ДСМ Психиатрия, психотерапия жəне наркология ҒО

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх