Войти

Жүкті әйелдердің гипертензиясыз протеинуриялы ісінуі

H-O-008

РЦРЗ (Республиканский центр развития здравоохранения МЗ РК)
Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Вызванные беременностью отеки (O12.0)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы:
Ісік - сұйықтардың бір жерге көптеп жиналып, 12 сағат төсек жағдайында жатса да кетпей қоюы немесе науқастың аптасына 2,2 кг салмақ қосуы арқылы анықталады. 


Хаттама коды: H-O-008 "Жүкті әйелдердің гипертензиясыз протеинуриялы ісінуі"
Акушерлік-гинекологиялық саладағы стационарлар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары): 
О12 Протеинуриялы гипертензиясы жүктілік ісігі
О12.0 Жүктіліктің әсерінен болған ісік
О12.1 Жүктіліктің әсерінен болған протеинурия
О12.2 Жүктіліктің әсерінен болған протеинуриялы ісік
Мобильное приложение "MedElement"

- Профессиональные медицинские справочники. Стандарты лечения 

- Коммуникация с пациентами: вопросы, отзывы, запись на прием

Скачать приложение для ANDROID / для iOS

Мобильное приложение "MedElement"

- Профессиональные медицинские справочники

- Коммуникация с пациентами: вопросы, отзывы, запись на прием

Скачать приложение для ANDROID / для iOS

Жіктемесі


Жіктемесі:  жоқ

Диагностика


Диагностика критерилері
Аяқ, қол ісінулері, беттің ісінуі немесе шоғырланған ісіктер, протеинурияның тәулігіне 0,3мг/л-ден асуы немесе оның мүлде болмауы, қалыпты артериялық қысым көрсеткіштері.

Шағымдар мен анамнез: ісінулер.

Физикалық тексеру: балтыр мен табандағы ісінулер, әрі қарай сан, сыртқы жыныс ағзалары ісінеді.

Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер: жүкті әйелдердегі анықталған оқшауланған протеинурия аралас мамандар консультациясын қажет етеді.

Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Гемоглобин, гематокрит.
2. Тромбациттер шоғырлануы.
3. Белгісі жоқ бактериурияға зәр скрипинингі.
4. Қан сарусуынада креатинин шоғырлануы.
5. Қан сарусуында зәрлі қышқыл шоғырлануы.
6. Трансаминазалар шоғырлануы.
7. Сарысулық алабумин, лактатдегидрогеназа.
8. Коагуляциялық сала.
9. 20-22, 30-34 апталар мерзімінде ұрықты УДЗ.
10. Тиісті мамандар қарауы.
11. Терапевт қарауы.
12. Зәрді бактериалогиялық зерттеу.

Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
1. Hbs Ag.
2. Анти HCV.

Емдеу тактикасы


Емдеу тактикасы:
1. Емдеулік-қорғаулық тәртіп.
2. Төмен молекулалық декстрандарды тамырға жіберу.
3. Дезагреганттық терапия.

Ем мақсаты
Жүктіліктің әсерінен болған протеинуриялы, протеинуриясыз да ісіктерді емдеу, гипертензиялық бұзылыстардың алдын алу, жүктіліктің ілгерлеуі.

Дәрі-дәрмексіз ем: төсек режимі, сұйықтықты шектеу (300-500 мл дейін), "жеңілдету күндері".

Дәрі-дәрмектік ем
Диуретиктерді пайдалануға болмайды (тамырішілік сұйықтық көлемін азайтады, шеткей тамыр кернеуін жоғарылатады), сұйықтық қабылдауды шектеуге болмайды (тамырішілік сұйықтық көлемін азайтады).
Жүксіздендіру күндерін жүргізу көрсетілмеген.
Жүктілердің оқшауланған протеинуриясын табу іргелес мамандар консультациясын керек етеді.
Персистияланушы протеинуриясы бар барлық жүктілер гипертензиясы болмағанда мұқият тексерілуі керек, өйткені 300 мг/л астам белок тәулігіне жоғалуы ананың және туылмағанның ауру-сырқаулығының жиілігі көбеюімен байланысты.

Әрі қарай жүргізу: шеменнің алдын дер кезінде алу үшін жүкті әйелді жүйелі күту қажет; апта сайын салмағын өлшеу үлкен мәнге ие.

Негізгі дәрі-дәрмектер тізімі:
1. Пентоксифиллин ерітінді егуге арналған 1 мл 20 мг, амп.

Қосымша дәрі-дәрмектер тізімі: жоқ.

Ем тиімділігінің индикаторлары:
- зәрде белок болмауы;
- ұрықтың қанағаттанарлық күйі;
- жүктіліктің дами беруі.

* - Негізгі (өмірге маңызды) дәрілік заттар тізіміне кіретін препараттар 

Госпитализация


Госпитализациялау үшін көрсетімдер: анық байқалған протеинурия, преэлампсия симптомының қосылуы.

Госпитализациялау алдындағы қажетті зерттеулер:
- перифериялық қандағы гемоглобиннің мөлшері;
- қан тобы, Rh - факторы;
- мерезге сергологилық тексеру;
- зәрдің жалпы анализі.

Профилактика


Профилактикалық шаралар: гигиеналық ережелерді сақтау, тиісінше тамақтану, қалыпты өмір салты.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған әдебиеттер: 1. National Guideline Clearinghouse: www.guideline.gov • National High Blood Pressure Education Program: Working Group report on high blood pressure in pregnancy; • Preeclampsia Community Guideline. 2. Royal College of Obstetricians and Gynecologists. Setting Standart to Improve Women’s Health • Managment of Eclampsia • Pre-eclampsia - Study Group Recommendations 3. Scottish Obstetric Guidelines and Audit Project. Managment of Non-proteinuric Hypertension in Pregnancy 4. Institute for Clinical Systems Improvement. Health Care Guideline. Rutine Prenatal Care, 2005, p.80 5. National Collaborating Center for Women’s and Children’s Health. Antenatal Care: Rutine Care for the Healthy Pregnant Women. Clinical Guideline, 2003, p.286 6. Артериальная гипертензия при беременности. Пособие для врачей и интернов. Ярославль, 1999, с.34

Ақпарат


Әзірлеушілер тізімі: Сапарбекова А.З., м.ғ.к., Ана мен баланы қорғау Республикалық Ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх