Войти

Жүктілік кезіндегі зəр шығару жолдары мен жыныс жүйесінің инфекциясы

P-O-009

РЦРЗ (Республиканский центр развития здравоохранения МЗ РК)
Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Инфекция мочевых путей при беременности неуточненная (O23.4)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы:  Зəр-жыныс жолдарының жүктілікті, босануды жəне босанғаннан кейінгі кезеңді ауырлататын жұқпалы аурулары.


Хаттама коды : P-O-009 "Жүктілік кезіндегі зəр шығару жолдары мен жыныс жүйесінің инфекциясы"
Акушерлік-гинекологиялық саладағы поликлиникалар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):
О23. жүктілік кезіндегі зəр –жыныс жолдары инфекциясы
О23.0 жүктілік кезіндегі бүйрек инфекциясы
О23.1 жүктілік кезіндегі қуық инфекциясы
О23.2 жүктілік кезіндегі үрпі инфекциясы
О23.3 жүктілік кезіндегі зəр жолдары басқа бөлімдерінің инфекциясы
О23.4 жүктілік кезіндегі зəр жолдарының анықталмаған инфекциясы
О23.5 жүктілік кезіндегі жыныс жолдарының инфекциясы
О23.9 жүктілік кезіндегі зəр-жыныс жолдарының басқа жəне анықталмаған инфекциясы.

Мобильное приложение "MedElement"

- Профессиональные медицинские справочники. Стандарты лечения 

- Коммуникация с пациентами: вопросы, отзывы, запись на прием

Скачать приложение для ANDROID 

Мобильное приложение "MedElement"

- Профессиональные медицинские справочники

- Коммуникация с пациентами: вопросы, отзывы, запись на прием

Скачать приложение для ANDROID 

Жіктемесі


Жіктемесі:
1. Жүктілердің 2-11% əйгіленімсіз бактериурия анықталады – зəр шығару ағзаларын бактериялардың дизуриялық белгілерсіз персистирлеп жаулап алуы;
2. Жүктілердің 1,3% қуықтың жіті қабынуы анықталады;
3. Жүктілердің 1-2,5% бүйрек түбекшесінің жіті қабынуы,10-18% бүйрек түбекшесінің сүле қабынуы кездеседі;

Қауіп-қатерлі факторлар


Қауіп-қатерлі факторлар:
1. Үрпінің қысқалығы;
2. Үрпінің сыртқы үштен бірінде іншек пен тік ішектен түскен микроорганизмдер ұдайы болады;
3. Əйелдер өз қуықтарын толық босатпайды;
4. Жыныс қатынасы кезінде қуыққа бактериялар түседі;
5. Микробқа қарсы құралдарды қолдану;
6. Жүктілік;
7. Əлеуметтік-экономикалық статусының төмендігі;
8. Бала емізетін əйелдер;
9. Бүйрек түбекшесінің сүле қабынуы;

Диагностика


Диагностика критерилері:
 
Шағымдар мен анамнез: жиі зəр шығару.
 
Физикалық тексеру:  дизуриялық бұзылыстар, кіші дəретке жиі отыру, кіші дəретке бұйрықты (императивті) барғысы келу,  уыттану белгілері);
 
Инструменталдық зерттеулер:  жоқ
 
Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер:  қосарланған патологияға байланысты.

Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
Тест-жолақтардың көмегімен зерттеу (қан,белок);
1. емханаға əр келгенінде зəрді бактериоскопиялық зерттеу;
2. зəрді тексеру;
3. зəрдің тұнбасын зерттеу;
4. емханаға алғаш келгенде зəрді культураға зерттеу, бактериурия жəне қуық қабынуы (цистит) анықталып, емдегенде - босанғанға дейін ай сайын жəне одан кейін 4-6 апта; бүйрек түбекшесінің қабынуын стационарда емдегенде -– босанғанға дейін айына 2 рет.
5. жалпы қан анализі;
6. зəрді Нечипоренко бойынша тексеру ;
7. қанда креатининнің жинақталуы (көрсетілім бойынша ),
8. бүйрек түбекшесінің қабынуына күдіктенгенде, қанды өсіндік зерттеу;
9. соз бен хламидиозға серологиялық зерттеу;
10. бүйректі УДЗ.
 
Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
1. терапевтің консультациясы;
2. урологтың консультациясы.

Лабораторлық зерттеулер


Лабораторлық зерттеулер:  зəрде лейкоциттер мен белок санының көбеюі, бактериурия 1мл. зəрде 100000-нан астам микроорганизм;

Дифференциалды диагноз


Дифференциалды диагноз:  жоқ

Емдеу тактикасы


Емдеу тактикасы:

Ем мақсаты: симптомдарды басу, өмір сапасын жақсарту, асқынулар жиілігін төмендету

Дəрі-дəрмексіз ем:  жоқ

Дəрі-дəрмектік ем:
Бактериуриямен ауыратын барлық жүкті əйелдер емделуге тиіс. Бактериурияны жүктіліктің ерте мезгілдерінде емдеу пиелонефрит дамуын 70-80%, сонымен қатар мезгіліне жетпей босанудың барлығын 5-10% тежейді . Ампициллин, цефалоспорин немесе нитрофуранмен қысқа мерзімдік (1-3 апта) емдеу бактериуияны жоюда (79-90% ) микробтарға қарсы дəрілерді ұдайы ішумен бірдей тиімді. Дəріні таңдауда бұлардың біреуінің екіншісінен артықшылығы жоқ, сондықтан дəрі таңдау клиникалық жəне зертханалық көрсеткіштерге байланысты ойланып шешіледі. Бактериурия анықталған жағдайда ем бактерияға қарсы терапияның 3 күндік курсымен басталады да,сонан соң бақылау үшін зəрді ай сайын өсіндіге тексеру жүргізіледі. Бактериурия қайта табылатын болса,(16-33%) демеуіш ем босанғанға дейін жəне одан кейін 2 аптаға тағайындалады (күніне бір рет тамақтан соң жатар алдында). Пенициллин мен цефалоспорин нəрестеге қауіпті емес. Сульфаниамидтер жаңа туған нəрестеде гипербилирубинемия жəне ядролық сары аурудың себебі болуы мүмкін. Тетрациклиндерден сүйек пен тістің дисплазиясы болады. Нитрофурандар нəрестеде гемолиз жəне глюкоза-6-фосфат дегидрогеназы жетіспеушілігінің себебі болуы мүмкін. Аминогликозидтер нəрестенің 8-жұп бас-ми жүйкелерін зақымдайды.
Жүктілік кезінде қуықтың жіті қабынуын емдеу. Клиникалық көрінісіне қарай анықталады (кіші дəретке жиі , ауырсынып отыру, қуықтың толық босамау сезімі).

Терапиялық тактика:
1. Жүктілерде əйгіленімсіз бактериурия мен жіті цистит 3 тəулік ішінде ұсынылған сызбаның бірімен емделеді:
* Амоксициллин 250-500мг. 8 сағаттан соң (тəулігіне 3 рет);
* Амоксициллин / клавуланат 375-625 мг. 8-12 сағаттан соң (тəулігіне 2-3 рет);
* Цефазолин 1 мг. тəулігіне 2 рет;
   Фурагин 50 мг., 6сағаттан соң.
2. Бактериурия қайта табылатын болса, (16-33%) демеуіш ем босанғанға дейін жəне одан кейін 2 аптаға (күніне бір рет тамақтан соң жатар алдында)  ұсынылған сызбаның бірі тағайындалады:
  Нитрофурантоин100 мг түнге қарай;
  Фурагин 50мг, 6 сағаттан соң;
* Амоксициллин 250 мг түнге қарай;
   Цефазолин 1,0 мг түнге қарай.
Сақтандыру:
- Жеке бас тазалығы;
- Микробқа қарсы дəрілер қабылдауды шектеу.

Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1.*Амоксициллин 500 мг., 1000 мг. табл.
2.*Амоксициллин + клавулан қышқылы 625 мг.табл
3.*Цефазолин инъекция дайындауға арналған ұнтақ 1000мг.
4.*Цефалексин 250 мг., 500 мг табл., капс.
5.  Фурагин 100 мг. табл.
 
Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:   жоқ.

Ем тиімділігінің индикаторлары:  симптомдарды басу, өмір сапасын жақсарту, асқынулар жиілігін төмендету.

* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар.
 

Госпитализация


Госпитализациялауға көрсетімдер:
1. Жіті пиелонефрит;
2. Созылмалы пиелонефриттің өршкі.

Профилактика


Біріншілік профилактика:  ауру дамуына əсер ететін қауіп-қатерлі факторларды жою бойынша профилактикалық шаралар.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1. Инфекционные заболевания в акушерстве и гинекологии. Пособие для врачей и интернов.-Ярославль.- 2003.- с.31 2. Institute for Clinical Systems Improvement. Health Care Guideline. Rutine Prenatal Care, 2005,p.80 3. National Collaborating Center for Women’s and Children’s Health. Antenatal Care: Rutine Care for the Healthy Pregnant Women. Clinical Guideline, 2003, p.286 4. National Guideline Clearinghouse: DoD/VA Clinical Practice Guideline for Managment of Uncomplicated Pregnancy.- www.guideline.gov 5. National Guideline Clearinghouse: Uncomplicated Urinary Tract Infection in Women.- www.guideline.gov 6. National Guideline Clearinghouse: Screening for Asymptomatic Bacteriuria - Recommendation Statement - www.guideline.gov IDSA Guidelines for Asymptomatic Bacteriuria - CID, 2005:40, p.643-655

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі:  Өтегалиева Г.Н., республикалық  медициналық  колледж.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх