Войти

Жүктілік кезіндегі зəр шығару жолдарының инфекциясы

PN-O-001

РЦРЗ (Республиканский центр развития здравоохранения МЗ РК)
Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Другая и неуточненная инфекция мочеполовых путей при беременности (O23.9)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы:  Жүктілікті,  босану жəне босанудан кейінгі кезеңді асқындыратын зəржыныс жолдарының инфекциялық ауруы.


Хаттама коды: PN-O-001  "Жүктілік кезіндегі зəр шығару жолдарының инфекциясы"
Акушерлік-гинекологиялық саладағы медициналық пункттер үшін 
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):
O23 Жүктілік кезіндегі зəржыныс жолдарының инфекциясы
O23.0 Жүктілік кезіндегі бүйректің инфекциялары
O23.1 Жүктілік кезіндегі қуықтың инфекциясы
O23.2 Жүктілік кезіндегі уретраның инфекциясы
O23.3 Жүктілік кезіндегі зəр жолдары өзге бөліктерінің инфекциясы
O23.4 Жүктілік кезіндегі зəр жолдарының анықталмаған инфекциясы
O23.5 Жүктілік кезіндегі жыныс жолдарының инфекциясы
O23.9 Жүктілік кезіндегі жыныс жолдарының өзге жəне анықталмаған инфекциясы

Мобильное приложение "MedElement"

- Профессиональные медицинские справочники. Стандарты лечения 

- Коммуникация с пациентами: вопросы, отзывы, запись на прием

Скачать приложение для ANDROID / для iOS

Мобильное приложение "MedElement"

- Профессиональные медицинские справочники

- Коммуникация с пациентами: вопросы, отзывы, запись на прием

Скачать приложение для ANDROID / для iOS

Жіктемесі


Жіктемесі:
1. Симптомсыз бактериурия 2-11% жүкті əйелдерде анықталады – дизуриялық симптомдар көрінісінсіз, зəршығару тракты ағзаларының персистирлеуші бактериалды колонизациясы.
2. Жіті цистит 1,3% жүкті əйелдерде анықталады.
3. 1-2,5% жүкті əйелдерде жіті пиелонефрит анықталады, созылмалы пиелонефрит 10-18% жүкті əйелдерде кездеседі.

Қауіп-қатерлі факторлар


Қауіп-қатерлі факторлар:
 
• Қысқа уретра;
• Уретраның сыртқы үштен бір бөлігінде іншек жəне тік ішектен бөлінген тұрақты микроорганизмдер болады;
• Əйелдер өз қуығын толық көлемде босата алмайды;
• Жыныстық қатынас кезінде қуыққа бактериялардың түсуі;
• Микробқа қарсы заттарды қолдану;
• Жүктілік;
• Төмен əлеуметтік-экономикалық статус;
• Бала емізетін əйелдер;
• Анамнездегі созылмалы пиелонефрит.

Диагностика


Диагностика критерилері:
1. Клиникалық белгілер (жиі, ауырсынып зəр шығару, зəр шығаруға императивті (жалған) сезімдер, бел аумағындағы ауырсынулар, дене температурасының көтерілуі, қалтыраулар).
2. Зəр микроскопиясы кезінде бактериялар, лейкоциттердің болуы

Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
• Тест-жолақтар көмегімен зерттеу (қан, белок).
• Бактериялар, лейкоциттерді анықтау мақсатында зəр микроскопиясы.
• Дəрігер акушер-гинеколог, терапевт консультациясы.

Қосымша диагностикалық шаралар тізімі: жоқ

Емдеу тактикасы


Емдеу тактикасы:
Жүкті əйелдің орта медициналық қызметкерге біріншілік қаралуы кезінде бактериялар жəне лейкоциттерді анықтау мақсатында зəр тұнуына бактериоскоптық зерттеу жүргізу. Патологиялық өзгерістер анықталған кезде, ем тағайындау мақсатында акушер-гинеколог жəне терапевт консультациясы көрсетілген. ФАП жағдайында ем жүргізу тек қана дəрігер тағайындауынан кейін мүмкін болады.

Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:  жоқ
 
Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:  жоқ

Ем тиімділігінің индикаторлары:
Асимптомды бактериурия, цистит, жүкті əйелдердің пиелонефритін диагностикалау;
Асимптомды бактериурияның оптималды емін жəне профилактикасын жүргізу, лабораторлық деректерді бақылай отырып, циститті, пиелонефритті дер кезінде емдеу.


* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар
 

Госпитализация


Госпитализациялау үшін көрсетімдер:
• Микроскопия кезінде зəр тұнуында бактиерияларды, лейкоциттерді анықтау.
• Клиникалық белгілердің болуы (жиі, ауырсынып зəр шығару, зəр шығаруға императивті (жалған) сезімдер, бел аумағындағы ауырсынулар, дене температурасының көтерілуі, қалтыраулар).

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1. Инфекционные заболевания в акушерстве и гинекологии. Пособие для врачей и интернов.- Ярославль.- 2003.- с.31 2. National Collaborating Center for Women’s and Children’s Health. Antenatal Care: Rutine Care for the Healthy Pregnant Women. Clinical Guideline, 2003, p.286 3. National Guideline Clearinghouse: Uncomplicated Urinary Tract Infection in Women.- www.guideline.gov

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі: Өтеғалиева Г.Н., республикалық медициналық колледж

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх