Войти

Жүктілік кезіндегі гипертензиялық бұзылыстар

P-O-007

РЦРЗ (Республиканский центр развития здравоохранения МЗ РК)
Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Существовавшая ранее гипертензия, осложняющая беременность, роды и послеродовой период, неуточненная (O10.9)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы:  Жүктілікті, босануды жəне босанғаннан кейінгі кезеңді ауырлататын гипертензиялық бұзылыстар 4-6 сағаттық үзіліспен 2 реттен кем емес, өлшегенде систолалық (сАҚ ) 140-тан жоғары, диастолалық (дАҚ) АҚ с.б. 90мм  жоғары көтерілуі. Барлық жүктілер арасында гипертензиялық бұзылыстар (ГБ) 8-16% -де  кездеседі жəне ана өлім-жітімінің құрамында  2-3  орын алады.


Хаттама коды: P-O-007  " Жүктілік кезіндегі гипертензиялық бұзылыстар"
Акушерлік-гинекологиялық саладағы поликлиникалар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):
О10 Жүктілікті, босануды жəне босанғаннан кейінгі кезеңді ауырлататын бұрыннан бар гипертензия.
О11. Протеинурия қосылған бұрыннан бар гипертензия
О13. Жүктіліктен пайда болған аздаған протеинурия бар гипертензия
О14. Жүктіліктен пайда болған қомақты протеиурия бар гипертензия
О15. Эклампсия
О16. Ананың анықталмаған гипертониясы

Мобильное приложение "MedElement"

- Профессиональные медицинские справочники. Стандарты лечения 

- Коммуникация с пациентами: онлайн-консультация, отзывы, запись на прием

Скачать приложение для ANDROID / для iOS

Мобильное приложение "MedElement"

- Профессиональные медицинские справочники

- Коммуникация с пациентами: онлайн-консультация, отзывы, запись на прием

Скачать приложение для ANDROID / для iOS

Жіктемесі

 
Жіктемесі

1. Жүктілікті, босануды жəне босанғаннан кейінгі кезеңді ауырлататын бұрыннан бар гипертензия (артериялық сүле гипертензия- АСГ) – жүктілікке дейін болған немесе осы жүктіліктің  20  аптасына дейінгі мерзімде анықталған, босанғаннан кейін де сақталған гипертензия.
- маңызды (эссенциалдық);
- кардиоваскулярлық;
- бүйректік;
- екіншілік (салдарлық)

2. Преэклампсия (кешеуілді уыттану) – жүктілікке тəн белгілер, бұл жүктіліктің 20 аптасынан кейін (немесе трофобластикалық ауру кезінде одан да ерте) пайда болатын гипертензия, бұған протеинурия қосылады да (HELLP белгілерінің көріністері кіреді), босанғаннан кейін кері даму жүреді.

А. Ауырлығы орта дəрежелі уыттану:
-  6 сағаттық демалыстан кейін екі рет өлшегенде АҚ тура 140/90 немесе одан жоғары, бірақ с.б.б.160/110 мм-ден төмен;
-  бастапқы АҚ – мен салыстырғанда систолалық АҚ с.б.б.30 мм жоғары, ал диастолалық АҚ с.б.б. 15 мм-ден жоғары болуы;
-  бет пен қол ісінуінің қосылуы;
-  тəуліктік протеинурия 0,3 – 5,0 г/тəул.

Б. Ауыр сатыдағы уыттану:
-  6 сағаттық демалыстан кейінгі аралықпен екі рет өлшегенде АҚ с.б.б.160/110 мм-ден жоғары;
-  бастапқы АҚ – мен салыстырғанда систолалық АҚ с.б.б.30 мм жоғары, ал диастолалық АҚ с.б.б. 15 мм-ден жоғары болуы;
-  бет пен қол ісінуінің қосылуы;
-  тəуліктік протеинурия 5,0 г/тəул.  жоғары;
-  HELLP белгілерінің көріністері;
-  нəрестенің дистресс белгілері.

В. Жеңіл дəрежелі уыттану  (ҚР жіктемесі)
-  6 сағаттық демалыстан кейін екі рет өлшегенде АҚ тура 140/90 немесе одан жоғары, бірақ с.б.б.160/110 мм-ден төмен;
-  бастапқы АҚ –мен салыстырғанда систолалық АҚ с.б.б.30 мм жоғары, ал диастолалық АҚ с.б.б. 15 мм-ден жоғары болуы;
-  бет пен қол ісінуінің болмауы;
-  тəуліктік протеинурия 0,3 г/тəул. аз

3. Талма ауру (эклампсия) – уыттану көрінісі негізінде клонусты-тонусты құрысқақ дамиды.

4. Сүле гипертензияға қабаттасқан уыттану.

Қауіп-қатерлі факторлар


Қауіп-қатерлі факторлар:
1.- жүктілікке дейін АҚ көтерілу көріністері (жағдайлары);
2.- алдыңғы жүктілік кезінде гипертензиялық бұзылыстар;
3.- ананың бұған дейін сусамырмен ауыруы;
4. - анада жүйелі коллагеноздар;
5. - ана бүйрегінің бұған дейін ауыруы;
6. - көп ұрықты жүктілік;
7. - алғашқы жүктілік;
8. - генетикалық аралық үзілісі 10 жылдан артық;
9. - жүкті əйелдің жасы 40-тан жоғары;
10. - алғашқы келгендегі дене салмағының көрсеткіші 35-тен жоғары;
11. - бірінші рет жүкті болғандар
12. - жанұялық анамнезде жүктілік кезінде гипертензиялық бұзылыстар;
13. - қан сарысуында жегілік антиген болуы.

Диагностика

 
Диагностика критерилері:
1. 4-6 сағаттық үзіліспен 2 реттен кем емес өлшегенде систолалық АҚ 140-тан жоғары, диастолалық АҚ с.б.б. 90 мм жоғары көтерілуі; бастапқы АҚ –мен салыстырғанда систолалық АҚ с.б.б.30 мм-ден жоғары, ал диастолалық АҚ с.б.б. 15 мм-ден жоғары болуы;
2. Тəуліктік протеинурия 0,3 г/тəул. жоғары;
3.  Ісіну қосылуы (міндетті емес).
 
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
Гипертензиялық бұзылыстар кезінде жүкті əйелдерге негізгі диагностикалық шаралар тізімі 2 аптада 1 рет немесе көрсетілім бойынша одан да жиі жүргізіледі:
1. Гемоглобин, гематокритті анықтау;
2. Тромбоциттер шоғырлануын анықтау;
3. Белоктың сыртқа шығу деңгейін анықтау;
4. Қан сарысуы креатининінің шоғырлануын анықтау;
5. Қан сарысуында зəр қышқылының шоғырлануын анықтау;
6. Сарысулық трансаминаздың қоюлығын анықтау;
7. Сарысулық албуминді, лактатдегидрогеназды анықтау;
8. Коагуляция кескінін анықтау;
9. Нəрестені 18-20, 28-32 апта мерзімінде,сонан соң туғанға дейін ай сайын УДЗ .
 
Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
1. ЭКГ;
2. Қан тобын анықтау, Rh –фактор;
3. Мерезге серологиялық тексеру;
4. Зəрді бактерилогиялық зерттеу;
5. Нечипоренко бойынша сынама;
6. Бүйректі УДЗ;
7. Нефрологтың консультациясы;
8. Көз дəрігерінің консультациясы;
9. Кардиологтың консультациясы.

Емдеу тактикасы

 
 Емдеу тактикасы
 
1. І дəрежелі уыттануды бақылау күндізгі стационарда өткізіледі, дəрімен емдеу көрсетіліміне қарай. Сақтық тəртібі тағайындалады (денеге күш түсуін, ой ширығуын шектеу); күніне ең аз болғанда 1 сағаттан 3 рет демалғанда сол жақпен жату;  оңтайлы тамақтану (құрамында белогы мол азық-түлікті тағам, тұз бен су шектелмейді, тек шөлдетпейтін мөлшерде);  жүктілерге арналған дəрумендер кешені;  темір  жəне кльций бар препараттар көрсетіліміне қарай.

2. ІІ жəне ІІІ түрдегі уыттануы бар жүктілер міндетті түрде ауруханаға жатқызылуға тиісті. Уыттанудың ауыр түрлері тек қана қарқынды емдеу жағдайында жүргізіледі. Гипотензивтік терапия жүктілерге ДАҚ с.б.б 100 мм жəне одан жоғары болғанда жүргізіледі, гипертензияға қарсы дəрілерді таңдау терапевтпен бірге жəне қос арласқан экстрагениталдық патологиясына, құрсақтағы нəрестенің күйіне, қаралушының  гипертензиялық бұзылыстарының ағымына, жеке сезімталдығына, дəріні көтеруіне, дəрінің қосалқы əсеріне байланысты жасалады. Біртекті емнен гөрі араласемнің əсері айтарлықтай тиімді. Сондықтан ГБ кезінде дəрімен емдеуді бір текті емнің ең аз мөлшерінен бастау ұсынылады. Егер бір текті ем кезінде АҚ  “мақсатты”  деңгейге жеткізу мүмкін болмаса, аралас ем қолдану қажет.  Ауыр уыттану кезінде ем екі дəріні ең аз мөлшерде қосып тағайындаудан стационар жағдайында тиісті бақылаумен бірге басталады.

·*САГ жəне / немесе уыттануды емдегенде, метилдопа таңдалады, өйткені нəрестенің гемодинамикасын бұзбайды. Бір реттік емдік мөлшері 250-500 мг, тəулігіне 3-4 рет, тəуліктік мөлшері 750-2000 мг.

· Жүргізілген емнің əсері болмаған жағдайда: жүктіліктің 2-триместрінен бастап Са – каналдарының антогонистері жоғарыда көрсетілген сызба бойынша метилдопаға қосымша тағайындалады.
*нифедипиннің бір реттік емдік мөлшері 10 мг, тəулігіне 3 рет, тəуліктік мөлшері 30 мг;
*нормодипин тəулігіне 5-10 мг .

· b-адреноблокаторларын (* атенолол) тағайындау жүктіліктің 2-триместрінен ғана рұқсат етіледі, өйткені оларды жүктіліктің ерте кезеңінде тағайындау құрсақтағы нəрестенің дамуын тежейді. Бір реттік емдік мөлшері 100-200 мг, тəулігіне 1-2 рет, тəуліктік мөлшері 200-400мг.
· құрысудан сақтандыру жəне гипертензияны емдеу – магний сульфаты таңдалады. (Көк тамырға жіберілетін жүктемелік мөлшері 20 минут ішінде 4-6 г құрғақ заттек, демеуші мөлшер – 2 г/сағат;  бұлшық етке – жүктемелік мөлщері 10г. құрғақ заттек).

· 35-36 апта жүктілік мерзімінде жаңа туғандарды РДС-тен сақтандыру мақсатында стероидтар тағайындау қажет. (* дексаметазон 12 мг күніне 2 рет). Туу жолдарының даярлығы жеткіліксіз болғанда, Е2 простогландиндерімен босануға дайындық жүргізіледі.

 Негізгі дəрі-дəрмектердің тізімі :
1.* Метилдопа табл. 250 мг.
2.* Нифедипин табл. 10 мг, 20 мг
3.   Нормодипин табл. 5 мг, 10 мг
4.* Атенолол табл. 50 мг, 100 мг
5.* Магний сульфаты егуге арналған сұйықтық  20% ампулада 20 мл
6.* Дексаметазон табл. 0,5 мг, 1,5 мг

Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі : жоқ

Ем тиімділігінің индикаторлары:
- АҚ деңгейінің тұрақтануы / қалыпқа келуі;
- Протеинурияның азаюы / жоғалуы ;
- Ісіктердің азаюы / жоғалуы;
- Зертханалық мəлімет көрсеткіштерінің қалыпқа келуі;
- Құрсақ ішіндегі нəрестенің қанағаттанарлық күйі ;
- Жүктіліктің өсуі

* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1. National Guideline Clearinghouse: www.guideline.gov National High Blood Pressure Education Program: Working Group report on high blood pressure in pregnancy; Chronic Hypertension in Pregnancy; Diagnosis and Treatment of Preeclampsia and Eclampsia; Preeclampsia Community Guideline. 2. Royal College of Obstetricians and Gynecologists. Setting Standart to Improve Women’s Health Managment of Eclampsia Pre-eclampsia – Study Group Recommendations 3. Scottish Obstetric Guidelines and Audit Project. Managment of Non-proteinuric Hypertension in Pregnancy 4. Institute for Clinical Systems Improvement. Health Care Guideline. Rutine Prenatal Care, 2005, p.80 5. Доказательная медицина. Ежегодный справочник. Под ред. Бащинского С.Е., Москва, Медиа-Сфера, 2003 г., выпуск 2, часть 4, с.1215-1233. 6. National Collaborating Center for Women’s and Children’s Health. Antenatal Care: Rutine Care for the Healthy Pregnant Women. Clinical Guideline, 2003, p.286 7. Артериальная гипертензия при беременности. Пособие для врачей и интернов. Ярославль, 1999, с.34 8. Clinical Evidence. BMJ, 2001, Issue 6, p.1111-1124.

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі:  Раева Р.М. м.ғ.к., Ана мен баланы қорғау Республикалық Ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх