Войти

Жүктіліктің ерте кезеңінде қан кету

H-O-017

РЦРЗ (Республиканский центр развития здравоохранения МЗ РК)
Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Другие кровотечения в ранние сроки беременности (O20.8)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы:
Өз еркінен болған түсік - 22 аптаға дейінгі мерзімдегі жүктілікті өз еркімен тоқталу іштегі нәрестенің күні жетпей және өмір сүруге қабылетсіз болып, немесе нәресте 500 граммнан аспайтын салмақпен тууымен аяқталады. 


Хаттаманың коды: H-O-017  "Жүктіліктің ерте кезеңінде қан кету"
Акушерлік-гинекологиялық саладағы стационарлар үшін
АХЖ-10 бойынша кодтары: 
O20 Жүктіліктің ерте кезеңіндегі қан кету
O20.8 Жүктіліктің ерте кезеңіндегі өзге де қан кетулер
O20.9 Жүктіліктің ерте кезеңіндегі анықталмаған  қан кетулер
Мобильное приложение "MedElement"

- Профессиональные медицинские справочники. Стандарты лечения 

- Коммуникация с пациентами: вопросы, отзывы, запись на прием

Скачать приложение для ANDROID 

Мобильное приложение "MedElement"

- Профессиональные медицинские справочники

- Коммуникация с пациентами: вопросы, отзывы, запись на прием

Скачать приложение для ANDROID 

Жіктемесі


Жіктемесі

Жүктіліктің мерзімі бойынша:
- ерте - СА жүктілік мерзімі 12 аптаға дейін;
- кеш - СА жүктілік мерзімі 13-21 аптаға дейін.

Клиникалық көріністері бойынша:
- түсік қауіпі (жатыр мойнының құрлымдық өзгеруінсіз іштің төменгі жағы ауыруы фонында жыныс жолдарынан қанды сұйықтық болса);
- үдемелі түсік (цервикальдық өзектің үңіреюімен жыныс жолдарынан бірқалыпты қан кетумен айқындалатын іштің төменгі жағы жабысып ауыратыны болса);
- толық емес түсік (жатыр мойнының ішкі аңқасы (зев) керілуі кезінде жыныс жолдарынан жұмыртқа тіндері пассажымен айқындалған қан кету);
- толық түсік (іштің төменгі жағының жабысып ауыруы біртіндеп азаюы және қан кету, жатыр көлемінің  кішіреюі, оның қоюлануының (консистенциясының) өзгеруі, қалыңдауы);
- кідірген түсік - іштегі нәресте өлгеннен кейін оның жұмыртқасының тіндері жатыр қуысында 3 және одан көп апта қалып қалуы;
- инфицированный түсік - гипертермияның басқа белгілері болмаған жағдайда, жоғарыда аталған белгілерге дене қызуының Цельсий бойынша 380 жоғары болуы, жатырдың жұмсақ консистенциясы, іштің алдыңғы қабырғаларының бұлшық етінің кернеуі қосылады.

Диагностика


Диагностика критерилері

Шағымдар мен анамнез: 
- жыныс мүшелерінен әр түрлі қарқынды қан кету (әрқашан сыртқы);
- ауыру сезімінің әр түрлі қарқынды синдромы (іштің төменгі жағы).

Физикалық тексеру:
1. Етеккірдің соңғы келу уақыты бойынша  болжалған жүктіліктің мерзімін анықтау.
2. Жатыр мойнын айнамен тексеру, іншекті тексеру:
- қайдан қан кеткенін анықтау (цервикальдық эпителияның эктопиясы, полиптер, іншектің жарақаттануы, инфекциялық ошақтар);
- ауыру кезіндегі цервикальдық өзектің керілуін анықтау;
- етеккірдің келмеуіне сәйкес жатыр үлкейген, консистенциясы жұмсақ;
- іштегі нәрестенің немесе жұмыртқа тіндерінің пассажы.

Инструменталдық зерттеулер:
Жатыр УДЗ:
- жатыр қуысында ұрықтың (эмбрион) болуы;
- ұрықтың өмір сүруге қабілеттілігі;
- cары қаптың бар-жоқтығы және көлемі;
- іштегі нәрестенің шеке-құйымшақтық көлемі (ШҚК) жүктілік мерзіміне сәйкестігі;
- хорионды (бала жолдасы) таратпау;
- хромосомдық ауытқу маркерлерін шығару (жағалық кеңістіктің қалыңдығы, кіндік қан тамырларының саны және т.б.).

Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер: көрсетімдер бойынша.
Дифференциалды диагноз: жоқ

Негізгі диагностикалық шаралар тізімі: 
1. Етеккірдің соңғы келу уақыты және басқа мәліметтер бойынша жүктіліктің мерзімін анықтау.
2. Гемодинамикалық көрсеткіштердің сипаты (тамыр соғысы, артериялық қысым, тері жамылғысының түсі),қан жоғалту көлемінің бағасы.
3. Кіші жамбас мүшелерінің УДЗ-і (жүктілік, гестация мерзіміне сәйкес, іштегі нәресте жұмыртқасы мен ұрықты таратпау).
4. Гормональдық тексерулер (зәр және қан сарсуындағы  СГ-нің маңызы).

Қосымша диагностикалық шаралар тізімі: жоқ.

Лабораторлық зерттеулер


Лабораторлық зерттеулер

Зәрдегі созылмалы гонадотропинді тексеру:
- СГ-ға жасалған зәр анализі 75% жағдайда жақсы;
- егер СГ-нің өсу тенденциясы болмаса немесе тіпті азайса, жүктіліктің тоқталғаны деп ойлау керек.

Емдеу тактикасы


Емдеу тактикасы 
 
ӨЗІНДІК АБОРТ КЕЗІНДЕГІ ҚАН КЕТУЛЕРДІ ЖҮРГІЗУ ТАКТИКАСЫ

Басталған ӨА ӨА өзге түрлері (жүрістегі аборт, толық емес, толық, болмаған, инфицирленген)
Жүктіліктің 16 аптасына дейін
Ұрықтық жұмыртқа немесе оның қалдықтарын жатыр қуысынан эвакуациялау - таңдау әдісі вакуум-аспирация
Жүктілік мерзімі 16-21 апта
Жатыр қуысынан ұрықтық жұмыртқа немесе оның бөліктерін кенеттік экспульсиядан кейін аспирациялау немесе жытыр қуысын қырнау. Кенеттік экспульсия жоқ кезде цервикальді өзекшені кеңейту және в/і инфузияны бастау 40 БІР окситоцин 1000 мл физ.ерітіндіде минутына 40 тамшы жылдамдықпен ұрықтық жұмыртқа экспульсиясына дейін;
Стационарлық ем  
Психологиялық қолдау    
Төсек режимі
Спазмолитиктер
Гемостатикалық препараттар
Гормональді коррекция

Ем мақсаты: ерте және жеке асқынулардың даму жилігін төмендету.

Дәрі-дәрмексіз ем: төсек режимі.

Дәрі-дәрмектік ем:
- ӨТ барлық кезеңінде, қатер төндіргеннен басқа жатыр қуысына тексеріс жасаумен жалғасатын іштегі нәресте жұмыртқасы қалдығын аспаппен алып тастау көрсетілген;
- қан кету кезінде айналымдағы қан көлемін толықтыру, гемоглобин шоғырлануы 80г/л-ден аз немесе өмір сүру тұрақсыз параметрлерінде эритроцитарлық массаларды инфузиялау және гемотрансфузиялау көрсетілген;
- зарарланған түсік кезінде жатыр қуысы ішіндегіні бактериальдық тексеруді, қан өсінін  есепке ала отырып антибактериальдық емдеу көрсетілген.

Әрі қарай жүргізу: әйелдер консультациясына есепке алу.

Негізгі дәрі-дәрмектер тізімі:
1. Натрий хлорид ертіндісі 0,9% 1000 мл
2. Дексаметазон 24 мг
3. 6-10% ГЭК ертіндісі 1000 мл
4. Глюкоза ертіндіс 5% 0 мл
5. Окситоцин 20-40 БІРЛІК
6. *Сульфат темірі моногидрат 325 мг, табл.

Қосымша дәрі-дәрмектер тізімі:
1. Жаңа мұздатылған плазма - 2 доза
2. Эритроцитарлық масса 500 мл

Ем тиімділігінің индикаторлары: өмір сүру параметрлерінің тұрақтануы, глобулярлық эритроциттер көлемінің толығуы. 

* - Негізгі (өмірге маңызды) дәрілік заттар тізіміне кіретін препараттар 

Госпитализация


Госпитализациялау үшін көрсетімдер:
- аборт;
- басталған аборт;
- толық емес СА;
- толық СА;
- дамымаған жүктілік;
- инфицирленген СА.
Амбулаторлық емнің тиімсіздігі кезіндегі қатерлі аборт (ауыру синдромының күшеюі, қанды бөліністердің пайда болуы).

Профилактика


Профилактикалық шаралар: асқынулар, инфекциялану профилактикасы.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған әдебиеттер: 1. Невынашивание и недонашиваание беременности// Пособие для врачей и интернов/Охапкин М.Б., Хитров М.В., Ильяшенко И.Н.-Ярославль 2002, с34 2.Акушерские кровотечения/ Методические рекомендации.- Бишкек, 2000, С.13 3.Оказание помощи при осложненном течении беременности и родов./ Руководство для акушерок и врачей. Репродуктивное здоровье и научные исследования, ВОЗ, Женева, 2002 4.Daylene L.Ripley MD. Atony, Invertion, and Rupture. Emergent Care Uterine Emergencies. Obstetrics and Gynecology Clinics, V.26, №3, Sept.1999 5.Allan B MacLean, James Neilson. Maternal Morbility and Mortality. Report Of WHO, 2000 6.University of Iowa Family Practice Handbook, Fourth Edition, 2002 7.McDonald S, Prendiville WJ, Elbourne D Prophylactic syntometrine vs oxytocin in the third stage of labour (Cochrane Review) The Cochrane Library, 1998, 2, Update Software Oxford, Prendiville 1996 8.Prendiville WJ, The prevention of post partum haemorrhage: optimising routine management of the third stage of labour Eur J Obstet Gynecol Reprod Biol, 1996, 69, 19-24 9.Khan GQ, John IS, Chan T, Wani S, Hughes AO, Stirrat GM Abu Dhabi third stage trial: oxytocin versus Syntometrine in the active management of the third stage of labour Eur J Obstet Gynaecol and Reprod Biol, 1995, 58, 147-51 10.К.Нисвандер, А.Эванс. Акушерство/ Справочник Калифорнийского университета, 1999 11.Managing Complications in Pregnancy and Childbirth: a Guide for midwives and doctors. Department of Reproductive Health and Reserch Family and Community Health. World Health Organization, Geneva, 2003 12.Postpartum Haemorrage Module: Education Material for teachers of Midwifery. Maternal Health and Safe Motherhood Programme. Family and Reproductive Health. World Health Organization, Geneva, 1996 13.Haemorrage: Intervention Group 6. Mother-Baby Package Spreadsheet. Family and Reproductive Health. World Health Organization, Geneva, 1999 14.Прендевилль У.Д., Эльбурн Д., Макдональд С. Активное ведение третьей стадии родов по сравнению с выжидательным (Абстракт библиотеки Кохрейна, выпуск 1, 2003). 15.Кароли Г., Бергел Е. Инъекции в вену пуповины для устранения дефекта последа/остатков плаценты (Абстракт библиотеки Кохрейна, выпуск 1, 2003).16.15.Воробьев А. Гематология в борьбе за жизнь человека 2005.-№ 9. с.2-5. 16.Элиасова Л.Г. Показатели материнской смертности как критерии качества и уровня организации работы родовспомогательных учреждений..//Санкт-петербургская Государственная педиатрическая медицинская Академия 10.02.06.-с.1-3. 17.Барбара Шейн. Outlok: специальный выпуск по материнскому и неонатальному здоровья. //Выпуск 19, номер 3 18.Sara Mackenzie MD Акушерство: поздние дородовые кровотечения. //Руководство Университета семейной медицины Йовы. Изд. 4, глава 14.

Ақпарат


Әзірлеушілер тізімі: 
Базылбекова З.О., м.ғ.д., Ана мен бала денсаулығын қорғау республикалық ғылыми-зерттеу орталығы акушерлік патология және экстрагенитальді аурулары бар жүктілер бөлімшесінің.
Наурызбаева Б.У. м.ғ.д., Ана мен бала денсаулығын қорғау республикалық ғылыми-зерттеу орталығының босану физиологиясы және патологиясы бөлімшесі.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх