Войти

Жіті құрсақ (іштеспесі)

PN-S-003

РЦРЗ (Республиканский центр развития здравоохранения МЗ РК)
Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Острый аппендицит другой и неуточнённый (K35.8)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы

Жіті құрсақ
- құрсақ қуысы ағзаларының жарақаттарында жəне əр түрлі 
хирургиялық ауруларында дамитын клиникалық симптомокомплекс. Жіті құрсақ соңғы диагноз емес. Бұл терминді əдетте хирургиялық ауруға нақты диагноз қою мүмкіншілігі болмай, ал науқасты шұғыл түрде госпитализациялау керек болған жағдайда қолданады.
 
Жіті құрсақтың себепшісі – құрсақ қуысының жарақаттары, қабыну аурулары, мысалы: перитонит, жедел апендицит, жедел холецистит, жедел панкреатит, жəне құрсақ қуысы ағзаларының тесілуі, құрсақ ішіне жəне құрсақ қуысынан тыс қан кетулер, іш түйілулер, жыныс ағзаларының аурулары (киста аяқшасының бұратылуы, аналық без ісіктері, жатыр қосалқыларының қабыну аурулары) жəне басқа да аурулар болуы мүмкін.

 
Хаттама коды: PN-S-003 «Жіті құрсақ» (іштеспесі).
Хирургия саладағы медициналық пункттар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):
К25  Асқазан ойық жарасы.
К26  Онекі елі ішектің ойық жарасы.
К35  Жедел аппендицит.
К40  Жарық.
К56  Салданбалымықын ішек.
К65  Перитонит.
К81  Холецистит.
К85  Панкреатит.

Қауіп-қатерлі факторлар


Қауіп-қатерлі факторлар: Құрсақ қуысының жəне жамбас қуысы ағзаларының ауруларының политравмалардың болуы.

Диагностика


Диагностика критерилері:
- құрсақтың алдыңғы қабырғасының пальпациядағы ауыру сезімі;
- құрсақтың алдыңғы қабырғасы бұлшықеттерінің «жайылған» қатаюы;
- жергілікті немесе бүкіл құрсақтың алдыңғы қабырғасында ішастар тітіркенуі белгілері;
- тілі құрғақ, жабынмен қапталған;
- субфебрилитет, гипертермия.
 
Ұзақ уақыт медициналық көмек көрсетілмегенде:
- іш кебуі, перистальтиканың əлсіреуі, тіпті кейде мүлдем жоғалуға дейін;
- тахикардия, АҚ төмендеуі;
- дене қызуының субнормалдық көрсеткіштерге дейін төмендеуі;
- бет əлпетінің үшкірленуі, еріндерінің көгеруі, терісінің бозаруы;
- сопор, кома.
 
Жиі кездесетін симптомдарына аурудың алғашқы сағаттарында жəне минуттарында дамитын жүрек айну жəне құсу жатады. Іш қату жəне іш кебу ішектегі механикалық немесе динамикалық кедергілерге байланысты болады. Аурудың алғашқы кездерінде құрсақ қуысының белгілі бір ауруға байланысты нақты нозологиялық белгілері көбіне жалпы перитонеалдық симптомокомплекстің айқындығынан көрінбей қалатындықтан, ауруханаға дейінгі кезеңде нозологиялық себептің ажырату диагностикасын жүргізудің маңызы шамалы.
 
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі: жоқ.
 
Қосымша диагностикалық шаралар тізімі: жоқ.

Емдеу тактикасы


Емдеу тəсілі:
Анамнез (дəрігерге алғаш рет қаралып тұр немесе алдын тексеріліп диагноз қойылған), тыңғылықты қарап тексеру жəне науқасты бақылау маңызды роль ойнайды;
 
Аурудың белгілері мен симптомдарына назар аудару керек: ауыру сезімінің сипаты жəне локализациясы, ішастар тітіркеніуі белгілерінің болуы, температурасының деңгейі, пульс, АҚ, терісінің түсі, ес түсі. Егер сопор немесе кома жағдайы болса, бет əлпетінің үшкірленуі, еріндерінің көгеруі, терісінің түсі бозарып, АҚ төмендесе, медикаментозды ем жүргізу қажет: реополиглюкин (полиглюкин немесе 5% глюкоза ерітіндісі) кортикостероидтармен, мысалы, преднизолонмен 60-120 мг., көк тамырға тамшылатып. Ас жəне сұйықтық бермеу;

Асқазан 
ішек жолдарынан қан кетуіне күдіктенгенде мыналарды тағайындау керек: этамзилат 12,5% - 2-4 мл к/т немесе б/е. Гемодинамика бұзылысы кезінде асқазан ішек жолдарынан қан кеткенде (қан қысымының төмендеуі, тахикардия кезінде) - полиглюкин (реополиглюкин) көк тамырға тамшылатып систолалық қан қысымының 90-100 мм сб. б. дейінгі шамада тұрақтандырғанша.
АҚ-ның инфузиялық емге көнбейтін кризистік т
өмендеуі кезінде допамин 0,5% ерітіндісін 5 мл дейін инфузиялық ерітіндімен енгізу;

Хирургиялық бөлімшеге зембілге жатқызып шұғыл түрде жеткізу қажет. Асқазан ішек жолдарынан қан кетуі кезінде науқастың басын төмен түсірген күйде тасымалдау керек.
Госпитализацияның кешіктірілуі (мамандандырылған хирургиялық көмек) өмірге қауіпті асқынуларға алып келуі мүмкін.
 
Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1. *Полиглюкин (реополиглюкин) ерітіндісі инфузия үшін 200 мл, 500 мл, фл.
2. *Преднизолон ерітіндісі инъекция үшін 30 мг/мл; таблетка 5 мг.
3.  Этамзилат ерітіндісі инъекция үшін 125 мг, 250 мг/2 мл, амп.
4. *Допамин ерітіндісі инъекция үшін ампулада 0,5%, 4% по 5 мл.
 
Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі: жоқ
 
Ем тиімділігінің индикаторлары: Жалпы жағдайының диагностикасы жəне хирургия бөлімшесіне шұғыл тасымалдау.

* – негізгі (өмірлік маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар.

Госпитализация


Госпитализациялау үшін көрсетімдер: жіті құрсақ белгілерінің болуы.

Ақпарат

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі: Ячменев В.М., республикалық медициналық колледж.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх