Жіті нефриттік синдромы (жіті гломерулонефрит)

H-Т-035

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Острый нефритический синдром. Неуточненное изменение (N00.9)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы

Жіті нефриттік синдром
– макроскопиялық гематурия, олигурия, бүйрек 
функциясының жіті жеткіліксіздігінің кенеттен пайда болуымен мінезделетін, гломерулярной фильтрацияның кенет төмендеуімен, сұйықтықтық іркілуі жəне ісінулер мен гипертензияның пайда болуымен шартталған синдром. Протеинурия 3 г/тəулігінен аз. Бұл біріншілік жəне екіншілік гломерулонефриттердің үлкен түрлі тобы – жіті постинфекциялық (диффузды пролиферативті ГН), мембранопролиферативті жəне экстракапиллярлы ГН [Папаян А.В., 1997]. Жіті постинфекциялық гломерулонефрит қолайлы болжаммен циклдік ағымда болады, басқа екі морфологиялық нұсқа, ерте ме кеш пе, терминалды бүйрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігіне алып келеді.

 
Хаттама коды: H-Т-035  "Жіті нефриттік синдромы" (жіті гломерулонефрит)
Терапевтикалық саладағы стационарлар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):
N00    Жіті нефриттік синдром
N00.0 Жіті нефриттік синдром, аздаған гломерулярлық бұзылулар
N00.1 Жіті нефриттік синдром, ошақтық жəне сегментарлық гломерулярлы зақымданулар
N00.2 Жіті нефриттік синдром, диффузды мембранозды гломерулонефрит
N00.3 Жіті нефриттік синдром, диффузды мезангиальдік пролиферативтік гломерулонефрит
N00.4 Жіті нефриттік синдром, диффузды эндокапиллярлық пролиферативтік гломерулонефрит
N00.5 Жіті нефриттік синдром, диффузды мезангиокапиллярлы гломерулонефрит
N00.6 Жіті нефриттік синдром, тығыз тұнбалы ауру
N00.7 Жіті нефриттік синдром, диффузды орақтəрізді гломерулонефрит
N00.8 Жіті нефриттік синдром, басқа өзгерістер
N00.9 Жіті нефриттік синдром, анықталмаған өзгерістер

Жіктемесі


Жіктемесі
 
АХЖ бойынша жоғарыдан қара.
 
Стадия бойынша:
1. Жайылған клиникалық-лабораторлық көріністер.
2. Қата даму.

Диагностикасы


Диагностика критерилері
 
Шағымдар мен анамнез:
- зəр түсі өзгеруінің жіті басталуы («ет жуындысы»);
- ісінулердің болуы;
- АҚ жоғарылауы.

 
Физикалық тексерулер:
- макрогематурия;
- перифериялық ісінулер; 
- олигоанурия;

- артериалды гипертония.
 
Инструменталдық зерттеулер
Зəр жүйесі ағзаларын УДЗ – спецификалық өзгерістер 
жоқ.
Экстраренальді симптомдар дамуының кері дамуы, қатерлі белгілер болмаған кезде, 
əрі қарай морфологиялық зерттеумен теріарқылы бүйректің пункционды биопсиясын жүргізу (жарықтық, иммунофлюоресценттік жəне электрондық микроскопия).
Морфологиялық – нұсқалардың кең спекті (диффузды пролиферативті, мембранопролиферативті, экстракапиллярлы).
 
Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер:
- ЛОР-дəрігер, стоматолог, акушер-
гинеколог – мұрынжұтқыншақ, ауыз қуысы жəне сыртқы жыныстық ағзалар инфекциясын санациялау үшін;
- окулист – микроқантамырлар өзгерісін анықтау;
- гормонотерапия 
фонында катаракта дамуын алып тастау үшін, айықын артериалдық гипертензия, ЭКГ тарапынан бұзылулар жəне басқа кардиолог консультациясы үшін көрсетімдер болып табылады;
- процесстің жүйелік белгілері кезінде – ревматолог;
- вирусты гепатит, 
зоонозды жəне құрсақішілік жəне басқа инфекциялар кезінде – инфекционист.
 
Негізгі диагностикалық шаралар:
1. Қанның жалпы анализі (6 параметр), гематокрит.
2. СРБ сандық əдіспен.
3. Креатинин, мочевинаны, зəр қышқылын анықтау.
4. Шумақ фильтациясының жылдамдығын Кокрофт-Голт формуласы бойынша есептеу:
                               
                                  (140 – жасы) х салмақ (кг) х коэффициент
ШФЖ, мл/мин = -------------------------------------------------------------------
                                            0.82 х қан креатинині (мкмоль/л)
 
Коэффициент: əйелдер үшін = 0.85; ерлер үшін =1
 
5. Жалпы белок, белок фракцияларын анықтау.
6. АЛТ, АСТ, холестерин, билирубин, жалпы липидтерді анықтау.
7. Калий/натрий, хлоридтерді, темір, кальций, магний, фосфорды анықтау.
8. АСЛ-О, стрептокиназаны анықтау.
9. Коагулограмма 1 (протромбиндік уақыт, фибриноген, тромбиндік уақыт, АЧТВ, плазманың фибринолиттік белсенділігі).
10. Қышқылдық-негіздік жағдайды зерттеу.
11. А, В, С, Д вирусты гепатит маркерлеріне ИФА.
12. Құрсақішілік, зоонозды инфекцияларға ИФА.
13. ИФА ДНК ға ауто-антидене, антинуклеарлы аутоантидене, антинейтрофильді цитоплазмалық жəне перинуклеарлық антидене, к гломерулярлы базальді мембранаға антиденелер.
14. С1q, С3, С4, комплемент фракцияларына ИФА.
15. Зəрді жалпы анализі.
16. Зəр белогының электрофорезі (протеинурия селективтілігі).
17. Зəрдегі креатинин/протеиндік коэффициент (зəр креатининінің зəрдің сол порциясындағы белок деңгейіне қатынасы), тəуліктік протеинурияны бағалау үшін санақ көрсеткіштері.
18. Зимницкий бойынша зəр анализі.
19. Құрсақ қуысы ағзаларын УДЗ.
20. Бүйрек қантамырларының допплерометриясы.
 
Қосымша диагностикалық шаралар:
1. Иммунологиялық зерттеулер: АНА (антинуклеарлы антидене), АНЦА (антинейтрофильді цитоплазмалық антидене), ДНК ның екеулік спираліне антидене, С3, С4, С50 комплемент факторлары, криоглобулиндер, кардиолипинге антидене, Стрептолизину-О антидене, ГБМ антидене (гломерулярлы базальді мембрана).
2. Бүйрек, тері, пжк, бұлшықет, тік ішек сілемейінің биопсиясы.
3. А, В, С вирусты гепатит маркерлеріне ИФА.
4. Рентгенография грудной клетки (одна проекция).
5. ЭКГ, эхоКГ.
6. Қандағы жəне зəрдегі Бенс-Джонс протеиндері.
7. HBV-ДНК жəне HCV-РНК ПЦР.
8. Коагулограмма 2 (РФМК, этанол тесті, антитромбин III, тромбоциттер функциясы).
9. А, М, G, E иммуноглобулин құрамына ИФА.
10. КТ, МРТ.

Лабораторлық зерттеулер


Лабораторлық зерттеулер:
- эритроциттердің тұну жылдамдығының жоғарылауы; 

- гематурия (гломерулярлы мінезде);
- протеинурия 3 г/тəу аз;
- азотемия.

Дифференциалды диагноз


Дифференциалды диагноз
 
Белгілері
Жіті нефриттік синдром
Зəр жолдарының
инфекциясы (жіті
геморрагиялық
цистит)
Нефроздық синдром
Аурудың басталуы
Жіті, инфекциямен
байланысты (жиі
стрептококкты), ЖРВИ
Жіті, мұздаумен
байланысты
Біртіндеп    
Ісінулер
Аздаған, перифериялық
Жоқ
Массивті анасаркаға
дейіни
Артериалдық қысым
Ауыспалы мінездегі
гипертензия
Жоқ
гипо-, жəне гипертензия
болуы мүмкін
Дизурия Жоқ +++ Жоқ
Уыттану ++ Жоқ Тəн емес
Гематурия
Гломерулярлы мінезде
Гломерулярлы емес
мінезде
Тəн емес
Протеинурия 3 г/т аз Минималды 3 г/т аса
Лейкоцитурия Тəн емес +++ Жоқ
Гиперазотемия
Дебютте, ауыспалы
мінезде
Жоқ
Сирек, транзиторлы НС
белсенділік фонында

Емдеу тактикасы


Емдеу тактикасы
 
Ем мақсаттары:
- жіті жағдайдан шығару;
- азотемия мен олигурияны жою.

 
Дəрі-дəрмексіз ем:
Алғашқы тəуліктерде төсек режимі, сонан соң палаталық, жалпы.
№7А диета (7а, 7б): ас тұзын (бастысы, натрийді) жəне жеткілікті коллараж жəне витаминдер құрамында сұйықтықты шектеу. Ісік болған кезде, əсіресе олардың үдеуінде ас құрамындағы ас тұзының құрамы тəулігіне 0,2-0,3 г дейін шектеледі, тəуліктік рациондағы белок құрамы 0,5-0,6 г/кг дене салмағына дейін шектеледі, негізінен жануар тектес белоктар есебінен.
 
Дəрі-дəрмектік ем:
1. Бүйректегі микроциркуляцияны жақсарту мақсатында антиагреганттар қолданылады – курантилв, пентоксифиллинс.
2. Антигипертензивті жəне нефропротективті мақсатта ангиотензин-айналдырушы фермент ингибиторлары қолданылады – фозиноприл, эналаприл, рамиприл 5-20 мг/твдозаларда, кальций каналын бөгегіштер: дигидроперидиндік – амлодипин, нифедипин 10 мг/тс, бета-адренорецепторларының блокаторы – атенолол 25-50 мг/тс, карведилол, ангиотензина II рецепторларының антагонисттері (лозартан, ирбезартанв жəне басқа).
3. Ісінулер жəне гипергидратациямен күрес жəне олармен байланысты асқынуларда ертерек диуретиктерді тағайындаған маңызды – тұзақтықА (фуросемид 1-3 мг/кг/т), гипотиазидА (25-100 мг/т), тиімсіздік кезінде – ультрафильтрация.
4. Айқын азотемия жəне гиперкалиемия кезінде гемодиализ жүргізіледі.
 
Әрі қарай жүргізу: ОНС цикльдік ағымы кезінде бір ай ішінде барлық экстраренальді көріністер басылады, микрогематурия, минималды протеинурия төмендеуі жəне сақталуы мүмкін. Экстраренальді көріністердің 2 ай бойы сақталуы кезінде (артериалды гипертензия, ісінулер), айқын зəр синдромы немесе олардың ауырлауында бүйрек биопсиясын жүргізу, себебі иммуносупрессивті терапияны қажет ететін ГН қолайсыз морфологиялық нұсқалары болуы мүмкін.
 
Негізгі дəрі-дəрмектер:
1. Фуросемид, амп 20 мг, фуросемид, тб 40 мг, гидрохлоротиазид, тб 100 мг
2. Фозиноприл, тб 10 мг, эналаприл тб 10 мг, рамиприл тб мг
3. Гепарин, и/ү ерітінді 5000БІРЛІК/мл фл. 5 мл, фраксипарин, 03 мл шприц-тюбик
4. Дипиридамол, тб 25 мг, пентоксифиллин, амп.
5. Декстран (рефортан), инфуз/ү ерітінді фл 200 мл
6. Кальция глюконат 10% ерітінді амп 10 мл
 
Қосымша дəрі-дəрмектер:
1. Амлодипин, тб 10 мг, нифедипин, тб 10мг
2. Атенолол, тб 100 мг
3. Эритропоэтин-бета рекомбинантн, шприц-тюбик 2000 МЕ
4. Лозартан, ирбезартан, тб.
5. Цефоперазон, фл 1 г, цефтриаксон, фл 1г, спирамицин, и/ү ұнтақ 1500000БІРЛІК фл.
6. Ацикловир, тб 0,2 г, ламивудин, тб 100 мг
7. Флуконазол, капс 50 мг
8. Кальций глицерилфосфаты, тб, калий хлориді, амп.
9. Темір сульфаты, капс 300 мг
10. Коргликон, амп.
 
Ем тиімділігінің индикаторлары:
Ісінулердің болмауы, АҚ қалыпқа келтіру, протеинурияның азаюы/жоғалуы, гематурия, БФЖЖ басу.

Ауруханаға жатқызу


Госпитализациялау үшін көрсетімдер: бүйрек функциясының жіті жеткіліксіздігі, нефриттің клиникалық-лабораторлық белсенділігі.

Стационарға жолдау кезіндегі минимум тексерулер:
1. Зəрдің жалпы анализі, зəрдегі креатинин деңгейін анықтаумен.
2. Қанның жалпы анализі.
3. Қанның биохимиялық зерттеуі: креатинин, мочевина, жалпы белок, альбумин, трансаминазалар, тимол сынамасы жəне қан билирубині.
4. Бүйректі УДЗ.

Алдын алуы


Профилактикалық шаралар:
- вирусты, бактериалды, саңырауқұлақтық инфекциялардың профилактикасы;
- остеопороз, электролиттік теңгерім бұзылуының профилактикасы;
- эклампсия, жүрек-қантамырлық жеткіліксіздік, ДВС-синдром профилактикасы.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1. Клиническая нефрология: В 2 т. / Под ред. акад. Е. М. Тареева. М., 1983. 2. Мухин Н. А., Тареева И. Е. Диагностика и лечение болезней почек. М. 1985. 3. Чиж А. С. Лечение острого и хронического гломерулонефрита: Метод, рекомендации. Мн., 1982. 4. Доказательная медицина. Клинические рекомендации для практических врачей. 2-е издание, ГЕОТАР, 2002. 5. Grabensee B. Nephrologie. 2005. Stuttgart. New-York 6. Dumas R. Glomerulonephrites a g. oissants.// Ann. Pediatr.- 1994.-V.41.-N1.-P.52-59. 7. K/DOQI clinical practice guidelines for chronic disease: evaluation, classification, and stratification. Kidney Disease Outcome Initiative. Am J Kidney Dis 2002 Feb;39 (2 Suppl 1): S1-246. 8. I Международный нефрологический семинар «Актуальные вопросы нефрологии», Алматы, 2006 г. 9. Материалы международных конгрессов. А.Ю. Земченков, Н.А.Томилина. «K/DOQI обращается к истокам хронической почечной недостаточности». Нефрология и диализ, 2004, №3, с 204-220. 10. Haematuria EBM Guidelines 26.08.2004 11. Glomerulonephritis CLINICAL PRACTICE GUIDELINES MON Clinical Practice Guidelines 6/2001 http://www.gov.sg/moh/pub/cpg/cpg.htm 12. Haematuria. Philadelphia (PA): Intracorp; 2005. Various p.

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі:
Кабулбаев Кайрат Абдулла улы,  №7 ҚКА консультант-нефролог
Канатбаева Асия Бакишевна,      КазҰМУ, балалар ауруы кафедрасының профессоры
Сарсенова Шынар Абилхановна,  №7 ҚКА нефрология бөлімшесінің меңгерушісі
Наушабаева Асия Еркиновна,      ҚР ДСМ ПжБХ ҒО докторанты
Чингаева Гульнара Нуртасовна,   КазНМУ, КазҰМУ, балалар ауруы кафедрасының ассистенті

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх