Войти

Жіті жəне жітілеу иридоциклит

H-S-015

РЦРЗ (Республиканский центр развития здравоохранения МЗ РК)
Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Иридоциклит неуточненный (H20.9)

Анықтамасы

Анықтамасы

 
Анықтамасы:

Иридоциклит (ИЦ, алдыңғы увеит) - көз алмасының тамырлы қабығының алдыңғы бөліктерінің (нұрлы қабық жəне кірпікті дене) қабынуы болып табылады, оны ирит жəне ИЦ деп бөледі.  

Созылмалы ИЦ дегеніміз - 6 аптадан аса уақытқа созылатын, көбінесе симптомсыз ағымдағы жəне қайталанып келуге бейім тамырлы қабықтың қабынуы.

Хаттама коды: H-S-015 "Жіті жəне жітілеу иридоциклит"
Хирургиялық саладағы стационарлар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары): H20 Иридоциклит
Мобильное приложение "MedElement"

- Профессиональные медицинские справочники. Стандарты лечения 

- Коммуникация с пациентами: вопросы, отзывы, запись на прием

Скачать приложение для ANDROID 

Мобильное приложение "MedElement"

- Профессиональные медицинские справочники

- Коммуникация с пациентами: вопросы, отзывы, запись на прием

Скачать приложение для ANDROID 

Жіктемесі

 
Жіктемесі:
1. Инфекциялық.
2. Инфекциялық-аллергиялық.
3. Жүйелік жəне синдромдық.
4. Жарақаттан кейінгі.
5. Этиологиясы анықталмаған.

Қауіп-қатерлі факторлар

 
Қауіп-қатерлі факторлар:
1. Жоғарғы тыныс жолдарының инфекциялары.
2. Асқазан-ішек жолының инфекциялары.
3. Ауыз қуысының инфекциялары.
4. Синуситтер.
5. Жүйелік жəне синдромдық аурулар.
6. Көз жарақаттары.

Диагностика

 
Диагностика критерилері

Шағымдар мен анамнез: жарықтан қорқу, көзден жас ағу, блефароспазм, көздегі ауыру сезімі, көру өткірлігінің төмендеуі.

Физикалық тексеру:
- перикорнеалдық инъекция, қарашықтың тар болуы;
- алдыңғы камерадағы ылғалдың опалесценциясы, фибрин немесе гипопион, сирек - көздің алдыңғы қуысына қан құйылу (гифема);
- мөлдір қабық пен көзбұршақтағы преципитаттар;
- нұрлы қабық стромасының гиперемиясы жəне ісігі, соның салдарынан түсінің өзгеруі;
- көбінесе артқы жабыспалардың (синехиялардың) түзілуі;
- гипертензия немесе гипотония;
- жүйелік жəне синдромдық иридоциклиттердегі арнайы симптомдық кешен.
 
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Визометрия.
2. Биомикроскопия.
3. Офтальмоскопия.
4. Тонометрия.
5. Периметрия.
6. Эхография.

Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
1. Гониоскопия.
2. Циклоскопия.
3. Бассүйектің екі проекциядағы шолу рентгенографиясы.
4. Туберкулезге, саркоидозға күдік болғанда кеуде қуысы ағзаларына рентгенография жасау, С-реактивті белокты анықтау.
5. Жалпы белокты анақтау.
6. Белок фракцияларын анықтау.
7. Сиал қышқылдарын анықтау.
8. Электрофизиологиялық зерттеу (электроретинография, электрофосфен, көріп шақырылған потенциалдар, ұшқындар бірігуінің критикалық жиілігін зерттеу).
9. Қанды ВИЧ-ке тексеру.
10. Вассерман реакциясы.
11. Қарапайым герпестің вирусын анықтау үшін ИФА немесе ПЦР жасау.
12. Цитомегаловирус токсоплазмоз, бруцеллез, хламидиялар.
13. Ревматологтың консультациясы.
14. Фтизиатр консультациясы.
15. Туберкулин (Манту) сынамасы.

Бұдан басқа, жедел госпитализация кезінде госпиталдық кезеңге дейін жүргізілмеген барлық жалпы клиникалық тексеру шараларын жүргізу қажет.

Емдеу тактикасы

 
Емдеу тактикасы

Ем мақсаты: қабыну процесін, ауыру синдромын тежеу.

Дəрі-дəрмексіз ем: жоқ.

Дəрі-дəрмекті ем:
1. Аурудың этиологиясын анықтау.

2. Жабыспалар пайда болуының алдын алу: ұзақ циклоплегия, мысалы, атропинмен бір тамшыдан 2-3 рет тəулігіне. Синехия түзілуге тұрақты бейімділік болса - субконъюнктивалық инъекциямен мидриатиктер енгізеді, мысалы, атропин 0,1% - 0,1-0,2 мл, адреналин 0,18% - 0,1-0,2 мл, немесе мидриатиктер араласқан электрофорез жасалады.

3. Антибактериялық ем (мысалы, ципрофлоксацин 1 кап. х 6 рет күніне). Жалпы антибактериялық ем таблетка, бұлшықетішілік немесе венаішілік инъекциялар түрінде, мысалы, ципрофлоксацин 500-1000 мг 2 рет күніне, гентамицин 80 мг 2 рет күніне. Антибиотиктер параорбиталық инъекциялар түрінде, мысалы, ципрофлоксацин 50 мг 1-2 рет күніне, гентамицин 20-40 мг 1-2 рет күніне. Метронидазол венаішілік инфузия түрінде (100 мл 1-2 рет күніне).

4. Арнайы емес қабынуға қарсы ем, мысалы, индометацин 1 тб (25 мг) 3 рет күніне.

5. Стероидтық ем, мысалы, дексаметазон тамшылары (бір тамшыдан əрбір 1-2 сағат сайын емнің басында, кейін 4-6 рет тəулігіне), түнде құрамында гормондары бар жақпа май таңу, немесе дексаметазонды параорбиталық инъекция түрінде енгізу 0,2-1,0 мл/тəул. Құрамында антибиотиктер жəне стероидтар бар күрделі тамшылар қолдануға да болады. Процесс қайталанып келетін болса, аурудың жүйелік жəне синдромдық сипаты болса, жəне ішкі ағзаларда қарсы көрсеткіштер болмаса - жалпы стероидтық ем жүргізіледі.

6. Дезинтоксикациялық ем (венаішілік инфузиялар).

7. Гипертензия немесе екіншілік глаукома дамығанда - жергілікті гипотензивтік ем, нұрлы қабық жарылғанда (бомбажында) - лазерлік иридэктомия жасалады.

8. Қосымша офтальмопатологияларды анықтау.

9. Осы ауруға əкелетін жалпы патологияны анықтау, табылған жағдайда сəйкес патогенетикалық ем жүргізу.

10. Сіңіру емі - жедел қабыну процесі басылғаннан кейін 1 айдан кейін жүргізіледі.
 
Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1. *Ципрофлоксацин 250 мг, 500 мг табл.
2. *Гентамицин инъекцияға арналған ерітінді 40 мг/мл, 80 мг/2 мл ампулада
3. Индометацин 250 мг табл.
4. *Дексаметазон ерітіндісі (көз тамшылары) 0,1% 10 мл

Қосымша диагностикалық шаралар тізімі: жоқ.

Ем тиімділігінің индикаторлары: (емді амбулаторлық жалғастыру кезеңі) - қабыну процесін, ауыру синдромын тежеу.


* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар.

Госпитализация


Госпитализациялау үшін көрсетімдер:
1. Бірінші қаралған кезде - преципитаттар, фибрин немесе көздің алдыңғы қуысында ірің жиналуы (гипопион), артқы жабыспалар (синехиялар) болуы.
2. Амбулаторлық емді 5 күн жүргізгенде нəтиже болмау немесе əлсіз нəтиже.

Ауруханаға жатқызу алдындағы қажетті тексеру көлемі:
1. Жедел госпитализация - офтальмологтың тексеруі.
2. Жоспарлы госпитализация - офтальмологтың тексеруі, жалпы қан анализі, жалпы несеп анализі, микрореакция, нəжісті құрт жұмыртқаларына тексеру, қандағы глюкозаның мөлшерін анықтау, ЭКГ, флюорография, стоматолог, отоларинголог, терапевт консультациясы.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. 1.EBM Guidelines. Iridocyclitis. 2004 2.Evidence-Based Medicine Guidelines. DUODEMECUM Medical Publications. 2001. 3. Dunne JA. Travers JP. Topical steroids in anterior uvetis. Trans Ophthalmol Soc UK 1979, 99: 481-484. 4. Foster CS, Alter G, Debarge RL, et al. Efficacy and safety of rimexolone 1% ophthalmic suspension vs prednisolone acetate in the treatment of uveitis. Am J Ophthalmol 1996; 122: 171- 182. 5. The Loteprednol Etabonate US Uveitis Study Group. Controlled evaluation of Loterpredol etabonate and prednisolone acetate in the treatment of acute anterior uveitis. Am J Ophthalmol 1999; 127: 537-544. 6.Yang BJ, Cunningham WF, Akingbehin T. Double-masked controlled clinical trial of 5% tolmetin versus 0,5% prednisolone versus 0,9% saline in acute endogenous nongranulomatous anterior uveitis. Br J Ophthalmol 1982, 66: 389391.

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі: Кобцева В.Ю., ҚР ДСМ Көз аурулары ҒЗИ.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх