Жіті бронхит
PN-T-007
Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)
Острый бронхит неуточненный (J20.9)
Анықтамасы
Анықтамасы
Анықтамасы
Жіті бронхит – бронхтардың сілемейлі қабатының жіті туындаған қабынуы түрінде, басым жағдайда инфекциялық, вирусты (респираторлық-синцитиальді, аденовирус, бактериалды-микоплазмалық), аллергиялы, физикалық-химиялық, факторлар туындатқан, 1 айға дейін созылатын ауру.
Хаттама коды: PN-T-007 "Жіті бронхит"
Терапевтикалық саладағы медициналық пункттар үшін
Терапевтикалық саладағы медициналық пункттар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары): J20 Жіті бронхит
Жіктемесі
Жіктемесі
Қарапайым жіті бронхит, жіті обструктивті бронхит, жіті бронхиолит, рецидивті бронхит.
1. Этиологиясы бойынша:
А. Инфекциялық мінездегі (вирустық, бактериалдық).
В. Инфекциялық емес мінездегі (физикалық, химиялық факторлар).
С. Аралас.
2. Патогенез бойынша:
А. Біріншілік.
Б. Екіншілік.
3. Бронх терегінің зақымдалуы бойынша:
А. Проксимальді.
Б. Дистальді.
4. Ағым варианттары:
А. Жіті өтетін (2-3 апта).
Б. Созылған (1 айға дейін.).
5. Мінезі бойынша: катаральді, ісінулі, іріңді.
Қауіп-қатерлі факторлар
Қауіп қатерлі факторлар:
- мұздау;
- темекі тарту;
- маскүнемдік;
- жүрек жеткіліксіздігі кезіндегі іркілулер;
- вирустық аурулар;
- аллергиялық аурулар;
- иммунотапшылық жағдайлар;
- эпидемиялық жағдай (науқаспен қатынас);
- күз-қысқы мезгіл;
- физикалық факторлар əсері (суық жəне ыстық ауа);
- химиялық факторлар (күкірт буын, күкіртсутек, хлор бром, аммиак буын жұту).
Диагностикасы
Диагностика критерилері
Диагноз 3 аптадан көпке созылған жіті пайда болған жөтел негізінде, жөтелдің себебі болатын пневмония жəне өкпенің созылмалы аурулары болмаған кезде, қақырықтыққа байланыссыз қойылады. Негізгі клиникалық көріністері: уыттану симптомдары (шаршау, қалтырау, субфебрилитет, арқадағы жəне бұлшықеттердегі ауырсынулар), жөтел, бастапқысында құрғақ, қажытатын, қақырық болса əлдеқайда жеңіл, ентікпе, өкпе мен жүректің фондық патологиясы жиі туындатады, фарингит жəне конъюнктивит симптомдары, аускультация кезінде – шашыранды құрғақ жəне сулы сырылдар. Вирусты этиология кезінде қосарланады: қалтыраумен қызба, мұрын бітелу, бас ауыру, бұлшықеттердің қақсауы.
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Анамнез жинау (күз-қысқы мезгілде науқаспен қатынас, қосарланған созылмалы аурулар).
2. Объективті тексеру (қарау деректері, физикалық деректер).
Қосымша диагностикалық шаралар тізімі: жоқ.
Емдеу тактикасы
Емдеу тактикасы
Асқынбаған жіті бронхитті негізінен үйде емдейді. Вирусты этиологиялы жіті бронхитте вирусқа қарсы препараттар тағайындалады: интерферон-альфа 2а, интерферон-b1 ингаляция үшін немесе мұрынға тамшы (ампула қайнаған сумен араластырылады), римантадин 0,3 г алғашқы тəулікте, 0,2 г 2-ші тəулікте, 0,1 г келесі тəуліктерде. Егер жіті бронхит уыттық газ жұтудан кейін дамыса, олардың антидоттарын жəне қабылдау мүмкіндіктерін анықтау қажет. Қышқыл булары туындатқан жіті бронхитте бумен ингаляция көрсетілген, 5% натрий гидрокарбонаты ерітіндісі, егер сілтілік будан кейін туындаса, 5% аскорбин қышқылының ингаляциялық буы тағайындалады.
Қызба кезінде ыстықтүсіретін препараттар: ацетилсалицил қышқылы 250 мг, 500 мг 2-3 күн, парацетамол 500 мг күніне 3 рет 3-4 тəулік.
Антибактериалды терапия микробтық спектрді ескеріп тағайындалады - пероралды амоксициллин + клавулан қышқылы 500 мг əр 8 сағ сайын, цефуроксим 250 мг, 500 мг, ампициллин 0,5г əр 12 сағат сайын ішке, эритромицин 250 мг, 500 мг күніне 3 рет, пероралды суспензия 250 мг/5 мл күніне 2-3 рет.
Ұзақ массивті антибиотикотерапия кезінде микоздың профилактикасы жəне оны емдеу үшін - итраконазол оралды ерітінді 200 мг тəулігіне 2 рет 7 күн бойы.
Бронхоспазмолиттік препараттар: сальбутамол 2-4 мг, немесе теофиллин 100 мг, 200 мг (тамақтан соң) күніне 1-2 рет. Мукорегуляторлар: амброксол 30 мг күніне 2-3 рет немесе сироп түрінде 30 мг/5 мл күніне 2-3 рет.
Көп мөлшерде жəне жылы сұйықтық, сонымен қатар алдандырушы терапия (жылыту емшаралары, қыша, булық ингаляциялар).
Витаминотерапия: А, В, С.
Көп мөлшерде жəне жылы сұйықтық, сонымен қатар алдандырушы терапия (жылыту емшаралары, қыша, булық ингаляциялар).
Витаминотерапия: А, В, С.
Негізгі дəрі дəрмектер тізімі:
1. *Сальбутамол 2-4 мг, капс.
2. *Теофиллин 100мг, 200мг, табл.
3. **Амброксол сироп 15 мг/5 мл; 30мг/5 мл; раствор 7,5 мг/мл.
4. *Амоксициллин + клавулан қышқылы, қапталған таблетка, 500 мг/125 мг, 875 мг/125 мг.
5. *Цефуроксим 250, 500 мг, табл.
6. *Ампициллин 250 мг, капс.
7. *Эритромицин 250мг, 500мг, табл, пероралды суспензия 250.мг/5.мл.
8. *Интерферон инъекциялық ерітінді дайындау үшін ұнтақ 3МЕ, 5,5МЕ, 9МЕ.
9. Римантадин 0,3; 0,2; 0,1 г, табл.
10. **Парацетамол сироп 2,4% флаконда; суспензия; суппозиторий 80 мг.
11. *Итраконазол оралды ерітінді 150 мл – 10 мг\мл.
Қосымша дəрі дəрмектер тізімі:
1. *Рибавирин 200 мг, табл.
2. *Аскорбин қышқылы, инъекция үшін ерітінді 5%, 10% ампулада 2 мл, 5 мл.
3. *Натрий гидрокарбонат, инфузия жəне инъекция үшін ерітінді.
* - Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар.
** - Амбулаторлық ем кезіндегі рецепт бойынша дəрілік заттар тегін жəне жеңілдікпен берілетін ауру түрлерінің тізіміне кіреді.
Ауруханаға жатқызу
Госпитализациялау үшін көрсетімдер: емнің стационарлық кезеніне ауыстыру: пневмония, тыныс жеткіліксіздігінің үдеуінде, уыттану симптомдары жəне асқынулардың дамуы, антибактериалды терапиядан тиімділік болмаған кезде, жүрек, бүйрек қосарланған аурулары болса.
Ақпарат
Пайдаланған әдебиеттің тізбесі
-
Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
- Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1. Клинические рекомендации. Фармокологический справочник 2. Издательство Геотармед 2004 год. Клинические рекомендации для практических врачей, основанные на доказательной медицине. 2 издание. ГЭОТАР-МЕД,2002г; 3. Терапия для фельдшера. А.В.Тараканов, 2001г. 4. Шулутко Б. И Внутренняя медицина. РЕНКОР, 1999г.
Ақпарат
Əзірлеушілер тізімі: Татибекова А.М., республикалық медициналық колледж.
Қазықтаулы файлдар
Назар аударыңыз!
- Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.
- Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.
- Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.
- Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.
- Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.