Войти

Жіліншік екі сүйегінің диафиз тұсынын сынуы

H-S-019

РЦРЗ (Республиканский центр развития здравоохранения МЗ РК)
Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Перелом тела [диафиза] большеберцовой кости (S82.2)

Анықтамасы

Анықтамасы

 
Анықтамасы:

Сирақ сүйектері диафизінің сынығы - асықты жілік пен асықты жілік шыбығының жарақаттан немесе патологиялық процесс əсерінен сүйек тінінің бүтіндігінің бұзылуы.

Хаттама коды: H-S-019 "Жіліншік екі сүйегінің диафиз тұсынын сынуы"
Хирургиялық саладағы стационарлар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):
S82.2 Асықты жілік денесінің [диафизінің] сынығы
S82.3 Асықты жіліктің дисталді бөлігінің сынығы
Мынадан басқасы: ішкі [медиалдық] тобықтың (S82.5)
 
Мобильное приложение "MedElement"

- Профессиональные медицинские справочники. Стандарты лечения 

- Коммуникация с пациентами: онлайн-консультация, отзывы, запись на прием

Скачать приложение для ANDROID / для iOS

Мобильное приложение "MedElement"

- Профессиональные медицинские справочники

- Коммуникация с пациентами: онлайн-консультация, отзывы, запись на прием

Скачать приложение для ANDROID / для iOS

Жіктемесі

 
Жіктемесі: (АО Жіктемесі бойынша)
1. Ашық (инфекцияланған сынық).
2. Жабық сынық.

Сынық жазықтығы бойынша:
- көлденең;
- қиғаш;
- бұранда тəрізді;
- бойлық;
- жарықшақтық (сегменттік).

Қауіп-қатерлі факторлар


Қауіп-қатерлі факторлар:
- шынықпағандық;
- байқаусыз тез қозғалу;
- кəрілік.

Диагностика

 
Диагностика критерилері:
1. Жарақат болған аяқтағы ауырсыну синдромы [1].
2. Сынған аймақтағы жұмсақ тіннің өзгерісі (ісіну, гематома, деформация жəне т.б.) [1].
3. Сирақтағы жарақат болуы мүмкін жерді пальпациялағанда сүйек сынықтарының сықырлауы [1].
4. Сүйек сынықтарының патологиялық қозғалғыштығы.
5. Сирақ сүйектерінің диафиздері сынуының рентгендік белгілері [1].
 
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Жарақат алған сирақты 2 проекцияда рентгендік тексеру.
2. ЭКГ.
3. Жалпы қан анализі (6 параметрі).
4. Жалпы несеп анализі.
5. Коагулограмма.
6. Биохимия.
7. Мерезді анықтау үшін серологиялық тексеру.
8. ВИЧ.
9. HbsAg, Anti-HCV.

Қосымша диагностикалық шаралар тізімі: жоқ.

Емдеу тактикасы

 
Емдеу тактикасы

Ем мақсаты: сирақ сүйектерінің сынығын дер кезінде анықтау, емдеу əдісін анықтау (консервативтік, операциялық), мүмкін болатын асқынулардың алдын алу, қалпына келтіру шараларын жүргізу, аяқтың қызметін қалпына келтіру.

Дəрі-дəрмексіз ем: жоқ.

Дəрі-дəрмекті ем: сирақтың қатарласқан сынығында орнына келтіру (репозиция) жұлындық анестезия қолдану арқылы жүргізіледі. 

Сынықты операциялық емдеуге көрсеткіштер:
1. Сирақтың екі сүйегі бірдей орнынан тайып сынса (қажетті репозиция мүмкін болмаған жағдайда).
2. Жұмсақ тіндердің немесе тамырлық шоғырлардың үлкен, терең жарақаты кезінде.
3. Сирақ сүйектерінің асқынған сынығы.
4. Сирақ сүйектерінің сегменттік сынығы.

Операциялық ем:
1. Асықты жілік пен асықты жілік шыбығына сыртынан бекітетін құрал қолдану.
2. Интрамедуллярлық жабық тежегіш остеосинтез.
3. Интрамедуллярлық остеосинтез.
4. Пластинка мен бұранда арқылы остеосинтез.

Операциялық емнен кейін бірден жарақат алған аяқты қозғалысқа келтіруді (мобилизацияны) бастау қажет.
Остеосинтезден соң бекіткішті (фиксатор) 6 айдан ерте алуға болмайды. 60 жастан асқан науқастарда бекіткішті өмір бойына қалдыруға болады. Металл құрылғыны алып тастағаннан кейін 1 ай бойы науқас аяғына ауыр еңбек жүктемесін түсірмеуі тиіс.

Сирақ сүйектерінің сынығын қалпына келтіргеннен кейінгі шаралар
Репозициядан кейінгі 3 тəулік бойы науқас жарақат алған сирағын жоғары көтеріп жатуы керек, ісігі қайтқан соң қозғалысты бастайды, қозғалыс көлемі біртіндеп стационардан шыққанға дейін үлкейе береді. Бақайлар мен бұлшықеттерге арналған жаттығулар көп кешіктірмей басталуы керек.
Жарақат болған аяққа салмақтық жүктеме репозиция жасалғаннан кейін ертерек басталып, 6-8 аптаға дейін біртіндеп көбейе береді. Клиникалық тұрақты сынықта салмақтық жүктемені біртіндеп көбейте отырып жүруге рұқсат етіледі. Сүйек тінінің қалпына келу процесі сүйектердің орнынан таюы айқын болса жəне жұмсақ тіндердің зақымдануы терең болса баяу жүреді.
Көптеген зерттеулер нəтижесі көрсеткендей, ашық сынығы бар науқастарға антибиотикпен алдын алу шараларын жүргізсе, іріңді-қабынулық асқынулар болу қаупінің барынша азаятыны анықталған.

Науқастарды 3 қауіп-қатер тобына бөлуге болады [3]:
1. Терісі мен жұмсақ тіндерінің зақымдалуы 1 см, жарасы таза ашық сынық.
2. Жақын жатқан тіндердің зақымдалуы жəне орнынан таюы айқын емес, терісінің зақымдалуы 1 см-ден жоғары ашық сынық.
3. Кез-келген сегменттік сынық, жақын жатқан тіндері айқын зақымдалған немесе жарақаттық ампутациясы бар ашық сынықтар.

1-2 қауіп-қатер тобындағы науқастарға негізінен грамоң микроорганизмдерге əсер ететін антибиотиктердің операцияға дайындық дозасын енгізеді (жарақаттан кейін барынша ертерек). 3 қауіп-қатер тобындағы науқастарға қосымша грамтеріс микроорганизмдерге əсер ететін антибиотиктер де тағайындалады.

Антибиотикпен алдын-алу кестесі:
1. 1-2 топтағы науқастарға - 3-4 ұрпақтағы цефалоспориндер б\і 1,0-2,0.
2. 3 топтағы науқастарға - 3-4 ұрпақтағы цефалоспориндер б\і 1,0-2,0 12 сағаттан кейін (тəулігіне 2 рет), 7 күн + метронидазол 100 мл. в/і 8 сағаттан кейін (тəулігіне 3 рет), 3-5 күн.
 
Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1. *Метронидазол таблетка 250 мг инфузияға арналған ерітінді 0,5 флаконда 100 мл
2. *Цефтриаксон инъекциялық ерітінді дайындауға арналған ұнтақ 250 мг, 500 мг, 1000 мг флаконда
3. *Цефазолин инъекциялық ерітінді дайындауға арналған ұнтақ 1000 мг
4. *Цефуроксим 750 мг, 1.5 гр флаконда иньекциялық ертіндіні дайындауға арналған ұнтақ
5. *Цефтазидим 500 мг, 1 гр, 2 г флаконда иньекциялық ертіндіні дайындауға арналған ұнтақ
6. *Надропарин кальция - иньекциялық ерітіндісі 2850 МЕ анти-Ха/0,3 мл; 3800 МЕ анти-Ха/0,4 мл; 5700 МЕ анти-Ха/0,6 мл; 7600 МЕ анти-Ха/0,8 мл, 9500 МЕ анти-Ха/1,0 мл

Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі: жоқ.

Ем тиімділігінің индикаторлары:
1. Репозициядан кейін 1-3, 6-8, 10-12 аптада рентгендік тексеру арқылы сынықты дұрыс қалпына келтіру.
2. 5 ай ішінде сынықтың тұрақты болуы.
3. Репозициядан кейін бірден пассивті əкету жасай алу мүмкіндігі.
4. Репозициядан кейін белсенді қозғалыстар жасай алу мүмкіндігі.
5. Аяқтың қызметін қалпына келтіру.
6. Емнен кейін асқынулардың болмауы.


* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар.

Госпитализация


Госпитализациялау үшін көрсетімдер: жіті.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. 1. EBM Guidelines. Fracture of the Leg.- 2001 2. Доказательная медицина. КЛИНИЧЕСКИЕ РЕКОМЕНДАЦИИ для практикующих врачей.- Москва, «Геотар-Мед».- 2002.- с.523-524 3. National Guideline Clearinghouse. Practice Managment for Prophylactic Antibiotic Use in Open Fracture: Eastern Association for the Surgery of Trauma.- 2000.- p.28 4. Хирургия. Руководство для врачей и студентов.- Москва, «Геотар-Мед».- 2002.- с.576- 577 5. National Guideline Clearinghouse. Preoperative Test: the Use of Routine Preoperative Tests for Elective Surgery: Evidence, Methods&Guidance. London.-NICE.- 2003. 108p.

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі: Мəлік Б.К., ҚР ДСМ Травматология жəне ортопедия ҒЗИ.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх