ЖИА, жүктемелік стенокардия

P-T-008

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Другие формы стенокардии (I20.8)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы

Стенокардия – кеуде клеткасындағы қысылу, басылу мінезде көрініс табатын, ығысу сезімімен клиникалық синдром, ол жиі жағдайда төс артында орналасып, сол қолға, мойынға, төменгі жақ сүйегіне, эпигастриге беріледі. Ауыру, физикалық жүктемемен, суыққы шығумен, тамақты көп мөлшерде қабылдаумен, тыныштықта басталып, нитроглицерин қабылдағаннан кейін бірнеше секунд немесе минуттан кейін жоғалатын эммоционалды қажумен туындалады.

 
Хаттама коды: P-T-008 "ЖИА, жүктемелік стенокардия"
Терапевтикалық саладағы поликлиникалар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары): I20.8   Жүктеменің басқа формалары

Жіктемесі


 ЖИА жіктемесі (КСРО 1989 ж.):
 
1. Кенет коронарлық өлім.
 
2. Стенокардия:
- жүктеме стенокардиясы;
- алғаш рет туындаған жүктемелік стенокардия (1 айға дейін);
- тұрақты жүктемелік стенокардия (I ден IV дейін функционалды класты көрсетіп);
- үдемелі стенокардия;
- тез үдемелі стенокардия;
- кенеттен пайда болған (вазоспастикалық) стенокардия.
 
3. Миокард инфаркты:
- іріошақты (трансмуральді);
- ұсақошақты;
- біріншілік рецидив беретін, қайталамалы (3.1-3.2).
 
4. Миокард ошақты дистрофия.
 
5. Кардиосклероз:
- постинфарктты;
- ұсақошақты, диффузды.
 
6. Аритмиялық форма (жүрек ырғағының бұзылу типін көрсетумен).
 
7. Жүрек функциясының жеткіліксіздігі.
 
8. Ауырусыз форма.
 
Жүктемелік стенокардия
I ФК (жасырын стенокардия): стенокардия ұстамалары тек қана үлкен интенсивтілікпен физикалық жүктеме кезінде туындайды; игерілген жүктеме қуаты велоэргометриялық сынама бойынша (ВЭМ) 125 вт, екі рет жүргізу 278 шарт. бірл аз; метаболиялық бірлік саны 7 астам.

II ФК (жеңіл дəрежедегі стенокардия): стенокардия ұстамалары 500 метр қашықтыққа тегіс жермен жүру кезінде, əсіресе суық ауа райында, желге қарсы; бір қабаттан жоғары баспалдақпен көтерілгенде; эмоционалды қозу кезінде туындайды. Игерілген жүктеме қуаты велоэргометриялық сынама бойынша 75-100 вт, екі рет жүргізу 218-277 шарт.бірл. метаболиялық бірлік саны 4,9-6,9. Қарапайым физикалық белсенділік аздаған шектеулерді қажет етеді.

III ФК (орташа ауырлықтағы стенокардия): стенокардия ұстамалары қалыпты қарқынмен тегіс жерде 100-500 м қашықтықта жүру кезінде, бірінші қабатқа баспалдақпен көтерілу кезінде туындайды. Стенокардияның сирек ұстамалары тыныштықта пайда болуы мүмкін. Игерілген жүктеме қуаты велоэргометриялық сынама бойынша 25-50 Вт, екі рет жүргізу 151-217 шарт. бірл; метаболиялық бірлік саны 2,0-3,9. Қалыпты физикалық белсенділіктің айқын шектелуі болады.
 
IV ФК (ауыр форма): стенокардия ұстамалары аздаған физикалық жүктемелер кезінде туындайды, 100 м аз қашықтықта тегіс жерде жүруде, тыныштықта, науқастың горизонталды жағдайға ауысуында. Игерілген жүктеме қуаты велоэргометриялық сынама бойынша 25 Вт аз, екі рет жүргізу 150 шарт.бірл. аз; метаболиялық бірлік саны 2 ден аз. Жүктемелік функционалды сынақты жүргізбейді, науқастарда қарапайым физикалық белсенділікті айқын шектеу байқалады.

Қауіп-қатерлі факторлар


Қауіп-қатерлі факторлар:
- ер жыныстылар;
- егде жас;
- дислипопротеинемия;
-
артериалды гипертония;
- темекі тарту;
- артық дене салмағы;
- төмен физикалық белсенділік;
- қантты диабет;
- алкогольді пайдалану.

Диагностикасы


Диагностика критерилері
 
Шағымдар мен анамнез: ангинозды ауыру, тыныштықтағы ентікпе, 100-150 м ж.ру кезінде, 1-ші қабатқа көтерілгенде.
 
Физикалық тексеру: физикалық жүктемелер туындатқан ангинозды ауыру (жүктеме көлемі жіктемеге сəйкес), ЭКГ деректері, ВЭМ сынағы.
 
Инструменталдық зерттеулер: ЭКГ-де тыртық белгілерінің болуы.
 
Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер: көрсетімдер бойынша.
 
Негізгі жəне қосымша диагностикалық шаралар тізімі
 
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Қанның жалпы анализі.
2. Глюкозаны анықтау.
3. Зəрдің жалпы анализі.
4. Қан коагулограммасы.
5. Электрокардиограмма.
6. Артериалды қысымның өзгеруі.
7. Билирубинді анықтау.
8. Антропометрия.
9. Калий/натрийді анықтау.
10. Бета-липопротеидтерді анықтау.
11. Холестеринді анықтау.
12. Жоғары тығыздықтағы липопротеидтер холестеринін анықтау.
13. Триглицеридтерді анықтау.
14. АсТ анықтау.
15. АлТ анықтау.
16. Мочевинаны анықтау.
17. Креатининді анықтау.
18. Эхокардиография.
19. Өңеш арқылы электрофизиологиялық зерттеу.
20. Велоэргометрия.
 
Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
1. Екі проекциядағы кеуде клеткаларының рентгенографиясы.
2. Холтер бойынша тəуліктік мониторинг.
3. Құрсақ қуысы ағзаларын УДЗ.

Лабораторлық зерттеулер


Лабораторлық зерттеулер: тəн емес.

Дифференциалды диагноз


Дифференциалды диагноз

Вазоспастикалық стенокардия жəне жүктемелік стенокардияның дифференциалды диагностикасы

Белгілері Жүктемелік стенокардия
Вазоспастикалық стенокардия
Стенокардиялық ұстаманың даму шарттары
Ұстама ауыр физикалық жұмыстан кейін немесе эмоционалды ауырлықтан кейін, артериялық қысымның жедел көтерілуінен кейін дамиды
Ұстама тыныштық жағдайда дамиды
Стенокардия ұстамасының пайда болу уақытысы
Ұстама тəуліктің барлық уақытынды пайда болуы мүмкін
Ұстама көбіне түнде немесе ерте таңертең дамиды
ЭКГ типті өзгерістер
Ишемиялық типтегі S сегментінің депрессиясы
SТ сегментінің жоғарылауы
Физикалық күштемеге толеранттылық
Негізінен төмен  Негізінен жоғары
Коронарографияның мəліметі
Коронарлы артерияның тарылуы, көбіне 2-3 артерия процесске қатысып айқын тарылу болады
Коронарлы артериялар қалыпты немесе аздап өзгерген
 

Емдеу тактикасы


Емдеу тактикасы: антиангиналды, антиагрегантты, гиполипидемиялық терапия тағайындау, коронарлық қанкелулерді жақсарту, жүрек функциясы жеткіліксіздігінің (ЖФЖ) профилактикасы, ЖИА екіншілік профилактикасы.
 
Ем мақсаты:
- терапияны таңдау;
- науқастың жалпы жағдайын жақсарту;
- ұстамалар жиілігін сирету;
- физикалық жүктемелерге толеранттылықты арттыру;
- қанайналу жеткіліксіздік белгілерін азайту.

Дəрі-дəрмексіз ем: төсек режимі, диета.
 
Дəрі-дəрмектік ем
Антиангиналды терапия: β-бөгегіштер препараттарының дозасын жүрек жиырылу саны, АҚ, ЭКГ бақылап титрлеу.
ЖФЖ I-II ФК кезінде нитраттарды стенокардия ұстамаларын басу үшін немесе болжамды физикалық жүктемеден 5-10 мин. алдын үзіп қысқа əсердегі дəрілік заттар формасында тағайындайды, ЖФЖ III ФК кезінде ұзақ əсердегі нитраттарды нитратсыз аралықпен тəулік бойы 5-6 сағатта, ЖФЖ-IV ФК кезінде тəулікбойы тиімділікті қамсыздандыру мақсатында тағайындау қажет. Қарсы көрсетімдер болған кезде β-бөгегіштерді тағайындауға кальций антогонистерін тағайындау мүмкін. Доза əрбір науқасқа жеке тағдалады.

Антиагрегантты терапия барлық науқсатарға аспирин тағайындауды болжайды, тиімділікті жоғарылату үшін клопидогрель тағайындайды. Жүрек функциясының жеткіліксіздігімен күресу жəне алдын алу мақсатында АПФ тағайындау қажет. Доза гемодинамиканы ескеріп таңдалады.

Гиполипидемиялық терапия 
(статиндер) барлық науқастарға тағайындалады. Доза липидтік спект көрсеткіштерін ескеріп таңдалады.
 
Зəр айдаушы препараттарды жүрек функциясының жеткіліксіздігімен күресу мақсатында тағайындайды. 
Антиаритмиялық препараттар ырғақтың бұзылуы кезінде тағайындалуы мүмкін.
Миокардтағы метаболикалық процесстерді жақсарту мақсатында метаболикалық препараттар тағайындалуы мүмкін.
 
Негізгі жəне қосымша дəрі-дəрмектер тізімі
 
Негізгі дəрі дəрмектер тізімі:
1 . *Изосорбид динитрат 0,1% 10 мл, амп.
2.   Изосорбид мононитрат 40мг, капс., 50 мг. таб.
3.   Изосорбид мононитрат 20мг, табл.
4. **Изосорбид динитрат, табл 5 мг, 10 мг, 20мг, 40 мг, 60 мг; инъекция үшін ерітінді 0,1% 10 мл; аэрозоль.
5.  *Нитроглицерин, табл 0.5мг.
6. **Атенолол, табл 50мг, 100 мг.
7.  *Метапролол, табл 25 мг.
8.   Бисопролол, табл, 5 мг.
9.   Карведилол, табл 25 мг.
10. Дилтиазем, капс 180мг.
11. **Верапамила гидрохлорид, табл 40мг, 80 мг.
12. **Амлодипин табл 5 мг, 10 мг.
13.   Фозиноприл, табл 10мг.
14.  *Периндоприл, табл 4мг.
15.   Каптоприл, табл 25 мг.
16.  *Эналаприл табл 10 мг.
17.  *Амиодарон, табл 200 мг.
18.  *Фуросемид, табл 40 мг.
19.  *Фуросемид, 40 мг амп.
20.  *Спиронолактон, табл 100 мг.
21.  *Гипотиазид, табл 25 мг.
22. **Ацетилсалицил қышқылы, табл 100 мг, 250 мг, 325мг, 500 мг.
23.   Клопидогрель табл 75 мг.
24.  *Ловастатин табл 10 мг, 20 мг, 40 мг.
25.   Аторвастатин, табл 10 мг.
26.   Симвастатин, табл 20 мг.
27.  *Декстроза, р-р д/и 5% фл 400 мл.
28.   Калия хлорид, 4% 10 мл.
29.  *Адам инсулині, ерігіш, биосинтетикалық, инъекция үшін ерітінді инъекция үшін ерітінді 100 БІРЛІК/мл.
30.  *Натрий хлориді, инъекция үшін ерітінді 0,9% фл.
 
Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:
1. Тофизопам, табл 50 мг.
2. Триметазидин, табл 20 мг.

* - Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар.
 
** - Амбулаторлық ем кезіндегі рецепт бойынша дəрілік заттар тегін жəне жеңілдікпен берілетін ауру түрлерінің тізіміне кіреді.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1. Доказательная медицина - ежегодный справочник 2. Чучалин А.Г.,Белоусова Ю.Б., Яснецова В.В., Федеральное руководство по использованию лекарственных средств (формулярная система) Выпуск У1 2005 3. Моисеев В.С., Сумароков А.В. Болезни Сердца 4. Окороков А.Н. Лечение болезней внутренних органов

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх