ЖИА, жүктемелік стенокардия ФК3. Постинфаркттық кардиосклероз

H-T-007

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Другие формы стенокардии (I20.8)

Анықтамасы

Анықтамасы

 
Анықтамасы:

Стенокардия – көбінесе кеуде қуысы қысылып, төс тұсында жаншылған ауру сезімі пайда болатын жəне осы ауру сезімі сол қолға, мойынға, төменгі жақ жəне асқазан астына таралатын клиникалық синдром. Ауырсыну дене қимылы кезінде жəне суыққа шыққан кезде, тойып тамақтанғанда, жан күйзелісі кезінде ушығады, тыныш жағдайда басылады, нитроглицерин қабылдаса, бірнеше секунд немесе минуттан кейін қояды.

Хаттама коды: H-T-007 "ЖИА, жүктемелік стенокардия ФК3. Постинфаркттық кардиосклероз"
Терапевтиялық саладағы стационарлар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):
I20.8 Стенокардияның басқа түрлері
 

Жіктемесі

 
ЖИА жіктемесі (ВКНЦ АМН СССР 1989)

1. Кенеттен болатын коронарлық өлім

2. Стенокардия:
- кернеу стенокардиясы;
- алғаш пайда болған кернеу стенокардиясы (1 айға дейін);
- қалыпты кернеу стенокардиясы (I-ден IV-ке шейін қызметтік сыныбын көрсете отырып);
- үдемелі стенокардия;
- тез үдемелі стенокардия;
- аяқ асты болатын (вазоспазмалық) стенокардия.

3. Миокард инфарктісі:
- ірі ошақты (трансмуралды);
- ұсақ ошақты;
- біріншілікті рецидивті, қайталанбалы (3.1-3.2).

4. Миокардтың ошақты дистрофиясы

5. Кардиосклероз:
- инфарктіден кейінгі;
- ұсақ ошақты, жайылған.

6. Аритмиялы түрі (жүрек қағысының бұзылу түрін көрсете отырып)

7. Жүрек қызметінің жетіспеушілігі

8. Ауырсынусыз түрі


Кернеу стенокардиясы
 
I ҚС (жасырын стенокардия): тек қана үлкен жиіліктегі дене қимылы кезінде пайда болатын стенокардия ұстамасы. Велоэргометриялық сынақ нəтижесі бойынша игерген қимыл қуаты 125 вт., екі еселенген қосындысы 278 шартты бірліктен кем емес, зат алмасу бірлігінің саны 7-ден артық.

II ҚС (жеңіл дəрежедегі стенокардия): стенокардия ұстамасы 500 м ұзақ қашықтыққа тегіс жермен жүргенде пайда болады, əсіресе, салқын ауа-райында, желге қарсы жүргенде, баспалдақпен бір қабаттан артық жоғары көтерілгенде, көңіл-күй өзгергенде. Велоэргометриялық сынақ нəтижесі бойынша игерген қимыл қуаты 75-100 вт, екі еселенген қосындысы 218-277 шартты бірліктен кем емес, зат алмасу бірлігінің саны 4,9-6,9. Дағдылы дене қимылы аздап шектеулі.

III ҚС (ауырлығы орташа стенокардия): стенокардия ұстамасы 100-500 м ұзақ қашықтыққа тегіс жермен жүргенде, баспалдақпен бір қабаттан артық жоғары көтерілгенде пайда болады. Тыныш кезде де стенокардия ұстамасы болуы мүмкін. Велоэргометриялық сынақ нəтижесі бойынша игерген қимыл қуаты 25-50 вт, екі еселенген қосындысы 151-217 шартты бірліктен кем емес, зат алмасу бірлігінің саны 2,0-3,9. Дағдылы дене қимылы айқын шектеулі.
 
IV ҚС (ауыр форма): стенокардия ұстамасы аздаған дене қимылы кезінде, тегіс жермен 100 м кем қашықтыққа жүргенде, тыныш кезінде, науқастың жатқан кезінде пайда болады. Велоэргометриялық сынақ нəтижесі бойынша игерген қимыл қуаты 25 вт, екі еселенген қосындысы 150 шартты бірліктен кем емес, зат алмасу бірлігінің саны 2. Жүктеме сынағы, əдетте, жүргізілмейді, науқастарда дағдылы дене қимылының өте шектеулілігі байқалады. Жүрек жетіспеушілігі –жүрек-қан тамыр жүйесінің қандай да бір аурулары салдарынан жүректің насос қызметі əлсірегендіктен, организмдегі гемодикамикалық қажеттіліктер мен жүрек мүмкіндіктері арасындағы теңсіздікке əкеліп соғатын патофизиологиялық синдром.

Қауіп-қатерлі факторлар

 
Қауіп-қатерлі факторлар: ер адам, жасы ұлғайғандық, дислипопротеинемия, артериалды гипертония, темекі шегу, артық дене салмағы, дене қимылының аздығы, қант диабеті, ішімдік ішу.

Диагностикасы

 
Диагностика критерилері

Шағымдар мен анамнез: тамақ ауруы, тыныш кездегі, 100-500 м қашықтыққа жүру, 1-қабатқа көтерілу кезіндегі демігу.

Физикалық зерттеу: ісіну, тоқырау белгілері.

Лабораторлық зерттеулер: жоқ.

Инструменталдық зерттеулер: ЭКГ-де тыртық белгілерінің болуы.

Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер: көрсетімдер бойынша.

Негізгі диагностикалық шаралар тізбесі:
1. Жалпы қан анализі.
2. Қантты тексеру.
3. Несептің жалпы анализі.
4. Қан коагулограммасы.
5. Электрокардиограмма.
6. Артериалдық қысымды өлшеу.
7. Жүрек жиырылу жиілігін анықтау.
8. Билирубинді анықтау.
9. Антропометрия.
10. Калий/натрий деңгейін анықтау.
11. Бета-липопротеид деңгейін анықтау.
12. Холестеринді анықтау.
13. Тығыздығы жоғары липопротеидтерді, холестеринді анықтау.
14. Триглицеридтерді анықтау.
15. АСТ анықтау.
16. АЛТ анықтау.
17. Зəрнəсілді анықтау.
18. Креатининді анықтау.
19. Эхокардиография.
20. Кеуде қуысының екі проекциядағы рентгенографиясы.
21. Іш қуысы ағзаларының УДЗ.

2007 ж. Европаның Кардиологтар Қоғамының ұсынысына сəйкес ЖИА бар науқастардағы ЖЖЖ мақсатты деңгейі ЖЖЖ < 65 рет минутына деп есептейді.

Қосымша диагностикалық шаралар тізбесі:
1. Холтер бойынша тəуліктік мониторинг.
2. СРБ, Апо А жəне Апо В деңгейін анықтау (қосу).
3. Коронароангиография (қосу).

Дифференциалды диагноз


Белгілері Жүктемелік стенокардия Жүктемелік стенокардия
Стенокардиялық  ұстаманың
даму шарттары
Ұстама ауыр физикалық
жұмыстан кейін немесе
эмоционалды ауырлықтан
кейін, артериялық
қысымның жедел
көтерілуінен кейін дамиды
Ұстама тыныштық жағдайда
дамиды
Стенокардия ұстамасының
пайда болу уақытысы
Ұстама тəуліктің барлық
уақытында пайда болуы
мүмкін
Ұстама көбіне түнде немесе
ерте таңертең дамиды
ЭКГ типті өзгерістер
ишемиялық типтегі S
сегментінің депрессиясы
SТ сегментінің жоғарылауы
Физикалық күштемеге
толеранттылық
Негізінен төмен Негізінен жоғары
Коронарографияның
мəліметі
Коронарлы артерияның
тарылуы, көбіне 2-3 артерия
процесске қатысып айқын
тарылу болады
Коронарлы артериялар
қалыпты немесе аздап
өзгерген

 

Емдеу тактикасы

 
Емдеу тактикасы

Ем мақсаты: симптомдарды басу, өмір сапасын жақсарту, емнің жанама əсерлері дамуының аз жиілігінде асқынулар жиілігі мен өлімді азайту.

Дəрі-дəрмексіз ем: жоқ.

Дəрі-дəрмектік ем: ангинаға қарсы жəне қанның қойылуына қарсы ем, майлардың деңгейін азайтатын ем, коронарлық қан ағымын жақсарту, жүрек қызметі жетіспеушілігінің алдын алу.

Ангинаға қарсы ем
β-блокаторлар – дəрілерді жүрек соғу жиілігін, АҚ-ны, ЭКГ-ні бақылап отырып мөлшерлеп беру. Бастапқы кезеңде нитраттар инфузия түрінде жəне ішу үшін беріледі, кейін нитраттар тек ішу үшін тағайындалады. Нитраттар аэрозоль түрінде жəне тіл астына ангиналық ауырсыну ұстамаларын басу үшін қажетті жағдайда ғана пайдаланылады.

β-блокаторларды қабылдауға қарсы көрсетілім болған жағдайда кальций антогонистері тағайындалады. Мөлшері жеке таңдалады.
Қанның қоюлануына қарсы ем ретінде барлық науқастарға аспирин тағайындалады, оның əсерін күшейту үшін клопидогрель тағайындалады.
Жүрек қызметі жетіспеулішігінің алдын алу үшін жəне оны емдеу үшін ИАПФ тағайындалады. Мөлшері гамодинамиканы есепке ала отырып таңдалады.
Қанның құрамындағы майды азайту емі (статиндер) барлық науқастарға тағайындалады.

Мөлшері майлар спектрі көрсеткішін есепке ала отырып таңдалады. Зəр айдаушы дəрі-дəрмектер тоқырау құбылыстарын емдеу жəне олардың алдын алу мақсатында тағайындалады. Жүрек гликозидтері – инотроптық мақсатпен тағайындалады.
Аритмияға қарсы дəрілер ритм бұзылған жағдайда ғана беріледі. Миокардта зат алмасу процесін жақсарту үшін триметазидин тағайындалады.

Профилактикалық шаралар: ЖИА қауіп қатер факторын жою - артериалды гипертензия, темекі шегу, дислипопротеинемия, артық дене саламағын азайту тек ЖИА профилактикасы емес, сонымен қатар ЖИА ары қарай өршуін алдын алады. Өмір сүру кестесін қалпына келтіру, еңбек, демалыс тəртіптерін қалыптастырып, психоэмоционалдық, стресстік жағдайларды азайтып, жұмысқа, жанұяға деген көзқарасты өзгертіп, шектелген физикалық күш түсіріп, гиподинамиямен күресті ұлғайтады. Осы ұсыныстарды орындағанда ЖИА өршу жиілігін төмендетеді.

Одан ары жүргізу: диспансерлік бақылау.

Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1. *Гепарин, ерітінді, инфузия үшін 5000 ЕД/мл фл.
2. Эноксапарин шприц-тюбик 0,3 мл; 0,6 мл; 1 мл
3. Надропарин кальций, шприц-тюбик 0,4 мл; 0,8 мл; 1 мл
4. *Фондапаринукс натрий, тері астына енгізу үшін 2,5 мг/0,5 мл, 5 мг/0,4 мл, 7,5 мг/0,6 мл алдын ала дайындалған шприцтерде
5. *Ацетилсалицил қышқылы 100 мг, табл-да
6. *Ацетилсалицил қышқылы 325 мг, табл-да
7. Клопидогрель 75 мг, табл.
8. Изосорбида мононитрат 20 мг, табл.
9. Изосорбида мононитрат 40 мг, капс.
10. *Изосорбид динитрат 0,1% 10 мл, амп.
11. *Изосорбид динитрат 20 мг, табл.
12. *Изосорбид динитрат, аэроз. доза
13. *Нитроглицерин 0,5 мг, табл.
14. *Метопролол 25 мг, 50 мг, 100 мг табл.
15. Бисопролол 5 мг; 10 мг, табл.
16. Карведилол 6,25 мг, 12,5 мг, 25 мг, табл.
17. Фозиноприл 10 мг, табл.
18. *Периндоприл 4 мг, табл.
19. Каптоприл 25 мг,50 мг табл.
20. *Эналаприл 10 мг, табл.
21. Рамиприл 2,5 мг; 5 мг; 10 мг
22. *Амиодарон 200 мг, табл.
23. *Фуросемид 40 мг, табл.
24. *Фуросемид амп, 40 мг
25. *Спиронолактон 100 мг, табл.
26. *Гидрохлортиазид 25 мг, табл.
27. Симвастатин 10 мг; 20 мг, табл.
28. Аторвастатин 10 мг; 20 мг, табл.
29. *Дигоксин 0,25 мг, табл.
30. *Дигоксин 0,025% 2 мл, амп.
31. *Декстроза, и/ү ерітінді % 400 мл, флакон
32. Калий хлориді, 4% 10 мл, амп-да
33. *Адам инсулині, ерігіш, биосинтетикалық, инфузия үшін ерітінді, 100 ЕД/мл пенфил 1,5 мл
34. *Натрий хлориді, инфузия үшін ерітінді 0,9%, пласт. 500 мл, флаконда

Қосымша дəрі-дəрмек тізбесі:
1. *Диазепам 5 мг-да
2. *Диазепам, егу үшін ерітінді, 10 мг/2 мл ампулада
3. *Цефазолин, ұнтақ, инфузия үшін, 1 г, фл.
4. Фруктозодифосфат, фл.
5. Триметазидин 35 мг, табл.
6. *Амлодипин 10 мг, табл.
7. Ивабрадин 5 мг, 7,5 мг, табл.
8. Преднизолон 30 мг, амп.
9. Эуфиллин 2,4%-5,0 мл, амп.

Ем тиімділігінің индикаторлары: симптомдарды басу, өмір сапасын жақсарту, емнің жанама əсерлері дамуының аз жиілігінде асқынулар жиілігі мен өлімді азайту.


* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар.

Ауруханаға жатқызу

 
Госпитализациялау үшін көрсетімдер:
- қабылданған амбулаториялық ем тиімділігінің төмендеуі;
- дене кимылына шыдамдылықтың төмендеуі;
- декомпенсация.

Жоспарлы госпитализация алдында жасалуға тиісті тексерулер:
1. Кардиолог кеңесі.
2. Жалпы қан анализі (Er, Hb, L, лейкоформула, ЭТЖ, тромбоциттер).
3. Несептің жалпы анализі.
4. Нəжістегі ішек-құрт жұмыртқаларын тексеру.
5. Микрореакция.
6. Электрокардиограмма.
7. Флюорография.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. 1. Доказательная медицина - ежегодный справочник 2. Чучалин А.Г.,Белоусова Ю.Б., Яснецова В.В., Федеральное руководство по использованию лекарственных средств (формулярная система) Выпуск У1 2005 3. Моисеев В.С., Сумароков А.В. Болезни Сердца 4. Окороков А.Н. Лечение болезней внутренних органов

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі: Рысбеков Е.Р. ҚР ДСМ Кардиология жəне ішкі аурулар ҒЗИ.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх