Войти

Жеке тұлғаның ағзалық (органикалық) негіздегі бұзылыстары

H-T-019

РЦРЗ (Республиканский центр развития здравоохранения МЗ РК)
Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Расстройство личности органической этиологии (F07.0)

Анықтамасы

Анықтамасы

 
Анықтамасы:

Жеке тұлғаның органикалық ауытқулары деп мидың ағзалық деңгейде зақымдануы салдарынан дамып, жеке тұлғалық жəне мінез-құлықтық бұзылыстармен əйгіленетін аурулы жағдайды айтады.
 

Хаттама коды: H-T-019 "Жеке тұлғаның ағзалық (органикалық) негіздегі бұзылыстары"
Терапевтиялық саладағы стационарлар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):
F – 07.0. Жекетұлғаның органикалық ауытқулары.
F – 07.1. Постэнцефалиттік синдром
F – 07.2. Посткоммоциялық синдром.
F – 07.8. Жекетұлғаның жəне мінез-құлықтың ми ауытқуларымен, зақымдануымен жəне функциясы бұзылуымен байланысты дамыған органикалық басқа ауытқулар.
F - 07.9. Жекетұлғаның жəне мінез-құлықтың ми ауытқуларымен, зақымдануымен жəне функциясы бұзылуымен (психоорганикалық синдром да кіреді) байланысты дамыған айқындалмаған ауытқулары.

Қауіп-қатерлі факторлар

 
Қауіп-қатерлі факторлар
Мидың ағзалық зақымдану себептері əр-түрлі. Миға сырттан əсер ететін (экстрацербральдық) факторлардың ішінде бассүйек-ми жарақаты (БМЖ), əртүрлі инфекциялар, уыттанулар жақсы зерттелген. Соңғы кездерде жұқтырмалы иммунитет тапшылық синдромының (ЖИТС), атипиялы уытты заттектердің т.б. əсерінен мида дамитын аурулар кездесе бастады.

Диагностика

 
Диагностика критерийлері

Шағымдар мен анамнез:
Негізгісі – клиникалық зерттеу:
- сұрастыру;
- бақылау;
- субъективтік жəне объективтік анамнезін жинау;
- науқастың шығармашылық қабілетін тексеру.

Физикалық тексеру:
1. Жалпысоматикалық жəне неврологиялық зерттеулер.
2. Эксперименттік-психологиялық зерттеу (алғашқы тексеру).

Лабораторлық зерттеулер: лабораторлоық зерттеулер соматикалық ауруларды верификациялау мақсатында жүргізіледі.

Инструменталдық зерттеулер: (ЭЭГ, РЭГ; бастың УДЗ, бассүйекті рентгенде тексеру, қажет болған жағдайда компьютерлі томография жəне т.б.) аурудың потоморфологиялық субстратын айқындау үшін жасалады.

Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер: қосарланған аурулар болған кезде.

Дифференциалды диагноз: жоқ.

Негізгі диагностикалық шаралардың тізімі:
1. Қанның жалпы анализін жасау (6 көрсеткіш бойынша).
2. Несептің жалпы анализін жасау.
3. АЛТ, АСТ деңгейін анықтау.
4. Билирубин деңгейін анықтау.
5. Қан құрамындағы қант деңгейін анықтау (40 жастан асқандардың).
6. Окулист консультациясы.
7. Терапевт консультациясы.
8. Невропатолог консультациясы.
9. Эксперименттік-психологиялық тексеру (алғашқы тексеру) – психологиялық процестердің бұзылыстары жəне жекетұлғаның психикалық қасиеттері анықталады, сонымен қатар психикалық аурулардың дифференциалды диагностикасы жүргізіледі.

Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
1. Эксперименттік-психологиялық тексеру (екінші рет тексеру) – емдеу барысында жеке тұлғаның психикалық қасиеттеріндегі жəне психикалық бұзылыстарындағы динамикалық өзгерістер анықталады.
2. Мидың компьютерлі томографиясы (невропатологтың ұсыныс бойынша).
3. Электроэнцефалография (невропатологтың ұсынысы бойынша).
4. Ультрадыбысты доплерография (невропатологтың ұсынысы бойынша).
5. Электрокардиография (қосарласқан кардиологиялық өзгерістерді жəне көптеген психотроптық препараттардың жүрекке уытты əсерін анықтау үшін).
6. Өкпе флюорографиясы (мəжбүрлеп жəне шұғыл түрде госпитализацияланған науқастардың өкпе туберкулезін анықтау үшін жылына бір рет жасалады).
7. Микрореакция (мəжбүрлеп жəне шұғыл түрде госпитализацияланған науқастарда мерез бар-жоғын анықтау үшін).
8. Нəжісте дизентерия қоздырғыштары бар-жоғын анықтау.
9. Нəжісте ішекқұрттар жұмыртқасы бар-жоғын анықтау.

Емдеу тактикасы

 
Емдеу тактикасы

Ем мақсаты:
1. Психопатия тəрізді симптоматикасын тыю жəне құмарту бұзылыстарын теңестіру, өмір сүру сапасын жақсарту.
2. Психологиялық науқастарды əлеуметтік қамтамасыз ету.
3. Əр-түрлі сараптамалар жүргізу.
4. Емін таңдап тағайындау.
5. Мəжбүрлеп емдеу мерзімін аяқтау (сот шешімі бойынша).
 
Дəрі-дəрмектік ем
Жекетұлғаның органикалық ауытқуларын емдеу негізінен психопатия тəрізді еліруді тыюға, эмоциялық жəне когнитивтік салаға əсер етуге, өмір сүру сапасын арттыруға бағытталады. Бұл мақсатта мінез-құлықты түзететін препараттар кешенді түрде тағайындалу керек. Тыныштандаратын (седативті) əсері бар антидепрессанттар жəне нормотимиктер, ноотроптар, тамырға əсерлі препараттар, жалпы əлдендіргіш дəрі-дəрмектер, витаминдер тағайындалады.
Психотроптық препараттар əр аурудың клиникалық əйгіленістерінің ерекшеліктерін, науқасқа жағу-жақпауын қатаң түрде ескере отырып тағайындалады.

Хлорпромазин (ампулада) – 2,5% ерітінді. Тəулігіне 2,0 х 3 рет, 10 күн бойы беріледі. Бірреттік ең жоғары дозасы 150 мг, тəуліктік дозасы 1000 мг. Психомоторлық еліруді тыю үшін қолданылады, кейін толық емдік нəтижеге жеткенге дейін 25-50 мг амнизин ішкізуге ауыстырады (бірреттік ең жоғары дозасы 300 мг, тəуліктік дозасы 1500 мг). Мінез-құлық ауытқуларын реттеу, психомоторлық еліруді тыю үшін тағайындалады. Препаратты венаға құйған жағдайда артериялық қысымды өлшеп отыру керек, егер қан қысымы түсіп кетсе кофеин немесе кордиамин салынады.

Левомепромазин – психомоторлық еліруді тыю үшін 0,025-0,075 г (2,5% ерітінді 1-3 мл) препаратты парентеральдық жолмен береді. Қажеттілік туындап бұлшықетке жіберу керек болса тəуліктік дозасын 0,2-0,25 г-ға (кейде 0,35-0,5 г-ға) дейін көбейтеді, егер венаға жіберу керек болса – 0,075-0,1 г. Емдік нəтиже біліне бастағаннан кейін біртіндеп препаратты парентеральдық беруден ішкізу арқылы беруге көшеді. Ішілетін тəуліктік дозасы 0,05-0,1 г (кейде 0,3-0,4 г). Емдеу курсын тəулігіне 0,1-0,3г ішкізуден бастап емдікнəтижеге жеткенге дейін жалғастырады. Ауруханада емдеудің соңына қарай препарат дозасын біртіндеп азайтады да емнің нəтижесін сақтау үшін демеуші доза ретінде тəулігіне 0,025-0,1 г қабылдауды қалдырады.
Емдік əсері –  жалпы антипсихоздық əсер, айқын седативті (тыныштандыратын) əсер, психомоторлық еліруді басады, үрейді азайтады (үрейбасқы əсер). Препаратты венаға жіберген жағдайда қан қысымын қадағалап өлшеп отыру керек, егер артериялық қысым төмендеп кетсе кофеин немесе кордиамин салу керек.

Клозапин – күніне 2-3 рет тамақтан кейін ішіледі. Бастапқы кезде 25 мг-нан тəулігіне 2-3 рет беріледі, кейін оңтайлы емдік нəтижеге жеткенге дейін препараттың тəуліктік дозасын (ең жоғарғы дозасы 600 мг) орташа алғанда 200-400 мг-ға дейін жоғарылатады.
Емдік əсері – жалпы антипсихоздық əсер, айқын седативті (тыныштандыратын, жұбатқы) əсер етеді, бірақ аминазин жəне басқа да алифатик фенотиазиндер сияқты аса күшті мəңгіртіп тастамайды.

Флуоксетин – адинамиялық депрессияны емдегенде тағайындалады. Күніне таңертең 20 мг беруден бастайды, біртіндеп 60 мг-ға дейін көбейтуге болады. Бұл препарат амитриптилин мен мелипраминге қарағанда несеп шығаруды қиындатпайды, жүрекке уытты əсер бермейді жəне күніне бір-ақ рет берілетіндіктен қолдануға ыңғайлы.

Милнаципран – капсула 50 мг тəулігіне 2 рет беріледі, емдік нəтиже білінбесе тəуліктік дозасын 200 мг-ға дейін (100 мг х 2 рет) жоғарылатуға болады (ұсыныстағы тəуліктік емдік дозасы 50-150 мг). Емдік əсері: əртүрлі ауырлық дəрежедегі депрессиялық жағдайларда үйлесімді əсер етеді, жанама əсерлері өте аз, сондықтан қосарласқан соматикалық аурулары бар науқастарға беруге болады.

Вальпрой қышқылы 300 мг-нан 1200 мг-ға дейін, нормотимик (көңіл-күйді жақсартатын) жəне құрысқаққа қарсы дəрі ретінде тағайындалады.

Рисперидон – ішуге арналған 30 мл ерітінді (1 мл-де – 1 мг), бастапқы тəуліктік дозасы 2 мг, орташа емдік дозасы 4-6 мг, көп жағдайда қосымша корректор дəрілер (циклодол, акинетон) тағайындаудың қажеті жоқ. Препарат продуктивті жəне негативті симптоматикаға, сонымен бірге қосарласқан аффективті ауытқуларға əсер етеді, дофамин-серотонинэргиялық антагонизмі үйлесімді болғандықтан пациенттердің ресоциализациялануын кеңейтеді, аурудың өршу жиілігін жəне ауруханада емделу мерзімін азайтуға, өмір сүру сапасын арттыруға, əлеуметтік адаптациясын жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Тиоридазин – тəуліктік дозасы 100 мг, ашушаңдықты, агрессиялылықты азайтады, əсері жұмсақ сондықтан ұйқы келтірмейді, əлсіздік, есеңгіреу болмайды. Тамақтан кейін ішу керек, бастапқы тəуліктік дозасы 10-40 мг шамасында, біртіндеп 100-150 мг-ға дейін көбейтуге болады.

Диазепам – тəуліктік дозасы 40-60 мг, көбінесе еліру жағдайын басу үшін жəне ұйқы бұзылғанда беріледі. Бастапқы тəуліктік дозасын 10 мг-нан бастап бұлшықетке жібереді, кейін 60 мг-ға дейін көбейтуге болады.

Пирацетам – мидың интегративтік механизмдерін белсендіру, зардаптаушы факторларға (əсіресе гипоксиялық əсерлерге) төзімділігін арттыру, интеллектуальдық-мнезиялық саланы күшейту үшін тағайындалады. Дозасы 15,0 – 200,0 мл физиологиялық ерітіндіге араластырып венаға құяды. Тəуліктік дозасы 1600 мг (капсулада).

Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1. *Хлорпромазин 2,5% ерітінді. - 2 мл; драже, таблеткасы 0,025; 0,05
2. Левопромазин 2,5% ерітінді - 1 мл; таблеткасы 0,025
3. *Клозапин таблетка 0,025; 0,1
4. *Флуоксетин капсулада 0,02
5. Милнаципран капсулада 0,025; 0,05
6. *Вальпрой қышқылы таблетка 0,3; 0,5
7. *Рисперидон ішуге арналған ерітінді 30 мл (1 мл-1 мг)
8. Тиоридазин драже 0,01; 0,025; 0,1
9. *Диазепам 10 мг – 2 мл (ампула)
10. *Диазепам таблетки 0,01; 0,005
11. *Пирацетам амп. 20% - 10 мл
12. *Пирацетам капсула, таблетка 0,4

Қосымша дəрі-дəрмектердің тізімі: жоқ.

Ем тиімділігінің индикаторлары: емдік ремиссияға жету, демеуші ем таңдап алу, сараптамалық мəселелердің, мəжбүрлеп емдеудің аяқталуы, əлеуметтік мəселелерді шешу.


* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар. 

Госпитализация

 
Госпитализациялау үшін көрсетімдер:
1. Психопродуктивті симптоматика даму əсерінен бейадекватты қылықтар байқалу (психомоторлық еліру, патологиялы импульсивтілік, депрессиялы жəне маниакальді жағдай, суицидке бейімділік, психопатия тəрізді əйгіленістер, невроз тəрізді ауытқулар жəне т.б.).
2. Əлеуметтік жағдаймен байланысты көрсетілімдер.
3. Белгіленген тəртіп бойынша сот органдарының мəжбүрлеп емдеуге жіберуі.
4. Белгіленген тəртіп бойынша стационарлық жағдайда соттық-психоиатриялық, əскери сараптама жүргізу қажеттілігі.
5. Белгіленген тəртіп бойынша ауруханада тексеріп диагнозын анықтау, еңбекке жарамдылығын сараптау, басқа да сараптамалық сұрақтарды шешу қажеттілігі.
6. Оңтайлы ем таңдап тағайындау қажеттілігі.

Күштеп госпитализациялау үшін қажет көрсетілімдер (ҚР 16.04.1997 ж. № 91-1 заңының 29 бабы):
1. Өзіне жəне маңайындағыларға тікелей қауіптілігі.
2. Арнайы күтім жасалмаған жағдайда жекебасы өз бетінше тіршілік етуге қажетті қарапайым іс-əрекет жасай алмайтын дəрменсіздік.
3. Психиатриялық көмексіз қалдырылған жағдайда психикалық ахуалы нашарлаудың салдарынан денсаулығына ауыр зиян келу қауіптілігі.

Ауруханаға шұғыл түрде жатқызу көрсетілімдері (ҚР БМ жəне ДС министрлігінің ДС комитетінің 13.05.1998 ж. шығарған №269 бұйрығына №10 қосымша):
1. Суицидтік (өзін-өзі өлтіруге бағытталған) пиғыл байқалуы.
2. Құмарлану патологиясы мен мінез-құлықтық əрекетшілдігі күшейіп кеткен психопатия тəрізді синдром.
3. Гигиеналық жəне əлеуметтік тұрғыдан азып-тозып кету, қаңғыбастыққа шалдығу, психикалық дəрменсіздік жағдайға душар еткен ауыр дəрежелі психикалық кемістік.
 
Бұл айтылған аурулы жағдайлардың əсерлерінен, сырттай қарағанда, тəртіп бұзылмауы мүмкін, бірақ науқастың өз басына жəне қоғамға жанамалы қауіп бар.

Жоспарлы госпитализациялау алдында жасалуға тиісті тексерулер:
1. Психиатр консультациясы.
2. Өкпе флюорографиясы (немесе көкірек ағзаларының рентгенографиясы).
3. Микрореакция (немесе қанның RW анализі).

Ауруханаға мəжбүрлеп жəне шұғыл түрде жатқызу алдында жасалуға тиісті тексерулер:
1. Психиатрдың тексеруі, (сонымен қатар психиатриялық аурухананың қабылдау бөлімінде тексеру керек).

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. 1. Г.И.Каплан, Б.Дж.Сэдок. Клиническая психиатрия из синопсиса по психиатрии. Т 1. – Москва «Медицина», 1994. 2. Международная классификация болезней (10-й пересмотр). Классификация психических и поведенческих расстройств (Клинические описания и указания по диагностике). ВОЗ, 1994. 3. Клинические рекомендации для практикующих врачей, основанные на доказательной медицине 2 – е издание, 2002. 4. Руководство по психиатрии/Под редакцией А.С.Тиганова, Т 1-2. – Москва «Медицина», 1999. 5. Общая психопатология (Руководство для врачей)/Под руководством Н.Т.Измайловой. 6. Джекобсон Дж., Джекобсон А. Секреты психиатрии. Москва – 2005

Ақпарат

 
Əзірлеушілер тізімі: Негай Н.А. ҚР ДСМ Психиатрия, психотерапия жəне наркология ҒО.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх