Жегінің декомпенсацияланған пішіні (педиатрия)
Версия: ҚР ДСМ клиникалық хаттамалар - 2014 (Қазақстан)
Кариес зубов неуточненный (K02.9)
Педиатрия, Стоматология детская
Анықтамасы
Анықтамасы
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрлігінің
«Денсаулық сақтауды дамыту
республикалық орталығы» ШЖҚ РМК
Сараптама кеңесі ұсынған
2014 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 9 хаттама
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрлігінің
«Денсаулық сақтауды дамыту
республикалық орталығы» ШЖҚ РМК
Сараптама кеңесі ұсынған
2014 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 9 хаттама
Балалардағы тіс жегісінің декомпенсацияланған пішіні – бұл баланың бүкіл өмірі бойы ушығуға, тұрақтануға, әртүрлі белсенділікке ие болуға қабілетті, тісте жегілі қуысты қалыптастыра отырып, тіс тіндерінің ошақтық минералсыздануын сипаттайтын патологиялық процесс. Жегілі тістердің саны, олардың орналасуы, жегілі тістердің өсімі жегінің клиникалық даму ауырлығын, патологиялық процестің белсенділік дәрежесін айқындайды.
Жегілік процестің белсенділігін анықтау КПУ, кп, КПУ+кп көрсеткіштеріне негізделеді. Әрбір өңір үшін әрбір жас ерекшелік тобында индекстің әрбір орташа мәні анықталады. Жегінің декомпенсацияланған пішіні және жегі белсенділігінің III дәрежесі – бұл баланың КПУ, кп, КПУ+кп индексі осы өңірдегі аталған жастағы балалар қарқындылығының орташа мәніне қарағанда үлкен болатын тіс жағдайы [1].
Атауы: Жегінің декомпенсацияланған пішіні.
Хаттама коды:
АХЖ-10 кодтары:
К02. Тістер жегісі
Хаттамада пайдаланылатын қысқартулар: КПУ, кп, мкА
Хаттаманың әзірленген күні: 2014 жыл.
Пациенттер санаты: балалар
Хаттаманы пайдаланушылар: балалар стоматологтері
Жіктемесі
Клиникалық жіктеме [1].
Балалардың тіс жегісі жіктемесі
Туындау кезеңділігі бойынша
Бастапқы
Екінші/қайталанған.
Орналасуы бойынша
Фиссурлы
Апроксималды
Мойын маңы
Жегінің тереңдігі бойынша
Бастапқы
Беткі
Орташа
Терең
Белсенділік дәрежесі бойынша:
Компенсацияланған пішіні
Субкомпенсацияланған пішіні
Декомпенсацияланған пішіні
Патоморфологиялық өзгерістері бойынша
Дақ сатысындағы жегі
Эмаль жегісі
Орташа жегі
Орташа тереңдеген жегі
Терең перфорациялық
Диагностикасы
Негізгі және қосымша диагностикалық іс-шаралардың тізбесі:
Амбулаториялық деңгейде жүргізілетін негізгі (міндетті) диагностикалық тексеріп-қарау:
шағымдар мен анамнездерді жинау;
физикалық тексеріп-қарау.
Амбулаториялық деңгейде жүргізілетін қосымша диагностикалық тексеріп-қарау:
электроодонтометрия;
тісті зондтау.
Жоспарлы емдеуге жатқызуға жолдау кезінде жүргізілуі қажет тексеріп-қараудың ең аз тізбесі: Жүргізілмейді.
Стационарлық деңгейде жүргізілетін негізгі (міндетті) диагностикалық тексеріп-қарау (шұғыл емдеуге жатқызу кезінде амбулаториялық деңгейде жүргізілмеген диагностикалық тексеріп-қараулар жүргізіледі):
Стационарлық деңгейде жүргізілетін қосымша диагностикалық зерттеп-қарау (шұғыл емдеуге жатқызу кезінде амбулаториялық деңгейде жүргізілмеген диагностикалық тексеріп-қараулар жүргізіледі):
Жедел көмек кезеңінде жүргізілетін диагностикалық іс-шаралар:
Диагностикалық критерийлер:
Шағымдар: Көптеген жегілерге.
Анамнез: жиі ауыратын созылмалы соматикалық аурулары бар балалар.
Физикалық тексеріп-қарау:
ауыз қуысындағы зақымдалған тістердің саны 7 және одан көп, бір тісте апроксималды бетіне барабар орналасқан бірнеше жегілі қуыстар болуы мүмкін.
Зертханалық зерттеулер.
Аспаптық зерттеулер:
Тісті зондтау: зондтау кезінде жегілі қуыстың тереңдігі және тіс түбі тереңдігінің тұтастығы анықталады.
Электроодонтометрия: электрооднометрия көрсеткіштерінің деңгейі 2,0 мкА-дан 150 мкА-ға дейін ауытқуы мүмкін.
Арнаулы мамандардың консультациясы үшін көрсетімдер. Жүргізілмейді.
Дифференциалды диагноз
Сараланған диагноз:
1-кесте. Жегінің компенсацияланған және субкомпенсацияланған пішіндері бар сараланған диагноз.
Диагноз | Шағымдар | Анамнез | Объективті дәрежесі |
Декомпенсацияланған пішін | көптеген жегілерге. | жиі ауыратын созылмалы соматикалық аурулары бар балалар. | ауыз қуысындағы зақымдалған тістердің саны 7 және одан көп, бір тісте апроксималды бетіне барабар орналасқан бірнеше жегілі қуыстар болуы мүмкін. |
Компенсацияланған пішін | жоқ. | дені сау балалар | бірдей жегілі қуыстар бетіне орналасады. |
Субкомпенсацияланған пішін | көптеген жегілерге. |
жиі ауыратын созылмалы соматикалық аурулары бар балалар. |
ауыз қуысындағы зақымдалған тістердің саны 7 және одан көп, бір тісте апроксималды бетіне барабар орналасқан бірнеше жегілі қуыстар болуы мүмкін. |
Емдеу тактикасы
Емдеу мақсаттары:
жегілі факторларды жою;
анатомиялық пішінін және тіс функциясын қалпына келтіру;
асқынулар дамуының алдын алу;
тіс қатарларының эстетикасын қалпына келтіру.
Емдеу тактикасы:
Дәрі-дәрмексіз емдеу:
Балансталған және ұтымды тамақтану;
Гигиеналық тәрбие, ауыз қуысы гигиенасына оқыту.
Дәрі-дәрмекпен емдеу.
Стероидрезистентті жасушалық ауыр ажыратылу терапиясы кезінде таңдалған әдіс – антитимоциттік антиденелерді тағайындау. Жіті ажыратылудың қайталанған эпизоды – поликлоналды антиденелер препараттарын тағайындауды талап ететін ауыр стероидрезистентті жіті жасушалық ажыратылу. Шамамен 50% жағдайда жіті гуморальды ажыратылу белгілері анықталады. Қайталанған ажыратылудың дамуы трансплантаттың келешекте тірі қалу болжамымен қатар жүреді.
Қайта жасалған ГКС пульс-терапиясы жіті ажыратылуды емдеуде нәтижелі болуы мүмкін, бірақ антиденелерді қолдану алдында пульс-терапияны екі курстан артық тағайындамаған жөн. Көптеген хаттамалар қайталанған бүкіл ажыратылулар кезінде ағымы қолайлы немесе кем дегенде бірінші эпизодтан кейін бірнеше апта өткен соң дами бастағандарды есептемегенде, антиденелермен емдеуді ұсынады.
Егер пульс-терапияға тез арада жауап болмаса, антиденелермен емдеуді бірден бастап кеткен жақсы, басқа хаттамалар бірнеше күн тосуды жөн көреді. Пульс-терапияға қарамастан, бүйрек функциясы жылдам нашарлай бастаса, тез арада антитимоцитті иммуноглобулинмен емдеуді бастау керек.
Ажыратылуды емдеуде антитимоцитарлы иммуноглобулиннің дозасы индукциялықпен салыстырғанда жоғары болуы мүмкін, ал емдеу ұзақтығы 5-7 күннен кем болмауы тиіс. Емдеу курсы бойы гематологиялық көрсеткіштерді бақылап, профилактика үшін 2-3 апта ганцикловирді қолдану қажет. Сондай-ақ циклоспориннен такролимусқа ауысу немесе микофенолаттарды қосу, бұған дейін оларды алып көрмеген пациенттерге ажыратылудың қайталанған эпизодтарында да көрсетілуі мүмкін.
Жегінің декомпенсацияланған пішінін емдеу[1,3]:
Беткі, орташа және терең жегіні емдеу ақауды жегілі қуысты пломбалаумен одан әрі алмастыра отырып, дәрілеумен (зақымдалған тіндерді жоюмен) жүргізіледі:
барлық инфекцияланған дентинді жоя отырып, жегілі қуысты дәрілеу;
эмаль шегінде терең «жабық» пигментті фиссурларды алу
ашық, пигменттелмеген фиссурларды тұмшалау;
Амбулаториялық деңгейде көрсетілетін дәрі-дәрмектік ем:
негізгі дәрілік заттар тізбесі (100% қолданылу мүмкіндігі бар):
Шыныиономерлі цементтер:
Кетак Моляр – ұнтақ -12,5г, сұйықтық - 8,5 мл;
Глассин Рест – ұнтақ -10 г, сұйықтық -8 мл;
цемион – ұнтақ -20г, сұйықтық -10мл, кондиционер -10мл, лак-10мл.
Химиялық қатайту композиттері:
КомпоЛайф Плюс:
базалық паста-14г;
катализациялайтын паста-14г;
бонд-6 мл;
дәрілейтін гель-7 мл.
Харизма ППФ:
базалық паста-14г;
катализациялайтын паста-14г;
бонд-6 мл;
дәрілейтін гель-2,5 мл.
Реминералдайтын терапияны жүргізу:
10% кальций глюканаты ерітіндісі, 10 мл;
кальций глюконаты 500 мг, таб,
2% натрий фториді -4мл.
Стационарлық деңгейде көрсетілетін дәрі-дәрмектік ем:
- негізгі дәрілік заттар тізбесі (100% қолданылу мүмкіндігі бар): Жүргізілмейді.
- қосымша дәрілік заттар тізбесі (100% қолданылу мүмкіндігі бар):
Жедел медициналық жәрдем кезеңінде көрсетілетін дәрі-дәрмектік ем:
Емдеудің басқа түрлері (мысалы: сәулелік және т.б.):
Емдеудің амбулаториялық деңгейде көрсетілетін басқа түрлері:
Стационарлық деңгейде көрсетілетін басқа түрлері:
Емдеудің жедел кезек күттірмейтін көмек кезеңінде көрсетілетін басқа түрлері:
Хирургиялық араласу (егер мұндай негізгі болып табылмаса, онда оның негіздемесін сипаттау қажет: белгіленген кезең ішінде дәрі-дәрмектік емдеудің тиімсіздігі кезінде, емдеу тиімділігінің негізгі индикаторларының оң динамикасы болмаған кезде) және басқалары): Жүргізілмейді.
амбулаториялық жағдайда көрсетілетін хирургиялық араласу:
стационар жағдайында көрсетілетін хирургиялық араласу:
Әрі қарай бақылау:
Реминералдайтын терапия жылына 1 рет жүргізу:
10 % кальций глюконаты ертіндісін, 2% натрий фторидін аппликациялау жолымен немесе электроферез көмегімен пайдалана отырып. Кальций глюконатын аппликациялау ұзақтығы 5-тен 20 минутқа дейін, электроферез 15-20 минут. Натрий фториді ертіндісін аппликациялау 1-2 минут. Емдеу курсы 10-15 емшара. Пигменттелмеген ақ дақтар үшін болжам жағымды.
Ем тиімділігінің индикаторлары.
патологиялық процесті тоқтату (анатомиялық пішінін, тіс функциясы мен тіс қатарының эстетикасын қалпына келтіру);
асқынулар дамуының болмауы.
Алдын алуы
Профилактикалық іс-шаралар
Ұтымды тамақтану – құрамында жеңіл ферменттелетін көміртегілер, бірінші кезекте қант бар өнімдерді рационда азайту;
ауыз қуысының өз бетінше тазаруына ықпал ететін шикі көкөністер мен жемістерді күн сайын тұтыну.
Гигиеналық тәрбие және ауыз қуысы гигиенасына оқыту;
Құрамында фтор бар тіс пасталарын (суда фтор тапшы болған кезде) қолдану;
Реминералдайтын терапияны жүргізу: кальций глюконат 500мг, 2 апта бойы күніне 3 рет 1 таблеткадан;
Фиссурларды және көрінбейтін шұңқырларды профилактикалық бітеу.
Ақпарат
Пайдаланған әдебиеттің тізбесі
-
Протоколы заседаний Экспертной комиссии по вопросам развития здравоохранения МЗ РК, 2014
- Хаттаманың дайындау кезінде пайдаланылған әдебиеттер: 1. Лекции по стоматологии детского возраста. авт. проф.Т.К. Супиев г Алматы, 2013г. 2. Терапевтическая стоматология детского возраста Л.А.Хомченко.г.Москва,2007г. 3. Терапевтическая стоматология детского возраста Н.В.Курякина Новгород,2004г. 4. Некариозные поражения твердых тканей зуба. М.Т.Копбаева, гАлматы, 2001 г. 5. Профилактика стоматологических заболеваний. Т.К.Супиев, С.Б.Улитковский, О.М.Мирзабеков, Э.Т.Супиева.гАлматы, 2009г.
Ақпарат
Әзірлеушілер:
1. Негаметзянов Нурислам Гарифзянович – м.ғ.д., ҚР ДСӘМ штаттан тыс бас балалар стоматологы. Алматы қаласы ДСБ «Балалар стоматологиялық емханасы» ШЖҚ МҚК бас дәрігері.
2. Сұршанов Ертай Қызырұлы - Алматы қаласы ДСБ «Балалар стоматологиялық емханасы» ШЖҚ МҚК бас дәрігерінің емдеу жұмысы жөніндегі орынбасары.
3. Ахмадьяр Нұржамал Садырқызы - м.ғ.д. «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы» АҚ клиникалық фармаколог-дәрігер.
Мүдделер қақтығысының жоқтығын көрсету: жоқ
Рецензенттер:
1. Супиев Тұрған Құрбанұлы - м.ғ.д., «С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» ШЖҚ РМК, ДБИ стоматология және ЖБХ кафедрасының профессоры.
1. Негаметзянов Нурислам Гарифзянович – м.ғ.д., ҚР ДСӘМ штаттан тыс бас балалар стоматологы. Алматы қаласы ДСБ «Балалар стоматологиялық емханасы» ШЖҚ МҚК бас дәрігері.
2. Сұршанов Ертай Қызырұлы - Алматы қаласы ДСБ «Балалар стоматологиялық емханасы» ШЖҚ МҚК бас дәрігерінің емдеу жұмысы жөніндегі орынбасары.
3. Ахмадьяр Нұржамал Садырқызы - м.ғ.д. «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы» АҚ клиникалық фармаколог-дәрігер.
Мүдделер қақтығысының жоқтығын көрсету: жоқ
Рецензенттер:
1. Супиев Тұрған Құрбанұлы - м.ғ.д., «С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» ШЖҚ РМК, ДБИ стоматология және ЖБХ кафедрасының профессоры.
Қазықтаулы файлдар
Назар аударыңыз!
- Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.
- Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.
- Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.
- Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.
- Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.