Жаңа туылған нəрестелердің бактериалды сепсисі

H-P-027

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Бактериальный сепсис новорожденного неуточненный (P36.9)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы 

Неонатальді сепсис - қанда бір немесе бірнеше оң культурамен расталған жəне өзіне тəн клиникалық симптомдармен көрініс табатын, алғашқы 28 күн өмірдегі нəрсетенің жүйелі инфекциялық ауруы (ДДҰ ЕӨБ, 2002 ж).
 
Хаттама коды: H-P-027 "Жаңа туылған нəрестелердің бактериалды сепсисі"
Педиатрия саладағы стационарлар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):
Р 36 Жаңа туылған нəрестелердің бактериалды сепсисі
Р 36.0 В тобының стрептококктары туындатқан жаңа туылған нəрестелердің сепсисі.
Р 36.1 Басқа жəне анықталмаған стрептококктар туындатқан жаңа туылған нəрестелердің сепсисі.
Р 36.2 Алтынды стафилакокк (Staphylococcus aureus) туындатқан жаңа туылған нəрестелердің сепсисі.
Р 36.3 Басқа жəне анықталмаған стафилококктар туындатқан жаңа туылған нəрестелердің сепсисі.
Р 36.4 Ішек таяқшасы (Escherichia coli) туындатқан жаңа туылған нəрестелердің сепсисі.
Р 36.5 Анаэробты микроорганизмдер туындатқан жаңа туылған нəрестелердің сепсисі
Р 36.8 Басқа бактериалды агенттер туындатқан жаңа туылған нəрестелердің сепсисі
Р 36.9 Анықталмаған, жаңа туылған нəрестелердің бактериалды сепсисі.

Жіктемесі

 
Жіктемесі (ДДҰ ЕӨБ, 2002 ж.):
- ерте неонатальді сепсис, туылғаннан кейін 0-72 жаста жүзеге асады;
- кеш неонатальді сепсис, туылғаннан кейін > 72 сағатта жүзеге асады.

Этиологиясы. Патогенезі


Этиология

Ерте неонатальді сепсис (ең жиі қоздырғыштары):
1. Б тобының стрептококктары.
2. Энтеробактериялар (эшерихиялар, клебсиелла, протей жəне басқа, колиморфты бактериялар).
3. Энтерококктар.
4. Листериялар.
5. Гемофильді таяқша жəне басқалар.

Кеш неонатальді сепсис (ең жиі қоздырғыштары):
1. Энтеробактериялар (эшерихиялар, клебсиелла, протей жəне басқалар, колиморфты бактериялар).
2. Алтында стафилококк.
3. Саңырауқұлақтар.
4. Көкіріңді таяқша.
5. Басқа бактериалды агенттар (қоздырғыштар спектрі аса кең).

Қауіп-қатерлі факторлар


Қауіп қатерлі факторлар

Анасы тарапынан қауіп қатерлі факторлар:
- уақытынан алдын босанулар;
- ұрық айналасы қабығының уақытынан алдын жарылуы;
- сусыз кезең > 18 сағат;
- босану уақытында жəне одан соңғы фебрильді температура;
- хориоамнионит, эндометрит;
- зəржыныс жүйесінің инфекциялары;
- шүртекей жəне/немесе бұтараны массивті бактериалды колондау;
- ұзақ уақыт босанулар жəне /немесе инвазивті емшаралар;
- персоналдың қолын дұрыс жумауы.

Ерте неонатальді сепсистің қауіп қатерлі факторлар:
- босану уақытында Б стрептококктарына оң себу;
- босану кезіндегі гестациялық жас - 28 аптадан аз;
- 36 апта жүктілігі кезінде Б стрептококктарына оң себу;
- туылу кезіндегі дене салмағы 2500 г аз;
- 18 сағаттан аса сусыз кезең;
- босану кезіндегі гестациялық жас - 37 аптадан аз;
- хориоамнионит;
- босану кезінде ананың дене температурасы 38ºС жоғары.
(W/ Benitz et al., Pediatrics, 1999)

Жаңа туылған нəресте тарапынан қауіп қатерлі факторлар:
- мерзімі жетпеу, туылу кезіндегі төмен дене салмағы, көп ұрықты жүктілік;
- перинатальді асфиксия, реанимация;
- гипотермия
- қарама қайшы зақымданылар (бөлімшедегі нəрестелердің көп саны, персоналмен проблемалар);
- инвазивті емшаралар;
- жасанды тамақтандыру;
- парэнтералды тамақтандыру;
- нəрсетені анасынан бөлек ұстау;
- ұзақ госпитализациялау;
- персоналдың қолын дұрыс жумауы.

Диагностикасы

 
Неонатальді сепсис мінездемесі

Ерте сепсис:
- рационалды емес антибактериалды терапия;
- жиілігі - салыстырмалы түрде сирек ауру;
- интранатальді қауіп қатерлі факторлар - жиі;
- берілуі - вертикальді, аналық босану жолдарының микрофлорасы;
- клиникалық көрінісі - өте кенет ағым, полиоргандық зақымданулар, жиі жағдайда пневмония;
- леталдық - 5-20%.

Кеш сепсис:
- жиілігі - салыстырмалы түрде сирек ауру;
- интранатальді қауіп қатерлі факторлар - жоқ;
- берілуі - вертикальді (сирек) немесе горизонтальді (жиі), ауруханаішілік бактериялар;
- клиникалық көрінісі - біртіндеп даму, инфекциялардың фокальді ошақтары, менингит жиі;
- леталдық - 5%.

Жаңа туылған нəрестелер сепсисінің диагностикасы:
- анамнез (қауіп қатерлі факторлар);
- клиникалық көрінісі;
- лабораторлық зерттеулер.

Госпитализациялау үшін көрсетімдер: шұғыл.

Диагностика критерилері

Шағымдар мен анамнез: апноэ/тахипноэ/ентікпелер.

Физикалық тексеру:
- температура тұрақсыздығы;
- жүріс-тұрыста/бұлшықет тонусында өзгерістер;
- тері жамылғыларының бозғылттығы;
- нашар сорады, салмақ жоғалтады;
- құсу/диарея;
- тахикардия.

Лабораторлық зерттеулер:
1. Қанды бак. себу.
2. Қанның жалпы анализі (ҚЖА):
- лейкоциттер < 5-7 мың немесе >30 мың өмірдің 1-ші тəулігінде, немесе > 20 мың өмірдің 2-ші тəулігінен бастап;
- лейкоцитарлық индекс (ЛИ - нейтрофильді лейкоциттер жас формаларының қосындысы/бөлінген жас жəне жетілген нейтрофильді лейкоциттердің жалпы санына) > 0,2-0,3;
- нейтрофильді лейкоциттердің абсолюттік саны > 1440;
- эритроциттердің тұну жылдамдығы (ЭТЖ) > 10 ( өмірдің 0-7 күні) жəне > 15 (> өмірдің 7 күні);
- С-реактивті белок (СРБ) > 10 мг/100 мл.

Инструменталдық зерттеулер: көрсетімдер болған кезде, кеуде клеткалары ағзаларының рентгенографиясы жəне люмбальді пункция (ЛП) (цитоз > 20/3, белок > 1 г/л).

1. ЛП көрсетімдер: сепсис симптомдары + менингиттің кез келген симптомы (еңбектің ісінуі, кез келген неврологиялық симптомдар жəне құсу) + лейкоциттер < 5 мың. немесе >30 мың. өмірдің 1-ші тəулігінде немесе > 20 мың өмірдің 2-ші тəулігінде, немесе ЛИ > 0,4, немесе СРБ > 10 мг/100 мл, немесе ≥ 2 нормадан анық аутқымен лабораторлық көрсеткіштер.

2. Туылу кезінде дене салмағы 1500 г аз, сепсис симптомдары бар жаңа туылған нəрестелерге - сепсиске кешенді тексеру кезінде люмбальді пункция ұсынылады.

Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер: көрсетімдер бойынша.

Дифференциалды диагноз: жоқ.

Емдеу тактикасы


Емдеу тактикасы

Ем мақсаты: диагностика жəне аяқталуды жақсарту, сонымен қатар сепсистің уақытылы барабар терапиясын жүргізу.

Дəрі-дəрмексіз ем: жоқ.

Дəрі-дəрмектік ем:
1. Вена ішіне 2 жəне көп доза:
- пенициллин стартты дозада 5 миллион, сонан соң - 2,5 миллионнан əр 4 сағат сайын, немесе
- ампициллин стартты дозада 2 г, сонан соң - 1 г əрбір 4 сағат сайын.
2. Мүмкін варианттар, вена ішіне:
- цефазолин стартты дозада 2 г, сонан соң 1 г 8 сағаттан кейін;
- клиндамицин 900 мг 8 сағаттан кейін;
- эритромицин 500 мг 6 сағаттан кейін;
- ванкомицин 1 г 12 сағаттан кейін.

Босанушыға антибиотиктерді профилактикалық тағайындау көрсетімдері, келесі факторлар болса:
1. Б тобындағы стрептококктар туындатқан инфекциямен туылған алдыңғы балалары (БТС).
2. Осы жүктілік кезінде БТС туындатқан, анадағы бактериурия.
3. БТС оң нəтижемен осы жүктілік (босану қызметі болмаған кезде, жоспарлы кесарь тілігінен басқа).
4. БТС бойынша белгісіз статус:
- гестация мерзімі кезіндегі босанулар < 37 апта;
- сусыз кезең ≥ 18 сағат;
- босану кезінде ананың температурасы ≥ 38ºС.
Егер кез келген қойылған сұраққа жауап«иə» болса - антибиотиктер тағайындау!
Егер кез келген қойылған сұраққа жауап «жоқ» болса - антибиотиктер тағайындалмайды (СDС ұсынысы, 2002 ж).

Жоғарыда аталған факторлар бар, ана босанған нəрестелерге жəрдем көрсету алгоритмі:



Сепсиске күмəн бар жаңа туылған нəрестелерге емдеу-диагностикалық жолдар
Гестациялық жас ≤ 35 апта > 35 апта
АБП* симптомдары/немесе
профилактикасыз
Тексеру, 10 күн емдеу Тексеру, 10 күн емдеу
Симптомсыз/қауіп қатерлі
факторлар +/ АБП *
 
 
1. Тексеру, емдеу 48-72 сағат
2. 10 күн емдеу, егер АБП жүргізілмесе, ПРО немесе хориоретинит
48 сағат бақылау, тексермеу
Симптомсыз
Қауіп қатерлі факторлар**
АБП-сыз/белгісіз СГВ статус
Тексеру, емдеу 48 сағат - 5 күн
48 сағат бақылау, тексермеу
Симптомсыз/қауіп қатерлі факторлар
+/АБП-сыз
 
Тексеру, емдеу 72 сағат - 5 күн
Тексеру, 48 сағат бақылау
















АБП* ≥ босанушыға АБ енгізгеннен кейін 4 сағаттан соң. 
** Қауіп қатерлі факторлар: СГВ+, хориоамнионит, сусыз кезең ұзақтығы > 18 сағат, босану кезінде ананың температурасы ≥ 38ºС, гестациялық жас < 37 апта.

Қандай антибиотиктер тағайындау?
1. Ерте неонатальді сепсис кезінде:
- жартылай синтетикалық пенициллин жəне аминогликозидтер;
- үшінші генерациядағы цефалоспориндер, менингит диагнозына күмəн болғанда немесе қойылғанда қосымша қолданылады.

2. Кеш неонатальді сепсис кезінде:
- антистафилококкты пенициллин/ванкомицин, цефалоспориндер, аминогликозидтер;
- жергілікті эпидемиологиялық/микробиологиялық деректерді ескеру маңызды.
P.S. Цефалоспориндер энтерококктар мен листерияларға тиімсіз.

Антибиотиктер дозасы мен енгізу жиілігі
АБ препарат   Доза (1-7 күн) 7-ші күннен кейін
Ампициллин (сепсис)  
50 мг/кг əрбір 12 сағат сайын
50 мг/кг əрбір 8 сағат сайын
Ампициллин (менингит) 
100 мг/кг əрбір 12 сағат сайын
100 мг/кг каждые 8 часов
Цефотаксим (сепсис)  50 мг/кг əрбір 12 сайын 50 мг/кг каждые 8 часов
Цефотаксим (менингит)   50 мг/кг əрбір 8 сағат сайын 50 мг/кг каждые 6 часов
Цефтриаксон  50 мг/кг тəулігіне 1 рет 50 мг/кг тəулігіне 1 рет
Гентамицин/тобрамицин 
 
Жаңа туылған нəресте дене
салмағы < 2 кг: 4 мг/кг тəулігіне 1 рет (24 сағат)
Жаңа туылған нəресте дене
салмағы < 2 кг: 2,5 мг/кг əрбір 12 сағаттан кейін
Амикацин 
 
Жаңа туылған нəресте дене
салмағы ≥2 кг: 15 мг/кг 12 сағаттан кейін
Жаңа туылған нəресте дене
салмағы ≥2 кг: 15 мг/кг əрбір 8 сағаттан кейін
















Сепсиспен туылған нəрестелерге жəрдемді ұйымдастырудың жалпы принциптері
1. Жылулық қорғауды қамсыздандыру.
2. 12 сағаттық инфузия тағайындау 10% глюкоза ерітіндісін жастық қажеттілікке сəйкес.
3. Өмірге маңызды функциялар мониторингін жүргізу (ТС жəне ДР ауырлығы, ЖЖЖ, нəрестенің дене температурасы; диурез; мүмкіндігінше - SpO2, АҚ).
4. Қанды тазалыққа алу, ЖҚА, глюкоза жəне СРБ деңгейі (егер мүмкін болса).
5. Тиісті көрсетімдер болса ЛП жүргізу.
6. Антибиотиктарды тағайындау.
7. Нəрестенің жағдайын əрбір 6 сағат сайын бағалау, динамикасын бақылау.
8. Бала туылғаннан соң, 12-24 сағаттан кейін сепсиске тексеруді қайталау.
9. 3-күн ішінде жақсару белгілері болса - антибактериалды терапияны 10 күн аяғына дейін жалғастыру.
10. Жақсару белгілері болмаса немесе емнің 3-ші күнінен соң жағдайы нашарласа:
- бактериологиялық деректерге сəйкес антибиотикті ауыстыру;
- олар жоқ болса - ампициллин орнына цефотаксим тағайындау жəне жақсару симптомдары пайда болғаннан кейін 7 күн бойы емді жалғастыру (цефотаксим + аминогликозид);
- нəрестені үшінші деңгейдегі стационарға немесе балалар ауруханасы нəрестелер патологиясы бөлімшесіне ауыстыру сұрағын шешу қажет.
11. Антибиотиктермен емнен кейін 12 сағаттан соң немесе нəрестенің жағдайы қалай жақсарса - анасының кеудесіне басу қажет, немесе ана сүтімен тамақтандырудың басқа альтернативті əдісін қолдану қажет.
12. Гемоглобин деңгейін аптасына екі рет анықтау.
13. Антибактериалды терапияны тоқтатқан соң, нəрсетені кем дегенде 24 сағат бақылау. Егер осы уақытта нəрестенің жағдайы қанағаттанарлылықты болса, басқа проблема жоқ - үйге шығару.
14. Егер инфекция симптомдары қайталанса:
- қосымша зерттеу жүргізу;
- антибиотиктар тағайындау, кеш сепсистің қоздырғыштарына қатысты тиімді;
- қанның бактериологиялық зерттеу нəтижелерін ескеру, жəне сəйкессіздік жағдайында жүргізілетін терапияға өзгерістер енгізу.

Профилактикалық шаралар: жоқ.

Әрі қарай жүргізу: жоқ.

Ем тиімділігінің индикаторлары: өмір сапасын жақсарту.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. 1. Основы ухода за новорожденными и грудное вскармливание. Учебный семинар. Европейское региональное бюро ВОЗ, 2002 г, 173 с. 2. Оказание стационарной помощи детям. Руководство по ведению наиболее распространенных заболеваний в условиях ограниченных ресурсов. Карманный справочник. ВОЗ, Европа, 2006 г, 378 с. 3. Уход во время беременности, родов, послеродовом периоде и уход за новорожденными. Руководство для эффективной практики. Отдел репродуктивного здоровья и исследований, ВОЗ, Женева, 2005 г.

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі: Чувакова Т.К.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх