Жаңа туылған нəрестелердегі тыныс алу бұзылулары

H-P-031

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Дыхательное расстройство у новорожденного неуточненное (P22.9)

Анықтамасы

Анықтамасы


Проблеманы анықтау:
- тыныс жиілігі (ТЖ) 1 минутта 30 аз немесе 60 көп;
- кеуде клеткасының ішіне тартылуы;
- уһілеп дем шығару;
- мұрын қанаттарының «ісінуі»;
- апноэ (тыныс алудың кенеттен 20 секундтан астам тоқтап қалуы);
- орталық цианоз.
 
Хаттама коды: H-P-031 "Жаңа туылған нəрестелердегі тыныс алу бұзылулары"
Педиатрия саладағы стационарлар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):
Р22.8 Жаңа туылған нəрестелердегі басқа тыныс алу бұзылыстары
Р22.9 Жаңа туылған нəрестелердегі анықталмаған тыныс алу бұзылыстары
Р28 Перинаталдық кезеңде туындайтын басқа респираторлық бұзылулар
Р28.5 Жаңа туылған нəрестелердегі тыныс алу жеткіліксіздігі

Жіктемесі


Тыныс алу бұзылуларының ауырлық дəрежесі бойынша жіктемесі:
ТЖ 1 минутта
 
Экспираторлы уһілеу
немесе кеуде клеткасының
ішіне тартылуы
Тыныс алу бұзылулары
(ауырлық дəрежесі)
90 астам  Бар Ауыр
90 астам
60-90
Жоқ
Бар
Орташа ауыр
60-90   Жоқ Жеңіл

Диагностикасы

 
Ауыр тыныс алу бұзылулары бар балалардың қосымша зерттеулері

Лабораторлық зерттеулер:
- эритроциттер санын, гемоглобин, гематокрит, тромбоциттер, лейкоцитарлық формуланы есептеумен қан анализі;
- қандағы глюкоза деңгейі;
- қандағы электролиттер деңгейі.

Инструменталдық зерттеулер:
- кеуде клеткалары ағзаларының рентгенографиясы;
- ЭхоКГ (егер балада жүрек тарапынан проблема белгілері болса);
- нейросонография (егер балада энцефалопатияның клиникалық симптомдары болса).
 
Орташа ауырлықтағы тыныс алу бұзылулары кезіндегі зерттеулер, ауыр тыныс алу бұзылуларындағыдай.
Жеңіл дəрежедегі тыныс алу бұзылулары кезіндегі зерттеулер, орташа ауырлықтағы тыныс алу бұзылуларындағыдай.

Емдеу тактикасы

 
Тыныс алу бұзылулары бар нəрсетеге жəрдем көрсету

1. Нəрестені тиянақты бақылау:
- ТЖ 1 мин. 30 аз немесе 60 көп;
- апноэ;
- кеуде клеткасының ішке тартылуы;
- экспираторлық уһілеу;
- мұрын қанаттарының «ісінуі»;
- орталық цианоз.
2. Орташа концентрациямен еркін ағымда оттегі беріңіз.
3. Қандағы глюкоза деңгейін анықтаңыз.
4. Тыныс алу бұзылуларының ауырлығын жіктеңіз.
5. Тыныс алу бұзылулары бар нəрестеде мүмкін себептерді анықтауға тырысыңыз:
- гипотермия;
- өкпе аурулары;
- асфиксия/туылу кезіндегі жарақат;
- сепсис;
- метаболиттік бұзылулар;
6. Жүректің туа біткен ақауы туралы ойланыңыз, егер:
- доминантты симптом - орталық цианоз;
- тыныс жиілігі минутына 60-тан жоғары;
- кеуде клеткасының ішке кіріп кетуі жоқ жəне тыныс шығарудағы уһілеу жоқ.

Егер нəресетеде бірен-саран апноэ эпизоды болса:
- əрі қарай апноэ эпизодына 24 сағат бойы бақылаңыз, анасына осы жағдайды қалай диагностикалауды жəне не істеу қажеттілігін үйретіңіз;
- тынысты, оның арқасын 10 секунд бойы ысқалау арқылы стимулдеңіз;
- егер нəресте өз еркімен дем алмаса, тез арада қаппен немесе бет пердемен желдетуді бастаңыз.

Егер нəрестеде көпреттік апноэ эпизодтары болса:
- оны тез арада ИТП ауыстырыңыз;
- оксигенотерапияны бастаңыз;
- дене температурасын өлшеңіз;
- қандағы глюкоза деңгейін анықтаңыз;
- егер апноэ эпизодтары жиілесе, ауыр бактериалды инфекцияны емдеу сұрағын қарастырыңыз (сепсис, пневмония, менингит).

Егер жүргізілген стимуляциядан соң тыныс қалпына келмесе, немесе «гаспинг» типі бойынша құрыспалы тыныс байқалса, немесе ТЖ минутына 20 аз болса - тез арада реанимация бастау қажет.

Дем алған нəрестенің реанимациясы:
- нəрестені қатты, жылы беткейге, сəулелік жылу көзінің астына жатқызыңыз;
- нəрестенің дұрыс қалыпын қамсыздандырыңыз;
- қажет болса тыныс алу жолдарын тазартыңыз (сілемей, қан);
- егер нəресте дем алмаса, қаппен немесе бет пердемен желдетіңіз, алдын ала нəрестенің қалыпын дұрыстап;
- нəрестені, беті жəне кеуде клеткасының жоғары бөлігінен басқа жерін жылы жамылғымен жабыңыз.

Қаппен жəне бет пердемен вентиляция:
- оттегі болмаса, бөлме ауасымен желдетіңіз;
- 1 минутта 40-60 жиілікпен желдетіңіз;
- 30 секунд желдетіңіз, сонан соң өзіндік тыныс алудың болуы мен мінезін жəне ЖЖЖ анықтаңыз;
- егер нəрестеде өзіндік тыныс алу пайда болса, желдетуді тоқтатыңыз, 5 минут бойы жиілігі мен мінезін бақылаңыз.

Тыныс алу бұзылулары бар нəресте ахуалының мониторингі:
- тыныс жиілігі;
- ЖЖЖ;
- тері жəне сілемейлі қабық түсі;
- дене температурасы;
- сору мінезі;
- қандағы глюкоза деңгейі;
- диурез;
- қанның оттегімен қанығуы (егер мүмкін болса);
- артериалдық қысым.

Тыныс алу бұзылуларын емдеу
1. Оксигенотерапия - тыныс алу бқзылуларын емдеудің негізгі əдісі
Оксигенотерапия тыныс алу бұзылуларының ауырлығына сəйкес жүргізіледі. Оттегімен терапия жүргізу кезінде - нəрестенің ахуалының мониторингі.

Оттегіні беру əдістері
Әдістері Ағым жəне концентрация
  Төмен   Орташа Жоғары
 
Мұрындық канюлалар 
<0,5 л/мин. 0,5-1 л/мин.  >1 л/мин.
Мұрындық катетер   <0,5 л/мин. 0,5-1 л/мин.  >1 л/мин.
Оттегілік палатка
 
<3 л/мин. 3-5 л/мин.   >5 л/мин.
Бет перде   <1 л/мин. 1-2 л/мин. >2 л/мин.
Инкубатор 
 
 
Егер инкубатор ішінде оттегілік
палатка
қолданылса
(жоғарыдан қараңыз)
Егер инкубаторға қосылса
Өндіруші нұсқамасын қараңыз

















Нəрестенің оттегіге реакциясын бақылау
1. Нəресте барабар концентрацияда оттегі алып жатқандығына көз жеткізу үшін, пульсоксиметр қолданыңыз.
2. Пульсоксиметр жоқ болса, оттегімен қанығу белгілерінің пайда болуын байқаңыз. 
3. Орталық цианоз нəрестенің жеткіліксіз оттегі қабылдап жатқанының кеш белгісі болып табылады.
4. Егер нəрестеде орталық цианоз белгілері пайда болса, оттегі концентрациясын тез арада көбейтіңіз жəне цианоз жоғалғанша жалғастырыңыз.
5. Егер нəрестенің тілі мен ерні қызғыштанса - оттегі беруді тоқтатыңыз.
6. Келесі сағаттарда əр 15 минут сайын орталық цианоздың пайда болуын байқаңыз.
7. Егер орталық цианоз қайта пайда болса, оттегіні бұрын бергендей ағымда беріңіз, баланы оксигенация аяқталғаннан кейін, 24 бойы бақылауды жалғастырыңыз.

2. Ауыр тыныс алу бұзылулары кезінде ұстап тұрушы ем
- венаішілік линияны белгілеңіз жəне нəрестенің жасына байланысты физиологиялық қажеттілік есебінен 12 сағат бойы сұйықтық енгізіңіз.
Өмір күні
1 2 3 4 5 6 7
Мл/кг       60 80 100 120  140 150 160+

- асқазанды босату үшін, асқазан зондын енгізіңіз;
- күн сайын енгізілген сұйықтық көлемін, сусыздану белгілерінің болуын бағалаңыз жəне баланың салмағын тартып көріңіз;
- диурезді бағалаңыз;
- қандағы глюкоза деңгейін өлшеңіз;
- егер балада тыныс алулық бұзылулар үдесе немесе орталық цианоз пайда болса, балаға жоғары жылдамдықтағы ағыммен оттегі беріңіз;
- егер балада орталық цианоз 100% оттегімен дем алған кезде де сақталса, оны 3-ші деңгейдегі медициналық жəрдемге ауыстырыңыз;
- əрбір 3 сағат сайын тыныс алу бұзылуларының болуы мен мінезін бағалаңыз жəне белгілеңіз;
- антибиотиктер тағайындаңыз.

Ауыр тыныс алу бұзылулары бар нəрестелерді тамақтандыру:
1. Тамақтандыра бастаңыз, егер:
- нəрестенің жағдайы тұрақтанса;
- ТЖ 1 минутта 90 аз;
- кеуде клеткасының ішке кіруі мен уһілеу жоқ;
- ЖЖЖ минутына 100-160;
- нəрестеде құсу, құрысу жоқ, ішек перистальтикасы анықталады.
2. Алдымен зонд қолданыңыз.
3. Сауылған емшек сүтімен тамақтандырыңыз, ол болмаса - қоспалармен.
4. Баланы əр 3 сағат немесе жиі тамақтандырыңыз.
5. Тамақтандыру кезінде баланың ахуалын бақылаңыз (ішінің көлемін, құсудың болуын).
6. Біртіндеп тамақтану көлемін ұлғайтыңыз, вена ішімен қабылдайтын сұйықтық көлемін азайтумен.
7. Баланың күн бойы (қосыңыз) қабылдайтын тамағы мен сұйықтық көлемін бақылаңыз.
8. Тек қана емшекпен тамақтандыруға тырысыңыз.
 
 
3. Орташа ауырлықтағы тыныс алу бұзылулары кезіндегі ұстап тұрушы ем:
- венаішілік линияны белгілеңіз жəне нəрестенің жасына байланысты физиологиялық қажеттілік есебінен 12 сағат бойы сұйықтық енгізіңіз;
- күн сайын енгізілген сұйықтық көлемін, сусыздану белгілерінің болуын бағалаңыз жəне баланы салмағын тартып көріңіз;
- диурезді бағалаңыз;
- қандағы глюкоза деңгейін өлшеңіз;
- күн сайын енгізілген сұйықтық көлемін, сусыздану белгілерінің болуын бағалаңыз жəне баланы салмағын тартып көріңіз;
- баланың оттегіге реакциясын бақылаңыз;
- баланың жағдайын бақылаңыз жəне құжаттандырыңыз, оттегіге қажеттілік болмағанша;
- күн сайын енгізілген сұйықтық көлемін, сусыздану белгілерінің болуын бағалаңыз жəне баланы салмағын тартып көріңіз;
- диурезді бағалаңыз;
- қандағы глюкоза деңгейін өлшеңіз.

Егер ахуал жақсарса, стандартты күтім көрсетіңіз:
- «терінің теріге» жанасуы (мүмкіндігінше);
- жылулық қорғау;
- барабар тамақтандыру;
- баланың жағдайын бақылау;
- ананы баланы бақылауға үйрету.

Орташа ауырлықтағы тыныс алу бұзылулары бар балаларды тамақтандыру:
- алдымен кесе немесе зонд арқылы тамақтандыруды бастаңыз;
- сүттің тəуліктің көлемінің 2/3 ауыз арқылы алғаннан соң, вена ішілік сұйықтық жіберуді тоқтатыңыз;
- баланың қабылдаған сұйықтық жəне сүт көлемін бақылаңыз - тек қана емшекпен тамақтандыруға тырысыңыз;
- тамақтандыру кезінде баланың ахуалын байқаңыз.
 
4. Жеңіл ауырлық дəрежесіндегі тыныс алу бқзылулары кезіндегі ұстап тұрушы ем

1. Бақылаңыз жəне белгілеңіз:
- тыныс жиілігін;
- кеуде клеткасының ішке кіріп кетуі;
- уһілеудің болуы, мұрын қанаттарының ісінуі;
- апноэ эпизодтары.
2. Оттегімен терапияға нəрестенің реакциясын бақылаңыз.
3. Стандартты күтімді қамсыздандырыңыз.
4. Анасын баланы бақылауға үйретіңіз.
5. Оттегіге қажеттілік болмаған кезде баланы дереу емшекпен тамақтандырыңыз.
6. Егер бала емшекті сора алмаса, кез келген басқа альтернативті əдіспен емшек сүтін беріңіз.
 
5. Егер тыныс алу бұзылуларының ауырлығы үдесе немесе 100% оттегі беру кезінде балада орталық цианоз болса:
- ұстап тұрушы сұйықтық көлемін вена ішіне енгізіңіз;
- баланы үшінші деңгейдегі ауруханаға немесе мамандандырылған бөлімшеге ауыстыруды ұйымдастырыңыз (орталыққа).

6. Нəрестені шығару:
- балада қалыпты терморегуляция;
- кем дегенде бір күн ішінде тыныс алу проблемаларының болмауы;
- тіл жəне ерін қызғылт түсті, 24 сағат бойы қосымша оттегісіз;
- белсенді жəне оның сору рефлексі жақсы;
- үш күн қатарынан салмақ қосады;
- қанағаттанарлы клиникалық жағдай;
- анасы балаға үйде күтім жасауы мүмкін жəне медициналық жəрдемге еркін қол жеткізе алады.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. 1.Основы ухода за новорожденными и грудное вскармливание. Учебный семинар. Европейское региональное бюро ВОЗ, 2002 г, 173 с. 2.Оказание стационарной помощи детям. Руководство по ведению наиболее распространенных заболеваний в условиях ограниченных ресурсов. Карманный справочник. ВОЗ, Европа, 2006 г, 378 с. 3. Уход во время беременности, родов, послеродовом периоде и уход за новорожденными. Руководство для эффективной практики. Отдел репродуктивного здоровья и исследований, ВОЗ, Женева, 2005 г.

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі: Чувакова Т.К.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх