Жатыр лейомиомасы

P-O-011

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Лейомиома матки неуточненная (D25.9)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы:  Жатыр лейомиомасы – дəнекер тін элементтерінің тегіс бұлшықет жасушаларынан түзілген қатерсіз ісік.


Хаттама коды:  P-O-011  "Жатыр лейомиомасы"
Акушерлік-гинекологиялық саладағы поликлиникалар үшін
АХЖ 10 бойынша коды (кодтары):  D25. Жатыр лейомиомасы.

Жіктемесі


Жіктемесі:
1. Орналасуы жəне өсу бағытына қарай:
- Ішперде астылық (сірі астылық - субсероздық) – миоматоздық түйіннің жатыр сірі қабығының астында іш қуысына қарай өсуі (іш қуысында орналасуы, дəнекер ішінде орналасуы);
- Сілемей астылық (субмукоздық) – миоматоздық түйіннің жатыр сірі қабығының астында ағза қуысының əр жағына өсуі (жатыр қуысында, туып келе жатқан, туған);
- Қабырға ішілік (интерстициалық) – түйіннің жатыр бұлшық етінің қалың қабатында өсуі (жатыр денесінде, жатыр мойнында).
2. Клиникалық көріністеріне қарай:
-   Жатырдың əйгіленіссіз миомасы (70-80% жағдайда);
- Жатырдың əйгіленімді миомасы (етеккір оралымының менометроррагия, дисменоррея типімен бұзылуы, айқындығы мен сипаты түрлі дəрежедегі ауырсындыру белгілері  (тартып, толғақ тəрізді ауыру);  жамбас ағзалары қысылуы сезімі жəне / немесе олардың қызметінің бұзылуы;  бедеулік;  əдетті мерзіміне жетпей босану; салдарлық анемия).

Қауіп-қатерлі факторлар


Қауіп-қатерлі факторлар: 
- Гормондық бұзылыстар; өсудің инсулин тəрізді факторы, əсудің  эпидермиялық факторы, əсудің трансформациялық факторы, əйелдің жыныстық гормондары (эстроген, прогестерон);
- Бұрын босанбағандар;
- Семіздік (май басу);
- Шылым шегу.

Диагностикасы


Диагностика критерилері:
- Жатыр көлемінің үлкеюі;
- Етеккір оралымының бұзылуы;
- Ауырсындыру белгілері;
- Жамбаста жақын жатқан ағзалар қызметінің бұзылуы;
Жатырдың қатерлі жаңа түзілістерінен ажыратып анықтау, қатерлі ісікке айналуына (малигнизация) күдік туса жəне / немесе расталса, онкологиялық ауруханаға
міндетті түрде жатқызу.
 
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. УДЗ динамикада.
2. Іншекті динамикада тексеру.
3. Папаникола бойынша жағынды.
4. Эндомитриянын аспирациялық биопсиясы.
 
Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:  Онкогинеколог көрсетілімдері бойынша.

Емдеу тактикасы


Емдеу тактикасы:
Жатыр леомиомасын консервативті емдеу;
Артықшылығы мен кемшілігі салғастыруға тұрарлық:
- Гонадолиберин аналогтарын гормондардың аралас толықтырғыш емімен (заместительная терапия) қатар қолдану;
- Гонадолиберин аналогтарын гестагенмен қатар қолдану;
- Гонадолиберин аналогтарымен жеке емдеу.

Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1. Триптофелин.
2. Гормондық толықтырғыш аралас ем.
3. Гонадолиберин аналогтары гестагенмен қатар (дидрогестерон).
4. Гестагендік белсенділігі жоғары КОК (левоноргестрел, дезогестрел, гестоден, диеногест, норгестимат).
 
Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі: диаметрі 3,0 см.- ге дейін жəне жекелеген миома түйіндері болған жағдайда *дидрогестерон табл.10 мг., етеккір оралымының 5-25 күндері, 3-9 ай бойы (ҚР ДСМ 22.12.2004 ж. № 883 бұйрығы).

Ем тиімділігінің индикаторлары:  ремиссияны индукциялау, асқынуларды басу.

* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар.
PDF created

Ауруханаға жатқызу


Госпитализациялауға көрсетімдер:
1. Миоманың субмукозды түрі.
2. Ісіктің тез өсуі (бір жылда 3-4 апта).
3. Ісік көлемі 12 аптадан үлкен.
4. Жатырдан консервативті емге көнбейтін қан кетулер.
5. Ауырсындыру белгілері.
6. Жамбас ағзалары қызметінің бұзылуы.
7. Асқынулар (жатырдан жіті қан кету, жатырдың айналуы, түйін қоректенуінің бұзылуы, түйінге жұқпа түсуі, түйін аяқшасының бұралуы, қатерлі ісікке айналуы ).

Алдын алуы


Біріншілік профилактика:  ауру дамуына əсер ететін қауіп-қатерлі факторларды жою бойынша профилактикалық шаралар.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1. American College of Obstetricians and Gynecologists (ACOG). Surgical alternatives to hysterectomy in the management of leiomyomas. Washington (DC): American College of Obstetricians and Gynecologists (ACOG); 2000 May. 10 p. (ACOG practice bulletin; no. 16). 2. Gynaecological tumours EBM Guidelines. 12.8.2005 3. Клинические рекомендации, основанные на доказательной медицине: Пер. с англ. / Под ред. Ю.Л. Шевченко, И.Н. Денисова, В.И. Кулакова, Р.М. Хаитова. — 2-е изд., испр. — М.: ГЭОТАР-МЕД, 2002. — 1248 с.: ил. 4. Доказательная медицина. Ежегодный краткий справочник. Издательство «Медиа Сфера», выпуск №3.- 2004. 5. Сметник В.П., Тумилович Г.Д. Неотложная гинекология. M., 2003.

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі: Сұлтанова Ж.У. м.ғ.к., Ана мен баланы қорғау Республикалық Ғылыми-зерттеу институтының жетекші ғылыми қызметкері.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх