Жатырдың қатерсіз ісік ауруларының басқа түрлері

H-O-004

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Доброкачественное новообразование матки неуточненной части (D26.9)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы:
Жатыр мойнындағы және денесіндегі кілегей қабықтарынан немесе жалғастырғыш тіндер элементтерінен пайда болған қатерсіз ісіктер.

Хаттама коды: H-O-004  "Жатырдың қатерсіз ісік ауруларының басқа түрлері"
Акушерлік-гинекологиялық саладағы стационарлар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):
D26 Жатырдағы басқа да қатерсіз ісіктер
D26.0 Жатыр мойны
D26.1 Жатыр денесі
D26.7 Жатырдың басқа бөліктері
D26.9 Жатырдың анықталмаған бөліктері

Жіктемесі


Жіктемесі

Жатырдың қатерсіз ісіктерінің жіктемесі:
1. Миомерия ісіктері.
2. Эндометрия гиперплазиясы.

Миомерия ісіктерінің жіктемесі:

1. Өсу бағытының шоғырлануы бойынша:
1.1 Құрсақастылық (сірілік)- сірілі қабық астындағы миомотоздық түйіннің құрсақ қуысына қарай (құрсақ ішілік орналасу, ішкі байланыстық орналасу) өсуі.
1.2 Кілегей қабық астылық (субмукоздық) - кілегей қабық астылық миомотоздық түйіннің ағзаның қуысына қарай өсуі (жатыр қуысына, туатын, туған).
1.3 Қабырғаішілік (интерстицальды) - түйіннің жатырдың қалың бұлшықет қабатына қарай өсуі (жатыр денесінде, жатыр мойнында).

2. Клиникалық көрінулері бойынша:
2.1 Байқалмаған жатыр миомасы (70-80% жағдайда).
2.2 Байқалған жатыр миомасы (20-30% жағдайда) - жатыр миомасының клиникалық көрінулері (етеккір циклінің менометроррагия, дисменоррея типті бұзылуы; әр түрлі дәрежеде байқалған және сипатты ауру синдромы, (созылыңқы, толғақ тәрізді); жамбас ағзаларының қысылу немесе қызметінің бұзылуы белгілері; бедеулік; бала көтермеудің әдетке айналуы; екіншілік қаназдық).

Эндометрия гиперплазиясын гистологиялық құрылысы бойынша жіктемесі:
1. Кистатық.
2. Аденоматозалық.
3. Атипті.

Жатыр мойнындағы қатерсіз өзгерістердің жіктемесі:
1. Наботиев кистасы.
2. Жатыр мойыны полипі.
3. Жатыр мойыны кондиломасы.
4. Жатыр мойынының диспластикалық өзгерісі: жеңіл, орташа және ауыр дәрежелі.

Диагностикасы


Диагностика критерилері:
1. Жатыр денесі көлемінің ұлғаюы.
2. Гинекологиялық тексеру кезінде - қырындыдағы жасушалық патологиялық өзгерістер жатыр көлемінің ұлғаюы байқалады.
3. Жағындыдағы патологиялық жасушалық өзгерістер.
4. Кіші жамбас ағзаларына УДЗ жасағанда эндометрия қалыңдығының өзгерісі, жатыр полипі немесе миомасы бар екені байқалады.

Шағымдар мен анамнез 
I-IV стадия - менопауза алды және кейін жыныс жолдарынан қан кету, іштің төменгі жағындағы ауырсыну.

 Физикалық тексеру

I-II стадия алмасушылық бұзылулар (семіздік, қантты диабет). Қынаптық тексеруде: норма немесе жатыр көлемінің ұлғаюы.

III стадия - алмасушылық бұзылулар (семіздік, қантты диабет). Қынаптық тексеруде:  жамбас клетчаткаларының инфильтрациясымен бірге норма немесе жатыр көлемінің ұлғаюы, жатыр және/немесе іншек қосалқыларында метастаз болуы мүмкін.

IV стадия - алмасушылық бұзылулар (семіздік, қантты диабет), қуық және/немесе тік ішек дисфункциясы. Жеке метастаздардың болуы.

Инструменталдық зерттеулер: кіші жамбас ағзаларын УДЗ: жатыр көлемінің ұлғаюы.

Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер: көрсетімдер бойынша.

Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1.Гинеколологиялық тексеру.
2. Кіші жамбас ағзаларына УДЗ.
3. Гистологиялық тексеру.
3.Цервикальды өзек пен жатыр қуысына диагностикалық жекек-жеке қырынды алу.
4. Кольпоскопия.
5. Гистероскопия.
6. Цитологиялық зерттеу.
7. Гистологиялық зерттеу.

Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
1. Компютерлік томаграфия немесе МРТ.
2. Онкомаркермен зерттеу.
3. Қан тобы, резус-фактор.

Лабораторлық зерттеулер


Лабораторлық зерттеулер
I-IV стадия - Лабораторлық көрсеткіштер нормада болуы мүмкін, қантты диабет кезде - қандағы глюкозаның артуы.

Дифференциалды диагноз


Дифференциалды диагноз
Дифференциалды диагностика мынадай патологиялармен жүргізіледі: етеккір циклының бұзылуы, жатыр миомасы, менопауза кезіндегі жатырлық қан кетулер, эндометрий полиптері.

Емдеу тактикасы


Емдеу тактикасы

Жатырда қатерлі ісіктің түзілгеніне не таралғанына күдік туғанда немесе дәлелденгенде диференциялы диагноз қойып, онколгиялық стационарға жіберу.

1. Ем мақсаты: жаңа түзілістерді алып тастау.

2. Дәрі-дәрмексіз ем:
жоқ.

3. Дәрі-дәрмектік ем
Жатыр денесі рагін негізгі емдеу әдісі хирургиялық, ол аурудың болжамына байланысты сәулелік, гормоналдық болуы мүмкін немесе химиотерапия.
Хирургиялық стадияда цитологиялық зерттеу үшін кіші жамбас қуысы мен құрсақ қуысынан жағынды алынады (асциттік сұйықтық болса барлық сұйықтық зерттеледі), құрсақ артқы лимфа түйіндер зерттеледі, қосалқылармен қоса жатырдың тұтас абдоминалды экстерпациясы жасалады, ісік инвазиясының тереңдігін анықтау үшін алынған жатыр кесіндісі зерттеледі және метастаздық зақымдалу бар жоқтығын білу үшін анабез кесіндісі зерттеледі.
Жиірек сәулелендіру, гормоно- және химиотерапия қолданылады. Соңғы екі әдіс бауыр мен өкпе метастаздарында тиімді. Жамбастағы оқшауланған метастаздар, өкпе мен бауырдағы бірен саран метастаздар алынып тасталынады. Өкпедегі біреулік метастазда прецизионды резекция жүргізіледі. Сүйектердегі біреулік метастаздарда сәулелік терапия көрсетілген СОД 60 Гр. Көптеген метастаздарда консервативті арнайы емге сезімталдылық байқалмаса, симптоматикалық ем қабылданады.
 
Сәулелік терапия

· Операция алдындағы қуысішілік гамма-терапия метрастатпен, метракольпостатпен жүргізіледі (ісіктің орналасуына байланысты) ісікке 13,5 Гр дозада немесе т.А операцияға дейін 24-48 сағат бұрын.

· Операциядан кейінгі кіші жамбас аумағына дистанционды сәулелік терапия қозғалмалы немесе статикалық амалмен жүзеге асырылады, операциядан соң 2 аптадан кейін 40-50 Гр дозада күніне 2 Гр. 2-алаңды әдіс кезінде алаң көлемі 14´15-16´18 см, 4-алаңдықта - 5´14-6´18 см. Алаңның жоғарғы шекарасы LIV, төменгі шетіне сәйкес, төменгісі -ісіктің төменгі шетіне 4 см төмен, латеральді - тоқпан жілік басының ортасында.

· Операция алдындағы дистанциондық сәулелік терапия кіші жамбасқа 2 Гр күн сайын жүргізіледі, аптасына 10 Гр СОД  30-50 Гр.

· Парааортальді зонаның адъювантты дистанционды сәулелік терапиясы тәулігіне 2 Гр, аптасына 10 Гр СОД  40-50 Гр (мықын алаңының жоғарғы шекарасынан кеуде омртқысының XII деңгейіне дейін).

· Адъювантты эндовагинальді сәулелендіру 0,5 см тереңдікте - 3 Гр аптасына 3 рет жүзеге асырылады (немесе 5 Гр аптасына 2 рет, 7 Гр 5 күнде 1 рет, 10 Гр аптасына 1 рет) СОД 60-70 Гр.

· Радикальді бағдарлама бойынша қосарланған сәулелік терапия операцияға қарсы көрсетімдер болған кезде жеке әдіс ретінде қолданылады (жатырды техникалық алып тастау мүмкін болмағанда, операцияға соматикалық жарамсыздық).
Дистанционды сәулелендіруді статикалық немесе ротационды амалмен жүзеге асырады. Ісік өсуінің барлық анатомиялық алаңын бірдей сәулелендіру үшін (алғашқы ошақ, параметрий тіндеріндегі ісіктік инфильтрат аумағында және регионарлық метастаз зонасында) екі қарсы жатқан алаң пайдаланылады (қасаға үсті және сегізкөздік) 14´15 до 16´18 см көлемде. Бұл кезде алаңның төменгі шекарасы іншектегі ісіктің төменгі шетінен 4 см төменде. Жоғарғы шекарасы IV бел омыртқасының төменгі шетінің деңгейінде орналасады, латеральдық - тоқпан жілік басының орта деңгейінде.
Жамбас клетчаткалары параметриальді бөлігіне дистанционды сәулелік терапия аптасына 3-5 рет жүргізіледі СОД 50-60 Гр В нүктесінде, 25-50 Гр А нүктесіне, қолданылған ем әдісі ескеріліп, нақты клиникалық жағдайға байланысты.
Моно- немесе полихимиотерапия түріндегі химиотерапия жатыр денесінің III-IV стадиялы рагінда жүргізіледі, арнайы емнен кейін метастазы бар науқастарда және/немесе HER-2/neu гиперэкспрессиясы кезінде жүргізіледі.

Химиотерапия
2-6 цикл бойы жүргізіледі және оған кіреді:  доксорубицин 50 мг/м2 + цисплатин 50 мг/м2 + циклофосфан 500 мг/м2 венаішіне 1-ші күні 3 апта интервалмен. Сонымен қатар PEF и PFLe схемасы қолданылады.

Схема PEF:
- цисплатин 60 мг/м2  венаішіне 1-ші күні;
- этопозид 120 мг/м2 венаішіне 1, 2, 3-ші күндері;
- фторурацил 1 г/м2 (тәуліктік доза) венаішіне 1, 2, 3-ші күндері.
Емдеу циклын 4 аптадан кейін қайталайды.

Схема PELе:
- цисплатин 25 мг/м2 венаішіне аптаның 1-ші күні апта сайын 8-12 апта бойы;
- фторурацил 2200 мг/м2 венаішіне аптаның 1-ші күні апта сайын 8-12 апта бойы;
- лейковорин 120 мг/м2 венаішіне фторурацилмен бірге.

Монохимиотерапия үшін келесі препараттар қолданылады:
- доксорубицин 60 мг/м2  бір рет вена ішіне әр 3 апта сайын;
- эпирубицин 75-100 мг/м2 вена ішіне әр 3 апта сайын;
- цисплатин 100 мг/м2 вена ішіне әр 3 апта сайын 1 рет тамшылатып.

Қолайсыз болжам кезінде - төмендифференцирленген ракта, үлкен көлемдегі ісік кезінде (IIа, IIв - III стадиясындағы ісік көлемі>= 5 см жатыр денесінің рагі), регионарлық лимфа түйіндеріндегі метастаздарда- мына схема бойынша адъювантты емес полихимиотерапия (ПХТ) көрсетілген: цисплатин 50 мг/м2 + 5 - фторурацил 750 мг/м2 + циклофосфан 500 мг/м2.

Гормонотерапия
Гормонотерапия ісік тіндерінде РП+, РЭ+ оң кезде жүргізіледі. Жеке схема бойынша прогестерон қатарының препараттары (мегейс, 17-ОПК, депостат, Депо- провера) 6-8 ай бойы.

Стадиялар бойынша емдеу:

Стадия 0, рак in situ
· етеккірі бар әйелдерде қосалқыларсыз жатыр экстирпациясы (тип I), постменопаузадағы әйелдерде қосалқылармен

Стадия Iа
· қосалқылармен жатыр экстирпациясы (тип I)*
· I стадия кезінде  (операцияға соматикалық жарамсыз кезде) қосарланған сәулелік терапия СОД 60 Гр (жеке).
Стадия Iв-Iс
· қосалқылармен қоса жатыр экстирпациясы (тип I)*  + дистанционды сәулелік терапия **( СОД 40 Гр.)

Стадия II
· дистанционды сәулелік терапия немесе химия сәулелік терапия (көрсетімдер бойынша).
· қосарланған сәулелік терапия*** радикальді бағдарлама бойынша суммарлы ошақтық дозада т.А 60-80Гр.,  т.В 50-60 Гр.

Стадия IIIа
· қосалқылармен қоса жатыр экстирпациясы, үлкен сальник резекциясы (радикальді операция мүмкін болмағанда)+ дистанционды сәулелік терапия (сод 40Гр.) + полихимиотерапия
· іншектің жоғарғы үштен бір бөлігімен, қосалқылармен қоса жатыр экстирпациясы (радикальді операция мүмкін болмағанда), үлкен сальник резекциясы + дистанционды сәулелік терапия (сод 40Гр.) + полихимиотерапия  (жеке)

Стадия IIIв
· адъювантты емес дистанционды сәулелік терапия ( СОД 20-40 Гр)  + іншектің жоғарғы үштен бір бөлігімен, қосалқылармен қоса жатыр экстирпациясы (радикальді операция мүмкін болмағанда)+ эндовагинальді сәулелендіру
· қосарланған сәулелік терапия***
іншектің жоғарғы үштен бір бөлігімен, қосалқылармен қоса жатыр экстирпациясы (радикальді операция мүмкін болмағанда), + дистанционды сәулелік терапия СОД 40 Гр. (жеке)

Стадия IIIс
Жеке
· операция алдындағы курс ПХТ + жамбастық лимфодиссекциямен радикальді гистерэктомия + дистанционды сәулелік терапия
· қосалқылармен жатыр экстирпациясы + дистанционды сәулелік терапия
· қосарланған сәулелік терапия***
· мықын лимфа түйіндерінде метастаз кезінде парааортальді лимфа түйіндерін қосымша сәулелендіру көрсетілген

IV стадия және рецидив
Жеке
· көлем жағынан әр түрлі паллиативті операциялар
· химиогормонотерапия
· сәулелік терапия 
 
Негізгі дәрі-дәрмектер тізімі:
1. *Медроксипрогестерон.

Қосымша дәрі-дәрмектер тізімі: жоқ.

Ем тиімділігінің индикаторлары:
Қатерлі ісікке айналу процессі кезінде - онкологиялық мекемеге жолдама беру.
Қатерлі ісікке айналу (малигнизация) болмаса - емханада диспансерлік бақылау жасау.

* - Негізгі (өмірге маңызды) дәрілік заттар тізіміне кіретін препараттар

Ауруханаға жатқызу


Госпитализациялауға көрсетімдер:
1. Менометроррагия.
2. Жатыр өлшемі 12 аптадан астам.
3. Тез өсу: 1 жылда 3 аптадан астам.
4 Көршілес ағзалардың қызметінің бұзылуы.
5. Жатыр мойыны патологиясы.
6. Эндометрия гиперплазиясы.

Госпитализациялау алдындағы қажетті зерттеулер:
1. Қанның жалпы анализі (6 параметр).
2. Зәрдің жалпы анализі.
3. Жатырға УДЗ.
4. Онкоцитологияға жатыр мойнынан қырынды алу (Папаниколау бойынша қырынды алу).
5. Кольпоскопиялық зерттеу.
6. Жатыр мойнының биопсиясы.
7. Коагулограмма (протомб түзілу уақыты, фибриноген, тромбыланған уақыт, АЧТВ, плазманың фибринолитикалық бесенділігі, гематокрит).
9. Қанның биохимиялық анализі.
10. RW, ВИЧ, HbsAg Анти HCV.
11. Қан тобы, резус фактор.
12. Флюорография.
13. ЭКГ.
14. Терапевттің консультациясы.
15. Тазалық деңгейіне жағынды алу.

Алдын алуы


Профилактикалық шаралар

Бақылау режимі:
- бірінші және екінші жыл - 3 айда 1 рет;
- үшінші жыл - 6 айда 1 рет;
- әрі қарай, өмір бойы - жылына 1 рет.

 Әрі қарай жүргізу

Тексерулер көлемі:
- клиникалық тексеру;
- лабораторлық зерттеулер;
- гинекологиялық зерттеулер;
- цитологиялық зерттеу үшін іншектен сүртінді алу;
- құрсақ қуысы және кіші жамбас ағзаларын ультрадыбыстық зерттеу (шағымдар болса);
- көкірек клеткасы ағзаларының рентгенографиясы (жылына 1 рет).

Көрсетімдер бойынша: қаңқа сүйектерінің сцинтиграфиясы, компьютерлік томография, ирригоскопия, колоноскопия, венаішілік урография.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған әдебиеттер: 1. American College of Obstetricians and Gynecologists (ACOG). Surgical alternatives to hysterectomy in the management of leiomyomas. Washington (DC): American College of Obstetricians and Gynecologists (ACOG); 2000 May. 10 p. (ACOG practice bulletin; no. 16). 2. Gynaecological tumours EBM Guidelines. 12.8.2005 3. Клинические рекомендации, основанные на доказательной медицине: Пер. с англ. / Под ред. Ю.Л. Шевченко, И.Н. Денисова, В.И. Кулакова, Р.М. Хаитова. — 2-е изд., испр. — М.: ГЭОТАР-МЕД, 2002. — 1248 с.: ил.

Ақпарат


Әзірлеушілер тізімі:  Сұлтанова Ж.У. м.ғ.к., Ана мен баланы қорғау Республикалық Ғылыми-зерттеу институтының жетекші ғылыми қызметкері

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх