Войти

Жатырдың созылмалы қабынбалы ауруы

P-O-017

РЦРЗ (Республиканский центр развития здравоохранения МЗ РК)
Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Хроническая воспалительная болезнь матки (N71.1)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы:  жоқ

Хаттама коды: P-O-017 "Жатырдың созылмалы қабынбалы ауруы"
Акушерлік-гинекологиялық саладағы поликлиникалар үшін.
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):
N 71.1 Жатырдың сүле (созылмалы) қабынулық аурулары
Мобильное приложение "MedElement"

- Профессиональные медицинские справочники. Стандарты лечения 

- Коммуникация с пациентами: вопросы, отзывы, запись на прием

Скачать приложение для ANDROID 

Мобильное приложение "MedElement"

- Профессиональные медицинские справочники

- Коммуникация с пациентами: вопросы, отзывы, запись на прием

Скачать приложение для ANDROID 

Жіктемесі


Жіктемесі
Ағымына қарай:
1. Жіті.
2. Жітілеу.
3. Созылмалы.

Қауіп-қатерлі факторлар

 
Қауіп-қатерлі факторлар:
1. жатыр ішілік кез келген əрекет, мысалы, жатыр ішіне спираль енгізу;
2. жүктілікті хирургиялық жолмен үзу;
3. жыныстық бірнеше серік;
4. сақтанудың тосқауылды əдістерін қолданбаған жəне етеккір кезіндегі жыныстық қатынас;
5. əйел жыныс ағзаларының бұрын болған қабынбалық аурулары;
6. бұрын анықталмаған “жасырын” жұқпалардан қалған сүле қабыну үрдісінің сақталу мүмкіндігі жəне іншек дисбактериозының дамуы;
7. мұздау (қатты суық тию).

Диагностика


Диагностика критерилері:
1. Іштің төменгі екі жағының ауыруы.
2. Жыныс жолдарынан патологиялық шығындылардың бөлінуі.
3. Қанды шығындылар.
4. Қызба.
Əр науқастың клиникалық əйгіленім ауырлығы əр түлі болады жəне ауру тіпті симптомсыз өтуі де мүмкін.
 
Объективті мəліметтер:
- Жатыр мойны мен денесінің ауырсынуы;
- Анабез көлемінің үлкеюі немесе анабездік түзілістер жəне олардың ауырсындыруы.
 
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1.  Гистероскопия.
2.  Қанның С-реактивті белоктың концентрациясын анықтау.
3.  Зəрдің жалпы анализі.
4.  ХГЧ анықтау.
5.  Хламидия жəне соз инфекциясына тексеру.
6.  Папаниколау бойынша жағынды.
7.  Іншек тазалығы дəрежесіне жағынды.
8.  Қанның жалпы анализі. 
9.  Мойындық каналдан антибиотиктерге сезімталдықты анықтауға бағытталған БАК себінді.
10. 3 сағаттық термометрия.
11. Лапароскопия.
12. Кіші жамбас ағаларын УДЗ.
 
Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
1. ЭКГ.
2. Коагулограмма.
3. Қанның биохимиясы.

Лабораторлық зерттеулер

 
Лабораторлық зерттеулер:
-  Қанның С-реактивті белоктың концентрациясын анықтау.
-  Зəрдің жалпы анализі (ажыратып анықтау үшін).
-  Қанның жалпы анализі (ЭТЖ (СОЭ) көтерілуі, лейкоцитоз).

Дифференциалды диагноз


Диффиренциалды диагностиканы келесі патологияда ажыратып анықтау қажет:
1.  Жіті соқыр ішек.
2. Орны ауысқан (эктопиялық) жүктілік.
3. Анабез кистасы.
4. Жыныс жолдарының жұқпасы.
 
Диагностика принциптері:
-  Іштің төменгі екі жағының ауыруы;
-  Жыныс жолдарынан патологиялық шығындылар бөлінуі;
-  Дисфункциялық жатырдан қан кету;
-  Қызба;
-  Жатыр мойны мен денесінің ауырсынуы;
-  Анабез көлемінің үлкеюі немесе анабездік түзілістер жəне олардың ауырсындыруы;
-  Перигепатит дамығанда іштің жоғарғы оң жағында ауырсындыру білінеді;
-  Жыныс жолдарынан сілемейлі-іріңді шығындылар.

Емдеу тактикасы


Емдеу тактикасы
КЖАҚА (ВЗОМТ) дұрыс қарап-емдеу,  олардың ауыруға дейін 60 күн бұрын жыныстық қатынаста болған серігін де тексеріп, емдеуді талап етеді.
 
1. Бактерияға қарсы ем:
Антибиотиктерге сезімталдығы ескеріліп, кең əсерлі антибиотиктер пайдаланылады.
3-4 ұрпақтағы цефалоспориндер кең əсерлі тетрациклиндермен немесе макролидтер жəне метронидазолмен қатар.
Альтернативтік дəрілер: фторхинолондар метронидазолмен немесе кең əсерлі тетрациклиндермен қатар.
Дəріні ішке жіберу клиникалық жағдай жақсарғанша жəне одан кейін тағы 48 сағат жүргізіледі, сонан соң ауыз арқылы қабылдауға көшіріледі (Рингер
ерітіндісі, физиологиялық ерітінді, гемодез).
Ұзақтығы 7 тəуліктен кем емес, ауыр түрлерінде - 14 тəулікке дейін.

2. Сезімталдықты төмендететін ем.

3. Инфузиялық ем.

4. Саңырауқұлақтардан (Микоздар) сақтандыру жəне емдеу.

5. ЖІС (ВМС) алып тастау қажет.

6. Қаралушының серіктерінің барлығын тексеріп, қажет болса, ем тағайындау керек:
-   Натрий метамизилі,амп;
-* Метронидазол,фл.100мл;
-   Метронидазол, таб;
-   Итраконазол ішуге арналған ерітінді 150 мг.- 10мг/мл.,20мл/тəул.7 күн;
- * Итраконазол капс.100мг.2капс/тəул. 7 күн;
- * Декстран, мол.массашамамен 35000, инфуз.арналған ерітіндіфл.200мл;
-   Кристаллоидты ерітінділерфл.400мл;
-   Декстроза инъекц. арн. еріт.5% фл.400мл;
- * Флуконазол , капс.150мг;
-   Доксициклин 150мг/тəул.немесе 100мг2рет ішу 10 күннен кем емес;
- * Норфлоксацин 800мг немесе ципрофлоксацин 500мг жəне метронидазол 400мг тəулігіне 3 рет;
-   Клиндамицин 600мг əр 8 сағатта.Цефалексин 500 мг жəне метронидазол 400 мг тəулігіне 3 рет комбинациясымен бастайды;
- * Итраконазол капс. 100мг 2капс/тəул. 3 күн;
-   Гиосцин бутилбромид (драже 10 мг. инъекцияға арналған ерітінді:1мл ампулада).

Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1.   Натрий метамизилі, амп.
2.* Метронидазол, фл.100 мл.
3.   Метронидазол, 250 мг таб.
4.   Итраконазол ішуге арналған ерітінді 150 мг.- 10 мг/мл.
5.* Итраконазол капс.100 мг.
6.* Декстран, мол.масса шамамен 35000, инфуз. арналған ерітінді фл. 200 мл.
7.   Декстроза инъекц. арн. еріт. 5% фл. 400 мл.
8.   Аскорбин қышқылы, инъкц. арн. ерітінді  5% , 10% амп. 2 мл., 5 мл.
9.*  Флуконазол , капс.150 мг.
10. Доксициклин 100 мг. капс.
1. * Ципрофлоксацин 500 мг табл.
12. Клиндамицин 150 мг , 300 мг капс.
13. Цефалексин 500 мг табл.
14. Метронидазол 100 мг табл.
15. Гиосцин бутилбромид драже 10 мг. Инъекцияға арналған ерітінді: 1мл ампулада.

Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:  жоқ.
 
Ем тиімділігінің индикаторлары:
1.  Ауырсыну белгілерінің азаюы, қызудың қалыпқа келуі.
2.  Етеккір оралымының реттелуі.
3.  Зертханалық көрсеткіштер мен іншектік мəліметтердің қалыпқа келуі.

* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар

Госпитализация


Госпитализациялауға көрсетімдер:  Айқын қызбалық реакция, тубоовариалдық абсцесс.

Профилактика


Біріншілік профилактика: ауру дамуына əсер ететін қауіп-қатерлі факторларды жою бойынша профилактикалық шаралар.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1. Lower abdominal pain of gynaecological origin EBM Guidelines. 11.6.2004 2. Association for Genitourinary Medicine (AGUM), Medical Society for the Study of Venereal Disease (MSSVD). 2002 national guidelines for the management of pelvic infection and perihepatitis. London: Association for Genitourinary Medicine (AGUM), Medical Society for the Study of Venereal Disease (MSSVD); 2002. Various p. 3. Клинические рекомендации, основанные на доказательной медицине: Пер. с англ. / Под ред. Ю.Л. Шевченко, И.Н. Денисова, В.И. Кулакова, Р.М. Хаитова. — 2-е изд., испр. — М.: ГЭОТАР-МЕД, 2002. — 1248 с.: ил.

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі: Исина Г.М., м.ғ.к., Ана мен баланы қорғау Республикалық Ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх