Жарақаттық шок
E-024
Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)
Травматический шок (T79.4)
Анықтамасы
Анықтамасы
Анықтамасы
Жарақаттық шок – жіті дамитын жəне өмірге қауіп төндіретін жағдай. Ол ауыр механикалық жарақаттың ағзаға əсер етуі нəтижесінен дамиды.
Жарақаттық шок - бұл ауыр түрдегі жарақаттық аурудың жіті кезеңінің бірінші сатысы. Оның өзіндік нерв - рефлекторлы жəне тамырлық реакциясы ағзадағы қан айналымының, тыныс алу, зат алмасу жəн эндокриндік бездер функциясының (қызметінің) бұзылуына əкеледі.
Жарақаттық шоктың тудырушы механизмдері: ауырсыну жəне афференттік импульсация, жедел массивті қан жоғалту, өмірге қажетті ағзалардың жарақаттануы, психикалық стресстер.
Хаттаманың коды: Е–024 "Жарақаттық шок"
Жедел медициналық көмек
Жедел медициналық көмек
Кезеңнің мақсаты: өмірге қажетті жүйелер мен мүшелердің қызметін қалпына келтіру.
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):
Т 79.4 Жарақаттық шок
Енгізілмеген - Шок (шақырылған):
– акушерлік (075.1);
– анафилактикалық;
– БДУ (Т 78.2);
əсерінен:
– тағамға патологиялық реакция (Т 78.0);
– адекватты тағайындалған жəне дұрыс енгізілген дəрілік заттар (Т 88.6);
– сарысуға реакция (Т 80.5);
– анестезиямен (Т 88.2);
– электр тоғымен шақырылған (Т 75.4);
– жарақаттық емес НКД (R 57);
– найзағайдан зақымдану (Т 75.0);
– операциядан кейінгі (Т 81.1);
– түсік, жатырдан тыс немесе молярлы жүктілік (О 00 – 07, О 08.3);
Т 79.8 Жарақаттың басқа ерте асқынулары.
Т 79.9 Анықталмаған жарақаттың ерте асқынулары.
Жіктемесі
Жіктемесі
Жарақаттық шок ағымына қарай:
- Біріншілік – жарақат алған кезінде немесе жарақаттан кейін дамиды;
- Екіншілік – жиі жарақаттан бірнеше сағаттан кейін дамиды.
Жарақаттық шоктың сатылары:
1. Компенсацияланған – шоктың барлық белгілері болады, АҚҚ жеткілікті деңгейде, ағза күресуге қабілетті.
2. Декомпенсацияланған – шоктың барлық белгілері болады жəне айқын гипотензия.
3. Реферактерлық шок – барлық жүргізілген ем нəтижесіз.
Жарақаттың шоктың ауырлық дəрежелері:
1. ДəрежеліШок – СҚҚ 100-90 мм с.б., пульс 90-100 қанағаттанарлық толу.
2. Дəрежелі шок – СҚҚ 90-70 мм с. Б.б, РS-110130, əлсіз толу.
3. Дəрежелі шок – СҚҚ 70-60 мм с.б.б, пульс 120-160, өте əлсіз толу (жіп тəрізді).
4. Дəрежелі шок – АҚҚ анықталмайды, пульс анықталмайды.
Қауіп-қатерлі факторлар
Қауіп-қатерлі факторлар:
- Тез қан жоғалту;
- Шаршағыштық;
- Суық немесе ыстық;
- Ашығу;
- Қайталамалы жарақат (тасымалдау);
- Радиацияның енуі жəне күйік, яғни қосарланған зақымдану.
Диагностикасы
Диагностикалық критерилер
Механикалық жарақаттың болуы, қан жоғалтудың клиникалық көріністері, артериялық қан қысымының төмендеуі, тахикардия.
Шокқа тəн симптомдар:
- Суық, ылғалды, бозғылт-цианозды немесе мраморлық тері;
- Тырнақтарында қан айналымының бірден төмендеуі (ақырын айналуы);
- Бұлыңғыр ес (қараңғұту);
- Диспноэ;
- Олигурия;
- Тахикардия;
- АҚ жəне пульстің төмендеуі.
Клиникалық объективті тексеру белгілері
Жарақаттық шоктың дамуында 2 фазаны ажыратады:
Эректильді сатысы көбінесе жарақаттан кейін басталады жəне қанайналымның орталықтану фонында науқастың айқын психомоторлы қозуымен (тітіркенуден) сипатталады. Науқастың іс-қозғалысы түсініксіз болуы мүмкін, оның көзіне елестер көрініп, айқайлайды, эйфориялы, ретсіз əрекеттер жасап, өз-өзін ұстай алмайды, тексеруге жəне көмек көрсетуге қарсы болады. Олармен қарым-қатынаста болу қиындықтар тудырады. Қан қысымы бұл кезде қалыпты болуы мүмкін немесе қалыптыға жақын. Жарақат түріне байланысты, тыныс алудың əртүрлі бұзылыстары болуы мүмкін. Бұл фаза қысқа мерзімді жəне көмек көрсету кезінде, торпидті түріне ауысады немесе тоқтайды.
Торпидті фазасына тəн бұлыңғыр ес, ступор жəне орталық қан айналымның бұзылысынан ми гипоксиясының соңғы дəрежесі комалық (коматозды) жағдай дамиды, АҚҚ төмендейді, жұмсақ жиі пульс, тері жамылғылары бозғылт. Бұл сатысында ауруханаға дейін жедел жəрдем дəрігері АҚҚ-ның деңгейіне сүйену жəне жоғалтқан қанның көлемін анықтауға тырысу керек.
Жоғалтқан қан көлемін анықтау пульстің жиілігі мен систолалық қан қысымының қатынасына негізделген. (П/СҚҚ).
- Шоктың 1-ші сатысында (қан жоғалту 15-25% ОҚК – 1-1,2л) ШИ=1,5 (100/100);
- Шок 2-ші ст (жоғалтқан қан 25-45% ОҚК-1,5-2л ) ШИ=1,5 (120/80);
- Шок 3 ст. (жоғалтқан қан 50% ОҚК -2,5л жоғары) ШИ=2 (140/70);
Жарақат сипатына қарап, жоғалтқан қанға байланысты, қанның көлемдік санын анықтауға болады. Ересек адамдарда тобық сынған кезде жоғалтқан қан 250 мл-ден аспайды, иық сынғанда жоғалтқан қан 300-500 мл-ге дейін құрайды, сирақ - 300-350мл, сан - 500-1000 мл, жамбас - 250-3000 мл, көптеген сынықтар немесе жарақаттар кезінде жоғалтқан қан көлемі 3000-4000 мл. жетеді.
Ауруханаға дейінгі кезеңде мүмкіндіктерді ескере отырып, шоктың əртүрлі дəрежесі мен клиникалық белгілерін анықтауға болады.
1-ші дəрежелі шок ( жеңіл шок) АҚҚ 90-100/60мм с.б.б. жəне пульс 90-100 рет мин. (ШИ=1),қанағаттанарлық толу болуы мүмкін. Негізінен зардап шегушінің есі аздап тежелген, бірақ қарым-қатынасқа оңай (жеңіл) қатысады, ауыру сезімін сезеді, тері жəне көзге көрінетін шырышты қабаттары бозғылт, бірақ кейде қалыпты түсті болады. Тыныс алуы жиі, бірақ құсу жəне құсық массаларымен аспирация болмаса, тыныс жеткіліксіздігі дамымайды. Жабық сан жарақатында, сан жəне сирақтың біріккен жарақаттарында, жамбастың жеңіл сынықтарында жəне басқа да ұқсас жарақаттарда дамиды..
2-ші дəрежелі шок (орташа ауырлықтағы шок) артериалды қысымның 80-75 мм.с.б.б. дейін төмендетуімен өтеді. Бұл кезде жүректің жиырылу жиілігі 100-120 рет/мин дейін өседі. ШИ = 1,57 терінің айқын бозғылттығы, цианоз, адинамия, тежелу байқалады. Көптеген ұзын түтікті сүйектер жарақатында, көптеген қабырғалар сынғанда, жамбас сүйектің ауыр жарақатында дамиды.
3-ші дəрежелі шок (ауыр шок) АҚҚ 60 мм.с.б.б. дейін төмендеуімен сипатталады. (одан да төмен болуы мүмкін), жүректің жиырылу жиілігі 130-140 рет/мин дейін өседі. Жүрек тондары өте əлсіз болады, науқастың есі терең тежелген, айналасында болып жатқандарға көңіл бөлмейді, терісі бозғылт, цианозды жəне жер түсті өң. Шоктың бұл дəрежесіт көптеген қосарланған немесе біріккен жарақаттарда, скелеттің зақымдануында, ірі бұлшық еттер мен ішкі ағзалардың жарақаттарында, кеуде клеткасы, бассүйек жарақаттарында жəне күйіктерде дамиды.
Ары қарай науқастың жағдайы нашарласа, шоқтың 4 дəрежесі - терминалды жағдай дамуы мүмкін.
Негізгі диагностикалық шаралар:
1. Шағымдар жинағы, жалпы емдік анамнез.
2. Жалпы емдік (терапевтік) визуальді қарау.
3. Перифериялық артерияда қан қысымен өлшеу (АД).
4. Пульсті анықтау.
5. Жүрек соғудың жиілігін өлшеу (анықтау).
6. Тыныс алу жиілігін анықтау.
7. Жалпы терапевтік пальпация.
8. Жалпы терапевтік перкуссия.
9. Жалпы терапевтік аускульт/я.
10. ЭКГ түсіру жəне оны талдау, тіркеу.
11. Орталық нерв жүйесінің (ОНЖ) патологиясы кезінде сезімталдық жəне қозғалтқыш жүйелерін тексеру.
Қосымша диагностикалық шаралар: Пульсоксиметрия.
Қосымша диагностикалық шаралар: Пульсоксиметрия.
Емдеу тактикасы
Медициналық көмек көрсету тактикасы
Жарақаттық шокты емдеу алгоритмі
Жалпы шаралар:
1. Науқастың жағдайының ауырлық дəрежесін ескеру (науқастың шағымдары, есінің деңгейі, тері жамылғысының ылғалдығы, түсі, тыныс алу жəн пульстің сипаты, АҚҚ-ның деңгейі).
2. Қан тоқтату шараларын жасау.
3. Шоктан пайда болған импульсацияны үзу (дұрыс жансыздандыру).
4. АҚК (айналымдағы қан көлемін) қалыпқа келтіру.
5. Метаболикалық бұзылтар коррекциясы.
6. Басқа жағдайларда:
- науқасты аяқ жағын 10-45%дейін жоғары көтеріп жатқызу, Тренделенбург жағдайы;
- веноздық (көктамырдың) енгізуді жақсарту немесе сақтау перифериялық көктамыр катетеризациясы. (реанимациялық бригадалар үшін-магистральды қан тамырлар катетеризациясы жасалады);
- жоғарғы тыныс жолдарының өтуін жəне оттегі келуін қадағалау.
Арнайы шаралар:
1. Ауруханаға дейінгі кезеңде сыртқы қан ағуды тоқтату уақытша əдістермен іске асырылады. (тығыз тампонада, қатты қысып таңу, жарақатқа немесе саусақпен басу, жгут салу т.б.). Ауруханаға дейінгі кезеңде ішкі қан ағуды тоқтату мүмкін емес, сондықтан жедел жəрдем дəрігері науқасты ауруханаға жедел жəне ұқыпты жеткізуі керек.
2. Ауырсыну сезімін басу:
1-ші нұсқа - 0,5 мл 0,1% атропин ертіндісін к/т, 2 мл 1% дифенгидрамин (димедрол) ерітіндісі 2 мл 0,5%диазепам ерітіндісі (реланиум, седуксен), содан кейін 0,8-1 мл 5% кетамин ерітіндісін (калипсал) баяу енгізеді. Ауыр бассүйек-ми жарақатында кетамин енгізбейді!
2-ші нұсқа- 0,5 мл 0,1% атропин ерітіндісін к/т, 2-3 мл 0,5% диазепам (реланиум седуксен) жəне 2 мл 0,005% фентанил ерітіндісін к/т енгізеді.
Тыныстың жіті жеткіліксіздігі дамыған шок кезінде оксибутират Na 80-100 мг/кг-2 мл 0,005% фентанил ерітіндісін немесе 1мл 5% кетамин ерітіндісін 10-20 мл изотониялық еріт, 0,9% Na хлориді немесе 5% глюкоза ерітіндісінде
Тыныстың жіті жеткіліксіздігі дамыған шок кезінде оксибутират Na 80-100 мг/кг-2 мл 0,005% фентанил ерітіндісін немесе 1мл 5% кетамин ерітіндісін 10-20 мл изотониялық еріт, 0,9% Na хлориді немесе 5% глюкоза ерітіндісінде
3. Транспорттық иммобилизация.
4. Жоғалтқан қан орнын толтыру.
АҚҚ анықталмайтын деңгейінде инфузия жылдамдығы минутына 250-500 мл болуы керек. 6% полиглюкин ерітіндісін -к/т. Таңдау мүмкіндігі болса 10% немесе 6% гидроксиэтил крахмал ерітіндісі (стабизол, рефертан, HAES-steril). Бір мезгілде 1 л дейін басқа ерітінділерді енгізуге болады. Дұрыс инфузионды терапияның белгілері болып, 5-7мин кейін АҚҚ анықталуының бірінші белгілері пайда болады, ары қарай 15 мин критикалық деңгейге дейін көтеріледі (СҚҚ 90мм с.б.б)
Шоктың жеңіл жəне орташа дəрежесінде - кристаллоиды еріт/р оның көлемі жоғалтқан қанның көлемінен жоғары болмау керек, олар қантамырлық русло-ны тез 09% Na хлоридін, 5% глюкоза ерітіндісі, жартылай ионды ерітінділер-дисоль, трисоль, ацесоль енгізіледі.
Инфузионды ем жүргізілмейтін жағдайда 200 мг допамин+400 мл 5% глюкоза ерітіндісін минутына 8-10 тамшы жылдамдықпен к/т-ға енгізеді.
Жүрекке венозды қанның қайта келуін көбейту үшін жəне клеткалық мембраналардың стабилизациясы үшін бірмезгілде көктамырға 300 мг-ға дейін преднизомон немесе осы топтағы басқа дəрілерді адекватты мөлшерде енгізеді. Метоболикалық ацидозды коррекциялау үшін 4% Na гидрокарбонатын 3 мл/кг науқастың дене салмағына сəйкес енгізеді.
Госпитализациялау үшін көрсетімдер: абсолютті.
Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1. Атропин 0,1%-10мл, амп.
2. Диазепам 10мг-2,0 мл 6 амп.
3. Кетамин 5%-1,0 мл амп.
4. Дифенгидрамин 1%-1,0 мл 6 амп.
5. Фенталин 0,005%-1,0 мл амп.
6. Na хлориды 3 0,9%-10 мл,амп.
7. Преднизолон 30 мг, амп.
8. Na Cl 0,9% 500 мл 6 фл.
9. 6% декстран -полиглюкин 400 мл 6 фл.
10. Оттегі.
Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:
1. Дексаметазон 4 мг-1 мл, амп.
2. Na гидрокарбанат 4% 200,0 мл 6 фл.
3. Допамин 200 мг /400 мл.
4. Пентакрахмал (рефортан) 500 мл, фл.
5. Пентакрахмал (стабизол) 500 мл, фл.
* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар
* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар
Ақпарат
Пайдаланған әдебиеттің тізбесі
-
Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
- Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1. Клинические рекомендации, основанные на доказательной медицине: Пер. с англ. / Под ред. Ю.Л. Шевченко, И.Н. Денисова, В.И. Кулакова, Р.М. Хаитова. 2-е изд., испр. — М.: ГЭОТАР-МЕД, 2002. — 1248 с.: ил. 2. Руководство для врачей скорой медицинской помощи / Под ред. В.А. Михайловича, А.Г. Мирошниченко – 3-е издание, переработанное и дополненное – СПб.: БИНОМ. Лаборатория знаний, 2005.-704с. 3. Тактика ведения и скорая медицинская помощь при неотложных состояниях. Руководство для врачей./ А.Л. Верткин – Астана, 2004.-392с. 4. Биртанов Е.А., Новиков С.В., Акшалова Д.З. Разработка клинических руководств и протоколов диагностики и лечения с учетом современных требования. Методические рекомендации. Алматы, 2006, 44 с. 5. Приказ Министра Здравоохранения Республики Казахстан от 22 декабря 2004 года № 883 «Об утверждении Списка основных (жизненно важных) лекарственных средств». 6. Приказ Министра Здравоохранения Республики Казахстан от 30 ноября 2005 года №542 «О внесении изменений и дополнений в приказ МЗ РК от 7 декабря 2004 года № 854 «Об утверждении Инструкции по формированию Списка основных (жизненно важных) лекарственных средств».
Ақпарат
Əзірлеушілер тізімі
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті «Жедел жəне шұғыл медициналық жəрдем, №2 ішкі аурулар кафедрасының меңгерушісі - м.ғ.д., профессор Тұрланов Қ.М.
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті «Жедел жəне шұғыл медициналық жəрдем, №2 ішкі аурулар кафедрасының қызметкерлері: м.ғ.к,
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті «Жедел жəне шұғыл медициналық жəрдем, №2 ішкі аурулар кафедрасының қызметкерлері: м.ғ.к,
доцент Воднев В.П.; м.ғ.к., доцент Дюсембаев Б.К.; м.ғ.к., доцент Ахметова Г.Д.; м.ғ.к., доцент Бедельбаева Г.Г.; Альмухамбетов М.К.; Ложкин А.А.; Маденов Н.Н.
Алматы мемлекеттік дəрігерлер біліміг жетілдіру институтыеың «Шұғыл медицина» кафедрасының меңгерушісі – м.ғ.к., доцент Рахымбаев Р.С.
Алматы мемлекеттік дəрігерлер біліміг жетілдіру институтыеың «Шұғыл медицина» кафедрасының қызметкерлері: м.ғ.к., доцент СилачевЮ.Я.; Волкова Н.В.; Хайрулин Р.З.; Седенко В.А.
Алматы мемлекеттік дəрігерлер біліміг жетілдіру институтыеың «Шұғыл медицина» кафедрасының қызметкерлері: м.ғ.к., доцент СилачевЮ.Я.; Волкова Н.В.; Хайрулин Р.З.; Седенко В.А.
Қазықтаулы файлдар
Назар аударыңыз!
- Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.
- Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.
- Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.
- Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.
- Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.