Жалғастырылған оңалту. "Травматология және ортопедия" бейіні (ересектер)

Версия: ҚР ДСМ клиникалық хаттамалар - 2014 (Қазақстан)

Состояние выздоровления после хирургического вмешательства (Z54.0)

Анықтамасы

Анықтамасы

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрлігінің
«Денсаулық сақтауды дамыту
республикалық орталығы» ШЖҚ РМК
Сараптамалық кеңесінің
2014 жылғы «12» желтоқсандағы
№ 9 хаттамасымен ұсынылған

Хаттама атауы: «Жалғастырылған оңалту» ұзартылған оңалтуы, «Травматология және ортопедия» бейіні (ересектер).
 
АХЖ-10 код(тар)ы
Аяқ-қолдар сүйектерінің сынықтарынан кейін:
S42 Иық белдеуі мен иық деңгейіндегі сынық
S42.0 Бұғана сынығы
S42.2 Тоқпан жіліктің жоғарғы ұшының сынығы
S42.3 Тоқпан жілік денесінің [диафизінің] сынығы
S42.4 Тоқпан жіліктің төменгі ұшының сынығы
S42.7 Бұғана, жауырын және тоқпан жіліктің бірнеше жерден сынуы
S42.8 Иық белдеуі мен иықтың басқа да бөліктерінің сынуы
S52.0-9 Білек сүйектерінің сынығы
S58 Білекті жарақаттық отау
S62 Қол басы мен білезік деңгейіндегі сынық
S68 Қол басы мен білезікті жарақаттық отау
S72 Ортан жіліктің сынығы
S82.1-9 Сирақ сүйектерінің тобық буынымен қоса сынуы
Z54.0 Хирургиялық араласудан кейінгі сауығу жағдайы – ауыр жарақаттан немесе ортопедиялық операциядан кейін 2 кезеңде оңалту
Буынды ауыстыру операцияларынан кейін:
М15 Полиартроз
M16.0-9 Коксартроз
M17.0-9 Тізебуын артрозы (гонартроз)
Басқа да артроздар
M24.6 Шорбуын (буын анкилозы)
54.0 Хирургиялық араласудан кейінгі сауығу жағдайы – ауыр жарақаттан немесе ортопедиялық операциядан кейін 2 кезеңде оңалту.
Омыртқа бағанының туа біткен және жүре пайда болған деформациялары мен сынықтарын оперативті емдеуден кейін:
S22.0 Кеуде омыртқасының сынығы
S22.1 Омыртқа бағанының кеуде бөлігінің бірнеше жерден сынуы
S23.0 Омыртқа аралық дисктің кеуде бөлігінде жарақаттық жарылуы
S23.1 Кеуде омыртқасының шығуы
S32.0 Беломыртқа сынығы
S32.7 Омыртқа бағанының бел-сегізкөз бөлігінің және жамбас сүйектерінің бірнеше жерден сынуы
S33.0 Омыртқа аралық дисктің бел-сегізкөз бөлігінде жарақаттық жарылуы
S33.1 Беломыртқаның шығуы
М40.0 -5 Құныс (кифоз)
M41 Омыртқалардың қисаюы
Q76.3 Омыртқалардың сүйектің даму кемістігінен болған туа бітті қисаюы  
Q67.5 Омыртқа бағанының туа біткен деформациясы - Q77.9 Түтік тәрізді сүйектер мен омыртқа бағанының өсу ақаулары бар, нақтыланбаған остеохондродисплазия
Z54.0 Хирургиялық араласудан кейінгі сауығу жағдайы – ауыр жарақаттан немесе ортопедиялық операциядан кейін 2 кезеңде оңалту
Буындардың артроскопиялық операцияларынан кейін:
M23 Тізенің буынішілік зақымдары
S83.4 Тізе буынының (сыртқы) (ішкі)  бүйірлік байламының созылуы, жарылуы және зорлануы (шамадан тыс күш түсуі)
S83.5 Тізе буынының (алдыңғы) (артқы) айқыш байламының созылуы, жарылуы және зорлануы (шамадан тыс күш түсуі)
S83.7 Тізе буынының бірнеше құрылымдарының жарақаты
S46.0 Иықтың айналмалы манжеті сіңірінің жарақаттануы
Z54.0 Хирургиялық араласудан кейінгі сауығу жағдайы – ауыр жарақаттан немесе ортопедиялық операциядан кейін 2 кезеңде оңалту
 
Хаттамада пайдаланылатын қысқартулар:
БОБ – биологиялық обраинді байланыс
ЕДШ – емдік дене шынықтыру
КТ – компьтерлік томография
МРТ – магнитті-резонанстық томография
MRC-scale (Medical Research Council Paralysis ) бұлшықет жиырылуының (күшінің) мінездемесі
ПТИ – протромбинді индекс
УДДГ – ультрадыбыстық диагностика
ЭхоКГ – эхокардиография
 
Хаттаманың әзірленген күні: 2014 жыл.
 
Пациенттер санаты: ересектер.
 
Хаттаманы пайдаланушылар:
-травматолог-ортопед дәрігер-үйлестіруші,
-«Медициналық реабилитология, қалпына келтіру емі (физиотерапия, емдік дене шынықтыру, курортология)» мамандығы бойынша дәрігер,
-«Дәстүрлі ем (рефлекстік терапия, уқалау емі, су-джок-терапия, гомеопатия, сүлікпен емдеу, өсімдіктермен емдеу)» мамандығы бойынша дәрігер,
-еңбек терапевті,
-психология саласындағы маман,
-емдік дене шынықтыру бойынша нұсқаушы,
-еңбекпен емдеу бойынша нұсқаушы,
-физиотерапия бөлмесінің мейіргері, күтім мейіргері,
-әлеуметтік қызметкер,
-массаж бөлмесінің мейіргері,
-«функционалдық диагностика» бейіні бойынша маман, ортезист-маман, әлеуметтік қызметкер.
 

Диагностикасы


Диагностикалық іс-шаралар:

Негізгі іс-шаралар:
-травматолог-ортопед дәрігердің тексеріп-қарауы;
-медициналық реабилитология және қалпына келтіру емі жөніндегі дәрігердің тексеріп-қарауы (ортопедиялық мәртебесін бағалау: клиникалық-функционалдық бұзылыстардың айқындығын, қозғалыс стереотипін бағалау, динамометрия, буындағы белсенді және пассивті қозғалыстар көлемін анықтау);
-жалпы қан анализі;
-жалпы несеп анализі;
 
Қосымша іс-шаралар:                                        
-2 проекциядағы рентгенологиялық зерттеп-қарау;
-КТ/МРТ;
-коагулограмма (ПТИ, фибриноген);
-ЭхоКГ (70 жастан асқан тұлғаларға);
-Аяқ-қолдар веналарының УДДГ;
-электронейромиография.
 
Мамандар консультациялары (көрсетімдер және мақсат):
-соматикалық ілеспелі патология болған кезінде терапевтің және басқа да мамандардың тексеріп-қарауы (емін көрсетумен).
 

Емдеу тактикасы


ОҢАЛТУ ӘДІСТЕРІ МЕН ЕМШАРАЛАРЫ
 
Оңалту мақсаты:
-зақымданған ағзаның немесе жүйенің бұзылған функцияларын толық немесе ішінара қалпына келтіру және (немесе) жоғалтқан функцияларын теңгеру (компенсация);
-зақымданған мүшелер немесе ағза жүйелері функцияларының мүмкін болатын бұзылыстарының алдын алу, ерте диагностикалау және түзету;
-буындар сіресімін (контрактурасын) профилактикалау
-бұлшықет тонусын жақсарту;
-аяқ-қолдардың функцияларын қалпына келтіру;
-пациентті күнделікті және жұмысшы қозғалыс белсенділігіне бейімдеу;
-ықтимал мүгедектіктің алдын алу және дәрежесін төмендету; пациенттің қоғамға әлеуметтік интеграциясы
-өмір сүру сапасын  жақсарту. 

Оңалту үшін көрсетімдер :
 

Нозологиялық нысаны (АХЖ-Х бойынша коды) Халықаралық критерийлер
(БӘФ бұзылу дәрежесі және (немесе) аурудың ауырлық дәрежесі)
1 Аяқ-қолдар сүйектерінің сынықтарынан кейін:  S42, S42.0, S42.2, S42.3, S42.4, S42.7, S42.8, S52.0-9, S58, S62, S68, S72, S82.1-9, Z54.0 Barthel индексі > 45 балл
MRC- scale – 2-3 балдан бастап
Гониометрия – қалыпты мөлшердің 30%-нан кем
2 Буынды ауыстыру операцияларынан кейін:  М15, М16.0-9, М17.0-9, М19, М24.6, Z54.0; Barthel индексі > 45 балл
MRC- scale – 2-3 балдан бастап
Гониометрия – қалыпты мөлшердің 30%-нан кем
3 Омыртқа бағанының туа біткен және жүре пайда болған деформациялары мен сынықтарын оперативті емдеуден кейін:  S22.0, S22.1, S23.0, S23.1,  S32.0,  S32.7,  S33.0, S33.1,М40.0-5, M41, Q67.5, Q76.3,
Q77.9, Z54.0;
Barthel индексі > 45 балл
MRC- scale – 2-3 балдан бастап
4 Буындардың артроскопиялық операцияларынан кейін: M23, S46.0, S83.4, S83.5, S83.7, Z54.0 MRC- scale – 2-3 балдан бастап
Гониометрия – қалыпты мөлшердің 30%-нан кем
 
Оңалту үшін қарсы көрсетімдер:
-шығу тегі әртүрлі, жиі қайталанатын немесе мол қан кетулер, гемоглобин деңгейі 80 г/л-ден кем болатын айқын қаназдық;
-әртүрлі этиологиядағы жайылған жиі құрысулар;
-жіті инфекциялық аурулар;
-туберкулездің барлық нысандарының белсенді сатысы (A 15.0–1; A 15.5; A 15.7–9);
-қатерлі жаңа өспелер (III-IV сатылары);
-III дәрежеден жоғары тыныс алу функциясының жеткіліксіздігі (пульмонологиялық оңалту бөлімшелерінен басқа);
-шығу тегі белгісіз қызулық (фебрильді) қызба немесе субфебрильді қызба;
-күрделі ілеспелі аурулардың болуы;
-декомпенсация сатысындағы аурулар, нақты айтқанда, түзетілмейтін метаболизмдік сырқаттар (қант диабеті, микседема, тиреотоксикоз және басқалары), бауырдың, ұйқы безінің III дәрежелі функционалдық кемістігі;
-жыныстық жолмен берілетін аурулар (мерез, соз ауруы, трихомоноз және басқалары);
-терінің іріңді аурулары, терінің жұқпалы аурулары (қышыма, зеңді аурулар және басқалары);
-тұлғаны қоғамнан алшақтатын (әлеуметсіздендіретін) психологиялық аурулар (F 00; F 02; F 03; F 05; F 10–F 29; F 60; F 63; F 65; F 72–F 73);
-жүрек ырғағының асқынған бұзылыстары, NYHA жіктемесі бойынша IV ФК сәйкес ЖК;
-айтарлықтау улану кезіндегі әртүрлі іріңді (өкпенің) аурулар (J 85; J 86);
-кез келген орналасудағы таспақұрт (эхинококк) және басқа да паразиттер (B 67);
-жіті остеомиелит;
-терең веналардың жіті тромбозы;
-оңалту бағдарламасына күніне 2-3 сағат бойына белсенді қатысуға кедергі келтіретін өзге де ілеспелі аурулар болған кезде. 
 
Медициналық оңалту көлемдері

10 жұмыс күні ішінде бір науқасқа ұсынылатын қызметтер:

Оңалтудың негізгі әдістері:

Физикалық оңалту іс-шаралары:
-ЕДШ (емдік гимнастика) – 30-40 минут №10;
-сіресімдерді (контрактураларды) жазуға (қозғалтуға) бағытталған арнайы жаттығулар, белсенді-пассивті жаттығулары 20-25 минут №10;
-жаяу серуендеу – 30 минут;
-тренажерларда жұмыс істеу №7-10;
-пассивті қозғалыстар –15-20 минут №7-10;
-механотерапия 20-30 минут №7-10).2. Массаж № 10.

Физиотерапия (бүкіл курс бойына 2-3 емшара түрінен көп емес) – жеке, барлық емшаралар № 7-10 бойынша көрсетімдер бойынша:
-жылумен емдеу (парафинді және  озокеритті ем, суықпен емдеу, балшықпен емдеу)
-жарықпен емдеу (ультракүлгін және инфрақызыл сәулелену, өрістендірілген (поляризацияланған) жарықпен сәулелендіру, лазерлік әсер ету)
-электрлі терапия
-сумен емдеу (ванналар, душтар)
-магнитті терапия
-ультрадыбыстық терапия, соққылы-толқынды терапия.


Оңалтудың қосымша әдістері:

-эрготерапия - 20 минут, №5;
-БОБ-терапия №5;
-Гидрокинезитерапия - 20 минут, №5;
-Гидромассаж - 15 минут, №5;
-лимфодренажды массаж №5;
-уқалау емі №5;
-рефлекстік ем №5;
-ортопедиялық түзету.

Ескерту. Осы талаптарда көрсетілген, бір пациент үшін қызмет көрсету саны пациенттің жай-күйі мен көрсетімдерді ескере отырып ұлғайтылуы немесе азайтылуы мүмкін.
 
Кесте - Медициналық оңалтудың нозологияларға байланысты ұзақтығы

 

Нозологиялық нысаны (АХЖ-Х бойынша коды) Халықаралық критерийлер
(БӘФ бұзылу дәрежесі және (немесе) аурудың ауырлық дәрежесі)
Оңалтудың ұзақтығы/
мерзімдері
1 Аяқ-қолдар сүйектерінің сынықтарынан кейін: S42, S42.0, S42.2, S42.3, S42.4, S42.7, S42.8, S52.0-9, S58, S62, S68, S72, S82.1-9, Z54.0 Barthel индексі > 45 балл
MRC- scale – 2-3 балдан бастап
Гониометрия – қалыпты мөлшердің 30%-нан кем
14
2 Буынды ауыстыру операцияларынан кейін:  М15, М16.0-9, М17.0-9, М19, М24.6, Z54.0; Barthel индексі > 45 балл
MRC- scale – 2-3 балдан бастап
Гониометрия – қалыпты мөлшердің 30%-нан кем
14
3 Омыртқа бағанының туа біткен және жүре пайда болған деформациялары мен сынықтарын оперативті емдеуден кейін: S22.0, S22.1, S23.0, S23.1, S32.0, S32.7, S33.0, S33.1,М40.0-5,  M41, Q67.5, Q76.3, Q77.9, Z54.0; Barthel индексі > 45 балл
MRC- scale – 2-3 балдан бастап
14
4 Буындардың артроскопиялық операцияларынан кейін: M23, S46.0, S83.4, S83.5, S83.7, Z54.0 MRC- scale – 2-3 балдан бастап
Гониометрия – қалыпты мөлшердің 30%-нан кем
14
 
Оңалту іс-шаралары тиімділігінің индикаторлары (Тіршілік ету мен денсаулықтың жұмыс істеуі және шектеулерінің халықаралық жіктемесіне сәйкес халықаралық шкалаларға сай оңалту нәтижелері). Халықаралық критерийлер мен шкалаларға сәйкес.
 

Нозологиялық нысаны (АХЖ-Х бойынша коды) Халықаралық критерийлер
(БӘФ бұзылу дәрежесі және (немесе) аурудың ауырлық дәрежесі)
1 Аяқ-қолдар сүйектерінің сынықтарынан кейін: S42, S42.0, S42.2, S42.3, S42.4, S42.7, S42.8, S52.0-9, S58, S62, S68, S72, S82.1-9, Z54.0 Barthel индексі > 55 балл
MRC- scale – 3-4 балдан бастап
Гониометрия – қалыпты мөлшердің 55%-нан жоғары
2 Буынды ауыстыру операцияларынан кейін:  М15, М16.0-9, М17.0-9, М19, М24.6, Z54.0; Barthel индексі > 55 балл
MRC- scale –  3-4 балдан бастап
Гониометрия – қалыпты мөлшердің 35%-нан жоғары
3 Омыртқа бағанының туа біткен және жүре пайда болған деформациялары мен сынықтарын оперативті емдеуден кейін:  S22.0,  S22.1, S23.0, S23.1, S32.0, S32.7, S33.0, S33.1,М40.0-5,  M41,  Q67.5, Q76.3, Q77.9, Z54.0; Barthel индексі > 55балл
MRC- scale – 3-4 балдан бастап
4 Буындардың артроскопиялық операцияларынан кейін: M23, S46.0, S83.4, S83.5, S83.7, Z54.0 MRC- scale – 3-4 балдан бастап
Гониометрия – қалыпты мөлшердің 40%-нан жоғары
 

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Протоколы заседаний Экспертной комиссии по вопросам развития здравоохранения МЗ РК, 2014
    1. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 1) Бонев Л.,Слывчева П., Баннев С.Т. Руководство по кинезотерапии.-1978 2) Боголюбов В.М. Физические факторы в профилактике, лечении и медицинской реабилитации. – М.: Медицина, 2002. 3) Горяная Г.А. Лечебная физкультура при сколиозе.- Москва, 2012. 4) Епифанов В.А., Медицинская реабилитация, 2005 5) Епифанов В.А., Епифанов А.В.- Восстановительное лечение при повреждениях опорно-двигательного аппарата, -М.: Авторская академия, 2009 6) Епифанов В.А., Епифанов А.В. Реабилитация в травматологии.-М.:ГЭОТАР-Медиа,2010 7) Лечебная физкультура в системе медицинской реабилитации: Руководство для врачей /Под редакцией А.Ф. Каптелина, И.П. Лебедевой.-М.: Медицина,1995 8) Пархотик И.И. Физическая реабилитация при травмах верхних конечностей, 2007 9) Частная физиотерапия: Учебное пособие /Под ред. Г. Н. Пономаренко.- М.:ОАО «Издательство: «Медицина», 2005

Ақпарат

Хаттаманы әзірлеушілердің біліктілік деректері көрсетілген тізім:
1)  Дырив О.В. – жоғары санаттағы ЕДШ дәрігері, ТОҒЗИ;
2)  Мұрсалов Н.К. – м.ғ.к., ТОҒЗИ №5 травматология бөлімшесінің меңгерушісі;
3)  Тәжин К.Б. – м.ғ.к., ТОҒЗИ №2 ортопедия бөлімшесінің меңгерушісі. 
 
Мүдделер қақтығысының жоқтығын көрсету: жоқ.
 
Рецензент: Шевелева Н.И. – м.ғ.д., профессор, Қарағанды мемлекеттік медицина университеті, ДКҮДФ медициналық реабилитология және спорт медицинасы кафедрасының меңгерушісі

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх