Жалған толғақтар
H-O-006
Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)
Ложные схватки неуточненные (O47.9)
Анықтамасы
Анықтамасы
Анықтамасы:
Жалған толғақтар - ауру сезімі қоса жүретін, бірақ жатыр мойны құрылымын өзгертпейтін (жатыр мойнының ашылуы), жатырдың анда-санда жиырылуы.
Хаттама коды: H-O-006 "Жалған толғақтар"
Акушерлік-гинекологиялық саладағы стационарлар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):
О47 Жалған толғақтар
О47.0 Жүктіліктің толық 37 апта кезеңіндегі жалған толғақтар
О47.1 Жүктіліктің толық 37 аптасынан басталған жалған толғақтар
Жіктемесі
Жіктемесі:
Патологиялық прелиминарлық кезең - ұзақтығы 6 сағаттан аса.
Диагностикасы
Диагностика критерилері: іштің төменгі жағындағы тұрақты ауырсынулардың болуы, жатыр мойнағының ашылмауы.
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Іштегі нәресте маңындағы судың бар-жоғын тексеруге қырынды алу - нитразиндік тест немесе "папоротник" симптомы.
2. Зәрдің жалпы анализі.
Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
1. Іштегі нәрестенің кардиотокографиясы.
2. HbsAg.
3. Анти HCV.
Емдеу тактикасы
Емдеу тактикасы
Физиолгиялық прелиминар кезеңінде (ауырудың ұзақтығы 6 сағаттан аспаса) ем жасалмайды. Патологиялық прелиминар кезеңінде немесе жүкті әйел шаршаған кезде - акушерлік ұйқы немесе электрұйқы тағайындалады.
Ем мақсаты
Іштің төменгі жағындағы анда-санда болып тұратын толғақ тәрізді ауыруларды болдырмау.
Негізгі дәрі-дәрмектер тізімі: трамадол ампуладағы инъекция үшін ерітінді 50 мг/1 мл.
Қосымша дәрі-дәрмектер тізімі: *диазепам ампуладағы инъекция үшін ерітінді 10 мг/2 мл.
Ем тиімділігінің индикаторлары: іштің төменгі жағындағы анда-санда болып тұратын толғақ тәрізді ауырулардың тоқтауы.
* - Негізгі (өмірге маңызды) дәрілік заттар тізіміне кіретін препараттар
Ауруханаға жатқызу
Госпитализациялау үшін көрсетімдер: жоспарлы.
Ақпарат
Пайдаланған әдебиеттің тізбесі
-
Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
- Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған әдебиеттер: 1. Оказание помощи при осложненном течении беременности и родов - Руководство ВОЗ для врачей и акушерок (редактор русского издания Могилевкина И.А.) апрель 2002 г. С. В-65. 2. Основная дородовая, перинатальная и постнатальная помощь - Учебный семинар ВОЗ 2002 (модуль 12) 3. Активное ведение родов - Абрамченко В.В. М. 2003 г.
Ақпарат
Әзірлеушілер тізімі: Исина Г.М., м.ғ.к., Ана мен баланы қорғау Республикалық Ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері.
Қазықтаулы файлдар
Назар аударыңыз!
- Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.
- Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.
- Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.
- Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.
- Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.