Войти

Жабық жарақаттар жəне таюлар

PN-S-005

РЦРЗ (Республиканский центр развития здравоохранения МЗ РК)
Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Травма неуточненная (T14.9)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы
Жарақат немесе зақымдалу деп организмнің анатомиялық бүтіндігін 
бұзатын жəне ағзалардың физиологиялық функциясына əсерін тигізіп, нəтижесінде организмнің жергілікті жəне жалпы реакциясымен көрінетін сыртқы агенттердің əсерлері (механикалық, термиялық, химиялық, электрлік, сəулелі, психикалық жəне т.б.).
Жабық 
жарақат кезінде тері жəне шырышты қабаттың зақымдалуы болмайды. Зақымдалудың ауырлығы жарақаттанған тіндермен ағзалардың көлемі мен тереңдігіне байланысты.


Хаттама коды: PN-S-005 "Жабық жарақаттар жəне таюлар"
Хирургия саладағы медициналық пунктар үшін.

Мобильное приложение "MedElement"

- Профессиональные медицинские справочники. Стандарты лечения 

- Коммуникация с пациентами: вопросы, отзывы, запись на прием

Скачать приложение для ANDROID / для iOS

Мобильное приложение "MedElement"

- Профессиональные медицинские справочники

- Коммуникация с пациентами: вопросы, отзывы, запись на прием

Скачать приложение для ANDROID / для iOS

Жіктемесі


Жіктемесі
 
1. Өндірістік емес жарақаттар:
а) транспорттық;
б) тұрмыстық;
в) спорттық;
г) басқалары.

 
2. Өндірістік жарақаттар (өнеркəсіптік, ауыл шаруашылық).
 
3. Қасақана жасалған жарақаттар (əскери жəне т.б.).
 
Жарақаттарды механикалық, термиялық, химиялық, электрлік сəулелік, психикалық, операциялық, туу кезіндегі деп бөледі.

Жұмсақ тіндердің жабық жарақаты соғылу, созылу 
жəне жыртылу, шайқалу жəне жаншылу болып бөлінеді.

Қуыстарда (іште, көкіректе, бас 
сүйегінде), сүйектерде (буынның шығуы мен сүйектің сынуы) жəне қан тамырларында жұмсақ тіндер мен ағзалардың зақымдалуы болады.

Жарақаттың түріне байланысты 
оларды жеке дара жəне бірнеше, қарапайым жəне комбинирленген, тікелей жəне тікелей емес, жіті жəне созылмалы деп бөледі.

Қауіп-қатерлі факторлар


Қауіп-қатерлі факторлар:
Жол жүру ережесін, техникалық қауіпсіздікті сақтамағанда, 
шамадан тыс спирттік сусындарды ішкенде, спортпен немесе ауыр жұмыс істегенде жарақат алу.

Диагностика


Диагностикалық критерийлері

Жабық жарақаттар жеке дара жəне бірнеше жерде  
жарақаттануы болып ауру сезімі, жарақат алған жердің ісінуі мен гематомасы, бұлшық еттердің ауыр механикалық зақымдалуы анықталады, сол сияқты сүйек, буын, белгілі анатомиялық аймақтарда орналасқан ағзаларда өздеріне тəн симптомдар байқалады.
 
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі: жоқ.
 
Қосымша диагностикалық шаралар тізімі: жоқ.

Емдеу тактикасы


Емдеу тəсілі:
- жарақат алған аймақты қарап тексеру;
- қосарланған жарақат кезінде (көлік апаты, биіктен құлау, ұрып соққанда) өмірге қауіп тудыратын кеуде клеткасынның, іштің, бас сүйегі мен мидың қызметтеріне аса көңіл бөлу керек;
- пульспен артериялық қысымын бақылау (АҚ).
 
Беткейлік жарақат кезінде – жергілікті суық басу, жарақаттанған теріні йоданат ерітіндісімен жуу. Көрсеткіштері бойынша асептическалық таңу жасау.

Буын – байлам 
аппаратының зақымдануы кезінде, буындардың шығуы кезінде - анальгин 50% ерітіндісі 2-4 мл бұлшықетке (қатты ауыру сезімі болса), шыққан буынды Крамер шинасы немесе Дезо таңуын жасағандағы қалпында транспорттық иммобилизация.

Аяқ – қолдың жабық 
сынықтары кезінде - анальгин 50% ерітіндісін 2-4 мл бұлшықетке немесе трамал 100-200 мг көк тамырға тамшылатып. Транспорттық иммобилизация.

Шокқа қарсы іс шаралар: 
кристаллоидты ерітінділер немесе полиглюкин (реополиглюкин) 400 мл-ден  немесе одан да көп к/т тамшылатып. Стероидтық гормондар (преднизолон 60-90 мг, гидрокортизон 120-240 мг) инфузиондық ерітіндіде к/т тамшылатып.
АҚ 
тұрақсыздығында – прессорлық аминдер - допамин 0,5% ер. 1 мл в 400 мл инфузиондық ерітіндісін минутына 8-10 тамшыдан к/т систолалық АҚ 90-100 мм с б б ұстап тұру үшін.

Транспорттық иммобилизация – буын байламдық аппараттың зақымдалуы кезінде фиксациялық таңу. Ірі буындардың шығуы кезінде, буын шыққан күйінде транспорттық иммобилизация жасалады. Стандарттық немесе импровизирленген шиналар қолданылады.

Шұғыл медициналық көмек көрсету кезінде шыққан буынды салуға 
тырыспау керек, өйткені көрсетілген көмектің сапасын рентгенологиялық бақылау мүмкіншілігі жоқ.

Омыртқаның мойын бөлігінің жабық жарақаты кезінде арнайы немесе 
импровизирленген, мысалы Крамер шинасы арқылы иммобилизация жасалады. 

Стационарға зембілмен жеткізу. Басқа жағдайларда транспорттық иммобилизация жалпы тəртіп бойынша жасалады.
 
Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1. *Трамадол капсула 50 мг; ерітінді ампулада 50 мг/1 мл.
2. *Преднизолон инъекцияға арналған ерітіндісі 30 мг/мл; таблетка 5 мг.
3. *Гидрокортизон инъекцияға арналған суспензия 2 мл, 5 мл.
4. *Допамин инъекцияға арналған ерітінді ампулада 0,5%, 4% по 5 мл.
5. *Йод спирттік ерітіндісі 5% флаконда 10 мл, 20 мл.
 
Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі: жоқ
 
Ем тиімділігінің индикаторлары: жарақат түрі мен буын шығуының түрін анықтау, травматикалық шоктың профилактикасын жүргізу.

* – негізгі (өмірлік маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар.

Госпитализация


Госпитализациялау үшін көрсетімдер
Келесі кезеңге ауыстыру критерилері: жол 
апатынан, кататравмадан кейін жəне бас миы, кеуде қуысының, құрсақ қуысының жарақатын жоққа шығару мүмкін болмағанда.

Ақпарат

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі: Ячменев В.М., республикалық медициналық колледж.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх