Войти

Етеккір циклының бұзылуы

РЦРЗ (Республиканский центр развития здравоохранения МЗ РК)
Версия: ҚР ДСӘДМ клиникалық хаттамалар - 2014

Нерегулярные менструации неуточненные (N92.6)

Анықтамасы

Анықтамасы

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлiгiнің
Денсаулық сақтауды дамыту
мәселелері жөніндегі
сараптау комиссиясында
2014 жылғы «4» шілдедегі
№ 10 хаттамасымен бекітілген


НЖҚ – бұл етеккірдің жиілігі мен тұрақтылығының өзгеруі, қан кетудің немесе жоғалтқан қанның ұзақтығы қамтитын етеккір циклінің кез-келген қалыптан ауытқуы.[1]. НЖҚ қан жоғалтудың көлеміне, тұрақтылығына, жиілігіне, етеккірдің ұзақтығына, өту барысына және ұрпақты болу жасқа байланысты бірнеше түрге бөлінуі мүмкін.
ЖҚ түсінігі етеккірдің көлемі бойынша көбірек немесе ұзақ етеккірді білдіретін ауыр етеккір қан кетуі (heavy menstrual bleeding, HMB) мен ұзақ етеккір қан кетуі (prolonged menstrual bleeding), тұрақсыз (irregular menstrual bleeding) етеккір сияқты терминдерді қамтиды. Мұнда қаназдық ауыр ЖҚА-ның міндетті өлшемі болып табылмайды [1].

Хаттама атауы: Етеккір циклының бұзылуы

Хаттама коды:

ХАЖ-10 кодтары:

N92 Ағыл-тегіл, жиі және тұрақсыз етеккір
N92.0 Тұрақты цикл кезіндегі ағыл-тегіл, жиі етеккір
N92.1 Тұрақсыз цикл кезіндегі ағыл-тегіл, жиі етеккір
N92.2 Пубертатты кезеңдегі ағыл-тегіл етеккір 
N92.3 Овуляторлы қан кету
N92.4 Менопауза алдындағы кезеңдегі ағыл-тегіл қан ағу
N92.5 Тұрақсыз етеккірдің басқа нақтыланбаған формалары
N92.6 Нақтыланбаған тұрақсыз етеккір
N 93 Жатыр мен қынаптан басқа ауытқумен  қан кетулер
N93.8 Жатыр мен қынаптан басқа нақтыланған ауытқумен қан кетулер
N93.9 Нақтыланбаған жатыр және қынаптан ауытқумен қан кету

Хаттамада  қолданылатын қысқартулар:

АД – артериалды қысым
АлАТ- аланинаминотрансфераза
НЖҚ – ауытқумен жатырдан қан кету
НЖҚ-О – овуляторлы әрекетсіздік
АеАТ- аспартатаминотрансфераза
БІТУ – белсендірілген ішінара тромбопластиндік уақыт
АИТВ – адамның иммун тапшылығы вирусы
ДДҰ – дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы
ТТЭ - тамыр тромбоэмболиясы
ДМПА - депанирленген медроксипрогестерон ацетаты
ДНГ - диеногест
ДСИ – дене салмағының индексі
ИФТ – иммунноферментті талдау
ҚОК – құрама оральды контрацептивтер
ЛНГ-ЖІШ- левоногестрел – жатыр ішіндегі шиыршық -левоногестрел
ЖҚК – жатырдан қан кету
МРТ – магниттік-резонансты томография
БҚҚД – бейстероидті қабынуға қарсы дәрілер
ҚЖТ – қанды жалпы талдау
НЖТ – несепті жалпы талдау
ТВУДЗ - трансвагиналды ультрадыбыстық зерттеу
ДД – дәлелділік деңгейі
ЦОГ - циклооксигеназа
FIGO - International Federation of Gynecology and Obstetrics (акушер-гинекологтардың ұлтаралық федерациясы)
NICE - National Institute of Health and Care Excellence – ұлттық денсаулық сақтау және әлеуметтік алдыңғы тәжірибелермен қамтамасыз ету институты
RW - сифилис
SIS (saline infusion sonography) - физиологиялық ерітіндіні енгізу арқылы сонография
PALM - Polyp/Adenomyosis/Leiomyoma/ Malignancy
(Полип/Аденомиоз/Лейомиома/Малигнизация)
COEIN - Coagulopathy/ Ovulatory dysfunction/ Endometrial/ Iatrogenic /Not yet classified (Коагулопатия/Овулятор әрекетсіздігі/Эндометриялы/Ятрогенді/ Әлі жіктелмеген)

Хаттаманы әзірлеу мерзімі: 2014 жыл

Пациенттер санаты: етеккір функциясының әр түрлі бұзылулары бар пациенттер.

Хаттаманы пайдаланушылар: акушер-гинеколог дәрігер, жалпы тәжірибе дәрігерлері, терапевт, жедел және шұғыл көмек дәрігері, фельдшер.

Жіктемесі


Клиникалық жіктелуі [3]

Халықаралық FIGO етеккір бұзылуы жөніндегі жұмыс тобының сарапшылар консенсусы PALM-COEIN деп аталатын НЖҚ-ні жіктеудің стандартталған жүйесін ұсынды.  
Жіктеу жүйесінде мына аббревиатуралар түріндегі 9 негізгі санат көрсетілген:
polyp (жылауық) (НЖҚ-Р);
adenomyosis (аденомиоз)(НЖҚ-А); leiomyoma (лейомиома) (ЛЖҚА-L);
malignancy (малигнизация) және hyperplasia (гиперплазия) (ЛЖҚА-М)-  РАLM тобы;
coagulopathy (коагулопатия) (НЖҚ-С);
ovulatory dysfunction (овуляторлы әрекетсіздік) (ЛЖҚА-О);
endometrial (эндометриялы) (ЛЖҚА-Е);
iatrogenic (ятрогенді) (ЛЖҚА-I);
not yet classified (әлі жіктелмеген) (ЛЖҚА-N)-  COEIN санатының тобы.

Диагностика


Диагностикалық іс-шаралардың негізгі және қосымша тізімі.

Амбулаториялық деңгейде жүргізілетін негізгі (міндетті) диагностикалық тексерулер:
- шағымдарды, анамнезді жинау;
- физикалды тексеру: дене массасының индексі/салмағы, қалқанша безді саусақпен басып тексеру, теріні тексеру, ішті саусақпен басып тексеру, гинекологиялық зерттеу;
- ТВДДЗ (жатыр қуысының ахуалы мен эндометрийді бағалау үшін – тексерудің бірінші желісі) (ДД 1,А)[3]
 
Амбулаториялық деңгейде жүргізілетін қосымша диагностикалық тексерулер:
- ҚЖТ (6 параметр);
- ИФТ тәсілімен прогестеронның құрамын анықтау (овуляциялық немесе овуляция жоқ циклын анықтау үшін тұрақты циклы бар әйелдерде ЕЦ 21-23 күндері немесе болжамалы етеккірге дейін 7 күн қалғанда – циклдің екінші фазасында);
- коагулология: тромбоциттер агрегациясын зерттеу, қан сарысуындағы  қызыл жегі антикоагулянтын анықтау, қан сарысуындағы Д-димер санын анықтау (менархе басталғаннан кейін ауыр етеккір қан кетуі бар немесе жеке немесе отбасылық НЖҚ анамнезі әйелдерде);
- кіші жамбасқа МРТ (жатыр дамуының ақаулықтары);
- жатыр қуысының ахуалын бағалауға арналған гистероскопия, эндометрия, миометрия (ДД I, А)[3];
 
Жоспарлы ауруханаға жатқызуға бағыттағанда қажетті тексерудің ең аз тізімі:
- ҚЖТ (6 параметрде);
- НЖТ;
- коагулограмма (ПВ, фибриноген, БІТУ, МНО);
- қанды биохимиялық талдау (жалпы ақуыз, АлАТ, АсАТ, глюкоза, жалпы  билирубин);
- ABO цоликлон жүйесі бойынша қан тобын анықтау;
- қанның резус-факторын анықтау;
- қан сарысуындағы Вассерман реакциясы;
- ИФТ-әдісімен қан сарысуындағы АИТВ p24 антигенін анықтау;
- ИФТ-әдісімен қан сарысуындағы В гепатитінің HbeAg вирусуын анықтау;
- ИФА-әдісімен қан сарысуындағы С гепатитінің вирусына қарсы жалпы антиденелерді анықтау;
- гинекологиялық сүртінділердің тазалық деңгейін анықтау;
- кіші жамбас органдарына ТВУДЗ;
- ЭКГ.
 
Стационарлық деңгейде жүргізілетін негізгі (міндетті) диагностикалық тексерулер:
- шағымдарды, анамнезді жинау;
- физикалды тексеру дене массасының индексі/салмағы, қалқанша безді ұстап көрі, теріні тексеру, ішті басып ұстап көру, гинекологиялық зерттеу;
- ҚЖТ (6 параметр бойынша);
- НЖТ;
- коагулограмма (ПВ, фибриноген, БІТУ, МНО);
- қанды биохимиялық талдау (жалпы ақуыз, АлАТ, АсАТ, глюкоза, жалпы  билирубин);
- ABO цоликлон жүйесі бойынша қан тобын анықтау;
- қанның резус-факторын анықтау;
- қан сарысуындағы Вассерман реакциясы;
- ИФТ-әдісімен қан сарысуындағы АИТВ p24 антигенін анықтау;
- ИФТ-әдісімен қан сарысуындағы В гепатитінің HbeAg вирусуын анықтау;
- ИФА-әдісімен қан сарысуындағы С гепатитінің вирусына қарсы жалпы антиденелерді анықтау;
- гинекологиялық сүртінділердің тазалық деңгейін анықтау;
- кіші жамбас органдарына УДЗ;
- ЭКГ.

Стационарлық деңгейде жүргізілетін қосымша диагностикалық тексерулер:
- эндометрий түймешігіне, эндометрий гиперплазиясына, субмукозды миома гиперплазиясына күдік туғанда НЖҚ-сы бар әйелдер гистероскопиясы;
- жатыр қуысын  гистероскопиялау мен қырып тазалау әрі қарай биоптатты гистологиялық зерттеу (ДД II-2A):

          - НЖҚ бар 40 жастан асқандарға;
          -  НЖҚ дәрімен емдеу терапиясы әсерін тигізбегенде;
          - эндометрий рагының даму тәуекелі факторларымен НЖҚ жас әйелдерге (ДД II-2A);
          -  сирек етеккірі бар және овуляция циклі жоқ әйелдерде;
          - тік немесе тоқішектің түймешіктік емес қатерлі ісік отбасылық тәуекелі бар НЖҚ-сы бар әйелдерде;
          - ем қонбаған, анық емес генезді НЖҚ-сы бар әйелдерде;

- кіші жамбастың МРТ:
жатыр миомасы (жатыр миомасы тамырларына терапевттік эмболизация жүргізу алдында);
жатыр дамуындағы ақаулықтар.
 
Жедел шұғыл көмек деңгейінде жүргізілетін диагностикалық іс-шаралар:
- шағымдар мен анамнезді зерттеу;
- физикалды тексеру (дем алуды, АҚ, тамыр соғысын тексеру, ішті тексеру және саусақпен басып тексеру).
 
Диагностикалық  критерийлер  [1, 2, 3, 4, 5]

Шағымдар:
- етеккірдің цикліның бұзылуы – етеккірдің жоқтығы, сирек етеккір, тұрақсыз етеккір, етеккірдің мол келуі, етеккірдің мардымсыз келуі, ұзақ етеккір, қысқа етеккір, етеккір арасында күшейіп кетеді, арасында азайып кетеді, сирек ашық аралықтардың болуы; әлсіздік тудыратын жыныс жолдарынан қан кету.

Анамнез:
- менархеден бастап етеккір цикліның бұзылуы (ювенильді қан ағу) аналық бездің функциясының бұзылу белгісі (НЖҚ-О);
- медициналық түсіктен кейінгі етеккір цикліның бұзылуы немесе басқа жатыр ішіндегі манипуляциялар синехияның, созылмалы эндометриттің, оның ішінде эндометриялық фактордың барын білдіреді (НЖҚ-Э);
- дисменорея, етеккірге дейін 1-2 күн қалғанда жыныс жолдарынан қоңыр шығындылар - аденомиоздың белгісі (НЖҚ-А);
- гормонды контрацептивтерді қабылдаған соң етеккір цикліның бұзылуы ятрогенді фактордың белгісі (РЖҚА-1);
- тісті жұлу нәтижесінде қан кету немесе босанудан кейінгі қан кету, менархеден бастап анамнезде көп қан кету; отбасылық анамнезде коагуляцияның бұзылуы немесе басқа қан кетудің көрінісі коагулопатиялық қан кетудің белгісі (НЖҚ-С).

Физикальды тексерулер:
Терінің сыртын байқау:
- тері жабыны мен шырышты қабықтың солғындығы (қаназдық белгісі);
- көгерулер, петехиялар (коагулопатия белгілері);
- стриялар, гирсутизм (гормонды бұзылулардың белгілері);
- ДСИ (салмақтың жетіспеушілігі немесе семіздік);
- ішті саусақпен басып тексеру (коагулопатия кезінде гепатоспленомегалия);
- қынапты тексеру (жатыр миомасы кезінде – жатыр үлкейген, қырлы, не саусақпен басып тексергенде түйіндер сезіледі; эндометриоз кезінде – жатырдың - ретропозициясы, оның қозғалысының шектелуі, жатыр мойнағының қозғалысы кезінде оның сезімталдығы, етеккір алдында жатырдың үлкеюі, жатыр ассиметриясы);
- айнамен қарау (НЖҚ кезінде жатыр таза).

Зертханалық зерттеулер.
Жалпы қан талдауы: гемоглобиннің төмендеуі
Прогестерон құрамын анықтау – прогестеронның төмендеуі овуляция жоқ циклді білдіреді (НЖҚ-О).
Қан ұюының бұзылуын зерттеу - тромбоциттер агрегациясының артуы, қызыл етжегінің оң антиденесі, АЧТВ көрсеткіштерінің артуы, Д-димердің артуы – коагулопатия белгілері (НЖҚ-К).

Аспаптық зерттеулер:
ТВДДЗ: эндометрия/цервикалды канал түймешіктерінің, субмукозды лейомиоманың, аденомиоздың, эндометрий гипоплазиясының бар болуы;
Гистероскопия: шырышты миома түйінінің, не түймешік ауруының, не синехияның, не гиперплазияның бар болуы;
Кіші жамбас органдарына МРТ: түйіндердің болуы және олардың орналасуы (субсерозды, сыртқа тебуші немесе орталыққа бағыттаушы бойы бар қан тамыры ішінде), жатырдың дамуындағы ақаулықтар.

Мамандарың кеңесін алуға көрсетімдер
- онколог кеңесі (гиперплазия байқалғанда);
- гематологтың кеңесі (коагулопатия анықталғанда).

Дифференциалды диагноз

Сараланған диагноз

 

Нозология Шағымдар Гинекологиялық тексеру ТВУДЗ деректері МРТ деректері  
Виллебрант ауруы Мұрыннан қан кету, жараның қанауы, анамнезде
тромбоцитопения
Патология жоқ Патология жоқ  
Жүктілікті үзу Етеккір фонында қан  кету, жүктілік белгілері (жүрегі айну, дәмнен бас тарту, сүт бездерінің іріленуі), іштің төменгі жағында толғақ тәріздес іш аурулары Жатыр цианотті. Жатыр үлкейген, жұмсақ, ұрық тұқымы сауақпен басып тексергенде (аборт жүріп жатыр) Жатырдың төменгі бөліктеріндегі ұрық тұқымының УДЗ немесе ұрықжолдас тіндерінің қалдықтары  
Жатыр мойнағының қатерлі ісік ады немесе қатерлі ісік Байланысты қан ағу, ауырлық Айнада-жатыр мойнағында эрозиялы үстіңгі беті, байланыс кезінде қанайды; жатыр мойнағының обасы кезінде – экзофинді форма – оған қоса ұлпа, эндофитті – ұлпаны алып тастағанда, шеттері тегіс емес, қан ағу. Жатыр үлкейген,
Мойнақтағы түзілімдер нақты пішінсіз, параметрлерді сүзгілеу мүмкін, жатырдың ұлғаюы
Параметрияда метастаздардың болуы
НЖҚ Етеккір циклі бұзылуының әр түрлі нұсқалары Миома жиектері, эндометриоз белгілері Миома жиектері, аденомиоз, эндометрия түймешігі Миома жиектері,
аденомиоз

Медицинский туризм

Пройти лечение, проверить здоровье за границей: Корея, Турция, Израиль, Германия, Россия, США, Китай и другие страны

Выбрать иностранную клинику

Бесплатная консультация по лечению за рубежом! Оставьте заявку ниже

Лечение за границей

Заявка на медицинский туризм

Как удобнее связаться с вами?

Емдеу тактикасы


Емдеу мақсаттары:

- қан кетуді тоқтату;
- етеккір функциясын қалыптандыру;
- жатырдан қан кетудің қайталануының профилактикасы.


Емдеу тәсілі:
  1. Дәрі-дәрмексіз емдеу (режим, диета және басқалар) жүргізілмейді.
  2. Дәрі-дәрмекпен емдеу.
Ауыр, тұрақты етеккір кезіндегі қан кетулерді гормонды және бейгормонды  құралдармен сәтті емдеуге болады.  Бейгормонды терапияны бейстероидті қабынуға қарсы дәрілермен (НҚҚД)  және антифибринолитиктермен емдеу етеккір кезінде қан кетуді азайту мақсатында жүргізеді.
NICE (2007) бойынша жатырдан қан кетулерді дәрімен емдеу үшін пайдаланылады:

- ұзақ емдеу үшін ЛНГ-ВМС (ДД I, A), транексамды қышқыл (ДД IA) немесе БСҚҚҚ (ДД IA), ҚОК (ДД П-1,В);
- норэтистерон (15 мг) ЕЦ 5-ші күнінен 26-ші күндері аралығында немесе ұзақ әсер ететін прогестагендер (ДД II-2,B);
- НЖҚ - А - аденомиоз. Дәрісіз емдеу: прогестагендер (ДНГ, ЛНГ-ВМС), үздіксіз режимде ҚАК, аГнРГ р,А, 9];
- НЖҚ - L - лейомиома. Емдеу УДЗ негізінде түйіндер көлемі, саны және орналасуы негізінде жоспарланады [П-3,Д]. НЖҚ дәрімен емдеу - L - лейомиома миоманың 2,3 - 7  кезінде: транексамды қышқыл, ЦОГ ингибиторлары, ЦОГ, ҚАК, прогестагендер үздіксіз режимде [II-2,B];
- НЖҚ - М: без атипиясыз эндометрийдің гиперплазиясы кезінде - прогестагендер [II-1 ,B];
- БСҚҚҚҚ және  антифибринолитиктер сияқты гормонды емес дәрілер циклдық немесе уақыт бойынша орын алатын ауыр етеккір қан кетулерді емдеу үшін қолданылуы мүмкін (ДД I-А);
- ҚОК, ДМПА және ЛНГ-ВМС етеккір қан кетуін біршама азайтады және тиімді контрацепцияны алуға ұсыныс білдірген НЖҚ бар әйелдерді емдеу үшін қолдануы мүмкін (ДД I-А);
- Лютеиндік фазада қабылданатын циклдік прогестиндер қан кетуді тиімді азайтпайды, тиісінше ауыр етеккір қан кетулерді емдеу ретінде қолданылмауы керек (ДД I-Е);
- ГнРГ даназол мен агонистері етеккір қан кетуді тиімді азайтуы мүмкін және медициналық немесе хирургиялық емдер сәтсіздікке ұшырағанда немесе қолдануға қарсылық болғанда, қолданылуы мүмкін. (ДД I-C). ГнРГ агонистерін 6 айдан ұзақ қолданған пациенттер қосымша қайтудың гормонды терапиясын, егер агонистерді қабылдау басталған сәттен бері тағайындалмаса ғана алуы керек.

 
2-кесте. Гормонсыз және гормонды гемостатикалық терапия
Дәрілер тобы Дәрілер атауы Дәрілерді қабылдау жөніндегі ұсыныстар
Гормонды дәрілер    
  ҚАК
  • этинилэстрадиол  30 ЖҚАг -диеногест 2 мг,
  • этинилэстрадиол   20 ЖҚАг -гестоден 75 мг,
  • этинилэстрадиол    20 ЖҚАг – дезогестрел 150 ЖҚАг,
әр ай сайын 21 күн ішінде күн сайын таблеткадан 7 күн үзіліспен немесе үздіксіз қабылдау
  Пластырь – дермальды гормонды жүйе Евра – циклдік немесе үздіксіз қолдану
  Контрацептивті сақина НоваРинг        циклдық немесе үздіксіз қолдану
  ЛНГ-ВМС Левоноргестрел бар гормонды жатыр ішіндегі жүйе 5 жылға енгізіледі
  Пероральды үздіксіз прогестерон Норэтистерон циклдің 5-нен 26-шы күндері аралығында күніне үш рет 5 мг
  Инъекциялық прогестерон 150 мг ДМПА ж/і 90 күнде 1 рет
  Даназол күніне 100-ден 400 мг-ге дейін ішке
  ГнРГ агонистері Лейпрорелин, Трипторелин б/і ай сайын, 3 айдан 6 айға дейін (6 айдан астам қабылдағанда кері гормонды терапия
Гормонсыз  дәрілер
  БСҚҚҚ Напроксен
Тәулігіне 500 мг 1-2 рет, Ибупрофен тәулігіне 600-1200 мг 1 рет ішке етеккірдің бірінші күні немесе ол басталғанға дейін бір күн бұрын 3-5 күн ішінде немесе етеккір тоқтағанға дейін

 
  Антифибринолитиктер Транексамды қышқыл етеккір кезінде пероральды тәулігіне 1 г 4 рет немесе күніне бір рет 4 г
 
Амбулаториялық деңгейде дәрі-дәрмекпен емдеу:
Негізі дәрілік құралдардың тізімі (қолдану мүмкіншілігі 100% ие):
Гестагендер:

- норэтистерон таблеткалар 5 мг;
- ДМПА 150мг/мл флакондар.


ҚОК:

- этинилэстрадиол 30 ЖҚАг - диеногест 2 мг, түйіршік;
- этинилэстрадиол 20 ЖҚАг - гестоден 75 мг; түйіршік;
- этинилэстрадиол 20 ЖҚАг - дезогестрел 150 ЖҚАг, таблеткалар;
- трансдермальды терапевттік жүйе;
- контрацептивті вагиналды сақина;


БСҚҚҚ:

- напроксен таблеткалар 0,25 мг және 0,5 мг;
- ибупрофен 5мг/мл 2 мл ампулалар; таблеткалар, 5 мг. 


Антифибринолитикалық дәрілер:

- транексамды қышқыл таблеткалар 250 мг, 500 мг


Қосымша дәрілік құралдардың тізімі (қолдану мүмкіншілігі 100%-дан төмен):

- ЛНГ-ВМС- 52 мг левоногестрел;
- лейпрорелин инъекцияға суспензияны дайындауға арналған ұнтақ 3,75мг флакондар;
- трипторелин лиофилизат инъекцияға суспензияны дайындауға арналған 3,75 мг флакондар;
- даназол капсулалар 100 мг 200 мг.
- Темір дәрілері:

темір (II) сульфат құрғақ + аскорбинді қышқыл таблетка, 320 мг/60мг темір (II) сульфаты гептагидрат + аскорбинді қышқыл сироп, 100 мл
темір сульфаты тамшылар, 25 мл, флакондар.
 
Стационарлық деңгейде дәрі-дәрмекпен емдеу:
Негізгі дәрілік құралдардың тізімі (қолдану мүмкіншілігі 100%):
Гестагендер:

- норэтистерон таблетка 5 мг;
- ДМПА 150мг/мл флаконы.


ҚАК:

- этинилэстрадиол 30 ЖҚАг - диеногест 2 мг, түйіршік;
- этинилэстрадиол 20 ЖҚАг - гестоден 75 мг, түйіршік;
- этинилэстрадиол 20 ЖҚАг - дезогестрел 150 ЖҚАг, таблеткалар;
- трансдермалды терапевттік жүйе;
- контрацептивті вагиналды сақина.


БСҚҚҚ:

- напроксен таблеткалар 0,25 мг және 0,5 мг;
- ибупрофен 5мг/мл 2 мл, ампулалар; таблетка, 5 мг


Антифибринолитик дәрілер

- транекамды қышқыл таблеткалар 250 мг, 500 мг; 50 мг/мл 5 мл ампулалар.


Темір дәрілері:

- Темір (II) сульфаты құрғақ + аскорбинді қышқыл таблетка, 320 мг/60мг
- Темір (II) сульфаты гептагидрат + аскорбинді қышқыл сироп, 100 мл
- темір сульфаты тамшылар, 25 мл, флакондар.


Коллоидты  және кристаллды ерітінділер (жалпы көлемі 1500-2000 мл-ге дейін):

- натрий хлорид ерітіндісі 0,9%;
- натрий хлориді, натрий ацетат ерітіндісі;
- натрий хлориді, натрий гидрокарбонаты, калий хлорид ерітіндісі.
- натрий хлориді, натрий ацетат тригидраты, калий хлорид ерітіндісі;
- Рингер Локк ерітіндісі;
- глюкоза ерітіндісі 5%.

 
Қосымша дәрілік құралдардың тізімі (қолдану мүмкіншілігі 100%-дан аз):

- гемотрансфузия (көрсеткіштерге сәйкес).


Жедел шұғыл жәрдем кезінде дәрі-дәрмекпен емдеу:
Коллоидты және кристаллды ерітінділер инфузиясы жалпы көлемі 1500-2000 мл  дейін (қатты қан кету кезінде):

- натрий хлорид ерітіндісі 0,9%;
- Рингера Локк ерітіндісі;
- Декстроза ерітіндісі 5%.


Емдеудің басқа түрлері - жүргізілмейді.

Хирургиялық араласу:

Амбулаториялық жағдайларда хирургиялық араласу  - жүргізілмейді.
 
Стационарлық жағдайларда хирургиялық араласу:
НЖҚ емдеудің хирургиялық әдістері:

- жатырдың қуысын (шырышты) қырнау;
- полипэктомия -  гистероскоп көмегімен жатыр түймешігін жою;
- гистерорезектоскопия;
- эндометрий аблациясы.


НЖҚ бар әйелдердегі хирургиялық емдеуге көрсетімдер:

- дәрі терапиясының тиімсіздігі;
- дәрілік терапияның қолданудың мүмкін еместігі (жанама әсерлердің, қарама-қайшылықтардың болуы себепті);
- айқын қаназдық;
- жатыр жанама патологиясы (үлкен көлемдегі жатыр миомасы, эндометрий гиперплазиясы).


PALM-COEIN біліктілік жүйесі бойынша хирургиялық емдеудің ұсынылатын көлемі:

- полипэктомия: НЖҚ - Р (көрсетім: түймешіктер);
- гистерорезектоскопия: (көрсетімдер: НЖҚ - L - етеккірдің  0,1,2 түрлерінде лейомиома (ДД I-2, B);
- жатыр артериясының эмболизациясы (көрсетімдер: НЖҚ - 2 - 7 түрдегі L лейомиома (ДД I-2, B);
- эндометрий аблациясы (көрсетім: НЖҚ - L (ДД I-2, B);
- гистерэктомия (көрсетім: эндометрийдің гистологиялық расталған обасы (ДД I,A).


Емдеу тиімділігі мен диагностикалау және емдеу әдістерінің қауіпсіздік индикаторлары:

- қан кетуді тоқтату;
- бір жыл ішінде қан кетудің қайталанбауы.

Госпитализация


Госпитальдау түрі көрсетілген госпитальдауға арналған көрсетімдер  (жоспарлы, шұғыл):

Шұғыл госпитальдауға арналған көрсетімдер:

- қанды хирургиялық жолмен тоқтатуға арналған күрделі НЖҚ.
 
Жоспарлы госпитальдауға арналған көрсетімдер:
- жылауықтар, гиперплазия, аденомиоз, субмукозды жатыр миомасы (жатыр қуысын  гистероскопиялау мен қырып тазалау ары қарай биоптатты гистологиялық зерттеу мақсатында);
- жедел араласу (хирургиялық емдеу) – жатыр миомасы, эндометрий гиперплазиясы.

Профилактика


Профилактикалық іс-шаралар:
 
Әрі қарай жүргізу:
- акушер-гинекологқа 6 айда бір рет қаралу.
 - УДЗ тексеру 6-12 айда.

Ұзақ гормонды терапияда қан кетудің қайталану профилактикасы мақсатында жүргізу (қан кету себебіне байланысты).

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Протоколы заседаний Экспертной комиссии по вопросам развития здравоохранения МЗ РК, 2013
    1. 1) Вихляева Е.М. Руководство по эндокринной гинекологии- М.2002 2) Fraser I.S.. Crichley H.O. Murno MG, Broder M. Can weachive international agreement on terminologies and definitions used to desribe abnormalitig of menstrual bluding Hum reprod. 2007, 22; 635-43. 3) Munro MG, Critchley HOD , Broder MS, Frasere IS.; for the FIGO Working Group on Menstrual Disorders. FIGO classification system (PALM-COEIN) for causes of abnormal uterine bleeding in nongravid women of reproductive age Intern J Gynecol Obstet 113 (2011) 3-13 4) Kouides PA, et al.. Hemostasis and menstruation: appropriate investigation for underlying disorders of hemostasis in women with excessive menstrual bleeding. Fertil Steril 2005;84(5):1345-51. 5) Cochrane Database Syst Rev. 2013 Aug 30;8:CD001501. doi: 10.1002/14651858.CD001501.pub4. Endometrial resection and ablation techniques for heavy menstrual bleeding. Lethaby A, Penninx J, Hickey M, Garry R, Marjoribanks J. 6) Abnormal Uterine Bleeding and Abnormalities of Menstruation. Obstetrics&Gynecology. Sadhana Gupta, 2011, p 137-147. 7) Hall P, MacLachlan N, Thorn N, Nudd MWE, Taylor GG, Garrioch DB Control of menorrhagia by the cyclo-oxygenase inhibitors naproxen sodium and mefenamic acid. BJOG 1987; 94: 554-8. 8) Lindoff C, Rybo G, Astedt B Treatment with tranexamic acid during pregnancy, and the risk of thromboembolic complications. Thromb Haemost 1993; 70; 238-400 9) Rybo G Tranexamic acid therapy: effective treatment in heavy menstrual bleeding. Clinical update on safety. Ther Adv 1991; 4: 1-8. 10) Sundstrom A, Seaman H, Kieler H, Alfredsson L The risk of venous thromboembolism associated with the use of tranexamic acid and other drugs used to treat menorrhagia; a case-control study using the General Practice Research Database. BJOG 2009; 116: 91-7. 11) Davis A, Godwin A, Lippman J, Olson W, Kafrissen M Triphasic norgestimate-ethinyl estradiol for treating dysfunctional uterine bleeding. Obstet Gynecol 2000; 96: 913-20. 12) Fraser IS, McCarron G Randomized trial of 2 hormonal and 2 prostaglandin-inhibiting agents in women with a complaint of menorrhagia. Aust N Z J Obstet Gynaecol 1991; 31: 66-70. 13) Lethaby A, Hickey M, Garry R, Penninx J Endometrial resection/ablation techniques for heavy menstrual bleeding. Cochrane Database Syst Rev 2009; 4: CD001501.

Ақпарат

Әзірлеушілер тізімі
  1. Досжанова Әйгерім Ұмжаберқызы - м.ғ.д., профессор, «Астана медицина университеті» АҚ «Акушерия және гинекология интернатурасы» кафедрасының  меңгерушісі.
  2. Төлетова Айнұр Серікбайқызы – бірінші санатты дәрігер, Phd доктор, «Астана медицина университеті» АҚ.
  3. Құдайбергенова Махира Сейдуәліқызы – «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ клиникалық фармаколог-дәрігері.

Қазықтаулы файлдар

Мобильное приложение "Doctor.kz"

Ищете врача или клинику? "Doctor.kz" поможет!

Бесплатное мобильное приложение "Doctor.kz" поможет вам найти: где принимает нужный врач, где пройти обследование, где сдать анализы, где купить лекарства. Самая полная база клиник, специалистов и аптек по всем городам Казахстана.


Запишитесь на прием через приложение! Быстро и удобно в любое время дня.


Скачать: Google Play Market | AppStore

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement, не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement является исключительно информационно-справочным ресурсом. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх