Етеккір реттілігі бұзылмаған жағдайда етеккірдің жиі және мол болып келуі

H-O-018

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Обильные и частые менструации при регулярном цикле (N92.0)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы:

Көп көлемді (ұзақ мерзімді) етеккір - жүйелі аралықта пайда болатын, жатырдан көп көлемде қан кету.


Хаттама код: H-O-018 "Етеккір реттілігі бұзылмаған жағдайда етеккірдің жиі және мол болып келуі"
Акушерлік-гинекологиялық саладағы стационарлар үшін
АХЖ-10 бойынша код: N92.0 Тұрақты етеккір цикліндегі етеккірдің мол және жиі келуі 

Жіктемесі


Жіктемесі

Жасы бойынша:
- ДМК кәмлетке жетпеген жаста;
- ДМК репродуктивтік жаста;
- ДМК климактериялық.

Типі бойынша:
1 Овуляторлық қан кету.
2 Ановуляторлық қан кету.

Диагностикасы


Диагностика критерилері

Шағымдар мен анамнез
Жыныс жолдарынан көп көлемде етеккір келуі. Гигиеналық пакеттерді қолдануды екі есе көбейту (тәулігіне 6- дан артық).
Анамнезінде кіші жамбас мүшелерінің қабынуы аурулары (сальпингоофорит, эндометрит), жатыр мойны полиптері, жатыр денесі, ана безі ісінуі, эндокриндік жүйенің ауыруы, қан ауыруы , кәмлетке жетпеген жаста қан кету , гипотиреоз, қант диабеті, семіздік, бауыр циррозі, жүрек-қан тамыр жүйесінің ауыруы , антикоагулянттармен емдеу, жатыр ішілік спираль.

Физикальдық тексерулер
Әлсіздік, бас айналу, шаршағыштық, терінің қуқыл тартуы. Гинекологиялық тексеруге - іншекті бимануальдық тексеру жатады.

Инструменталдық зерттеулер:
1. Кіші жамбас мүшелерінің УДЗ-і.
2. Гистероскопия.

Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер:
Қан аздықта, бауыр ауырғанда және ССС - терапевтің консультациясы,қан ауруында - гематолог, эндокринопатия кезінде - эндокринолог.

Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. ЭКГ.
2. Қанның жалпы анализі.
3. Зәрдің жалпы анализі.
4. Қаның биохимиялық анализі - жалпы белок, глюкоза, электролиттер, зәр, қалдық азот.
5. Коагулограмма.
6. Гормондар (ФСГ, ЛГ, пролактин, эстрадиол, прогестерон) деңгейін анықтау.
7. Терапевтің тексеруі.
8. Гистероскопия.
9. Жатыр мойнынан алынған жағындыны цитологиялық зертеу.

Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
1. Цервикальдық өзектің ішіндегіге баксебінді (көрсеткіш бойынша).
2. Гемостазиограмма.
3. Генитальдық инфекцияның ПЦР анализі.
4. Эндокринолог, гематологтің консультациясы.
5. Қалқанша без гормондарының (Т3, Т4, ТТГ, ТТГ-ге антитела) деңгейін анықтау.
6. Қалқанша без УДЗ-і.
7. В,С вирусті гепатитіне қан тексерту.
8. Түрік ертоқымына рентгенография.
9. Анестезиолог консультациясы.

Лабораторлық зерттеулер


Лабораторлық зерттеулер:
1. Қандағы Нb деңгейін түсіру, анизоцитоз, пойкилоцитоз.
2. Гормондар (ФСГ, ЛГ, пролактин, эстрадиол, прогестерон) деңгейін анықтау.

Дифференциалды диагноз


Симптомдары Нозологиялық форма
Өз еркінен болған түсік Органикалық  патологияға байланысты
қан кету
Эктопикалық
жүктілік
Көп көлемді етеккір
Етеккірдің келмеуі   + +/- + -
Жыныс жолдарынан қанды сұйықтық ағу + + + +
Бимануальдық тексерулер кезінде жатыр көлемінің ұлғаюы + +/- +/- -
Кіші жамбас мүшелерінің УДЗ-і Іштегі нәресте жұмыртқасының элементтері Жатыр миомасы, аденомиоз, ана безі кистасы Қосалқы маңайындағы байланулар Патологиясыз

 

Емдеу тактикасы


Емдеу тактикасы

Емдеу мақсаты
Жіктеуді және жас мөлшері факторын, этиологисын есепке ала отырып, дер кезінде ЕЦБ диагностикасын жасау; асқынуды айқындау (екіншілік анемия, бедеулік және т.б.).
ЕЦБ органикалық генезін шығарып тастау қажет, содан соң науқастың зақымдану деңгейін анықтау мақсатында гормональдық статусын зерттеу керек. Онымен қатар симптоматикалық терапия, гормональдық гемостаз жүргізіледі (А). Қабыну белгілері бар болса, инфекциялық зақымдануды есепке алмау крек. Жатыр қуысында ЖІС болса - алып тастау қажет.
Консервативтік терапиядан нәтиже болмаса, ауыру рецидивінде гистологиялық зерттеулермен жатыр сілемейлі қабығын емдеу-диагностикалық қыруды жүргізу көрсетілген (C).
Перименопаузада қан кету кезінде - жатыр сілемейлі қабығын алып тастау керек (A).

Жатыр қуысын қыру көрсетімдері:
- етеккірден тыс қан шығуда қан кету созылса;
- жасы 35 тен асқан әйелдерге;
- жасы 35 тен жас әйелдерге консервативтік терапия 3 тәулікке дейін нәтижесіз болса.

Дәрі-дәрмексіз ем
Диета, белоктар мен витаминдерге бай, үгітілген тағамды жиі пайдалану. Физикалық белсенділікті шектеу (демалу уақытын көбейту).
Физиоем: эндоназальдық электрофорез с Ca++, Щербак бойынша жаға.
Фитотерапия (қалақай, пастушьей сумки қайнатпасы)

Дәрі-дәрмектік ем
Этамзилат 250 мг х 2 -3 күн ішінде аптасына 2- 3 рет.
СЕҚҚП (ацетилсалицил емес қышқыл), мефенамдық қышқыл, напроксен, толфенаминдық қышқыл, ибупрофен.
Комбинирленген пероральдық контрацептивтар (регулон, новинет) және терапевтік трансдермальдық жүйе(контрацептивтік пластырь).
Эстрогенамдармен гормональдық комбинирленген терапия (мысалы, эстрадиолом 1 мг мөлшерінде) және прогестином 7-10 күн ішінде дисфункциональдық қан кетуді тоқтатады, бірақ, органикалық себептерден болған қан кетуге бұл ем нәтежие бермейді. Гормональдық препараттарды қабылдауды тоқтатқаннан кейін «кровотечение отмены» пайда болады, бұл туралы науқасқа алдын ала ескерту керек.
Емдеу прогестиндерді оралымдық қабылдаумен жалғасады (норэтистерон 5 мг-нан х тәулігіне 3 рет; линестрол 10 мг-нан х тәулігіне 2 рет) оралымдық тәртіпте етеккір оралымының 15-нен 25 дейінгі күндері.
Менадиона натрия бисульфид 0,0015 мг х күніне 3 рет , 3-5 күн.
Окситоцин 5 БІР б/і х күніне 2-3 рет, 3-5 күн.
3 күнге дейін нәтиже бермесе және бір қалыпты қанды сұйықтықта, эндометрия гиперплазиясында - этинилэтрадиол кесте бойынша 30 мкг + дезогестрел 150 мкг.

Әрі қарай бақылау:
1. Әйелдер консультациясында бақылау.
2. Симптоматикалық терапия.
3. Гормональдық терапия.

Негізгі дәрі-дәрмектер тізімі:
1. Ибупрофен 400-600 мг тәулігіне
2. Этамзилат 500 - 750 мг тәулігіне
3. Норэтистерон 15 мг тәулігіне
4. Окситоцин 10 БІРЛІК тәулігіне
5. Этинилэтрадиол 30 мкг +дезогестрел 150 мкг
6. *Моногидрат сульфат темірі 325-650 мг тәулігіне

Қосымша дәрі-дәрмектер тізімі:
1. Дофамина рецепторларының агонистері.
2. Дидрогестерон.
3. Дексаметазон.
4. Терапевтикалық трансдермальдық жүйе (контрацептивтік пластырь).

Ем тиімділігінің индикаторы:
1. Қан кетудің тоқтауы.
2. Етеккір оралымының қалыпқа келуі.

* - Негізгі (өмірге маңызды) дәрілік заттар тізіміне кіретін препараттар 

Ауруханаға жатқызу


Госпитализациялау үшін көрсетімдер: жоспарлы және шұғыл.

Госпитализациялауға дейін тексеру:
1.Қанның жалпы анализі.
2.Зәрдің жалпы анализі.
3.Қан тобы мен резус факторды анықтау.
4.Жатыр УДЗ-і.
5.ВИЧ, мерезді тексеруге қан тапсыру.
6.Тазалық дәрежесіне жағынды алу.

Алдын алуы


Профилактикалық шаралар (асқыну профилактикасы):
1. Инфекциялық асқынулар профилактикасы.
2. Рецидивтер профилактикасы.
3. Репродуктивтік қызметін сақтау.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған әдебиеттер: The J.Hopkins Manual of Gynecology and Obstetrics// Ed. By N.Lambrou, A. Morse, E. Wallach, 1999. PRODIGY Guidance - Menorrhagia Last revised in July 2005 Am Fam Physician. 2005 Jan 15;71(2):285-91. Dysmenorrhea. French L. Department of Family Practice, Michigan State University, College of Human Medicine. RCOG (1998) The initial management of menorrhagia. Evidence-based clinical guidelines no.1. Royal College of Obstetricians and Gynaecologists. www.rcog.org.uk [Accessed: 06/09/2006]. RCOG (1999) The management of menorrhagia in secondary care. Evidence-based clinical guidelines No. 5. Royal College of Obstetricians & Gynaecologists. www.rcog.org.uk [Accessed: 15/06/2004].

Ақпарат


Әзірлеушілер тізімі:
Султанова Ж.У., м.ғ.к., Ана мен бала денсаулығын қорғау республикалық ғылыми-зерттеу орталығы оперативті гинекология бөлімшесінің жетекші маманы.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх