Етеккір оралымының бұзылуы
P-O-013
Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)
Нерегулярные менструации неуточненные (N92.6)
Анықтамасы
Анықтамасы
Анықтамасы:
Етеккір оралымының бұзылыстары (НМЦ) – етеккір қызметінің органикалық жəне функциялық генездегі əр түрлі білінетін ауытқуларын біріктіреді.
Хаттама коды: P-O-013 "Етеккір оралымының бұзылуы"
Акушерлік-гинекологиялық саладағы поликлиникалар үшін.
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):
N 91. Етеккірдің келмеуі, өте аз жəне сирек етеккір.
N 92. Мол, жиі жəне ретсіз етеккір
Жіктемесі
Жіктемесі
Ағым варианттарына қарай:
1. Аменорея:
- бастапқы (0,1 – 2,5%) 16 жаста қалыпты өсуі мен қосымша жыныстық белгілерінің болуында етеккірдің келмеуі.
- екінші реттегі (1 –5% ) – етеккірі бұрын келген əйелдерде етеккірдің 6 ай жəне одан да ұзақ уақыт болмауы.
2. Гипоменструалдық синдром:
- гипоменоррея – əлсіз етеккір;
- опсоменоррея - сирек келетін етеккір;
- олигоменоррея – аз уақыт (қысқа) етеккір.
3. Альгодисменоррея – етеккірдің ауырсындырып келуі;
4. Дисфункциялық жатырлық қан кетулер (ДЖҚК-ДМК) – жыныс мүшелерінің органикалық өзгерістерімен де, қанның жүйелі ауруларымен де байланысты емес қан кетулер: жасөспірімдік (ДЖҚК-ДМК); босану жасындағы (ДЖҚК-ДМК); климакстық (ДЖҚК-ДМК).
Қауіп-қатерлі факторлар
Қауіп-қатерлі факторлар: көрсетілмеген.
Диагностикасы
Диагностика критерилері
Шағымдар мен анамнез: Мол, жиі, сирек, өте əлсіз, ауырулы етеккір.
Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер: қосарланған патологияларға байланысты.
Дифференциалды диагноз: жоқ
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Қанның жалпы анализі (6 параметр).
2. Коагулограмма 1 (протромбиндік уақыт, фириноген, тромбиндік уақыт, ачтв, плазманың фибринолитиндік белсенділігі, гематокрит).
3. Жатырды УДЗ.
4. ИФА – хориондық гонадотропин.
5. ИФА - тестостерон.
6. ИФА – фолликуланы ынталандыратын гормон.
7. ИФА – лютеиндеуші гормон.
Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
1. Түрік ершігінің рентгенографиясы – 1 проекциясы.
2. Жағындыні гонореяға, трихомониазға жəне ашытқы саңырауқұлақшаларға тексеру.
3. Гематолог консультациясы.
Емдеу тактикасы
Емдеу тактикасы
Ем мақсаты: жіктемесін жəне жас ықпалы мен этиологиясын ескере отырып, ЕОБ (НМЦ) дер кезінде анықтау; асқынуларын ашу (салдарлық қан аздық, бедеулік т.б.); консервативті гемостатикалық ем жүргізу.
Дəрі-дəрмексіз ем
ЕОБ органикалық генезін жоққа шығару, сонан соң зақымдану деңгейін анықтау мақсатымен қаралушының гормондық статусын тексеру қажет. Мұнымен қатар
симптомдық (əйгіленімдік ) ем жүргізіледі. Консервативтік ем əсер етпесе, ауру қайталанса – эндометрияны гистологиялық тексеруге емдік - диагностикалық қырнау үшін гинекологиялық стационарға жатқызу ұсынылады.
Дəрі-дəрмектік ем
Этамзилат күніне 2 рет бұлшық етке, 3-5 күн, натрий менадионы бисульфиті 0,0015мг күніне 3 рет, 3-5 күн,окситоцин 5ЕД 2-3 реттен 3-5 күн. 3 күнде əсер болмаса жəне шамалы қаншымақ бөлінсе, эндометрияның гиперплазиясында – этинилэтрадиол+ норгестрел сызба бойынша. Етеккір оралымы түріне қарай қосымша бромокриптин, дексаметазон, дидрогестерон.
Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:
Ем тиімділігінің индикаторлары:
Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1. Этамзилат 12,5% амп, 2мл.
2. Натрий менадионы бисульфиті 1% егуге арналған сұйықты қ - 1мл.амп.
3. *Окситоцин 5ЕД егуге арналған сұйықтық, амп.
Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:
1. *Бромокриптин 2,5мг, табл
2. *Дексаметазон 0,5,1,5 мг. табл.
3.* Дидрогестерон 10 мг,табл
Ем тиімділігінің индикаторлары:
жіктемесін жəне жас ықпалы мен этиологиясын ескере отырып, ЕОБ (НМЦ) дер кезінде
анықтау; асқынуларын ашу (салдарлық қан аздық, бедеулік т.б.); консервативті гемостатикалық ем жүргізу.
Алдын алуы
Біріншілік профилактика: ауру дамуына əсер ететін қауіп-қатерлі факторларды жою бойынша профилактикалық шаралар.
Ақпарат
Пайдаланған әдебиеттің тізбесі
-
Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
- Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1. The J.Hopkins Manual of Gynecology and Obstetrics// Ed. By N.Lambrou, A. Morse, E. Wallach, 1999. 2. PRODIGY Guidance – Menorrhagia Last revised in July 2005 3. Am Fam Physician. 2005 Jan 15;71(2):285-91. Dysmenorrhea. French L. Department of Family Practice, Michigan State University, College of Human Medicine.
Ақпарат
Əзірлеушілер тізімі: Сұлтанова Ж.У. м.ғ.к., Ана мен баланы қорғау Республикалық Ғылыми-зерттеу институтының жетекші ғылыми қызметкері
Қазықтаулы файлдар
Назар аударыңыз!
- Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.
- Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.
- Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.
- Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.
- Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.