Етеккір келер алдындағы қысылу синдромы
Версия: ҚР ДСМ клиникалық хаттамалар - 2014 (Қазақстан)
Анықтамасы
Анықтамасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Денсаулық сақтауды дамыту мәселелері жөніндегі сараптау комиссиясының
2014 жылғы «4» шілдедегі № 10 хаттамасымен бекітілген
Етеккір келер алдындағы қысылу синдромы (етеккір келер алдындағы синдром - ЕАС) – бұл етеккір күндері алдында туындайтын (етеккір циклының екінші фазасында) және нейропсихикалық, вегатативті-қантамырлы және эндокриндік алмасу түрінде көрініс табатын симптомдар кешені.
ХАЖ-10 кодтары:
N94.3 Етеккір келер алдындағы қысылу синдромы
Хаттамада пайдаланатын қысқартулар:
RW - Вассерман реакциясы
АлАТ- аланинаминотрансфераза
АсАТ- аспартатаминотрансфераза
БІТУ- белсенді ішінара тромбопластиналық уақыт
АИТВ – адамның иммунитет тапшылығы вирусы
ДСИ – дене салмағының индексі
ИФТ – иммуннофлюресцентті тәсіл
ЛГ – лютеинделген гормон
ДҚ – дәрілік құралдар
ХҚҚ – халықаралық қалыпты қатынас
МРТ - магнитті-резонансты томография
ЕЦ – етеккір циклі
ПУ – протромбиндік уақыт
ЕАДБ – етеккір алдындағы дистрофикалық бұзылу
ЕАС – етеккір алдындағы синдром
ПТР – полимерлі тізбекті реакция
ДД – дәлелділік деңгейі
УДЗ – ультрадыбыстық зерттеу
ФЫГ –фолликулынталандырушы гормон
ЭКГ - электрокардиграмма
ЭЭГ - электроэнцефалография
Хаттаманы әзірлеу күні: 2014жыл.
Пациенттер санаты: жасөспірім қыздар және етеккір алдындағы синдромы бар әйелдер.
Хаттаманы пайдаланушылар: акушер-гинекологтар, терапевтер, жалпы тәжірибиеде дәрігерлері, фельдшерлер, жедел медициналық көмек дәрігері.
Ұсыныстардың дәлелділігін бағалауға арналған Канаданың Профилактикалық денсаулық сақтау нысаналы тобымен (Canadian Task Force on Preventive Health Care) әзірленген*

Автоматизация клиники: быстро и недорого!
- Подключено 300 клиник из 4 стран
- 800 RUB / 5500 KZT / 27 BYN - 1 рабочее место в месяц
+7 938 489 44 83 / +7 707 707 07 16 /
Автоматизация клиники: быстро и недорого!
- Подключено 300 клиник из 4 стран
- 1 место - 800 RUB / 5500 KZT / 27 BYN в месяц
Жіктемесі
Клиникалық жіктелуі [1,2]:
ЕАС – ЕЦ лютеиндік фазасында көрініс табатын, әр түрлі психопатологиялық, вегето-қантамырлы және эндокриндік алмасуларды сипаттайтын мыналарға байланысты күрделі симптомдар кешені:
-тұрақты етеккірі бар әйелдердегі циклдың лютеинделген фазасымен;
-ЕЦ бұзылулар бар әйелдерде;
-гистерэктомиядан кейінгі әйелдерге;
-пубертатты кезеңдегі жасөспірімдерге;
-перименопаузадағы әйелдерге байланысты.
Клиникалық симптомдардың ерекшеліктеріне және етеккір алдындағы бұзылудың көрінісіне байланысты ЕАС жіктеу:
-етеккір келер алдындағы симптомдар;
-етеккір келер алдындағы синдромның өзі;
-етеккір келер алдындағы дистрофиялық бұзылулар;
Етеккір келер алдындағы магнификация – етеккір келер алдындағы кезеңдегі соматикалық аурулардың қосарласуы немесе асқынуы (ЕАС атипті пішіндері):
-вегето-дизовариалды миокардиодистрофия;
-гипертермикалық офтальмоплегиялық бас «сақинасы» ауруы;
-циклдық «аллергиялық» реакциялар (жаралы гингивит, стоматит, дерматит, бронхиалды астма, иридоциклит);
-гипертермикалық (ағзада асқыну үдерістерінің белгілері болмай дене температурасының 37,2-38С-қа дейін циклдық көтерілуі );
-гиперсомникалық (циклдік күндізгі ұйқышылдық);
-тері көріністері: тұрпайы безеулер, тері майлылығының өзгеруі, көбірек терлеу, есекжем, қышу, таңылтақтардың көбейіп кетуі. Сүйектердің, бұлшықеттердің, -буындардың ауыруы, люмбалгия, бұлшықет күшінің азаюы;
-жаралы гингивит, стоматит және басқа гастро-интестинальды көріністер (тәбеттің өзгеруі (анорексия, булимия), дәмді тұтынудың өзгеруі, құсу, жүрек айну, метеоризм);
-циклдік иридоциклит (нұрқабықтықты дененің сыртқы бөлігінің және цилиарлы дененің қабынуы).
Ауырлық деңгейі бойынша ЕАС жіктеу:
-жеңіл формасы – маңызды көрініс табатын етеккірге қарсы 2-10 күн қалғандағы 3-4 симптомның пайда болуы;
-ауыр формасы –3-14 күн қалғандағы 5-12 симптомның пайда болуы, олардың ішінде олардың 2-5 маңызды көрініс табады.
Диагностикасы
Диагностикалық іс-шаралардың негізгі және қосымша тізімі:
Амбулаториялық деңгейде өткізілетін негізгі диагностикалық іс-шаралар:
-аурудың шағымдары мен анамнезін жинау;
-физикалды тексеру;
-қан гормондарын (пролактин, эстрадиол, прогестерон) ИФТ әдісімен анықтау:
пролактинді, эстрадиолды, прогестеронды – фолликулярлы фазада (циклдің 7-8 күндері) және лютеинді фазада (ЕЦ 21 -23 күндері. Тексерудің толық көлемін орындау мүмкін болмағанда оны ЕЦ 2-фазасында (ЕЦ 21-23 күндері) немесе ЕАС клиникалық симптомдары манифестациялау сәтінде жүргізу орынды (ДД ШС) [1];
-кіші жамбас ағзаларының УДЗ.
Амбулаториялық деңгейде жүргізілетін қосымша диагностикалық тексерулер:
-антропометриялық зерттеулер (ДСИ бағалауы);
-тәуліктік диурез (ісінуде);
-ЭКГ (ЕАС криз болса);
-ЭЭГ (бас ауруларында);
-бас миының МРТ (бас ауруларында);
-аналық бездің УДЗ (аналық сүт безінде аналық бездің патологиясын анықтау кезіндегі ЕЦ бірінші фазасында (циклдің 7-11 күндері);
-офтальмоскопия (ЕАС цефалгиялық формасында).
Амбулаториялық деңгейде жүргізілетін қосымша диагностикалық зерттеулер (көрсетімдер бойынша):
-ҚЖТ;
-НЖТ;
-коагулограмма (ПВ, фибриноген, БІТУ, ХҚҚ);
-қанды биохимиялық талдау (жалпы ақуыз, АлАТ, АсАТ, глюкоза, билирубин,);
-АВО цоликлон жүйесі бойынша қан тобын анықтау;
-қанның резус-факторын анықтау;
-қан сарысуындағы Вассерман реакциясы;
-ИФТ әдісі бойынша қан сарысуындағы АИТВ р24 антигенін анықтау;
-ИФТ әдісі бойынша қан сарысуындағы В гепатитінің HbeAg вирусын анықтау;
-ИФТ әдісі бойынша қан сарысуындағы С гепатиті вирусына жиынтық антиденелерді анықтау;
-гинекологиялық сүртіндінің тазалық деңгейін анықтау;
-кіші жамбас ағзаларына УДЗ;
-ЭКГ.
Стационарлық деңгейде жүргізілетін негізгі (міндетті) диагностикалық зерттеулер:
-ҚЖТ;-НЖТ;
-қан сарысуындағы Вассерман реакциясы;
-қан сарысуындаңы p24 АИТВ антигенін ИФА-әдісімен анықтау;
-ЭКГ (цефалгия және криз формаларында)
-аналық бездің функциялық ахуалын бағалау үшін кіші жамбас органдарының УДЗ.
Стационарлық деңгейде жүргізілетін қосымша диагностикалық зерттеулер:
-ЭЭГ (ЕАС цефалгия формасында);
-бас миының МРТ (ЕАС цефалгия формасында және пролактиннің үш есе және одан жоғары артуы).
Жедел шұғыл жәрдем көрсету кезеңінде жүргізілетін диагностикалық іс-шаралар:
-ЭКГ (цефалгия және криз формаларында).
Диагностикалық критерийлер:
Шағымдар: эмоциональды тұрақсыздық, мазасыздық, қозу, депрессия, жылауықтық, жабырқау, жадтың нашарлауы, шаршағыштық, әлсіздік, ұйқының бөлінуі, (ұйқысыздық/летаргия), қорқыныш/сағыныш сезімі, либидоның бұзылуы, дыбысқа, иіске аса сезімталдық, бас ауруы, бас айналу, қозғалысты бұзылуы, гиперестезия, кардиалгия/аритмия, демікпе ұстауларының жиілеуі/пайда болуы; вазомоторлы ринит құбылысы, көкіректің қысылу сезімі, өлімнен қорқу, аяқ-қолдың жансыздануы мен суықтауы, жүрек соғуының жиілеуі.
Анамнез: ЕАС кезінде жоғарыда аталған барлық симптомдар ЕЦ-нің лютеинделген фазасымен байланысты (етеккірге дейін 2-14 күн қалғанда пайда болады да, етеккірден кейін жойылады).
Өзін-өзі қадағалау тәсілін қолдану қажет – 2-3 ішінде пациенттің патологиялық көріністердің барлығы және қарқыны туралы белгілері бар күнделікті жүргізу. (ДД IA)[1].
Физикалды тексеру
Су-электролитті теңгерімнің бұзылуы (ісік пішінді):
-перифериялық ісінуде;
-дене салмағының артуы;
-масталгия;
-іштің кебуі;
-диурездің бұзылуы;
-жалпы қалыптағыдай тәулігіне 500-700 мл дейін сұйықтықтың тоқтауы.
АҚ (ЕАС криз формасында).
Аналық бездерді саусақпен басып көру (екінші фазада ЕАС кезінде аналық бездің үлкеюі) (ДД -IA)[2].
Зертханалық зерттеулер:
Қандағы гормондарды анықтау:
-циклдың екінші фазасында прогестерон деңгейін азаюы;
-қандағы пролактин деңгейін артуы (цефалгия және криз формасында);
-несептің үлестік салмағының өзгерісі
Аспаптық зерттеулер:
Кіші жамбастың УДЗ: циклдің 21-23 күндері лютеиндік фазаның жеткіліксіздік белгісінің болуы (фолликуланың кеш жетілуі, циклдың екінші фазасында эндометрийдің сәйкессіздігі);
ЭЭГ: етеккір цикліның екінші фазасында ми бағанасының ерекшелігі жоқ құрылымының үлкен жарты шеңберінің қабығында белсендендіру әсерінің күшеюі;
Офтальмоскопия: қан тамыры суретінің күшею белгілері;
Бас миының МРТ: қан тамыры суретінің күшею белгілері.
Мамандар кеңесін алуға көрсетімдер:
-невропатологтың кеңесі – кризді және цефалгия формаларында;
-психикалық ауруларды болдырмау үшін психиатрдың кеңесі;
-терапевтің кеңесі (криз формасында);
-маммолог кеңесі (сүт бездері ауырған кезде).
Дифференциалды диагноз
Сараланған диагноз:
1-кесте. Етеккір алдындағы бұзылулардың әр түрлі формаларынын саралап диагностикалау критерийлері
Етеккір алдындағы симптомдар | Етеккір алдындағы синдром (ЕАС өзі) | Етеккір алдындағы дистрофиялық бұзылулар (ЕАДБ) |
• сұйықтықтың денеде қалып қоюы; • перифериялық ісіктер; • дене салмағының өсуі; • тәбеттің артуы; • ашуланшықтық; • сүт бездерінің ісінуі . |
• ЕАДБ өлшемдерінің жоқтығы; • шамалы физиологиялық жайсыздық; • сұйықтықтың денеде ұзақ тұруы / ісінулер; • сүт бездерінің ісінуі; • дене салмағының өсуі; • назарды ұстаудың нашарлауы; |
11 симптомның ішінде 5 ЕАДБ өлшемінің бар болуы (оның ішінде алдыңғы 4 ішіндегі ең аз дегенде 1): • депрессивті ахуал; • мазасыздық • көңіл-күйдің өзгергіштігі; • агрессиялық; • ашуланшақтық; • өмірге қызығушылықтың төмендеуі; • шаршағыштық; • тәбеттің өзгеруі; • ұйқысыздық/ұйқыбастылық; • өзін-өзі басқарудың бұзылуы; Физикалды симптомдар: масталгия; буын аурулары; дене салмағының артуы. |
Емдеу тактикасы
Емдеу тәсілі:
Дәрі-дәрмексіз терапия: жүргізілмейді.
Дәрі-дәрмекпен емдеу:
№ | № ДҚ тағайындауға арналған көрсетімдер | ДҚ | |
Қанмен қамту, метаболизм және ОЖЖ функциялық ахуалын реттейтін дәрілер | |||
1 |
Гипоталамус-гипофиз-аналық без жүйесін тұрақтандыру мақсатында ЦНС алмасу үдерісі мен микроайналымды жақсарту Ноотропты әсер Психотропты әсер (седативті, анксиолитикті, тимолептикалық) Ұйқының қалыптануы |
Магний цитраты сусыз; Пиридоксин гидрохлорид – тәулігіне 3 рет 1-2 таблеткадан; Пирацетам 0,4-1,2г тәулігіне |
|
Вазобелсенді дәрілер | |||
2 |
Қан реологиясын қалыптандыру Қантамыры тонусын реттеу Ангиjпротекторлы әсер Ағзалар мен тіндерді қанмен жабдықтауды жақсарту Қайталама анальгетикалық әсер (ми тінінің гидрофильділігін азайту есебінен) |
Троксерутин тәулігіне 1 таблеткадан 3 рет; Пентоксифиллин 100,0-300,0 мг; Ницерголин 30,0-60,0 мг; Құрамында қаныққан май қышқылдары мен полидәрумендері бар дәрілер |
|
Нейромедиаторлық әсері бар дәрі-дәрмектер | |||
3 |
Дофаминергиялық әсер Пролактин өнімін қалыптандыру Серотонинергиялық әсер Психотроптық әсер |
Каберголин 0,25-0,5 мг аптасына екі рет ЕЦ 2-ші фазасында Бромокриптин 5,0-15,0 мг ЕЦ 2-ші фазасында; Флуоксетин 20,0 мг етеккірдің басталуына 4-10 күн қалғанда бір рет |
|
Метаболиялық дәрілер, иммунитет түзеткіштер мен адаптогендер | |||
4 |
Трофикалық үрдістерді жақсарту Тін және гуморальды иммунитетті түзету Ағзаның арнайы емес резистенттілігін арттыру |
Арналауына сәйкес В, Е, С, А тобы дәрумендері | |
Бейстероидты қабынуға қарсы дәрі-дәрмектер | |||
5 |
Антипростагландинді әсер Антиноцицепция Жүйке жүйесіндегі алмасуды қалыптандыру |
Нимесулид 100,0 мг тәулігіне екі рет ЕЦ 16-25 күн аралығында | |
Гормональдық дәрі-дәрмектер | |||
6 | Айқындалған гормональды гомеостаз бұзылуларына сәйкес әр жағдайда жеке тағайындалады | ||
Гестагендер | |||
7 | Прогестагенді, антиандрогенді, антиминералды кортикоидты әсерлі ОЖЖ-да нейростероидтер алмасуын қалыптандыру |
Дидрогестерон 10,0-20,0 мг ЕЦ 16-25 күндері аралығында Микронделген прогестерон 100,0-200, 0 мг ЕЦ 16-25 күндері аралығында |
|
Құрама оральды контрацептивтер | |||
8 | Овуляция кезеңі және, тиісінше, ЕЦ лютеинді фазасын жоққа шығару |
этинилэстрадиол - дроспиренон этинилэстрадиол - диеногест этинилэстрадиол - гестоден этинилэстрадиол - дезогестрел |
|
Допаминдік рецепторлардың агонистері | |||
3 |
Пролактин өнімін қалыптандыру Нейромедиаторлы әрекет |
Кабероглин ЕЦ 2-ші фазасында күніне 50 мг Бромокриптин 2,5-7,5 мг күніне |
|
Гн-РГ агонистері | |||
4 |
Гонадтағы стероидты гормондар өнімінің уақытша төмендеуі Гипофиз қызметінің бұзылуы |
Бусерелин 28 күні 1 рет 3,75 мг т/і немесе 1-3 айға 900,0 мкг спрей Трипторелин №1-3 28 күні 1 рет 3,75 мг т/і |
|
Амбулаториялық деңгейде дәрі-дәрмекпен емдеу;
Негізгі дәрілік заттардың тізімі (қолдану мүмкіндігі 100%):
-магний цитраты инъекцияға арналған сусыз ерітінді 25%, 5 мл, ампула;
-пиридоксиногидрохлорид, инъекцияға арналған ерітінді 5% 1 мл, таблетка 100 мг;
-пирацетам инъекцияға арналған ерітінді 20% 5мл;
-пентоксифиллин таблетка 100 мг, таблетка 600 мг, таблетка 5 мг;
-ницерголин, лиофилизат инъекция ерітіндісін дайындауға арналған, 4 мг флакон.
Қосымша дәрілік заттардың тізімі (қолдану мүмкіндігі 100% аз):
-каберголин таблеткада 0,5 мг;
-бромокриптин, таблеткада 2,5 мг;
-дидрогестерон; таблеткада 10 мг;
-микронделген прогестерон таблеткада 100 мг, 200 мг;
-этинилэстрадиол 30 мкг - дроспиренон 3 мг, таблеткада;
-этинилэстрадиол 30 мкг - диеногест 2 мг, түйіршік;
-этинилэстрадиол 20 мкг - гестоден 75 мг; түйіршік;
-этинилэстрадиол 20 мкг - дезогестрел 150 мкг, таблеткалар;
-трипторелин лиофилизат инъ екция суспензиясын әзірлеуге арналған 3,75 мг флакон.
Стационарлық деңгейде дәрімен емдеу
Негізгі дәрілік заттардың тізімі (қолдану мүмкіндігі 100%):
-магний цитраты инъекцияға арналған сусыз ерітінді 25%, 5 мл, ампула;
-пиридоксиногидрохлорид, инъекцияға арналған ерітінді 5% 1 мл, таблетка 100 мг;
-пирацетам, инъекцияға арналған ерітінді 20% 5мл;
-пентоксифиллин, таблетка 100 мг, таблетка 600 мг, таблеткада 5 мг
-ницерголин, лиофилизат инъекция ерітіндісін дайындауға арналған, 4 мг флаконда.
Қосымша дәрілік заттардың тізімі (қолдану мүмкіндігі 100% аз):
-каберголин таблеткалар 0,5 мг;
-бромокриптин 25 мг таблеткалар;
-дидрогестерон таблеткалар 10 мг;
-микронделген прогестерон 100 мг, 200 мг таблеткалар;
-этинилэстрадиол 30 мкг дроспиренон 3 мг, таблеткалар;
-этинилэстрадиол 30 мкг - диеногест 2 мг; түйіршік;
-этинилэстрадиол 20 мкг - гестоден 75 мг; түйіршік;
-этинилэстрадиол 20 мкг - дезогестрел 150 мкг, таблеткалар;
-трипторелин лиофилизат инъекция дайындауға арналған суспензия 3,75 мг.
Жедел шұғыл жәрдем кезеңінде дәрі-дәрмекпен емдеу: жүргізілмейді.
Емдеудің басқа түрлері: жүргізілмейді.
Хирургиялық араласу: жүргізілмейді.
Әрі қарай жүргізу:-тоқсанына 1 рет гинекологқа қаралу;
-кіші жамбас ағзаларына УДЗ 6 айда 1 рет (гормонды терапия тағайындау кезінде).
-терапияның тиімділігін қадағалау: пациенттің 3 етеккір циклі кезінде симптомдардың саны және олардың пайда болу уақыты туралы күнделік жүргізуі (етеккірге дейін қанша күн).
Емдеу тиімділігі мен диагностикалау және емдеу әдістерінің қауіпсіздік индикаторлары:
-жүргізілген терапиядан кейін бір жыл ішінде ЕАС қайталанбауы.
Ауруханаға жатқызу
Госпитальдау үшін госпитальдау түрімен нұсқалған көрсетімдер.
Жедел госпитальдау үшін көрсетімдер: жүргізілмейді.
Жоспарлы госпитальдау үшін көрсетімдер: етеккір алдындағы синдромның ауыр түрі.
Алдын алуы
Профилактикалық іс-шаралар (асқынулар профилактикасы, тәуекел факторларын көрсете отырып, ЕАСП деңгейіне арналған бастапқы профилактика).
-стрестік жағдайлар;
-нейроинфекциялар;
-асқынған босанулар мен түсіктер;
-әр түрлі жарақаттар мен оперативтік араласу.
Ерекшеліксіз профилактика:
-оральды контрацептивтерді тұрақты қабылдау (қарсы көрсетімдер болмаса);
-салауатты өмір салты (темекіден бас тарту, дене жаттығулары, тұрақты жыныстық өмір, стрестік жағдайларды болдырмау).
Ақпарат
Пайдаланған әдебиеттің тізбесі
-
Протоколы заседаний Экспертной комиссии по вопросам развития здравоохранения МЗ РК, 2014
- 1) Линде В.А., Татарова Н.А. Предменструальный синдром. СПб.: Гиппократ, 2005. С. 216. 2) Торчинов А.М., Барденштейн Л.М., Полухова Е.В., Фириченко В.И. Предменструальный синдром (вопросы патогенеза, клинической картины и лечения) // Гинекология. 2010. Т. 12. № 2. 3) Freeman E.W., Sammel M.D., Lin H. et al. Clinical subtypes of premenstrual syndrome and responses to sertraline treatment // Obstet. Gynecol. 2011. Vol.118(6). P. 1293-1300. 4) Nyberg S. How to determine symptom severity in premenstrual syndrome: a combination of daily symptom ratings and interviews // Sex. Reprod. Healthc. 2011.Vol.2(4). P. 161-168. 5) Van Die M.D., Burger H.G., Teede H.J., Bone K.M. Vitex agnus-castus extracts for female reproductive disorders: a systematic review of clinical trials // Planta Med. 2013. Vol. 79(7). P. 562-575. 6) Whelan A.M., Jurgens T.M., Naylor H. Herbs, vitamins and minerals in the treatment of premenstrual syndrome: a systematic review // Can. J. Clin. Pharmacol. 2009. Vol. 16(3). P. 407-429. 7) Wuttke W., Jarry H., Christoffel V. Chaste tree (Vitex agnus-castus)-pharmacology and clinical indications // Phytomedicine. 2003. Vol.10(4). P. 348-357. 8) Zukov I., Ptacek R., Raboch J. et al. Premenstrual dysphoric disorder -review of actual findings about mental disorders related to menstrual cycle and possibilities of their therapy // Prague Med. Rep. 2010. Vol. 111(1). P. 12-24. 9) SOGC. Primary dysmonerya - clinical guedline. 2005 Dec.
Ақпарат
Біліктілік деректері көрсетілген хаттаманы әзірлеушілер тізімі:
- Дощанова Әйгерім Мжаберқызы - м.ғ.д., профессор, «Астана медицина университеті» АҚ интернатура жөніндегі «Акушерия және гинекология» кафедрасының меңгерушісі, жоғары санатты дәрігер.
- Төлетова Айнұр Серікбайқызы – бірінші санатты дәрігер, PhD докторы, «Астана медицина университеті» АҚ.
- Малтабарова Нұрилә Аманғалиқызы - «Астана медицина университеті» АҚ «Жедел шұғыл медициналық көмек курсымен анестезиология- реаниматология» кафедрасының профессоры; Құдайбергенова Махира Сейдоллақызы – «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ клиникалық фармаколог-дәрігері.
Пікір иесі: Рыжкова Светлана Николаевна – жоғары санатты дәрігер, м.ғ.д. профессор, «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық университеті» РМКК дәрігерлерді жетілдіру факультетінің акушерия және гинекология курсының меңгерушісі.
Қазықтаулы файлдар
Назар аударыңыз!
- Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.
- Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.
- Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.
- Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.
- Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.