Войти

Ересектер конъюнктивиті

P-S-014

РЦРЗ (Республиканский центр развития здравоохранения МЗ РК)
Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Конъюнктивит неуточненный (H10.9)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы

Конъюнктивит
– конъюнктиваның түрлі əсерлерге шырыштық 
қабықтың гиперемиясы мен ісінуімен, қабақтардың ісініп, қышуымен сипатталатын қабынулық реакциясы. Кейде ол қасаң қабықтың зақымдалуына асқынып, көру қызметінің төмендеуіне алып келеді. Конъюнктивиттер көз ауруларының 30% құрайды. Балаларда көбінесе бактериялық конъюнктивиттер кездеседі.

 
Хаттама коды: P-S-014 "Ересектер конъюнктивиті"
Хирургия саладағы поликлиникалар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары): H10 Конъюнктивит.
Мобильное приложение "MedElement"

- Профессиональные медицинские справочники. Стандарты лечения 

- Коммуникация с пациентами: онлайн-консультация, отзывы, запись на прием

Скачать приложение для ANDROID / для iOS

Мобильное приложение "MedElement"

- Профессиональные медицинские справочники

- Коммуникация с пациентами: онлайн-консультация, отзывы, запись на прием

Скачать приложение для ANDROID / для iOS

Жіктемесі


Жіктемесі

1. Ағымы бойынша:
- жедел;
- созылмалы.

 
2. Этиологиясы бойынша:
- бактериялық;
- вирустық;
- аллергиялық;
- аутоиммундық;
- хламидиялық.

Қауіп-қатерлі факторлар


Қауіп-қатерлі факторлар: инфекциялық агентпен контакт, иммундық тапшылық жағдайлары, шылым шегу, кəсіптік зияндықтар, саяхаттау.

Диагностика


Диагностика критерилері

Шағымдар мен анамнез: ауру əдетте жедел басталып, айқын субъективтік сезімдермен көрініс табады: көздің ашуы, қышуы (əдетте аллергиялық реакцияларға байланысты), конъюнктива қуысынан шырыштық-іріңдік бөлунідің көп болуы, кейде жарықтан қорқу. Көбінесе екі көз қатар зақымдалады (алдымен біреуі, одан кейін үрдіс екіншісіне таралады).
 
Физикалық тексеру: көру жітілігін бағалау, сыртқы тексеру, саңылаулық шам көмегімен биомикроскопия. Объективті: блефароспазм, ісіну, конъюнктиваның қалыңдауы, гиперемиясы.
 
Инструменталдық зерттеулер: тəне емес.
 
Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер: қосарланған патологияларға байланысты.
 
Негізгі жəне диагностикалық шаралар тізімі
 
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Көру жітілігін қабылдау.
2. Көз биомикроскопиясы.
 
Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
1. Ширмер сынамасы.
2. Бактериологиялық талдау өткізу үшін жағынды алу.
3. Биологиялық сұйықтықты колонияларды ажыратпай себу.

Лабораторлық зерттеулер


Лабораторлық зерттеулер: диагностикалық тесттер, культураға сүртінді, биопсия.

Дифференциалды диагноз


Дифференциалды диагноз: конъюнктивитті келесі аурулардан ажырату қажет: ирит, кератит, глаукома ұстамасы. Аллергиялық конъюнктивитті ажырату антибиотиктерді қажетсіз қабылдаудан сақтайды.

Емдеу тактикасы


Емдеу тактикасы

Ем мақсаты: симптомдарды жою, қоздырғышты жою, асқынулар мен үрдістің жайылуын алдын алу.

Дəрі-дəрмексіз ем: жоқ.
 
Дəрі-дəрмектік ем
 
Плацебоға қарағанда антибактериалдық терапияны жергілікті (норфлоксацин) қолданудың тиімділігі дəлелденді. РКЗ бір қатарында қандай-да бір бактерияға қарсы дəрілік заттың басымдылығы анықталмады. Полимиксина-бацитрацинді жергілікті қолдану мен цефиксимді ішке қабылдаудың айтарлықтай айырмашылығы анықталмады. Бір жүйелік шолуда ауру басталғаннан кейін 2-5 күнде өзіндік жазылу немесе жақсарудың үлесі 64% құрайды. Кейбір қоздырғыштар қасаң қабықтың зақымдалуына алап келеді.
 
- Конъюнктивалық қуысты механикалық тазарту үшін оны антисептикалық ерітінділермен (нитрофурал (фурациллин) немесе калий перманганатының 1:5000) жуып-шаяды.
 
- Конъюнктивитті емдеу кезінде іріңдік бөліндінің болуына қарамастан антибиотикті 3-7 күнге тағайындау қажет. Тиімділігі микробиологиялық зерттеулермен дəлелденген бактериялық конъюнктивитті емдеуде дəлелденген.
 
- Бөліндінің мөлшері көп болмаған жағдайда ұйықтағанда немесе күндіз (үй жағдайында) қолданылатын көздік майлар тағайындаған дұрыс. Конъюнктивалық қапқа антибиотиктер ерітіндісін алғашқы күндері əр 2-4 сағат сайын, үрдіс бəсеңдеген сайын дəрілік затты күніне 3-6 тамызуға дейін азайтады. Емдеу курсы 7-10 күн. ДЗ таңдай қоздырғышқа байланысты.

Антибактериялық терапия: хлорамфеникол 0,25% көз тамшылары – бірінші 
қатардағы антибиотик болып табылады, нитрофурал 0,02% көз тамшылары, натрий сульфацетамиді 30% көз тамшылары, неомицин сульфаты 0,5% көз тамшылары. Құрамына антибактериялық жəне стероидтық препараттар жұптастырылған дəрілік заттар (тамшы түрінде).

Аллергиялық конъюнктивит кезінде – антигистаминдік препараттар, 
мысалы, дифенгидрамин 0,3% - көз тамшылары, сонымен қатар таблетка түрінде. Емдеудің тиімділігі болмаса аллерголог консультациясы. Вирустық үрдіс кезінде вирусқа қарсы терапия (интерферон-альфа).
 
Негізгі жəне қосымша дəрі-дəрмектер тізімі
 
Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1.  Фурацилин 1: 5000 фл.
2. *Калий перманганаты сулы ерітінді 1: 10 000.
3. *Хлорамфеникол көз тамшылары.
4.  Нитрофурал көз тамшылары.
5.  Сульфацетамид көз тамшылары.
6.  Неомицин көз тамшылары.
7.  Дифенгидрамин сыртқа қолдануға арналған 20 г.
 
Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі: жоқ.
 
Ем тиімділігінің индикаторлары: симптомдарды жою, қоздырғыштар элиминациясы, асқынулар мен процесс таралуының профилактикасы.

* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар.

Госпитализация


Госпитализациялауға көрсетімдер: этиологиясы белгісіз жағдайларда терапияның тиімсіздігі, асқынулардың дамуы (сирек).

Профилактика


Біріншілік профилактика: емхана мен стационардағы көз аурулары бөлмесіндегі профилактика.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1.American Academy of Ophthalmology. Guideline. Conjunctivitis. 2003 2.Prodigy Knowledge. Prodigy Guidance. Conjunctivitis- infective. 2004 3. Prodigy Knowledge. Prodigy Guidance. Conjunctivitis- allergic. 2004 4.International Council of Ophthalmology. Guideline. Conjunctivitis (Initial evaluation) 2005 5.EBM Guidelines. Conjunctivitis. 2004 6.Sheikh A., Hurvitz B, Cave J. Antibiotics versus placebo for acute bacterial conjunctivitis. In: Cochrane Library. 7.Доказательная медицина. Ежегодный справочник. 2003 - Часть 7. - С. 2314-2321.

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі: Кобцева В.Ю., ҚР ДСМ Көз аурулары ҒЗИ

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх