Войти

Емшектің қатерлі жаңа өспелері. Емшек обыры

H-S-008

РЦРЗ (Республиканский центр развития здравоохранения МЗ РК)
Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Злокачественное новообразование молочной железы неуточненной части (C50.9)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы:

Емшек обыры (ЕО) - бұл емшектің қатерлі ауруы.
 
Хаттама коды: H-S-008 "Емшектің қатерлі жаңа өспелері. Емшек обыры"
Хирургиялық саладағы стационарлар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары): C50 Емшектің қатерлі ісігі
Мобильное приложение "MedElement"

- Профессиональные медицинские справочники. Стандарты лечения 

- Коммуникация с пациентами: онлайн-консультация, отзывы, запись на прием

Скачать приложение для ANDROID / для iOS

Мобильное приложение "MedElement"

- Профессиональные медицинские справочники

- Коммуникация с пациентами: онлайн-консультация, отзывы, запись на прием

Скачать приложение для ANDROID / для iOS

Жіктемесі

 
Жіктемесі
Қазіргі уақытта Халықаралық ісікке қарсы кеңес ұсынған, TNM халықаралық ісікке қарсы кеңес ұсынған (2002 г.) жүйе бойынша гистологиялық жіктелуді қолданған дұрысырақ. Ісіктің кезеңі біріншілік тексеру кезінде қойылады да, операциядан (pTNM) кейін дəлірек анықталады. Жіктелу карциномаға ғана тəн жəне еркектің де, əйелдің де емшекке қатысты.

Біріншілік-көптеген синхрондық ісіктер бір емшекте болса, жіктелу үшін Т. категориясы ең жоғары ісік алынады. Емшектің синхронды екі жақтық ісіктері бір-біріне тəуелсіз жіктеліу тиіс.

Емшек ісіктерінің гистологиялық жіктемесі
Қазіргі кезде Халықаралық обырға қарсы одақтың гистологиялық жіктемесін пайдалану қажет (2002 ж., 6-шы басылым).

А Инвазивті емес рак (in situ):
  Каналішілік (интраканаликулярлы)
рак in situ
  Бөліктік (лобулярлы) рак in situ
В Инвазивті рак (инфильтрирлеуші карцинома):
  Каналды
  Бөліктік
  Сілемейлі (муцинозды)
  Медуллярлы (милық)
  Тубулярлы
  Апокринді
 
Өзге формалары (папиллярлы, жалпақклеткалы, ювенильді, орамаклеткалы,
жалғансаркоматозды жəне басқа)
С Ерекше (анатомиялық-клиникалық) формасы:
  Педжет рагі
  Қабынбалық рак
 


Стадиялары бойынша топтау

Стадия 0 TiS N0 M0
Стадия I T1* N0 M0
Стадия IIА T0 N1 M0
  T1* N1 M0
  T2 N0 M0
Стадия IIB T2 N1 M0
  T3 N0 M0
Стадия IIIА T0 N2 M0
  T1* N2 M0
  T2 N2 M0
  T3 N1, N2 M0
Стадия IIIB T4 N0, N1, N2 M0
Стадия IIIC Кез келген Т N3 M0
Стадия IV Кез келген T Кез келген N M1

Ескертпе. *Т1 Т1mic кіреді (микроинвазия 0,1 см немесе аз). 

Tis
T1
T1mic
T1a
T1b
T1c
T2
T3
T4
T4a
T4b

T4c
T4d
in situ
£ 2см
£ 0,1 см
> 0,1 ден 0,5 см дейін
> 0,5 ден 1 см дейін
> 1 ден 2 см дейін
> 2 ден 5 см дейін
> 5 см
Кеуде қабырғасы /терісі
Кеуде қабырғасы
Тері ісінуі /жаралануы, терідегі сателлитті түйіндер
T4a жəне T4b тəн белгілер
Қабынбалық карцинома

Қауіп-қатерлі факторлар

 
Қауіп қатерлі факторлар

Қауіп қатерлі факторлардың жіктемесі

1. Организмнің репродуктивті жүйесінің қызмет істеуін мінездейтін факторлар:
- етеккір функциясы;
- жыныс функциясы;
- бала туу функциясы;
- лактациялық функция.
2. Анабез жəне жатырдың гиперпластиялық жəне қабынбалық аурулары.

Қосарланған жəне мүмкін аурулармен шартталған эндокриндік-метаболизмдік факторлар:
- семіздік;
- гипертониялық ауру;
- қантты диабет;
- бауыр аурулары;
- атеросклероз;
- қалқанша без аурулары;
- емшектің дисгормональді гиперплазиялары.

Генетикалық факторлар (BRCA-1 немесе BRCA-2 генді тасымалдағыштар):
1. Қаны бір туыстарындағы ЕО (тұқымқуалайтын жəне «жанұялық» ЕО).
2. Сүтті-жұмыртқалы синдром (ЕО жəне жанұядағы анабез рагі).

Экзогендік факторлар:
- ионизирлеуші радиация;
- химиялық канцерогендер, оның ішінде темекі тарту;
- жануар майын шектен тыс пайдалану, жоғарыкалориялы диета;
- вирустар;
- гормондарды қабылдау.

Диагностика

 
Диагностика критерийлері

Шағымдар мен анамнез: емшектің үлкеюі, кеуденің ауыруы немесе сезімталдықтың жоғарылауы, дене салмағының жоғалуы (ауру күшейіп бара жатқанда), сүйектердің ауыруы (метастаз болғанда).

Қауіп-қатерлі факторлар: менопаузаның ерте немесе кеш 
болуы, бірінші баланы кеш туу, емшектің даму кезінде сəулеленуге ұшырауы, жанұя анамнезінде ЕО болуы, етеккір циклінің бұзылуы, гормондық препараттар (контрацептивтер, орын басу терапиясы) қолдану, жатыр жəне анабездің, қалқанша безінің ауруларының болуы, психологиялық стрестер, ішімдік ішу, семіздік, емшектің дисгормоналдық гиперплазиясы, анамнезде жиі м/түсіктің болуы, емшек жарақаттары.

Физикалық тексеру: емшектің асимметриясы, тығыздалуы, пішінінің деформациясы, емшек ұшының орналасу жағдайының өзгеруі, терісінің «апельсин қабығы» тəрізді өзгеруі, емшек терісінің ісінуі жəне қызаруы, емізіктен сұйықтық ағу, емшектің жаралы ісігі, аймақтық лимфа түйіндерінің үлкеюі.

Лабораториялық тексеру: қанның жалпы анализі, қан тобы, Rh-фактор, зəрдің жалпы анализі, қанның биохимиялық анализі (мочевина, билирубин, глюкоза), RW (Вассерман реакциясы), коагулограмма, ЭКГ.

Инструменталдық зерттеулер
Рентгенологиялық диагностика емшек обырын анықтауда,  әсіресе  ісік кіші көлемде жəне пальпацияланбаған жағдайда бірден бір жетекші əдіс болып табылады.
Маммография барлық емшек обырымен науқастарға көрсетілген.

Науқасты емдеуге дейін орындалуы қажет зерттеу əдістері:
- цитологиялық зерттеу мен ісіктің пункционды биопсиясы немесе трепан-биопсия, ЭР, ПР, Her-2/neu экспрессиясы деңгейін жəне өзге генетикалық факторларды анықтау;
- құрсақ қуысы ағзаларын ультрадыбыстық зерттеу;
- өкпені рентгенологиялық зерттеу;
- остеосцинтиграфия (радиоизотопты лабораториямен жабдықталған мекемелерде);
- емшекті, регионарлық лимфа түйіндерін ультрадыбыстық зерттеу.

Маммография мен УДЗ бірін-бірі толықтырады, себебі маммографияда УДЗ кезінде көрінбейтін ісіктер анықталуы мүмкін жəне керісінше.

Морфологиялық диагностика:
1. Цитологиялық (пункциондық) биопсия (жіңішке инелік биопсия).
2. Трепан-биопсия немесе емшектің секторальді резекциясы.

Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер: гинеколог консультациясы міндетті.
Қажет жағдайда эндокринолог, невропатолог, уролог, радиолог, химиотерапевт консультациясы, өзге аралас мамандар көрсетім бойынша.

Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Гемоглобинді анықтау.
2. Горяев камерасында лейкоциттерді санау.
3. КФК эритроциттерді санау.
4. ЭТЖ анықтау.
5. Гематокрит.
6. Лейкоциттік формуланы есептеу.
7. Жалпы несеп анализі.
8. Жалпы белокты анықтау.
9. Тінді цитологиялық жəне гистологиялық зерттеу.
10. Капиллярлық қанның ұю уақытын анықтау.
11. Тромбоциттерді санау.
12. Қанды ВИЧ-ке тексеру.
13. Микрореакция.
14. HbsAg, Anti-HCV.
15. Белок фракцияларын анықтау.
16. Билирубинді анықтау.
17. Коагулограмма 1 (протромбиндік уақыт, фибриноген, тромбиндік уақыт, ачтв, плазманың фибринолитикалық белсенділігі, гематокрит).
18. Қалдық азотты анықтау.
19. Глюкозаны анықтау.
20. АЛТ анықтау.
21. АСТ анықтау.
22. Тимол сынамасы.
23. Қан тобын жəне резус-факторды анықтау.
24. Іш қуысы ағзаларын УДЗ.
25. ЭКГ.
26. Кеуде торына екі проекцияда рентгенография жасау.
27. Сүт бездерін УДЗ.
28. Маммография.
29. Дуктография.
30. Кіші жамбас астауы ағзаларын УДЗ.
31. Емшек МРТ.
32. Емшек КТ.

Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
1. Кардиологтың консультациясы.

Дифференциалды диагноз



  Шағымдар
Физикалық
деректер
УДЗ,
маммография
Морфологиялық
белгілер
ЕО
Емшекте түйін болу,
гиперемия, ісіну,
қатпарлылық, ондағы ішке кіру немесе
сыртқа шығу, ареолярлы
алаңның тарылуы
Тексеру кезінде
патогномиялық
белгілердің болуы, емшек ассиметриясы.
Пальпация кезінде
емшекте, регионарлық лимфа түйіндерінде
ісік болу
Емшекте түзілістердің,
кальцинаттардың болуы,
регионарлық лимфа
түйіндерінің үлкеюі
Ісік клеткаларының
сүртіндіде болуы.
Қатерлі ісіктің бары туралы патоморфолог
қорытындысы
Емшектің қабынбалы
аурулары
Гиперемия, гипертермия,
емшектің ауырсынуы,
емшек ұшынан
іріңді бөлінділер
Тексеру кезінде емшек
терісінің гиперемиясы
жəне гипертермиясы
Пальпация кезінде
емшектегі ауыратын
тығыздалудың болуы,
реактивті ұлғайған кейде
ауыратын лимфа
түйіндерінің болуы
Анық шекарасыз
қуыста сұйықтық болу
Сүртіндіде іріңді
қабынба элементтерінің
лейкоциттердің,
нейтрофилдердің,
макрофагтардың,
фибробласттардың
болуы.
Гистологиялық - абсцесс көрінісі, іріңді инфильтрация
Емшек фиброаденомасы,
цистаденомасы,
орналасқан
фиброаденоматоз
Емшектегі түзілістер,
ауырсынулар
Тексеру кезінде емшек
деформациясы болу мүмкін.
Пальпация кезінде
емшектегі тығыздалу.
Анық контурмен
түзілістердің болуы,
маммографияда - «қауіпсіздік шеңбері»
Пери-, интраканаликулярлы жəне аралас
фиброаденомалар
Емшек
кистасы
Емшектегі жұмсақ -
эластикалық түзілістер,
ауырсынулар, емшек ұшынан бөлінділер
Тексеру кезінде емшек
деформациясы болу мүмкін.
Пальпация кезінде
емшектегі жұмсақ -
эластикалық түзілістер
Анық контурмен қуыста сұйықтықтың болуы
Киста қабырғасының,
сұйықтықтың болуы

Емдеу тактикасы

 
Емдеу тактикасы

Ем мақсаты: емдеуде радикализмге жету.

Дəрі-дəрмексіз ем
ЕО диагноз қою кезінде анамнездік жəне қарап көру көрсеткіштері есепке алынады, қатерлі ісікті басқа ісікке ұқсас аурулардан айыру, басқа бөліктеріндегі жəне екінші емшекте пальпация кезінде байқалмайтын өзгерістерді анықтау үшін маммография жасалады, бұл емдеу əдісіне ықпал етеді. Емізіктен сұйықтық ағатын болса, дуктография жүргізіледі. Кистозішілік папилломаларды анықтау үшін (кистадағы қанды сұйықтық, УДЗ көрсеткіштері киста ішінде өсіктердің бар екенін көрсетсе) пневмоцистография жасалады. Жіңішке инемен аспирациялық биопсия жасау - цитологиялық зерттеу жасау үшін ісіктен материал алу əдісі кистадағы қанды сұйықтық, УДЗ (пневмоцистография) көрсеткіштері киста ішінде өсіктердің бар екенін көрсетсе, жүргізіледі.

Диагнозға күдік болғанда трепан - немесе хирургиялық биопсия жасалады. Трепан-биопсия тіннің бір бөлігін алу үшін арнайы инемен жасалады жəне патологиялық процестің сипаты туралы толық қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Хирургиялық биопсия ТАБ жəне трепан-биопсия қатерлі ісік диагнозын дəлелдеп немесе жоққа шығара алмаған жағдайда жасалады. Компьютерлік томография жəне магниттік-резонанстық томография қосымша диагностикалық əдіс болып табылады жəне процесс таралып кеткенде кеуде қуысындағы лимфа түйіндерінің жағдайын бағалауға, бауырда, өкпеде, қаңқа сүйектерінде метастаз бар-жоғын анықтауға мүмкіндік береді.

Операция көлемі зақымдану көлеміне байланысты. Сонымен қатар операция алдында сəулелік жəне химиотерапия жүргізіледі. Микоздың алдын алу жəне емдеу үшін химиотерапия кезінде итраконазол ішетін (оральный) ерітіндісі 400 мг\тəул., 7 күн бойы тағайындалады.

Ағзаны сақтау операциясы, не радикалды мастэктомия.
Ағзаны сақтау операциясы (лампэктомия: ісікті оның жиектерінен минималді қашықтықта зақымдалмаған тін деңгейінде тілік жасайды; емшекке радикалды резекция жасайды; емшекке ауқымды резекция жасайды: ісікті оның жиектерінен үлкен қашықтықта зақымдалмаған тін деңгейінде тіледі; сегменттік резекция немесе квадрантэктомия: емшекке оның шеткі жиектерінен емізігіне дейін резекция жасау, бұл кезде тілік ісік жиегінен 2 см-ден жоғары қашықтықта болады) ісік көлемі 4 см-ден кіші болғанда жəне гистологиялық көрсеткіштер бойынша қатерлілік дəрежесі төмен болғанда қолданылады.

Мадден бойынша радикалдық мастэктомия (емшекті үлкен жəне кіші кеуде бұлшық еттерінсіз жəне бұлшық ет астылық түйіндерсіз алып тастау) ісік көлемі 4 см-ден үлкен болса, үлкен ошақты алып жатса, емшектің өз көлемі кішкентай болса, сонымен қатар қосымша аурулар кезінде сəулелік емді жүргізу мүмкін болмаған жағдайда қолданылады. Науқастың жасы 40 жасқа дейін болса жəне ағзаның ішкі квадранттарында немесе орталық бөлігінде инфильтрациялық карцинома болса, операциядан кейін 10-15 күнге төс аймағына 40 Грей дозасында сəулемен емдеу жүргізіледі.

Емшектің инвазивті емес ісігінде емдеу тек операциямен шектеледі. СБҚІ кезіндегі ағзаны сақтап қалу операциялары жоғары өміршеңдік көрсеткішімен қатар, жақсы косметикалық жəне қызметтік нəтижелер береді. Емшектің радикалды резекциясынан кейін əлеуметтік-еңбектік қалпына келу мастэктомияға қарағанда тезірек жүреді.

Емшекке ағза сақтау операциясын жасауға көрсеткіштер:
- орналасуы - ортасынан басқа жердің бəрінде;
- ісіктің түйін пішінді жəне 2,5 см-ден аз болуы;
- ісіктің ареолдан орналасу қашықтығы 3 см-ден аз емес;
- мультицентрлік өсудің болмауы (маммограммада, УДЗ, клиникада);
- өсудің баяу немесе орташа болуы, 3 айдың ішінде ісік көлемінің екі есе өсуі (анамнез мəліметтері бойынша);
- емшек мен ісік өлшемдерінің операциядан жақсы косметикалық нəтиже алатындай сəйкестікте болуы;
- алысқа метастаздар бермеуі;
- қолтық аймағына жеке метастаздар берілуі;
- науқастың емшекті сақтауға тілек білдіруі.

ЕО - онкологиялық аурулардың ішіндегі барлық кезеңі де көп вариантты бірнеше аурудың біреуі болып табылады.
 
Профилактикалық шаралар: жоқ.

Əрі қарай жүргізу
Арнайы ем аяқталғаннан соң алғашқы екі жыл бойы - жарты жылда 1 рет бақыланады, сонан соң жылына 1 рет. Əр қаралуда онколог, онкогинеколог тексеруі қажет. Өкпені рентгенологиялық зерттеу алғашқы 3 жылда - жарты жылда 1 рет, сонан соң жылына - 1 рет. Кіші жамбас ағзаларын, бауырды УДЗ жарты жылда - 1 рет. Екінші емшек маммографиясы алғашқы екі жылда - жарты жылда 1 рет, кейіннен жылына 1 рет.
 
Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1. *Тримепиридин гидрохлориді инъекцияға арналған ерітінді ампулада 1% 1 мл
2. *Йод+калий хлориді+глицерин+су 25 мл ерітінді флаконда
3. Поливидон 400 мл флаконда
4. *Декстран 200 мл, 400 мл флаконда, инфузияға арналған ерітінді
5. Пентоксифиллин 100 мг драже; 10 мг/5 мл амп.
6. *Аскорбин қышқылы 50 мг, 100 мг, 500 мг табл.; 5%, 10% 2 мл, 5 мл амп.
7. *Глюкоза 5% 400 мл флаконда
8. *Натрий хлориді пероралдық ерітінді дайындауға арналған ұнтақ, диагностикалық зерттеу жəне хирургиялық шаралар жүргізуге дайындық үшін
9. *Итраконазол ішетін (оральный) ерітінді 150 мл – 10 мг\мл

Антибактериалды препараттар:
1. Цефазолин 1 г, фл.
2. Ципрофолаксацин 100 мг, фл.
3. Офлоксацин 100 мл, фл.
4. Метрогил 100 мл, фл.
Саңырауқұлаққа қарсы препараттар:
5. Флуконазол 100 мг, фл.
6. Итраконазол оралды ерітінді 150 мл-10 мг\мл
Инфузия үшін ерітінділер:
7. Декстран 60 400 мл, фл.
8. Пентакрахмал 500 мл, фл.
9. Парентералды тамақтандыру үшін амин қышқылдарының кешені 500 мл, фл.
10. Декстроза 400 мл, фл.
11. Калий хлорид 400 мл, фл.
Аналгетиктер:
12. Кетопрофен 1мл, амп.
13. Диклофенак натрий 2 мл, амп.
14. Тромадол 1 мл, амп.
Гормоналдық препараттар:
15. Преднизолон 30 мг, амп.
16. Дексаметазон 4 мг, амп.
17. L-тироксин 50 мг, таб.
18. Қарапайым инсулин 40 БІР
Спазмолитиктер:
19. Эуфилин 2,4%-5 мл, амп.
Антикоагулянттар:
20. Надропарин 0,3 т. БІР, шп.
21. Гепарин 10 т. БІР
Бронхолитиктер:
22. Бромгексин 25 мг, таб.
23. Амброксол 2 мл, амп.
Микроцилкуляцияға əсер ететін препараттар:
24. Пентоксифиллин 5 мл, амп.
Құсуға қарсы:
25. Ондансетрон 8 мг, амп.
26. Ондансетрон 4 мг, амп.
Седативті заттар:
27. Грандоксин, таб.
Витаминдер:
28. Аскорбин қышқылы 5% 2 мл, амп.
29. Прозерин 0,01%1 мл, амп.
Мазьдік жəне майлық заттар:
30. Хлорамфеникол+ метилурацил 50 мг
31. Солкосерил 30 мг
32. Синтомицин 25 мг
Ыстық түсіруші заттар:
33. Ацетилсалицил қышқылы 0,5 г, таб.
Жіргілікті анестезиялық заттар:
34. Новокаин 0,25% 100 мл
Гемостатикалық заттар:
35. Аминокапрон қышқылы 10% 100 мл, фл.
36. Этамзилат 2% 2 мл, амп.
Зəр айдаушы заттар:
37. Фуросемид 1% 2 мл, амп.
Анемия кезінде:
38. Темір препараттары, амп.
Лейкопения кезінде:
39. Филграстим 1 мл, амп.
Дезинфецирлеуші заттар:
40. Дезэффект 2,5%, мл
41. Лизоформин, мл
42. Повидон йод, мл
43. Иод 3%-10 мл
Антигистаминдік:
44. Дифенгидрамин 1%-1,0, амп.
45. Хлоропирамин 2 мл, амп.

Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі

Антибактериалды препараттар:
1. Пенициллин 1 млн БІР, фл.
2. Цефуроксим 1 гр, фл.
3. Гентамицин 80 мг, амп.
4. Диоксидин 1%-5 мл, амп.
5. Левомицитин 1,5 г, таб.
6. Амоксиклав 375 мг, амп.
7. Цефтриаксон 1 г, фл.
8. Сульфометаксозол+триметоприм 480 мг, таб.
9. Метронидазол 250 мг, таб.
Саңырауқұлаққа қарсы препараттар:
10. Флуконазол №2 х 150 мг
11. Нистатин 500 мың БІР, таб.
Инфузия үшін ерітінділер:
12. Липофундин 500 мг, фл.
13. Полиглюкин 400 мл, фл.
14. Альбумин 10 % 200 мл, фл.
15. Натрий хлорид, натрий ацетат 400 мл, фл.
16. Натрий хлорид, калий хлорид, натрий карбонат 400 мл, фл.
17. Аминоплазмоль 500 мг, фл.
Аналгетиктер:
18. Стадол 2 мл, амп.
19. Промедол 20% -1 мл, амп.
20. Дротаверин 2 мл, амп.
21. Дротаверин таб.
Спазмолитиктер:
22. Магнезия 25%-5 мл, амп.
АҚ əсер ететін заттар:
23. Папаверин 2%-2 мл, амп.
24. Эналаприл 5 мг, таб.
25. Кофеин 1 мл, амп.
Жүректік препараттар:
26. Анаприлин 40 мг таб.
27. Корглюкон 0,06% - 1 мл, амп.
28. Кордиамин 2 мл, амп.
29. Финоптин 2,5 мг-2 мл, амп.
30. Валидол 0,06 мг, таб.
31. Нитроглицирин 0,15 мг, таб.
32. Изокет 10 мл, амп.
33. Панангин 10 мл, амп.
34. Атенолол
35. Ацетилсалицил қышқылы, таб.
36. Дигоксин 0,25 мг, таб.
Антикоагулянттар:
37. Надропарин 40 мг, шп.
Бронхолитиктер:
38. Бронхолитин 100 мл, мг
39. Мукалтин таб.
Кальций препараттары:
40. Глюканат кальций 10% х 5 мл, амп.
41. Хлорлы кальций 10% -5 мл, амп.
Микроцилкуляцияға əсер ететін препараттар:
42. Кавинтон 2 мл, амп.
Құсуға қарсы:
43. Церукал 2 мл, амп.
44. Метоклопромид 2 мл, амп.
Седативті заттар:
45. Валиум 2 мл, амп.
Витаминдер:
46. В - В1, В6, В12 тобының витаминдері 1 мл, амп.
Мазьдік жəне майлық заттар:
47. Вишневский 50 мг
48. Метронидазол (желе) 100 мг
49. Оксалин 25 г
50. Метилурацил 25 г
Іш айдайтын заттар:
51. Бисакодил 20 мг, таб.
52. Фортранс
Қармағыш заттар:
53. Лоперамид 25 таб., кап.
54. Маалокс
55. Линекс капс.
Жергілікті анестезиялық заттар:
56. Лидокаин 2% 2 мл, амп.
57. Тримекаин 2% 2 мл, амп.
Гемостатикалық заттар:
58. Гемостатикалық коллагендік сорғыш 1 шт.
Қан препараттары:
59. Эритроцитарлық масса
60. ЖМП
Лейкопения кезінде:
61. Граноцид 1 мл, амп.
62. Лейкомакс 1 мл, амп.
МПС кезінде:
63. Пипемедин қышқылы, тамшы
64. 5 нок. таб.
65. Нитрофурантоин 0,6 г
Асқазандық препараттары:
66. Фамотидин 2 мл, таб.
67. Алюминий жəне магний тотығынан тұратын аралас препарат А (суспензия) 200 мл, фл.

Ем тиімділігінің индикаторлары: рецидивтің, жергілікті жəне алыс (метастаздар) ісік процесінің белгілері болмауы.


* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар.

Госпитализация

 
Госпитализациялау үшін көрсетімдер: көп жағдайда күрделі диагностикалық зерттеулер мен химиотерапия, хирургиялық ем жүргізу үшін, емшектің клиникасы анықталған, дəлелденген қатерлі ісігі. Сəулемен жəне химиялық емдеу амбулаторлық жүргізілуі мүмкін.

Жоспарлы түрде ауруханаға жатқызу үшін қажетті тексеру шаралары: диагнозды цитологиялық немесе гистологиялық дəлелдеу, ЖҚА (6 көрсеткіші), ЖНА, қанды б/химиялық тексеру (9 көрсеткіші), қанға коагулограмма жасау, ЭКГ, ФГ немесе өкпелерге R-графия, сүт бездерін, қажетті аймақтарды, бауырды, жамбас астауы ағзаларын УДЗ, маммография. Дуктография, МРТ, сүт бездеріне КТ, гормондар деңгейін анықтау (ЭР -, ЭР +, Her-2-neu), апоптоз, СА 15-3 мүмкіндік жəне көрсеткіштер бойынша.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. 1. В.Ф. Семиглазов, В.В. Семиглазов, К.Ш. Нургазиев. Обоснование стандартов лечения рака молочной железы., 362 стр., Алматы, 2007г. 1. Barroso G,Menqcal g. Felix H. Roias-Ruis J.C. et al. Comparison of the efficacy of the aromatase inhibitor letrozole and clomiphene citrate as adjuvants to recombinant folliclestimulating hormone in controlled ovarian hyperstimulation: a prospective, randomized, blinded clinical trial. //Fertil Steril .- 2006.- Vol 86p.1428-1431 2. Bogaerts J, Cardoso F, Buyse M, et al. Gene signature evaluation as a prognostic tool: challenges in the design of the MINDACT trial.//Nat Clin Pract Oncol .-2006.- Vol .3: p.540-551 3. Clarke CA, Glaser SL. Recent declines in hormone therapy utilization and breast cancer incidence: clinical and population-based evidence. // J Clin Oncol.- 2006 .-Vol.24.p 49 4. Coates AS, Keshaviah A, fthurlimann B, et al. Five years of letrozole compared with tamoxifen as initial adjuvant therapy for postmenopausal women with endocrine-responsive early breast cancer: update of study BIG 1-98// J Clin Oncol .-2007 -Vol. 25 p.486-492 5. Colleoni M, Rotrnensz N, Peruzzotti G, et al. Prognostic role of the extent of peritumoral vascular invasion in-operable breast cancer. Ann Oncol .-2007 (accepted for publication) 6. Coombes RC, Kilburn LS, Snowdon CF, et al. Survival and safety of exemestane versus tamoxifen after 2-3 years' tamoxifen treatment (Intergroup Exemestane Study): a randomised controlled trial. // Lancet.- 2007.- Vol.349.p.1110-1117 7. Goldhirsch A, Glick JH, Gelber RD et al. Meeting highlights: international expert consensus on the primary therapy of early breast cancer.//Ann Oncol.-2005.-Vol.16.p.1569-1583 8. Goldhirsch A; Cda^es AS, Qelber RD et al. First-select the target: better choice of adjuvant treatments for breast cancer patients. //Ann Oncol.-2006.-Vol. 17 p.1772-1776 9. Goss PE, Ingle JNJ Martino S, et al. Randomized trial of letrozole following tamoxifen as extended adjuvant therapy in receptor-positive breast cancer: updated findings from NCIC CTG MA.17. // JNCI Cancer Spectrum.-2005.- Vol.97.p.1262-1271 10. Howell A, Cuzick J, Baum M, et al. Results of the ATAC (Arimidex, Tamoxifen, Alone or in Combination) trial after completion of 5 years' adjuvant treatment for breast cancer. // Lancet.- 2005.- Vol 365.p.60-62 11. Jakesz R, Jonat W, Gnant M, et al. Switching of postmenopausal women with endocrineresponsive early breast cancer to anastrozole after 2 years' adjuvant tamoxifen: combined results of ABCSG trial 8 and ARNO 95 trial. // Lancet.- 2005.- Vol 366.p.455-462 12. James CR, Ouinn JE, Mullan PB et al. BRCA1, a Potential predictive biomarker in the treatment of breast cancer //Oncologist.-2007.-Vol 2.p. 142-150 13. Jimenez-Gordo AM. De Las Heras B. Zamora P. et al.: Failure of Goserelin ovarian* ablation in premenopausal women with breast cancer: two case reports. //Gynecol Oncol .- 2000. - Vol 76 p.126-127 14. Joensuu H, Kellokumpu-Lehtinen PL, Bono P, et al. Adjuvant docetaxel or vinorelbine with or without trastuzumab for breast cancer. // N Engl J Med .- 2006.- Vol 354. p.809-820 15. Kaufmann M, Hortobigyi GN, Goldhirsch A, : et al. Recommendations from an international expert panel on the use of neoadjuvant (primary) systemic treatment of operable breast cancer: an update// J Clin Oncol .- 2006.-Vol 24p.1940-1949 16. Korreman SS. Pedefsen AN. Aarup LR et'al. Reduction of cardiac and pulmonary complication probabilities after breathingadapted radiotehrapv for breast cancer. Int J Radiot //Oncol Biol Phvs .-2006.- Vol 65.p.1375-1380 17. Kurtz J. EUSOMA Working Party. The curative role of radiotherapy in the treatment of operable breast cancer. //Eur J Cancer.-2002.- Vol 38.p.1961-1974 18. Mauriac L, Keshaviah A. Debled M Mouridsen H et al. Jtedictors of early relapse in postmenopausal women with hormone receptor-positive breast cancer in the BIG 1-98 trial//Ann Oncol.- 2007.- Vol. 14 p.320-327 19. Perez EA. Combining adjuvant chemotherapy with biological therapy. St. Gallen. .- //Breast.- 2007 .- Vol.16 (Suppl): p105-111 20. Piccart-Gebhart MJ, Procter M, Leyland-Jones В et al. Trastuzumab after Adjuvant Chemotherapy in HER2-Positive Breast Cancer. //N Engl J Medi -2005.-Vol.353p.1659-1672, 21. Recht A. Edge SB. Splin LJ. Robinson PSet al. Postmastectomy radiotherapy:" clinical practice guidelines of,the American Society of Clinical Oncology//. J Clin Oncology.- 2001 - Vol 19.p.1539-69 22. Regan MM, Viale G, Mastropasqua MG, et al. Re-evaluating adjuvant breast cancer trials: assessing hormone receptor status by immunohistochemical versus extraction assays. //JNCI Cancer Spectrum.-2006-Vol. 98 p.1571-1581 23. Romond EH, Perez EA, Bryant J et al. Trastuzumab plus Adjuvant Chemotherapy for Operable HER2-Positive Breast Cancer. // N Engl J Med.-2005.-Vol. 353 p.1673-1684 24. Semiglazov V.F., Semiglazov V.V. Dashyan G.A. et.al. Phase 2 Randomized trial of primary endocrine therapy versus chemotherapy in postmenopausal patients with estrogen receptorpositive breast cancer// Cancer.-2007-Vol 110.-p. 244-254 25. Slamon D, BCIRG 006 II interim analysis. San Antonio Breast Cancer Symposium, 2006. http://www.bcirg.org/Internet/BCIRG+at+SABCS+2006/default.htm 26. Sorlie T, Tibshirani R, Parker J, et al. Repeated observation of breast tumor subtypes in independent gene expression data sets. // Proc Natl Acad Sci U S A .- 2003.- Vol.100p.8418- 8423 27. Sorlie T., Perou CM, Tibshirani R et al. Gene expression patterns of breast carcinomas distinguish tumor subclasses with clinical implications. // Proc Natl Acad Sci U S A .-2001.- Vol. 98 p. 10869-10874 28. Sparano JA. TAILOR: trial assigning individualized options for treatment. // Clin Breast Cancer.- 2006.- Vol.7:p347-350 29. Winer EP, Hudis C, Burstein HJ, et al. American Society of Clinical Oncology technology assessment on the use of aromatase inhibitors as adjuvant therapy for postmenopausal women with hormone receptor-positive breast cancer: status report 2004. //J Clin Oncol.- 2005.- Vol 23: p.619-629. 30. Wolff AC, Hammond ME, Schwartz JN, et al. American Society of Clinical Oncology/College of American Pathologists Guideline Recommendations for Human Epidermal Growth Factor Receptor 2 Testing in Breast Cancer// Arch Pathol Lab Med.-2007.- Vol.131p.18.

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі: Мұхамбетов С.М., Онкология ҒЗИ.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх